Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С



жүктеу 10,11 Mb.
бет3/84
Дата01.02.2018
өлшемі10,11 Mb.
#8268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84

Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2014 ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. «____»_____________


1 Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы КG 3208 «Компьютерлiк сызба»
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5



Жалпы сыйымдылық – 135 сағат

Аудиториялық сағаттар – 45 сағат (дәріс – 15сағат, практикалық сабақтар –30 сағат)

СӨЖ – 90 сағат (оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат)
Бақылау формасы

Емтихан – 5 семестр


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Алимова Жанар Сагидуллаевна

Информатика магистрі, аға оқытушы

Математика және информатика кафедрасы: А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-20), jarasovajanar@mail.ru


3 Пән, мақсаттары мен міндеттері

Оқу пәні жобалаудың әмбебап сызба жүйелері ортасында сызба жұмыстарын автоматтандыруда қолданылатын негізгі ұғымдарды және сызбаның түрлері мен классификациясына сәйкес сызба ортасында жұмыс істеуді қарастырады.

«Компьютерлік сызба» пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің компьютерлік сызба туралы түсінігін қалыптастыру, компьютерлік сызбаның математикалық және алгоритмдік негіздерімен таныстыру. Сонымен бірге, күрделі сызба жұмыстарын автоматты түрде орындай отырып, студенттердің жалпы техникалық және графикалық мәдениетін арттыру, кеңістікте ойлау қабылетін дамыту.

Пәнді оқудың міндеттері


  • студенттерді қолданбалы геометрияның әдістерімен таныстыру;

  • сызбаларды құрастыру және оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • ДЭЕМ-де жұмыс барысында сызбаларды жасау, рәсімдеу және безендіру әдістерін меңгерту.

  • сызба геометриясы, сызу пәндерінен алған білімдерін сызба жұмыстарын автоматтандыруда қолдануын меңгерту;

  • сызба редакторларын қолдану аймағына қарай жіктей білуге және қолдана білуге үйрету;

4 Пререквизиттер мен постреквизиттер

4.1 Пререквизиттер

Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет: геометрия және сызу (орта білім деңгейінде), автоматты жобалаудың бағдарламалық жабдықтары, ақпараттану пәндері.



4.2 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта, мультимедия жүйелерін жобалау мен модельдеу және веб-технология пәндерін меңгеруде қажет.



5 Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар

Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:



  • Сызба объектілерін тұрғызу алгоритмдерінің негіздерін;

  • Компьютерлік сызбаның фундаменталды математикалық әдістерін;

  • Растрлық бейнелер, векторлық объектілер құрудың шексіз мүмкіндіктері туралы;

білуі қажет:

  • Бейнелерді анимациялауға және динамикалық веб түйіндерді құруға арналған редакторларды;

  • Сызба редакторларының негізгі командаларын, графикалық бағдарламалық жүйелердегі графикалық примитивтерін, сызба элементтерін түрлендіруді;

  • Әмбебап графикалық жүйелері ортасында іске асырылған, сызба жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын;

қолдана білуі:

  • Графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды қолдануды;

  • Кешенді сызбаларды жасағанда компьютерді ақпаратты басқару құралы ретінде қолдануды;

меңгеруі қажет:

  • ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде заттың кешенді сызбаларын жасауды және өңдеуді;

  • Берілгендер арқылы екінші түрдегі объектіні тұрғызуды;

  • Үшөлшемді фигуралардың жазықтықтағы бейнелері бойынша берілген позициялық және метрикалық есептерді шешуді;

құзіретті болу:

  • Әмбебап графикалық жүйелерінде жұмыс істей білу;

  • Іскерлік, анимациялық және иллюстрациялық компьютерлік графиканы пайдалана білу.


6 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

дәріс

тәжірибе

СӨЖ

1

Графикалық ақпарат туралы түсінік.


Компьютерлік графика түрлері. Векторлық, растрлық, фрактальді графика.

1




5

2

Компьютерлік графиканың қолдану салалары. Графикалық редакторлар. Графикалық файлдардың форматтары.


3




20

3

Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері. Түсті басқару жүйелері.

1




5

4

Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.

2

6

16

5

Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік.

2

8

14

6

Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.


2

4

8

7

Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен; 3D Studio Max бағдарламасы.


2

4

8

8

Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі.


2

8

14




Барлығы

15

30

90

7 Дәрістер мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Графикалық ақпарат туралы түсінік. Компьютерлік графика түрлері. Векторлық, растрлық, фрактальді графика.


1-дәріс. Компьютерлік графика ұғымы

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру. Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Компъютерлік графика түсінігі.

2 Даму кезеңдері.

3 Қолданылу аймақтары.

4 Компъютерлік графика түрлері.

5 Векторлық, растрлық, фрактальді графика.
Глоссарий (анықтама, сөздік);

Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.

Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен өлшенеді.

RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).

CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл, жасыл және көк).

HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы).

BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат.

PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.

TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған.

PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.

JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.

CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы жасалған.

CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.

PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында электрондық дакументті тарату үшін жасалған.

DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы.
Дәрістің тезисі: Бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстер көмегімен суреттерді жөндеу, жасау құралдарын, әдістерін зерттейтін бөлімді–компьютерлік графика деп атаймыз. Оған адам көре алатын монитор экранындағы немесе сыртқы тасушыдағы (қағаз, кинопленка, мата т.б) көшірмелер ретіндегі адам көзбен көре алатын суреттердің барлық формалары кіреді.

Векторлық беине көлемді емес жадыдан орын алады.

Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.

Нүктелерден тұратын растрлық суреттер үшін ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санын білдіретін рұқсат ету түсінігі маңызды болып табылады. Онда:

Түп нұсқалыққа рұқсат ету

Экрандық суретке рұқсат ету

Баспа суретке рұқсат ету

Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен сақталады.Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютерлік графика деген не?

2. Инженерлік графика деген қандай графика? Айырмашылықтары қандай?

Компьютерлік графика түрлері

Компьютерлік графиканың классификациясы. Суретті форматтау әдісіне байланысты компьютерлік графика растрлық, векторлық, фракталдық деп бөлінеді.

Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны ретінде көрсету форматы. Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер және сызбалар жатады.

Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photo Shop.

Артықшылықтары:

Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде растрлық сурет жай суреттен кем көрінбейді.

Растрлық суреттер принтрмен оңай шығарылады.

Кемшіліктері:

Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет.

Растрлық суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы айландыру және басқадай ауыстырулар.

Векторлық графика – Сурет қарапайым геометриялық фигураларға жіктеледі- квадрат, дөңгелек, эллипс, түзу, және қисық сызық т.б.

Векторлық грапиканың программалары:CorelDraw, Adobe Illustrator

Артықшылықтары

Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.

Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.



Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән болып саналады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:


1. Графиканың түрлерін атап беру

2. Айырмашылықтарын атап беру

2 тақырып. Компьютерлік графиканың қолдану салалары. Графикалық файлдардың форматтары.



жүктеу 10,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау