Кафедра «№1 Қоғамдық денсаулық сақтау» Тест сұрақтары



жүктеу 281 Kb.
бет3/3
Дата21.11.2018
өлшемі281 Kb.
#22623
1   2   3

@

~Біріктірілген перзентхананың жұмысы келесі көрсеткіштермен бағаланған: 1) жүкті әйелдерді уақытылы есепке алу, 2) жүктіліктің нәтиже, 3) жүктіліктің асқынуы және экстрагениталдық патологияның негізгі турлерінің жиілігі, 4) жалпы гинекологиялық аурушаңдық, 5) босанудағы асқынулардың жиілігі.

Осы жоғарыдағы көрсеткіштердің қайсысы перзентхана стационарының жұмысын көрсетеді?

@ 1-сі


@ 2-сі

@ 3-сі


@ 5-сі

@ 4-сі


~ 2 жасар бала, созылмалы аурулары жоқ. Негізгі мүшелерінде және жүйелерінде функционалдық жағдайының ауытқуы жоқ. Жыл бойына 2 рет жедел суық тию ауруларымен ауырды (ауруы жеңіл және ұзақ емес болып өтті). Физикалық дамуы жасына сай.

Осы баланың денсаулық тобын анықтаңыз?

@ 2-ші

@ 3-ші


@ 4-ші

@ 5-ші


@ 1-ші

~ 6 айлық дені сау бала учаскелік педиатр дәрігердің қарауында.

Баланың денсаулығын динамикалық байқауында БІР АЙДА неше рет қарау керек?

@ 1 рет медбикемен үйінде

@ 2 рет дәрігермен амбулаторлы

@ 1 рет дәрігермен амбулаторлы

@ 1 рет дәрігермен үйінде

@ 1 рет дәрігермен амбулаторлы және 1 рет мебикемен үйінде

~ Есептік-технологиялық медициналық құжаттқа балалар емханасының дәрігері 15 жастан жоғары науқастардың жеке денсаулығының жағдайын және медициналық қызмет көрсету тиімділігі туралы тіркейді.

Қай құжат жайында айтылып тұр бұл жағдайда?

@ «Баланың даму тарихы»

@ «Амбулаторлық аурудың медициналық картасы»

@ «Диспансерлік қараудың бақылау картасы»

@ «Алдын алу егулерінің есеп картасы»

@ «Баланың медициналық картасы (мектепке, мектеп-интернаты, балалар үйі, бала бақша)»

~ Жамбас суйегінің сынуына байланысты жұмысшы 7 ай бойы еңбекке жарамсыз.

Бұл жағдайда ДЕС (ВТЭ) қалай өтеді?

@ Сырқат парағы ЕПҰ-да 4 ай өткеннен кейін жабылу керек, кейін сырқат парағы беру сұрақтарын МСЭК шешеді.

@ ЕПҰ-ның дәрігері сырқат парағын өз бетінше еңбекке жарамсыз уақытқа бере алады.

@ Емдеуші дәрігер сырқат парағын ДКК-да бекітіп және берілген барлық мерзімге беру керек.

@ Қаралған ЕПҰ – да 4 ай өткеннен кейн сырқат парағын жауып, оған ДКК мен қалған 3 айына еңбекке жарамсыз анықтамасы берілу қажет.

@ ЕПҰ 5 ай өткен соң емдеу парағын жауып, ДКК-мен создыртуы қажет.

~Науқас К, 37 жастағы шахтер, тірсек-табан буын жарақатымен хирургияның қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен алып келген. Мас күйінде үйінде үстелден құлап жарақаттанған. Госпитализацияланды. Стационарда 3 ай емделген. Амбулаторлы 1 ай емделген.

Науқасқа қандай құжат және қандай мерзімге беруі керектігін анықтаңыз.

@ Стационарлық емдеу уақытысына сырқат парағы беріледі, амбулаторлы емдеу мерзіміне справканың анықталмаған түрі беріледі

@ Сырқат парағы амбулаторлы емделгеніне және анықтаманың бекітілген түрін (ф. № 095-1/у) стационарлық емдеу мерзіміне және сырқат парағын амбулаторлы емделген мерзіміне беріледі.

@ Алкогольдік ішімдігі 6‰ бар екендігі анықталған жағдайда сырқат парағы берілмейді және шығару эпикризінде қанында алкогольдің бар екендігі жазылады.

@ Алкогольдік ішімдігі анықталып ДКК бекітілген түрдегі анықтаманы (ф. № 094/у) барлық еңбекке жарамсыз уақытына беріледі, яғни стационралық немесе амбулаторлық емделгені туралы.

@ Алкогольдік ішімдігі анықталып ДКК сырқат парағын мекеменің бас дәрігері рұқсатымен барлық еңбекке жарамсыз мерзіміне беріледі

~Мейірбикелердің жұмысындағы шыққан ақауларына байланысты басқару шешімдерін шығару сараптамалық бақылау науқастармен тікелей әңгімелесуі әдісімен жүргізілетін мейірбикелік көмектің күнделікті сараптамасы жүргізіліп соңына қарай карта толтырылады.

Күнделікті сараптамаға жауапкершілік кімге артылған?

@ Басты мейірбике

@ Аға мейірбике

@ Орта буынды медициналық қызметкер

@ Кіші буынды медициналық қызметкер

@ Шаруашылық бикесі

~Қалалық балалар ауруханасынан дәрігерді Астана қаласына 1 айға білімін жетілдіруге жіберді, сол жақта тұмау ауруымен ауырып, 5 күндей сабаққа қатыса алмады.

Осы жағдайда жұмысқа жарамсыздық фактісін кім анықтайды?

@ денсаулық сақтаудың қалалық бөлімінде бас дәрігердің бекітуімен

@ аурухананың бас дәрігері

@ бөлім меңгерушісі бас дәрігермен

@ емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісімен

@ бас дәрігердің рұқсатымен жақын маңдағы емхананың дәрігері

~ Облыстық ауруханада шаруашылықты жүргізуге құқылы бюджеттен тыс қорларды бөлу керек.

Денсаулық сақтаудың ұйымының бюджеттен тыс қорын бөлуге кім құқылы?

@ басқарудың жоғары тұратын органдары

@ аймақтың әкімшілігі

@ ұйымның басшысы

@ ұйымның бас бухгалтері

@ ұйымның бас экономисті

~ Емханадағы дәрігерде 2 айдан жоғары жөтелмен, әлсіздік, арықтау, тәбеттің төмендеу шағымдарымен пациент емделіп жатыр.

Төмендегі аурулардың қайсысында 2 айдан жоғары уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қойылады?

@ созылмалы бронхит

@ жаралы гастрит

@ созылмалы пиелонефрит

@ тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

@ обструктивті бронхит

~Статистикалық зерттеулерде репродуктивті жастағы әйелдер жастарына байланысты экстрагенитальды патологияның кездесу жиілігін анықтау үшін қатысқан.

Зерттеуге қай жастағы әйелдер жұмылдырылды?

@ 15-49


@ 13-14

@ 50-55


@ 57-60

@ 61-65


~Гинекологқа 14 жастағы қызымен жыныс мүшелеріндегі қышынуға, жыныс жолдарынан жағымсыз иісі бар бөлінулерше шағымдалды. Дәрігер емдеуден басқа венерологиялық аурулардың қауіпті екенін түсіндірді.

Венерологиялық аурулар неге байланысты әлеуметтік маңызды болып келеді?

@ қоғам үшін қауіпті және кеңінен таралауы

@ тұрғындардың өмір ұзақтығының қысқаруы

@ анықталған аурулардың асқынуы

@ қоғамдағы мүгедектіктің жоғарылауы

@ тұрғындардың өлімінің жоғарылауы

~Бала бақшада гепатиттің өршуі болды. Жағдайды талдау және эпидемияға қарсы шараларды жасау үшін жеткілікті ақпараттарды жинау қажет.

МЕМэпид қызметіне жүктелген міндетті шешу үшін шектеусіз мәліметтер мен құжаттарды алуға кім құқылы?

@ дәрігер стационар

@ құрылымдық бөлімдердің санитарлық дәрігер

@ бас мемлекеттік санитарлық дәрігер

@ қалалық аурухананың бас дәрігері

@ денсаулық сақтау органдарының басшылары

~Қалалық ауруханаға жедел жәрдем машинасымен 30 жастағы ер кісіні іштегі өткір ауруына шағыммен жеткізілді.

Науқасқа медициналық көмектің қандай түрін көрсетеді?

@ дәрігерлік көмек

@ жедел медициналық көмек

@ арнайы медициналық көмек

@ мамандандырылған медициналық көмек

@ жоғары мамандандырылған медициналық көмек

~Дәрігерге 67 жастағы обструктивті бронхитпен қаралды және тегін медикаменттерді жазып беруді сұрады. Бірақ дәрігер келіспеді.

Дәрігер тегін медикаменттерді тұрғындардың қандай тобына бере алады?

@ жаппай химиялық зақымдаудан запа шеккендерге

@ 2-топтың мүгедектеріне

@ зейнеткерлерге

@ көп балалы отбасыларға

@ ұлы отан соғыс мүгедек ардагерлеріне

~Дәрігерге 63 жастағы ер кісі ентігу, перифериялық ісіктер шағымымен қаралды. Анамнезінде 15 жасынан бастап созылмалы гломерулонефриттің бүйрек жетіспеушілігімен ауырған.

Осы науқасты емдеуде медициналық көмектің қандай түрі ресурсты болып келеді?

@ санаторлы-курортты

@ стационарлы

@ амбулаторлы- емханалық

@ жедел медициналық

@ біріншілік медико-санитарлық

~Участкелік дәрігер науқасты үйінен ауруханаға емхана машинасымен тасымалдамағаны үшін емхананың бас дәрігерінің атына зейнеткерден шағым түсті.

Участкелік дәрігердің науқастың үйіне барғанда атқаратын міндетіне төмендегілердің қасы іс-әрекеті кіреді?

@ қарау, диагностика, емді тағайындау

@ науқасты санитарлық өңдеу

@ науқасты госпитализациялау

@ кеңсені санитарлы өңдеу

@ кеңсені міндетті түрде санитарлық өңдеу

~Облыстық ауруханаға 28 жастағы науқас бел аймағындағы ауырсынуға, зәр шығарда ашу, қалтырау мен дірілдеу, перифериялық ісіктерге шағыммен түсті. Үйінде өз бетінше ем алған. Осыған байланысты жағдайы өршіп нашарлаған және стационардағы емі 15 күнге созылады.

Осы жағдайда стационарлық көмек сапасын бағалаудың қандай көрсеткіштері ұзарады?

@ стационарда төсек- орынды науқастың жалпы пайдалануы

@ стацинардағы науқастың емделудің жалпы ұзақтығы

@ стационардағы науқастың емінің орташа ұзақтығы

@ стационардағы төсек-орынды науқастың орташа пайдалануы

@ төсек орында науқастың жату ұзақтығы

~Жұқпалы аурулар ауруханасында аспаз болып жұмыс жасайтын 34 жастағы ер адам профилактикалық медициналық тексеру кезінде алтын стафилококктың бактерия тасымалдаушы екені анықталды, соған байланысты емделуге жіберілді.

Осы жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын беруді кім шешеді?

@ эпидемиологтың ұсынысы бойынша емдеуші дәрігер, дәрігер-инфекционист

@ бас дәрігердің орынбасары, дәрігер-инфекционист

@ эпидемиологтың ұсынысы бойынша емдеуші дәрігер, бас дәрігер

@ бөлім меңгерушісі, емдеуші дәрігер

@ бөлім меңгерушісі, бас дәрігер

~Ауруханаға жедел жәрдем машинасымен жүктілікті үзу қаупі бойынша жүкті әйел түсті. Әйел ауруханада ем алудан бас тартты. Әйелден медицина персоналдары қандай құжат алу керек?

@ кешенді емге келісім тілхаты

@ медициналық араласуға келісім туралы тілхат

@ операциялық араласуға келісім туралы тілхат

@ стационарлық ем алудан бас тарту туралы тіл хат

@ жүктілікті бұзудан бас тартуға келісім тілхаты

~ 27 жастағы жұмысшы үйде қайтар жолда тобығы сынып-жарақат алды. Медициналық көмекті жақын маңдағы травмпуктен алды. Жұмысшы 26 күн бойы жұмысқа жарамсыз болды. Қандай құжат еңбекке жарамсыздық екенін дәлелдейді?

@ еңбекке жарамсыздық парағы

@ медико-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысы

@ рентгендік мәліметтердің қорытындысы

@ лабораториялық мәліметтердің қорытындысы

@ стационардың қағазы

~А.деген 8 жастағы бала ауруханада «сол жақты төменгі бөлікті пневмония» деген диагнозбен емделуде. Емделу ауруханада 22 күнтізбелік күнге ұзарды. Сосын мекен-жайы бойынша емханада педиатрдың бақылауында және амбулаторлы ем қабылданды.

Баланың күтіміне кім құқылы және науқас парағы қанша уақытқа беріледі?

@ ата-анасының біреуі

@ атасы


@ көршілер

@ апасы


@ қызметшілер

~ Кентау қаласының атмосфералық ауасы мен қоршаған ортасы ауыр металлдармен ластанған, тұрғындардың тыныс алу жүйесінің ауруларына алып келеді. Қалада 2009 жылы тұрғындардың саны 79 207 адамды құрады. Ағымдағы жылы 2742 бала туылды, 628 адам өлді. Өлгендер арасында 326-сы тыныс алу жүйесінен өлген, қан айналу жүйесінен 302 адам өлді. Осы мәліметтерге негізделе отырып қандай көрсеткішті есептеуге болады?

@ жалпы аурушаңдық

@ табиғи өсім

@ демография

@ мүгедектік

@ біріншілік аурушаңдық

~Медициналық белсенділікті үйрену мақсатымен Семей қаласының сол жақ жағалауының «Д» әріпі фамилиялы аналарынан әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Медико-әлеуметтік зерттеулердің қандай әдістерін қолданасыз?

@ негізгі массив әдісі

@ тұтас таңдау әдісі

@ кездейсоқ таңдау әдісі

@ монографиялық зерттеулер

@ сериялық таңдау әдісі

~ Ауруханаға 33 жастағы әйел келіп түсті. Науқас ауруханаға түскеенде қандай есептік іс-қағаздар толтырылады?

@ ст ационарлық науқастың медициналық картасы

@ стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме

@ еңбекке жарамсыздық парағы

@ амбулаторлық науқастың медициналық картасы

@ науқастың статистикалық картасы

~Дене салмағы 500 г-нан 999г-ға дейінгі жаңа туылған нәрестелердің барлығы АҚАЖ бөлімінде тірі туылған нәресте ретінде тіркеледі. Қанша уақыт өмір сүргенде оларды тірі туылған деп санауға болады?

@ туылғаннан кейін 168 сағаттан көп өмір сүрсе

@ туылғаннан кейін 160 сағаттан кем өмір сүрсе

@ туылғаннан кейін 168 сағаттан кем өмір сүрсе

@ туылғаннан кейін 150 сағаттан көп өмір сүрсе

@ туылғаннан кейін 160 сағаттан көп өмір сүрсе

~Ота жасау барысында науқастан тін бөлігі кесіп алынды. Кейін ол тіннен жасушаларды бөліп алып, қоректік ортада өсіріп, тәжірибелік жұмыс жасалды. Биомедициналық этиканың қай принципі дұрыс жасалмады, қай уақытта науқастың келісімінсіз оның генетикалық коды сақталған жасушалар қолданылды?

@ информациялық келісім

@ жасырындық (конфиденциалдылық)

@ әділеттілік

@ шыншылдық

@ Жанашырлық

~ Дерматовенерологқа қараудан кейін және қажетті анализдер тапсырғаннан кейін сифилис диагнозы расталған 35 жастағы ер кісі қаралуға келді. Дәрігер жұмыстан қайтқан кезінде достарымен кездесіп қалып, байқаусызда науқастың аты-жөні мен диагнозын айтып қалды. Үшінші жақ арқылы бұл мәлімет науқастың жанұясына мәлім болып, нәтижесінде жанұя тарап кетті.

Қай принципке сүйене отырып дәрігер науқастың аты-жөні мен диагнозын жария етуге қақысы жоқ еді?

@ жасырындық (конфиденциалдылық)

@ әділеттілік

@ шыншылдық

@ ерлік

@ информациялық келісім



~ 70 жылдары Ю.П. Лисицын ұсынған денсаулық туралы оқу, нақтырақ дені саудың денсаулығы, оны қорғау, нығайту мен қайта жаңғырту туралы термині:

@ Санология

@ Демография

@ Социобиология

@ Социология

@ Психология

~ Денсаулық сақтау мен жекеменшілік объектісі бола алмайды?

@ индивидум денсаулығы

@ медициналық еңбектің өнімдік заттары

@ медициналық технология

@ медициналық өндірістің өнімдері

@ денсаулық сақтау ұйымдарының ресурстары

~ Қандай жағдайларда және қандай мақсатпен дәрігерлік құпияны жария етуге болмайды?

@ Туыстар (баланың ата-анасы), заңды тұлғалар науқастың денсаулығы туралы мәліметті алу үшін өтініш жасағанда

@ Тергеу органдарының, прокурор мен соттың тергеу жұмыстарына немесе сот ісіне қатысты мәліметтерді жинау барысында

@ өз денсаулығына байласты келісім беруге мүмкіндігі жоқ науқастарды тексеру мен емдеу барысында

@ Кәмілеттік 15 жасқа толмаған балаларға көмек көрсетілген жағдайда ата-анасы мен құзырлық органдарға мәлімет беру барысында

@ науқастың денсаулығына қарама қайшылық жағдайлар әсер еткені туралы дәлелдер болған жағдайда

~ Зертханаға хирург келіп, инструкцияға байланысты тексеруге тиісті 5 қан анализінің орнына ота жасалған барлық науқастардың жағдайы ауыр болуына байланысты 10 қан анализін тексеруді өтінді. 10 қан анализін алуға рұқсат берілмеді.

Бұл мәселені қандай жағдайлармен түсіндіруге болады?

@ Казус

@ қылмыс


@ Дилемма

@ ерлік


@ адамгершілік қасиеті

~Травматологиялық бөлімшеге ЖМЖБ-мен 23.00-де "Бас миының шайқалуы" диагнозымен науқас жеткізілді. Стационарға жатқызғандағы науқастың жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, сұрақтарға адекватты жауап береді, тек бас ауруына шағымданады. Науқасты кезекші дәрігер тексеруі келесі күнге қалдырылды, жағдайын ары қарай ешким бақыламады. Бас ауруының күшеюіне байланысты кезекші медбике (жұмыс тәжірибесі 10 жыл) науқасқа димедрол таблеткасын берді. Таңертең науқас палатада өлі анықталды. Өлім мидың ісінуі мен мишықтың үлкен шүйде тесігіне қыстырылып қалуы нәтижесінде болған. Дәрігер мен медбикенің бұл ісін қандай біліктікке жатқызуға болады?

@ медициналық көмек көрсету барысында қылмыстық салғырттық жіберу

@ медициналық көмекті дұрыс көрсетпеу

@ науқасқа медициналық көмек көрсетпеу

@ мамандандырылған медициналық көмек көрсету барысында салғырттық жіберу

~ Кімдерге медициналық типті іс-шаралар күштеп жасалынбайды:

@ Қылмыскерлер мен венерологиялық ауруулары бар науқастарға

@ өзіне жауап бере алмайтын қоғамға қауіпті қылмыстық іс жасаған азаматтарға

@ қылмыстық іс жасағаннан кейін тәндік ауруларға шалдығып, өз ісіне жауап бере алмайтын науқастарға

@ психологиялық аурулармен ауыратын , өз ісіне жауап бере алмайтын науқастарға

@ алкоголизм, наркоманияға ем қажет ететін қылмыстық іс жасаған азаматтарға

~ Облыстық ауруханада аурухана ішілік инфекция көрсеткіші жоғарылап кетті. Эндогендік инфекция дамуының жоғарылауы қауіпі бар оталар жасағанда қандай іс-шаралар аурухана ішілік инфекция таралуын төмендетеді?

@ дезинфекция мен стерилизация режимдерін саұтау

@ адекватты антибиотикопрофилактика

@ стафилококк тасымалдаушылар санациясы

@ операциялық бөлменің желдеткіштер жұмысын күшейту

@ ұжымдық вакцинация

~ Қай жағдайда дәрігерлік құпиияны науқас немесе заңды өкіл рұқсатынсыз жария етуге болмайды?

@ кәмілет жасқа толған науқасқа медициналық көмек көрсеткен жағдайда ата-анасына мәлімет беру барысында

@ өз денсаулығына байланысты келісім беруге мүмкіндігі жоқ науқастарды тексеру мен барысында

@ инфекциялық аурулар, массалық улану мен зақымдалу қаупі туған жағдайда

@ тергеу органдарының, прокурор мен соттың тергеу жұмыстарына немесе сот ісіне қатысты мәліметтерді жинау барысында

@ науқастың денсаулығына қарама қайшылық жағдайлар әсер еткені туралы дәлелдер болған жағдайда

~Сотқа 35 жастағы әйел гинекологиялық бөлімшеде медицина қызметкерлерінің уақытылы медициналық көмек көрсетпегені салдарынан әйелде түсік тастау болғанына шағымдану өтінішімен келді. Пациент денсаулығына келтірілген зардапқа кім жауапты болып табылады?

@ медициналық ұйым

@ медицина қызметкері

@ денсаулық сақтауды басқару органдары

@ мемлекеттік ұйымдар

@ денсаулық сақтау ұйымдары

~Балалар ауруханасына омыртқа жарығымен 1 айлық қызды алып келді. Анамнезінде омыртқа жарығы туыоғанда байқалған және интенсивті түрде ұлғайған. 1 жасқа дейінгі балаларға ота жасауға кімнің рұқсат беру құқығы бар?

@ ата- анасы мен заңды өкілі

@ аурухананың бас дәрігері

@ емдеуші дәрігер

@ рұқсат алудық қажеті жоқ

@ рұқсат тек шектеулі жағдайларда ғана қажет

~Отбасы-дәрігерлік амбулаторияға жұмысқа жас дәрігер тұрды және оған тегін медикаменттерді жіберуге науқастар келді.

Төменде аталған аурулардың қайсысында медикаменттер дәрігердің рецепті бойынша тегін жіберіледі?

@онкологиялық және гематологиялық аурулар

@отадан кейінгі жағдайлар

@миокард инфаркті, жүректің ишемиялық ауруы

@ревматоидты полиартрит

@жұқпалы аурулар

~ 32 жасар тұрақты жұмыс істейтін ер адам өнеркәсіпте жарақат алды, осыған байланысты 10 күнге еңбекке жарамсыздық алды оның 7 күнін стационарда ем алумен өткізді.

Жұмысқа шығу барысында қандай құжатты тапсыру керек?

@еңбекке жарамсыз парағы

@МСЭК қорытындысы

@УДЗ қорытындысы

@дәрігерлік сараптаманың қорытындысы

@ауру тарихынан көшірме

~Халық денсаулығы қалай қарастырылады (оқытылады)?

@сыртқы орта әсер етуші факторларын және халық денсаулығын оқыту бойынша есеп және мақсаттарды өзіне қосатын көп факторлы мәселе

@ сыртқы орта әсер етуші факторларын және халық денсаулығын оқыту бойынша есеп және мақсаттарды өзіне қосатын бір факторлы мәселе

@қоршаған орта факторлары әсер ету есебінен басқа жалпы аурушаңдықты оқыту бойынша есеп және мақсаттарды қосатын , көп факторлы мәселе

@шынайы халық қозғалысы көрсеткіштерінің бағасы

@жалпы өлім мен мүгедектік көрсеткіштерінің бағасы

~ Әлеуметтік-экономикалық факторларға жатады:

@шарт және салауатты өмір, денсаулықты сақтау облысындағы саясат

@су, ауа

@экология, психология

@әкімшілік облысындағы саясат

@ тұқым қуалаушылық

~Ахуал (климат)-географиялық факторларға жатады:

@су, ауа


@ салауатты өмір мен өмір шарты

@ экономика

@ денсаулықты сақтау облысындағы саясат

@тұқым қуалаушылық

~Биологиялық факторларға жатады:

@тұқым қуалаушылық, жыныс және жас

@ денсаулықты сақтау облысындағы саясат

@ су, ауа

@ экология, психология

@ салауатты өмір мен өмір шарты

~ ДДҰ жіктемесі бойынша ажыратады...

@ ұрықтылық максимумы 20-24 жас тобына келеді

@ ұрықтылық максимумы 50 жасқа келеді

@ ұрықтылық максимумы 25-29 жасқа келеді

@ жас коэффициенттері бойынша ұрықтылық 20-24 және 25-29 жаста

@ жас коэффициенттері бойынша ұрықтылық 15-19 жасқа түседі.

~ “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау” заңына сәйкес мүгедектердің медициналық ақтауына жатпайды:

@ ақылы ем

@ қалыпқа келтіруші терапия

@ реконструктивтік хирургия

@ протезді-ортопедиялық көмек

@ әлеуметтік ақтау

~ ҚР денсаулықты сақтау жүйесінде әрекет етуші денсаулық сақтау ұйымдарына жатпайды ... ұйымдар.

@ техникалық

@ балалар амбулаторлы-емханалық және стационарлық

@ жедел медициналық жәрдем ұйымдары

@ амбулаторлы-емханалық жәрдем көрсететін ұйымдар

@ фельдшерлік-акушерлік медициналық пункттар

~ ҚР жүзеге асушы медициналық қызметтің түріне жатпайды:

@ еңбек емі

@ салауатты өмір салты насихаты

@ сот медицинасы

@ санаторлы-курорттық ем

@ эпидемияға қарсы қызмет

~ У. азаматша жаңа туылған нәрестені тікелей перзентханадан асырап алды. Оның еңбекке жарамсыз парағын алуға құқығы бар ма және қанша мерзімге?

@ 3 жылға еңбекке жарамсыз парағын алуға құқығы бар

@ 10 жылға еңбекке жарамсыз парағын алуға құқығы бар

@ қысқа мезгілге еңбекке жарамсыз парағын алуға құқығы бар

@ еңбекке жарамсыз парағын алуға құқығы жоқ

@ анықтама алуға құқығы бар

~ Емхана дәрігері амбулаторлы жағдайда емдеуге қиын “төменгі бөлікті оң жақты пневмония” диагнозымен госпитализация жасау үшін, диагнозды қою барысында оның ауырлық дәрежесін асыра жазуға мәжбүрлі. Бұл жедел жәрдемнің “пневмония” диагнозымен госпитализация жасамауына байланысты. Науқасты емдеу үшін емхана дәрігеріне қандай моральдық жағдаймен ұштасуға тура келді?

@казус


@рақым

@жасырындық

@ ақиқаттық

@ әділдік

~ 48 жасар науқас ауыр халде жайылған перитонит диагнозымен хирургия бөлімшесіне жеткізілді. Шұғыл түрде ота бөліміне алынып, ота жасалды. Қобалжыған бейнеде тұрған туыстары отаның аяғына дейін күтті. Дәрігердің ісінде қандай моральды өлшем, науқастың туыстарына отадан кейін отаның қанша тұратынын айтқан кезде орын алды?

@ қылмыстық

@ казус

@ ерлік


@ әділдік

@ рақым


~ Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мақсаты:

@ адам топтарының денсаулығын және кең ауқымды мәселелерін оқып-үйрену

@ медициналық кадрларды дайындау

@ жаңа еш жерде тіркелмеген патологияларды оқып-үйрену

@ жұмысшылардың денсаулығына әсер ететін факторлар

@ денсаулық сақтауды реформалау

~ Халықтың қоғамдық денсаулығының бағалық мәліметі:

@ демографиялық көрсеткішін, физикалық дамуын, аурушаңдық және мүгедектігін сипаттау

@ білім деңгейі, мәдениеттілік деңгеиінің өсуі

@ экономикалық сипаттау

@ тарихи мәліметтер, мәдениеттілік деңгеиінің өсуі

@ ауру сипаты

~ Биологиялық факторларға жатады:

@ тұқымқуалаушылық, жыныс және жас

@ денсаулық сақтау аумағындағы саясат

@ су


@ ауа

@ шарт және салауатты өмір

~ Демография – бұл ғылым:

@ халық туралы

@ өлім туралы

@ физикалық даму туралы

@ аурушаңдық туралы

@ сыртқы орта туралы

~ Халықтың прогрессиялық типі аталады....

@ 0-14 жас аралығындағы балалар бөлігі, 50 жас және одан жоғары жастағы халық бөлігінен асып түседі

@ Қ.Р халық бөлігі басқа елдердің халық бөлігінен асады

@ 50 жас және одан жоғары жастағы адамдар бөлігі балалар санынан асады

@ балалар саны, 50 және одан жоғарғы жастағы халық санына тең

@ 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан жоғары

~Хлықтың регрессивті типі аталады....

@50жас және одан жоғары адамдар саны, балалар санынан жоғары

@ Қ.Р халық бөлігі басқа елдердің халық бөлігінен асады

@ 50 жас және одан жоғары жастағы адамдар бөлігі балалар санынан асады

@ балалар саны, 50 және одан жоғарғы жастағы халық санына тең

@ 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан жоғары

~Тұрғындардың стационарлық түрі аталады:

@ балалардың үлесі 50 жас және одан жоғары жастағы адамдар үлесіне тең

@ ҚР тұрғындар үлесі басқа ел тұрғындар үлесінен жоғары

@ 0-14 жастағы балалар үлесі 50 жас және одан үлкен жастағы тұрғындар үлесіненжоғары

@ 50 және одан үлкен жастағы адамдар үлесі жалпы балалар үлесінен жаоғары

@ 0-8 жас арасындағы балалар үлесі жасөспірімдер үлесінен жоғары

~Жалпы туылу коэфициенті мына формула бойынша есептелінеді:

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ 1 жасқа дейінгі өлген балалардың саны/бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны х1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ 1 жыл ішінде өлгендердің жалпы саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ туылғандар саны-өлгендер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

~ Жылдың жемістілігінің жалпы коэффициентін есептеу формуласы:

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ 1 жасқа дейінгі өлген балалардың саны/бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны х 1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ 1 жыл ішінде өлгендердің жалпы саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ туылғандар саны-өлгендер саны/15-49 жастағы әйелдердің орта саны

~Өлімнің жалпы коэффициентін есептеу формуласы:

@ 1 жасқа дейінгі өлген балалардың саны/бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны х 1000

@ 1 жыл ішінде өлгендердің жалпы саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/15-49 жастағы әйелдердің орта саны

@ туылғандар саны-өлгендер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

~Тұрғындардың шынайы өсу көрсеткішін есептеу формуласы:

@ 1 жасқа дейінгі өлген балалардың саны/бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны х 1000

@ 1 жыл ішінде өлгендердің жалпы саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

@ бір жыл ішінде тірі туылған сәбилер саны/15-49 жастағы әйелдердің орта саны

@ туылғандар саны-өлгендер саны/ тұрғындардың орта жылдық саны х 1000

~ Миграциялық өсу көрсеткішінің есептеу формуласы:

@ белгілі бір территорияға көшіп кеткендер саны/тұрғындардың жылдық ортасаны х 1000

@ миграциялық өсу- көшіп келгендер және көшіп кеткендер саны

@ түрғындардың орта саны-кеткендер саны

@ келгендер саны-кеткендер саны

@ тірі туылғандар саны/тұрғындардың орта саны х 1000

~Миграция нәтижелігінің коэффициентін есептейтін формула:

@ миграциялық өсу- көшіп келгендер және көшіп кеткендер санына бөлу

@ белгілі бір территорияға көшіп кеткендер саны/тұрғындардың жылдық орта саны х 1000

@ келгендер саны-кеткендер саны

@ түрғындардың орта саны-кеткендер саны

@ тірі туылғандар саны/тұрғындардың орта саны х 1000

~Жаңа, бұрын есепке алынбаған және биылғы жылда бірінші рет анықталған және алдыңғы жылдары тіркелінген тұрғындар арасындағы барлық аурулардың жиынтығы, аталынады:

@ нақты ауру

@ жалпы ауру

@ аурушаңдық

@ орташа аурушаңдық

@ патологиялық зақымдану

~ Осы жылда бірінші рет анықталған және алдыңғы жылдары тіркелінген, тұрғындар арасындағы барлық аурулардың жиынтығы, аталынады:

@ нақты ауру

@ жалпы ауру

@ жалпы аурушаңдық

@ аурушаңдық

@ патологиялық зақымдану

~ Ағзаның өсу үрдісі кезінде кезінде оның дамуы және тузілуін сипаттайтын морфологиялық және функционалдық белгілердің жиынтығы аталады:

@ физикалық даму

@ акселерация

@ рухани даму

@ урбанизация

@ антропометрия

~ Жалпы өлім көрсеткішінің дұрыс формуласы

@өлгендер саны *1000 халықтың орта саны

@ өлгендер саны * 1000 халық саны

@ 1 жастан жоғарғы өлгендер саны * 1000 халықтың орта саны

@ 1 жастан жоғары өлгендер саны *1000 1 жастан жоғары өлгендер саны

~ І кварталдағы өлім көрсеткіші

@ 3 ай *1000 халықтың орта саны

@ 3 ай *1000 халық саны *3

@ 3 ай *1000 *4 халық саны

@ 3 ай *1000 *12 халық саны *3

~ Формула бойынша 25-29 жас аралығындағы халықтың өлім көрсеткішін анықтау

@ 25-29 жас аралығындағы өлім жағдайы *1000 25-29 жас аралығындағы халық саны

@ 25-29 жас аралығындағы өлім жағдайы *1000 халықтың ортасаны

@ 25-29 жас аралығындағы өлім жағдайы *1000 өлгендердің жалпы саны

@ 20-29 жас аралығындағы өлім жағдайы *1000 халықтың ортасаны

@ 21-28 жас аралығындағы өлім жағдайы *1000 халықтың ортасаны

~ 1 жастан асқан тұрғындар өлімі тіркеледі:

@ (1000хМ)-(NxD)

@ 1000-N

@ жалпы өлім көрсеткіші – балалар өлімі көрсеткіші

@ 1 жастан асқандардың өлім саны х 1000 жалпы тіркелген тұрғындар

@ 15 жас және одан жоғары жастағы өлім саны х 1000 15 және одан жоғары жастағы тіркелген тұрғындар

~ Әр түрлі жастағы тұрғындар өлімінің жалпы көрсеткіші екі салыстырмалы облыстарда 8,0 (Ф) және 8 (Б) тең. Б облысында жоғары өлімнің нәтижесін көрсетіңіз:

@ дұрыс емес, себебі стандартталған көрсеткіштер есептелмеген.

@ дұрыс

@ дұрыс емес, себебі жас ерекшеліктеріне байланысты өлім көрсеткіштері жоқ.



@ дұрыс емес, себебі көрсеткіштер айырмашылығының статистикалық дәлдігі есептелмеген.

@ дұрыс емес, себебі жасөспірімдер айырмашылығының статистикалық дәлдігі есептелмеген.

~ Нәрестелер өлімінің мезгілдік ауытқушылығын білу үшін келесі мәліметтер керек:

@ 13 айда туылғандар саны

@ берілген айда туылғандар саны

@ берілген жылда туылғандар саны

@ өткен жылда туылғандар саны

@ 1 кварталда туылғандар саны

~ Перинатальді өлімге кіретін жас:

@ 0-7 күн

@ 0-14 күн

@ 8-10 күн

@ 1-29 күн

@ 0-1 ай


~ Нәрестелік өлімді есептеудің дәл формуласы:

@ 1 жасқа дейін өлгендер саны х 1000 1/3 өткен жылы туылғандар 2/3 осы жылы туылғандар саны

@ 1 жасқа дейін өлгендер саны х 1000 тірі туылғандар саны

@ 1 жасқа дейін өлгендер саны х 1000 берілген жылы барлық өлгендер саны

@ 1 жасқа дейін өлгендер саны х 1000 тірі туылғандар саны берілген жылы өлі туылғандар саны.

@ 1,5 жасқа дейін өлгендер саны х 1000 тірі туылғандар саны

~ Әйелдер кеңесінің негізгі міндеттері:

@ гинекологиялық аурулар кезінде емдік көмек көрсету

@ денсаулық сақтауды басқару механизмін жасау

@ жүктілерді босануға физиопрофилактикалық дайындықтар жүргізу

@ жұмыскер әйелдерге еңбек шарттарын үйрету

@ әйелдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

~ Дені сау бала бөлмесінің негізгі міндеттері:

@ жанұяда салауатты өмір салты, ата-аналарды дені сау бала тәрбиелеуге үйрету

@ босануға жүйелі дайындықтарды жүргізу

@ ата-аналарды санитарлық-ағартуға үйрету

@ босану кезінде жоғары квалификацияланған көмек көрсету.

@ босануға жүйелі дайындықтарды жүргізу.

~ Аурухананың травматология бөлімшесіне жамбас-буын ұршығының зақымдалуымен науқас әйел келіп түсті. 4 ай өткеннен соң толық жазылу байқалмады. Науқасқа еңбекке жарамсыздық парағын туралау үшін қандай шешім қабылдау қажет?

@ КЭК (клиникалық- эксперттік комиссия) еңбекке жарамсыздық парағын созады

@ еңбекке жарамсыздық парағын емдеуші дәрігер созады

@ емдеуші дәрігер мемлекеттік-әлеуметтік экспертизаға (МСЭК) жібереді

@ емхана дәрігері еңбекке жарамсыздық парағын созады

@ емхананың бас дәрігері еңбекке жарамсыздық парағын созады

~ Түнде уйымның денсаулық пунктінежұмысшы бас айналуына, бас ауруы мен жүрек айнуына шағымданып келді. Кезекші фельдшер оны жұмыстан босатып, қажетті анықтама беріп, таңертең МЧС дәрігерінің қабылдауына шақырды. Дәрігер жұмысшыны еңбекке жарамды деп шешті. Дәрігердің дұрыс шешімін атаңыз:

@ дәрігер науқастың амбулаторлы картасына түнгі қабылдау жайлы қажетті жазбаларды түсіріп қойды.

@ дәрігер фельдшер берген анықтаманы растап, өз мөрін қойды

@ дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын берді

@ дәрігер науқастың амбулаторлы картасына түнгі қабылдау жайлы қажетті жазбаларды түсірмеді.

@ дәрігер анықтаманы еңбекке жарамсыздық парағынаалмастырып бермеді

~ Науқас ауруының 3-ші тәулігінде емханаға келді. Дәрігер оны еңбекке жарамсыз деп танып, стационарға ем қабылдауға жіберді. Еңбекке жарамсыздық парағын толтыру ережелерін көрсетіңіз.

@ емхана дәрігері науқас алғаш қаралған күннен бастап еңбекке жарамсыздық парағын ашады, стационарлық дәрігер науқастың стационарда өткізген барлық күніне еңбекке жарамсыздық парағын созып береді.

@ емхана дәрігері науқас ауырған күннен бастап еңбекке жарамсыздық парағын ашып, стационарға жатқан күні жабады. Стационарлық дәрігер науқастың стационарда өткізген барлық күніне жаңа еңбекке жарамсыздық парағын толтырып береді.

@ емхананың бас дәрігері науқас ауырған күннен бастап еңбекке жарамсыздық парағын ашады, стационарлық дәрігер науқастың стационарда өткізген барлық күніне еңбекке жарамсыздық парағын созып береді.

@ дұрыс жауап жоқ

~ Косметикалық операция жасау мақсатында стационарда болған науқасқа еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.

@ еркімен жасалған косметикалық операцияның асқынуы басталған күннен бастап

@ медициналық көрсеткіш бойынша косметикалық операция жасалған күннен бастап

@ медициналық көрсеткіш бойынша операцияның асқынуы басталған күннен бастап

@ медициналық көрсеткішке байланысты операциялық шаралар жүргізгенге дейін

@ барлық жауап дұрыс

~ Азаматша 12 желтоқсанға дейін 3 жасқа дейінгі балаға қарау барысында жартылай төлем демалысында болды. 9 желоқсанда ол баласының ауруына байланысты педиатр қабылдауында болады. Диагнозы: "ЖРВИ" . Науқас балаға қарау барысында қандай құжат толтырылады және қай кезден бастап.

@ 13 желтоқсаннан бастап жарамсыздық парағы толтырылады

@ ешқандай құжат толтырылмайды

@ 9 желтоқсаннан бастап жарамсыздық парағы толтырылады

@ 10 желтоқсаннан бастап жарамсыздық парағы толтырылады

@ 11 желтоқсаннан бастап жарамсыздық парағы толтырылады

~ Қазіргі кезде басқарудың жалпы міндеттері менеджмент мына құрамды бөліктерге бөлінеді.

@ өндірістік менеджмент, маркетинг-менеджмент, қаржы менеджменті

@ өндірістік менеджмент, маркетинг

@ өндірістік менеджмент және қаржы менеджменті

@ маркетинг және қаржы менеджменті

@ өндірістік менеджмент және қаржы менеджменті

~ Әйелдер кеңесіне қаралатын жүкті әйелдердің экстрагенитальді аурулары бойынша 3-ші орынды алады.

@ несеп шығару жолдарының аурулары

@ жүрек қан тамыр аурулары

@ тері аурулары

@ ас қорыту жүйесінің аурулары

@ жарақаттану

~ Инфекциялық ауруханаға қаралу бойынша 6 айға дейінгі балалар арасында қай ауру 4-ші орын алады.

@ тері және тері асты май қабаты аурулары

@ тыныс алу жолдарының аурулары

@ ас қорыту жүйесінің аурулары

@ жарақаттану және улану

@ жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары

~ №1 Балалар емханасына қаралатын науқас балаларда кездесетін аурушаңдық бойынша бірінші орынды алады.

@ жұқпалы аурулар

@ жүрек қан тамыр аурулары

@ тері аурулары

@ несеп шығару жүйесінің аурулары



@жарақаттану

#
жүктеу 281 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау