Журналистерге құлаққағыс!
IFN ТМД Форумы 2017
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы REDmoney агенттігімен бірлесіп Астанада 2017-жылдың 14-наурызында IFN (Islamic Finance News) ТМД Форумын өткізеді.
Бұл іс-шара ислам қаржыландыруы нарықтарының, ТМД елдерінің негізгі ойыншылары мен қадағалаушыларының басын қосады.
Соңғы бес жыл көлемінде ТМД қаржы нарықтары Еуразиялық экономикалық Одақтың құрылымдалуы нәтижесінде белсенді интеграцияға көшті. Инвесторлардың өз активтерін әртараптандыруы және жаңа нарықтар іздеу шараларының аясында ислам банкингі мен қаржыландыруы 170 млн.астам халық қоныстанған үлкен аймақтық нарықтың дамуындағы үлкен күшке айналады алады.
Қазақстан 2008 жылдан бастап ислам қаржыландыруының нормативті-құқықтық базасын құру және жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Сукук (Sukuk – облигацияның исламдық баламасы) шығару және дәстүрлі банкті исламдық банкке айырбастау бойынша заңға өзгерістер 2015 жылдың қараша айында қосылды.
Қазақстан – аймақтағы ислам қаржыландыру саласындағы алдыңғы қатардағы заңдылығы бар жалғыз ел, бұл - елдің аймақтағы ерекше орналасуының кепілдігі және ислам қаржыландыруының ТМД өзге елдеріне таралауына ықпал ете алады.
Thomson Reuters Islamic Growth Markets Investment Outlook Есебі бойынша Қазақстан 2015 жылы Ислам Серіктестігі Ұйымының (ИСҰ) құрамына енетін 57 елдің арасында ислам инвестицияларындағы тартымдылығы бойынша 5-ші орынға ие. Қазақстан ИСҰ құрамына 1995 жылы еніп, 2011 жылы осы беделді халықаралық ұйымға төрағалық жасады.
Мұнан өзге, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясының арасында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Бұл қол қойылған құжаттар жеке сектор, оның ішінде ислам қаржыландыруы, банк ісі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары, адами капиталды дамыту салаларындағы ынытмақтастықтың онан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанға ислам қаржыландыруын дамыту, Орталық Азия елдерімен арадағы экономикалық қатынас пен байланысты дамытуға техникалық қолдау көрсетуге міндет алды.
REDmoney Group
REDmoney Group Ислам қаржыландыруындаа арнайы қызмет көрсетуге негізделген ірі халықаралық мердігер.
2004 жылы құрылған, Дубай мен Куала-Лумпурде офистері бар, әлемдік қаржылық нарықтарына жан-жақты жоғарғы сапалы салалы қызмет көрсетеді. REDmoney Group әр түрлі нарықтармен, Африка мен Азиядағы жаңа ислам экономикасынан абстап, осы салдағы көшбасшылар – Малайзия, Парсы шығанағы, Еуропаның, АҚШ-тың дамыған нарықтарында жұмыс істейді.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО)
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Елбасы 2015 жылдың 7-желтоқсанында АХҚО туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық талаптарға және әлемдік мықты қаржы орталықтарына сай Қазақстанда және аймақта қаржылық қызметтерді көрсету арқылы экономикалық өсімге және Астананың Еуразия аймағындағы қаржылық және логистикалық орталығына айналуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |