Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Практикалық жұмыс. От түрінде жанып тұрған мәтін



жүктеу 10,11 Mb.
бет9/84
Дата01.02.2018
өлшемі10,11 Mb.
#8268
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
2 Практикалық жұмыс. От түрінде жанып тұрған мәтін
Photoshop-та кез-келген жұмысты бастамас бұрын қолданыста болған бейнені ашу керек немесе жаңа бейне құру керек. Біздің жағдайымызда біз жаңа бейнемен жұмыс істейміз. Кез-келген өлшем беріп, Crayscale (Жарты тондық) режимінде бейне құрыңыз. Фон түсі ақ болуы керек. Horizontal Type (Көлденең орналасқан мәтін) құралын пайдаланып сөзді қара әріптермен жазыңыз. Біз жұмыс істейтін сөз 16-суретте көрсетілген. Мәтіннің өлшемі мен формасын оны жазып болғаннан кейін де өзгертуге болады. Сызықтық өлшемдерін өзгерту қажет болған жағдайда көбінесе Edit → Free Transform (Өңдеу → Еркін тасымалдау) командасы қолданылады (немесе Ctrl+T). Ал егер мәтінді майыстырып жазу (мысалы, шеңбер бойымен) керек болса, онда параметрлер тақтасындағы Create Warped Text (Мәтінді деформациялау) тетігін немесе мәтінді контур бойымен жазу мүмкіндігін пайдаланған дұрыс.

Енді мәтін орналасқан қабат пен фон қабатын біріктіру қажет. Бұл әрекетті Layer → Merge Down (Қабат → Алдыңғысымен біріктіру) командасын қолданып немесе Ctrl+E қос пернелер комбинациясын басу арқылы орындай аламыз.

Келесі сатыда алынған мәтінді кристалдаңыз. Кристалдау сүзгісі Filter → Pixelate → Crystallize (Сүзгі → Безендіру → Кристалдау) мәзір командасы арқылы орындалады. Crystallize (Кристалдау) диалогтық терезесінде кристалдаудың ұяшық өлшемін 3–5 пиксел аралығында беріңіз (17-сурет).

Ал енді бейнені шайыңыз. Ол үшін Caussion Blur сүзгісін қолданыңыз, яғни

Filter → Blur → Caussion Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс әдісі бойынша шаю).

Шаюдың радиусы (Radius) бейненің өлшемі мен таңдалынған шрифтқа байланысты болады, яғни неғұрлым әріптер үлкен болса, соғұрлым радиусы да үлкен болуы ерек (18-сурет).

Image → Adjustments → Inverse (Бейне → Баптаулар → Инвертирлеу)

командасы арқылы немесе Ctrl+I қос пернелер комбинациясын басу арқылы сурет түсін инвертирлеңіз. Бұл команда барлық түстерді қарама–қарсы түстерге ауыстырады. Сіз Crayscale режимінде жұмыс істеп отырғандықтан қара түстер ашық түстерге, ал ашық түстер қара түстерге ауысады. Егер барлығы дұрыс орындалса, сіздің бейнеңіз 19–суреттегідей болады.


19-сурет. Кристалдағаннан және шайғаннан кейінгі мәтін


жүктеу 10,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау