К. И. Сэтбаев атындагы Қаз¥ту-нің доценті, техника ғылымдарының кандидаты


бет119/159
Дата04.01.2022
өлшемі
#31569
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
китап керектиb2113

принципиалды,  кеңейтілген
 
жэне жүмыс (жинақтаушы)
 бола алады.
Жобалауды принципиалды жылу сұлбасын жасау мен есептеуден 
бастайды,  онда  жабдықгардың  саны  мен  орналасуын  анықтамастан- 
ақ  қазандықтың  тек  негізгі  жабдығының  блоктарын  (қазан, 
жылуалмастырғыш,  деаэратор,  сорап  және  т.б.),  сондай-ақ  жұмыс 
жылутасыгыштары 
—  су, 
бу 
мен 
бусұйықтығының 
негізгі 
құбыржолдарын көрсетеді.
Жылу  сұлбасын  есептеудің  мақсаты  болып  құбыржолдарының 
жекелеген  бөліктеріндегі  жылутасығыштардың  шығындары  мен 
парам етрлерін анықгау саналады.
Жылу 
сұлбасын  есептеу  барысында  екі 
негізгі  теңдеу 
қолданылады:
1
)  жылуауыстырғыш  аппаратгағы  жыльпу  ортасымен  берілетін 
және  қыздырылатын  ортамен  қабылданатын  жылу  мөлшерінің 
теңдігін белгілейтін жылу балансының теңдеуі (су-сулы немесе булу- 
сульі  жылытқышта,  деаэраторда,  бу  салқындатқышта,  үрлеу  суын 
салқындатқышта және т.б.);
2
)  қандай  да  бір  аппаратқа  немесе  жабдықтың  блогына  кіретін 
және  одан  шығатын  жылутасығыштар 
шығынының  теңдігін 
орнататын материалдьгқ баланс теңдеуі.
Жылу  сұлбасын  есептеу  нэтижелері  бойынша  қазандықтың 
жалпы  жылу  немесе  буөцдірімдіпігін  анықтайды,  негізгі  және 
көмекші 
жабдықтарды 
таңдауды 
жүзеге 
асырып 
(қазаңдық 
агрегаттарының, 
деаэраторларының, 
жылуауыстырғыштарының, 
сораптардың  және 
т.б.), 
жеке 
учаскелердегі 
құбыржолдары 
диаметрлерін табады.
Алынған  мәліметгердің  негізінде  кеңейтілген  жылу  сұлбасын 
құрады, ол қондырылатын барлық жабдық пен оның құбыржолдарын 
олардың  бетіңде  орналастырылатын  бекһуші  және  реттеуші 
арматуралармен бірікгіреді.
Қазандық  құрылысы  мен  жылумеханикалық  жабдықтарды 
жинақтау  үшін,  жұмыс  (немесе  жинақтау)  жылу  сұлбасын  жасайды, 
ол  бұл  мақсатқа  қажетгінің  бәрін  қамтиды:  учаскелер  көлемін, 
еңістерді,  арматура,  тіреу  мен  аспаларды,  жеке  элементтер  мен 
блоктардың 
сапмагын, 
ғимараттың 
құрылыстық 
бөліктеріне 
байлануларды және т.б.
127


Барлық  жылу  сұлбалары  аукымсыз,  ортогональді  бейнеде 
орындалады  жэне  жұмыс  жылу  сұлбасының  тек  неғұрлым  күрделі 
тораітгары аксонометрия да бейнелене алады.
Мысал  ретінде  жылумен  қамтудың  жабық  жүйесіне  қосылған 
жылыту-өндірістік  қазандықтың  принципиалды  жылу  сұлбасын 
қарастырып көрейік (
11
,7-сурет).
11.7. Сурет.  1—
қазандык агрегаттарының блогы; 2-бу таратқыш тарак; 
3-редукциялық қондыргы; 4-желілік суды қыздыру блогы; 5-бастапкы суды 
қыздыру блогы; 6-жұмсартылған суды қыздыру блогы; 7-деаэратор;
8
-бусұйыктық қойма; 9-бусұйықтық сораптар;  10-бастапкы су сорапхары;
11
-үздіксіз үрлеу екшегіші;  12-үрлеу суын салқындаггқыш; 
13-химиялық су 
тазалау блогы;  14-орталыктан таралаггын қоректік сораптар; 15-бу поршеньді 
қоректік сораптар;  16-булануды салқындаткыш;  17-үрлеу кұдыгы;  18- желілік 
сораптар;  19-қоректендіру сораптары; 20-қысым реттеуіші; 21 -мазуттык 
шаруашылыққа арналган бу; 22-өндіріске арналған бу; 23-бусұйыктыкты 
өндірістен қайтару; 24-жылу желісінен; 25 - жылу желісіне; 26-сукұбырынан;
27-канализацияға құю.
Бу  қазандарында  өндірілетін  бу  1  бу  таратқыш  тарақка 
(гребенка) 
2
  келіп  түседі,  одан  будың  бір  бөлігі  қазандықгың
жеке  қажеттіліктеріне  алынады  (бу  поршеньді  қоректік сораптардың 
жетегіне,  мазутты  шаруашылыққа  және  т.б.),  ал  қалган  бөлігі 
редукциялық қондыргьщан 
3  өтеді,  бұл  жерде бу  қысымы 0,7
МПа-ға  дейін  төмендеп,  желілік  суды  қыздыру  блоктарына  4, 
бастапқы  су  5  мен  химиялық  тазаргылган  (жұмсартылган)  суга 
6

