Отынның тұрақты шығысында диірменге ауа беруді өсіру
ұнтақтауды ірілендіреді, ауатозаң қоспасының ыстықтығын өсіреді,
кептіруді жақсартады, тұтынатын қуатгы төмендетеді. Ауа беруді
төмендеткенде, керісінше болады.
2. Диірменге отын беруді біртіңдеп ретгеу керек. Отын беруді
күрт
өсірсе,
диірмен
толып
«қақалып»
қалады.
Диірмен
қозғалтқышының жүктемесі
өсіп кетсе, отын беруді тоқтату керек.
3. Диірмен балғаларын сындыратын нэрселерді (дербес
жағдайда метал) отынмен бірге диірменге түспеуіне қарсы шаралар
қолдану қажет.
4. Жарылыс, өрт болу мүмкіндігін естен шығармау керек.
14.2 Ш арлы дагыралы диірмендері (ШДД) бар
тозаңдайындау жүйелерін пайдалану
ІПДД көрсеткіштері оған салған шарлар маңызына және
днаметріне тэуелді. Отынды ұнтақтағанда, шарлар тозады. Бір тонна
шартгы отынды ұнтақтағаңда, 0,2-Ю,7кг металл шардан шығыны
болады. Толық жүктемемен істегенде, металл шардын шығыны
төмендейді.
ШДД-нің
өндірулігін
қамтамасыз
ету
үшін,
толқындылығы (волнистость) тозған құралдарды тиісті уақытында
ауыстырып отьфу қажет. Толқындылығы тозса, металл шарлар
қажетті биіктікке көтеріле алмайды. ШДД-нің негізгі тәртіптік
көрсеткіштері:
диірменді
желдету,
отынмен
толтыру
жэне
диірменнен кейінгі ауатозаң қоспасының ыстықгығы. Отын ылғалы
өссе, кептіргіш орта ыстықтыгын өсіру керек.
Диірменнен
шығудағы тозаңауа қоспасының ыстықтығы
жарылу қауіпсіздігімен анықгалады. Шанағы бар қондырғыларда
ауамен кептіргенде, бұл ыстықтық:
-
майсыз және Екібастұз көмірлері үшін 130°С-тан, тас жэне
қоңыр көмірлер үшін - 70°С-тан аспауы керек. Антрацит және
жартылай антрациттер үшін ыстықтық шектелмейді.
Тікелей үрлеу бар қондырғыларда ауамен кептіргенде, қоспа
ыстықгыгы:
-тас көмірлер үшін 130°С-тан,
-қоңьф жэне такта тас үшін 80°С-тан аспау керек.
Тозаңдайындау
жүйесіндегі
ауа
сормасы
қалыптанған
(нормируются).
162
Тозаң шанагы, тозаңбергіш, тозаңайырғыш, құйынгы сенімді
жұмыс істеулері керек.
Тұйықталмаған тозацдайындау жүйелерін пайдалану
ерекшеліктері
Жоғары ылғалды отындардың жану жылуын арттыру үшін эр
түрлі әдістерды қолданылады. Кептіру үшін пайдаланылатын түтін
газдарын күлден жақсылап тазарту керек. Жақсы тазартылмаса, көмір
тозаңына қосымша күл қосылады. Тозаң жүйесінің тиімділігі жалпы
тозаңұстағыштардың ПӘЕ-не тэуедді. Екі сатылы тазалағанда,
тозаңұстағыштардың ПӘЕ
99%-ға
жетеді, ал әкетінді тозаңнан болған
жыпу шығыны 1,2-1,5%-дан аспайды.
Тұйықгалмаган жүйеде қазандық қондырғының кез келген
жүктемесінде диірмен алдындағы газ ыстықтыгын тұрақты ұстау
міндетті.
Бақылау сұрақтары:
1 .Тозаңдайындау жүйелерін
жіктеу
2.Шахталы диірмен қондыргыларын пайдалану және бақылау
бойынша негізгі нұсқаулар
3.Тікелей үрлеу бар қондырғыларда ауамен кептіргеңде қойылатын
талаптар
4.Тұйықталмаган тозаңдайындау жүйелерін пайдалану ерекшеліктері.
163