Бейнені сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа бұрыңыз: Image → Rotate Canvas → 90 CCW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа) (20-сурет). Бұл амал келесі сатыда тек көлденең бағытта орындалатын Wind (Жел) сүзгісін пайдалану үшін қажет.
От жалынын әзірше ақ–қара түсті нұсқада жасайық, ол үшін Filter → Stylize → Wind (Сүзгі → Стилдеу → Жел) (21-сурет). Мұнда From the left (Сол жақтан соққан жел) ауыстырғышын таңдаңыз. Егер сізге жалын ұзындығы жеткіліксіз болса, онда Ctrl+F қос пернелер комбинациясын пайдаланып осы әрекетті тағы да қайталауға болады. Біздің мысалда ол екі рет қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |