тізіліп.
Жұмбақтың шешуін тап. Шешуін буынға бөліп жаз.
20
МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН
Сөз
Сөз
дегенiмiз –_________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
1-тапсырма
. Мағынасына қарай сөздердi топтап жаз.
Ағаш, адам, жаңбыр, көл, еңбек, қызыл, он бес, кесу, сандық, най
-
зағай, төрт, кел, сары, ору, күштi, парта, үй, жел, әдемi, он.
|
Табиғат құбылысы атаулары: ______________________________
_______________________________________________________________
|
Заттың сынын бiлдiретiн ұғымдар: _________________________
_______________________________________________________________
|
Заттың санын бiлдiретiн ұғымдар: __________________________
_______________________________________________________________
|
Iс-әрекет ұғымдары: ______________________________________
_______________________________________________________________
2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Көшіріп ал. Әр сөйлемде неше сөз бар екен
-
дігін айтып шық.
21
Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанымыздың өз туы, елтаңба
-
сы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –
Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанымыздың жаңа елордасы – Нұр-Сұлтан
қаласы. Астанамызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Астанамыз күн
-
нен-күнге өсу үстінде. Қазақстан – үлкен мемлекет.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________

________________________________________________________________
3-тапсырма
. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
Төрi толған түлiкке,
Ұлан-байтақ жерiң бар.
Көгорайлы белiң бар,
Айдын шалқар көлiң бар.
Сағасы мол көп өзен,
Өлке толған егiн бар.
Тау мен далаң сақтаған
Қойны толған кенiң бар.
Алтын, күмiс, қорғасын,
Мұнай мен мыс, көмiр бар.
Осы дәулет тұрғанда
Неменеден кемiң бар?
(Жамбыл)
4-тапсырма.
Берiлген дыбыстарға тиiстi дыбыстар қосып сөз жаса.
а/ с, т, қ –
үлгi:
ас, тамақ, қасық.
ә/ қ, л, б ___________________________________________________
б/ р, о, м __________________________________________________
в/ к, ш, х ___________________________________________________
5-тапсырма
. «Ойлан, тап» ойыны. Сөздерді толықтырып жаз.
Баскиiм: Қ _ _ _ _ _ _ н.
Өсiмдiк:
Ш_ р _ _ _ _ қ.
Құс:
С _ _ _ _ _ _ н.
Ағаш:
Қ _ _ _ _ _ й.