термиялық  атмосфералық  деаэраторға 
7
128


деаэрациялануына  жэне  өндірістің  технологиялық  қажеттіліктеріне 
бөлінеді.
Технологиялық  тұтынушылардан 
қазандықтың  булы-сулы 
айналымына  қайтып  келетін  будың  бусұйықтығы  бусұйықтық 
қоймаға 
8
  құйылады,  ол  жерден  бусұйықгық  сораптармен  9 
деаэраторға  7  ауыстырылады.  Бусұйықтық  желіпік  суды  қыздыру 
блогынан,  бастапқы  жэне  химиялық  тазаланған  судан  осы  жерге 
қайтып келеді.  Бу,  бусұйықтық пен ыстық су шығындарының орнын 
толтыру  үшін,  қазандықгың  булы-сулы  айналымына  қосымша  су 
кұйылады.  Осы  мақсатпен  суқұбырынан  сораппен  10  бастапқы  су 
алынып, үрлеу суын салқындатқыш 
12
  жэне бастапқы суды қыздыру 
блогы  арқылы  бірте-бірге  өпсізіледі,  бұл  жерде  су  t  =  20-*-40°С-ға 
дейін  қыздырылады  да,  кейін  суды  химиялық  тазалау  блогында  13 
жұмсартып, химиялық тазаланған суды қыздырғыш блогы 
6
 арқылы t 
> 80°С-ға дейін қыздырып, булану жылуы пайдаланылатын булануды 
салқындатқыш 
16  арқылы  термиялық  деаэраторға  7
деаэрациялануға жіберіледі. Деаэраторда химиялық тазаланган су мен 
бусұйықтық тарату  тарығы  мен үздіксіз  үрлеу  екшегішінен 
11
  келіп 
түсетін  бумен  қайнаганга  дейін  қыздырылады.  Деаэратор  багының 
қоректік  суы  қоректік  сораптармен  14  (электр  қуаты  сөнген  кезде, 
қорекгіксораптармен IS) қазандық агрегаттарға 
1
  беріледі.
Қазан  суының  қажетті  тұздық  құрамын  ұстап  туру  үшін,  бу 
қазандарын  үздіксіз  үрлеу  қарастырылады.  Жылу  шыгынын  азайту 
мақсатымен,  үрлеу  суымен  үздіксіз  үрлеу  екшегіші 
11
  және  үрлеу 
суын  салқындатқьпп 
12  орнатылады.  Қазандардан  келіп
түсетін  үрлеу  суы  екшегіш  қысымының  төмендеуінің  салдарынан, 
деаэраторда  пайдаланылатын  буды  қалыптастырып,  сонысымен 
деаэрацияга  жіберілетін  будың  бу  таратқыш  тарақган  ірікгелуін 
азайтуга  мүмкіндік  бере  отыра,  қайнайды.  Қайнаудан  кейін  қалган 
үрлеу  суы  үздіксіз  үрлеу  екшегішінен  үрлеу  суын  салқындатқышқа 
жіберіледі,  онда  ол  40°С-ға  дейін  салқыңцатылып,  кейін  үрлеу 
қүдығына (барботерге)  17 қуйылады.
Салқындаггқыштан  16 шыққан конденсацияланған булану да осы 
жерге  құйьшады.  Барлық  құйылымдар  мен  қазандық  құргатқыштар 
барботерден  17 канализацияга тастапынады.
Желілік  су  жылу  желісінің  кері  магнстралінен  желілік 
сораптармен 
18  алынып,  желілік қыздырғыштар блогы 4  арқылы 
өткізіліп,  онда  қажетті  температурага  дейін  қыздырылады  да,  жылу 
желісіне  беріледі.  Жылу  желісін  қоректендіру  (ыстық  су  кемуінің
129


орнын  толтыру)  қорекгендіргіш  сорагггармен  19  жүзеге  асырылады, 
олар  жұмсартылған  жэне  деаэрацияланған  судың  бір  бөлігін 
деаэратор  багынан  алып,  оны желілік  сораптардың  сорғьпп  желісіне 
салады.
Қоректендірудің мұндай  сулбасы  әдетге жабық жылумен қамту 
жүйелерінде  болатын  қоректік  судың  салыстырмалы  аз  шыгындары 
барысында қолданыла алады.
Қоректік  судың 
айтарлықтай 
мол 
шығындарында  оны 
деаэрациялау  үшін  жеке  деаэратор  қолданылады,  одан  қоректік  су 
қоректендіргіш сораптармен желілік сораптар алдындагы кері желіпік 
суга араластьфылады.

жүктеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау