Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-параграф. Соқтығысулардың алдын алудың борттық жүйесін (ACAS- ТCAS) пайдалану



жүктеу 2,07 Mb.
бет10/25
Дата15.01.2020
өлшемі2,07 Mb.
#26688
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

93-параграф. Соқтығысулардың алдын алудың борттық жүйесін (ACAS- ТCAS) пайдалану
      547. Пайдаланушы ACAS (ТCAS) пайдалану рәсімін белгілейді:
      1) оның бұл жағдайға сәйкес келмейтін жағдайлардан басқа соқтығысу қауіптерін (Resolution Advisories (RA), қысқартылған атауы ағылшын тілінде)) сейілту бойынша ұсынымдар берілетін режимде пайдаланылуын;
      2) соқтығысудың (RA) алдын алу және ұсынымдар берілетін режимде.
      548. ACAS (ТCAS) жабдығымен берілетін соқтығысу қатерінің алдын алу бойынша ұсынымдар ӘКҚ органы нұсқауларына қатысты басым болып табылады.
94-параграф. Тікұшақтармен ұшу ерекшеліктері
      549. Тікұшақтармен ұшу жолаушыларды, багажды, поштаны, жүктерді тасымалдау және әуеайлақтарға, тікұшақ айлақтарына, дайындалған қону алаңдарына және әуеден таңдап алынған алаңдарға қона отырып, авиациялық жұмыстарды, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау мақсатында орындалады.
      550. Тау шыңдарында, шоқыларда, терассаларда орналасқан; ғимараттардың шатырларында, көтеріңкі платформаларда, теңіз (ішкі су) кемелерінің палубаларында, қалқымалы бұрғылау қондырғыларында жабдық алған қону алаңдарына ұшу осы Қағидаға, әуе кемесі ҰПБ талаптарына және қону алаңдарына ұшуды жүргізу нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
      551. Ұшақтармен және тікұшақтармен бір мезгілде пайдаланылатын әуеайлақтарда тікұшақтарға арналған жеке старты бар арнайы алаңдар жабдықталады.
      Ұшақтар мен тікұшақтардың бірлескен ұшуын ұйымдастыру тәртібі осы әуеайлақта ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен (аэронавигациялық паспорт) анықталады.
      552. Ұшып көтерілу және қону үшін тікұшақ командирі ӘКҚ органымен келісім бойынша ұшып көтерілу-қону жолақтарының бір бөлігін немесе егер бұл осы әуеайлақта ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (аэронавигациялық паспорт) көзделсе, ұшу алаңының кез келген басқа бөлігін пайдаланады.
      553. АҰҚ бойынша ұшып шығуға шешім қабылдау кезінде тікұшақ командиріне қосалқы қону алаңдары ретінде ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулығы бар қону алаңдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
      554. Сырғымалы шассиі бар тікұшақтар жердің үстіңгі бетінің («әуе жастығы») әсерін пайдалана отырып және кедергілерге дейінгі белгіленген арақашықтықты сақтай отырып, ұшып келуді белгілеу бойынша тұрақ орнынан ұшып көтерілу орнына және кері рульдеуді орындайды
      555. Тікұшақтың қозғалтқышын (қозғалтқыштарын) іске қосар алдында көтеру бұрандасының екпінінен ұлғайтылуы мүмкін заттар оның ұштарынан көтеру бұрандасының бір диаметрінен кем емес арақашықтыққа алыстатылуға тиіс.
      556. Көтеру жүйесін қоса отырып, қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосу және сынап көруді экипаж құрамы толық болған кезде тек қана тікұшақ командирі, сондай-ақ, тікұшақты сенімді арандап байлауды қамтамасыз ету кезінде көрсетілген сынап көруді өткізу үшін қажетті дайындықтан өткен бортмеханик және инженерлік-техникалық персонал жүргізеді.
      557. Тікұшақты рульдеу кезінде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан кедергілерге дейінгі арақашықтық көтеру бұрандасының жарты диаметрінен кем болмауға тиіс.
      558. Тікұшақты рульдеу кезінде тікұшақтың көтеру бұрандасы екпінінен және ол ұлғайтуы мүмкін заттардан басқа әуе кемелеріне зиянды әсер болмауға тиіс.
      559. Әрбір ұшып көтерілу алдында тікұшақ командирі орталықтану есебін тексеру және ұшып көтерілу әдісін анықтау, тікұшақ жүйелерін сынап көру, қуат қондырғылары мен басқару органдарының жұмысын тексеру мақсатында бақылау ілінуін орындайды. Бақылау ілінуінің биіктігін тікұшақ командирі анықтайды.
      560. 10 метрге дейінгі биіктікте ілінуге және орын ауыстыруға егер ҰПБ-да өзгеше белгіленбесе тікұшақ командирі минимумына қарамастан 500 метрден төмен емес көріну және бұлттардың биіктігі 50 метрден төмен емес кезде рұқсат етіледі.
      561. Авиациялық-химиялық жұмыстарды, оқу және жаттығу ұшуын орындау кезінде бақылау ілінуі ұшу басталар алдында жүргізіледі. Бақылау ілінуінен кейін тікұшақтың жерге қонуы міндетті емес.
      562. Тікұшақтың ілінуінде, ұшып көтерілуінде және қонуында маневр жасау кезінде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан арақашықтық мыналардан:
      1) қозғалтқышы (қозғалтқыштары) жұмыс істеп тұрған әуедегі немесе жердегі әуе кемелеріне дейін - көтеру бұрандасының екі диаметрінен;
      2) жеңіл және шамадан тыс жеңіл ӘК дейін - көтеру бұрандасыныңекі диаметрінен;
      3) басқа кедергілерге дейін - көтеру бұрандасының жарты диаметрінен, бірақ 10 м төмен емес;
      4) теңіз кемелері палубалары (ішкі су көлігі кемелері), алаңдар үстіндегі, жер немесе су үстіндегі көтеріңкі кедергілерге дейін таңбалауға және осы әуеайлақтарда ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес кем болмауға тиіс.
      563. Екпін ала (жүріп өту) отырып, ұшып көтерілу-қону жолағынан тікұшақтың ұшып көтерілуі (қонуы) Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық талабына сәйкес оның ұзындығы кезінде жүзеге асырылады.
      564. Тікұшақтың тұрақ орнынан ұшып көтерілуіне және оған қонуына мына шарттармен рұқсат етіледі, егер:
      1) тұрақ орны осы мақсаттар үшін анықталса;
      2) тікұшақ басқа әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына кедергі келтірмесе;
      3) осы Қағиданың 562-тармағының талаптары қамтамасыз етілсе;
      4) көтеру бұрандалары жерүсті бағдарларымен қажетті көзбен шолу байланысының жоғалуына әкеп соғатын құйын тудырмаса;
      5) әуеайлақта ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (аэронавигациялық паспорт) көзделсе.
      565. Биіктікке көтерілу және қонуға кіру кезінде кедергілердің үстінен кемінде 10 метрден жоғары, жердегі әуе кемелерінің үстінен тікұшақтың көтеру бұрандасының екі диаметрінен төмен емес ұшып өтуге рұқсат етіледі.
      566. Жақындау шарттары, көлемі және жай-күйі белгісіз әуеден таңдалған алаңға қону оның қонуға жарамдылығын тексеріп қарау және анықтау мақсатында үстінен бақылап ұшып өткеннен (ұшып өтулерден) кейін орындалады.
      567. Үстіңгі бетінің жай-күйі белгісіз әуеден таңдалған алаңға қону оны жерүсті тексеріп қарағаннан, топырақ беріктігін және қонуға жарамдылығын анықтағаннан кейін орындалады. Алаңның жай-күйін тексеріп қарауды және бағалауды экипаждың бір мүшесі немесе даярланған маман жүргізеді. Экипаждың бір мүшесін (даярланған маманды) түсіру іліну режимінде, тікұшақтың қонуы – оның белгісі бойынша жүргізіледі.
      Қону мүмкін болмаған кезде тікұшаққа жүк тиеу және түсіру экипаждың бір мүшесінің немесе даярланған маманның басшылығымен тиісті тікұшақ үлгісінің ҰПБ ұсынымдарына сәйкес іліну режимінде орындалады.
      Сырғымалы шассиі бар тікұшақтармен әуеден қону алаңын таңдау кезінде, сондай-ақ, егер тікұшақ экипажы бір пилоттан тұратын болса, қону алаңын жерүсті тексеріп қарау жүргізілмейді.
      568. Әуе жастығының әсер ету аймағынан тыс тікұшақтың іліну режимін пайдалануды талап ететін жұмыстар, сондай-ақ, жер бедері күрделі жерде немесе қар (тозаң) бұрқасыны пайда болуы мүмкін жағдайларда әуеден таңдалған қону алаңынан ұшып көтерілу және қону «әуе жастығының» әсер ету аймағынан тыс тікұшақтың іліну режимінде маневр жасауға мүмкіндік беретін ұшы массасымен орындалуға тиіс.
      569. Қону алаңында қар (тозаң) болған кезде қар (тозаң) бұрқасынының пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын немесе азайтатын шаралар қабылданады.
      570. Ұшып көтерілудегі іліну алдында қар (тозаң) бұрқасыны пайда болған жағдайда экипаж көтеру бұрандасының желдету екпінімен қарды (тозаңды) жерүсті бағдарларының тұрақты көрінуі пайда болғанға дейін үрлейді.
      Қар басқан (тозаңданған) алаңға қону кезінде іліну «әуе жастығының» әсер ету аймағынан тыс орындалады. Төмендеу және қону жерүсті бағдарларымен тұрақты көзбен шолу байланысы кезінде орындалады.
      571. Қар (тозаң) бұрқасынында іліну кезінде жерүсті бағдарларының көрінуі жоғалған кезде экипажға тікұшақты құйын аймағынан жоғары шығару қажет. Жерүсті бағдарлары көрінбейтін кезде қар (тозаң) бұрқасынында ілінуге, ұшып көтерілуге және қонуға тыйым салынады.
      572. Тікұшақтың су беті үстінде ілінуі көтеру бұрандасының бір диаметрінен төмен емес биіктікте жүргізіледі. Биіктік радио биіктікті өлшегіш арқылы және судағы қалқып жүрген хаттар бойынша көзбен шолып анықталады.
      Судағы адамдарға көмек көрсету кезінде оларды көтеру бұрандасының жел екпінінен болатын толқындардың ұруын және қалқып жүрген заттардың тиюін болдырмау үшін адамдарды бортқа шығаруға арналған іліну және төмендеу тігінен орындалады.
      573. Таулы жерлерде ұшуды жүргізу кезінде бағытты шатқалдар бойымен түзеуге рұқсат етіледі, бұл ретте ұшу биіктігінде шатқалдың ең төменгі ені 500 метрден төмен болмауға және қажет болған жағдайда 180о (градус) бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұрылуды орындау кезінде көтеру бұрандасы қалақтарының ұшынан тау бөктерлеріне дейінгі ең төменгі арақашықтық 50 метрден төмен болмауға тиіс.
95-параграф. Оқу және жаттығу ұшуы, аспаптар
бойынша ұшуға еліктеу
      574. Егер әуе кемесі қосарланған (қосарлы) басқару жүйесімен жабдықталмаса, онда оқу және жаттығу ұшуын орындауға тыйым салынады  (ұшуы басқарылатын бос аэростаттарды қоспағанда).
      575. Мынадай шарттарды сақтамай аспаптар бойынша ұшуға еліктеуді жүргізуге тыйым салынады:
      1) жеткілікті түрде шолуға болатын екінші басқару креслосын пилот куәлігі және тиісті біліктілік бағалары бар тұлғаның иеленуі;
      2) әуе кемесінің бос аэростаттарда ұшуы басқарылатын ұшуды қоспағанда қосарланған (қосарлы) басқару жүйесімен жабдықталуы;
      3) әуе кемесінде жолаушылардың болмауы.
      576. Оқу және жаттығу ұшуларын орындағанда әуе кемесінің бортында екеуден көп емес жаттығатын немесе оқитын әуе кемесінің экипажы немесе төрт ұшқыш болады.
      Қозғалтқышты сөндіріп ұшуды орындауда немесе әуе кемесінің бортына аудару режимінде бір жаттығатын (оқитын) әуе кемесінің экипажы болуы тиіс.
96-параграф. Бақылау-сынау және бақылау
ұшулары (үстінен ұшу)
      577. Бақылау-сынау және бақылау ұшулары (үстінен ұшу) аса маңызды ұшуларды орындау алдында әуе кемесінің дұрыстығын және пайдалануға жарамдылығын, олардың жүйесін тексеру мақсатында, жөндеуден, қозғалтқыштар мен жабдықтарды ауыстырғаннан кейін, сондай-ақ радиожарық техникалары құралдарының жұмысын, әуеайлақта төмендеу және қонуға бет алу схемасын тексеру үшін орындалады.
      578. ӘК бақылау-сынау ұшулары көрінуі кем дегенде 2000 м және бұлттардың төменгі шегінің биіктігі кем дегенде 200 м болған кезде күндіз жүргізіледі, бірақ бұл осы айлақтағы ұшуларды орындау жөніндегі нұсқауда (аэронавигациялық паспорт) белгіленген минимумнан төмен болмауы тиіс.
      579. Бақылау ұшулары (үстінен ұшу):
      1) экипаж, ӘК және әуеайлақтың қолданыстағы метеорологиялық шектеулері шегінде әуе кемесінің әр түрі үшін әзірленген бағдарламаларға сәйкес;
      2) уәкілетті орган келіскен бағдарламалар бойынша осы құралдардың ұшу кезінде тексерілуін қамтамасыз ететін минимумы кезінде тәуліктің кез келген уақытында жер үстіндегі радиожарық техникалық құралдарын тексеру үшін, бірақ осы әуеайлақ үшін белгіленген минимумнан төмен емес жағдайда;
      3) әзірленген әуеайлақтық төмендеу схемаларын аралап ұшу және қонуға кіру үшін – шеңбер биіктігінде көзбен шолып ұшуды қамтамасыз ететін, метеожағдай кезінде тек күндіз жүргізіледі.
      580. Зауыттарда жөндеуден және ұшу кезінде сынаудан өткен ӘК оларды азаматтық авиация ұйымдарының өкілдері қабылдаған кезде ұшуда осы ұйымдардың экипажы тексереді.
      581. Бақылау ұшуының бағдарламасына байланысты ұшуға арналған тапсырмаға ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, инженерлік-техникалық құрамның адамдары және басқа да мамандар енгізіледі. Оларды ұшуға арналған тапсырмаға енгізу туралы шешімді пайдаланушы немесе АОН мақсатында ұшуды орындаған жағдайда әуе кемесінің иесі қабылдайды.
97-параграф. Көрсету және көрсету мақсатындағы ұшулар
      582. Әуе кемелерінің көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларды орындауы үшін әуе кемесінің немесе ұшатын аппараттардың тұрғын үй алаңдары мен адамдар жиналатын жерлерге құлауын болғызбайтын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, белгіленген аудандардан тыс немесе елді мекендердің үстінен арнайы бөлінген әуе кеңістігінде орналасқан арнайы аймақтар (ұшу аймағы) белгіленеді.
      583. Көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларды:
      1) халық тығыз қоныстанған аумақтың немесе елді мекендердің үстінен;
      2) бұқаралық іс-шараларды өткізгенде адамдар жиналатын жерлерге 200 м жақын;
      3) әуе трассасына 8 км жақын;
      4) бұлтта;
      5) ақиқат биіктіктен 50 м төмен;
      6) көру мүмкіндігі 3000 м аз қашықтықта орындауға тыйым салынады.
      584. Әуе кемелерінің және басқа да ұшатын аппараттардың көрсету және көрсету мақсатындағы ұшуларын ұйымдастырушы оларды орындау жөнінде арнайы нұсқаулық әзірлейді.
98-параграф. Планерлерді сүйреу
      585. Төмендегі шарттарды сақтамай:
      1) қажетті біліктілігі бар сүйреп апаруды жүзеге асыратын ӘК командирі;
      2) сүйреп апаруды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік беретін ілмекті құрылғымен жабдықталған, сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесі;
      3) жабдықталған жағдайдағы планердің ең жоғары салмағының 80 пайызынан кем емес және 200 пайызынан аспайтын құрамдастарының үзілу беріктігіне ие сүйрейтін арқан (сым арқан) қолданатын әуе кемесінің планерді сүйреп апаруды орындауына тыйым салынады. Егер төмендегі шарттар сақталса екі еседен көп жабдықталған жағдайда планердің ең жоғары салмағынан асып түсетін үзілу беріктігіне ие сүйреп апаратын арқан қолдануға рұқсат етіледі:
      сүйреп апаратын арқанды планерге бекіткен жерде планердің жабдықталған жағдайындағы ең жоғары салмағының кемінде 80 пайызын құрайтын және осы салмақтан екі есе асып түсетін үзілу кедергісіне ие сақтандырғыш сырға орнатылса;
      сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесіне сүйрейтін сым арқанды бекіткен жерде орнатылған сақтандырғыш сырғаның үзілуге кедергісі 25 пайыздан асып түсетін және планерге сүйрейтін арқанды бекіткен жерде жабдықталған жағдайдағы планердің ең жоғары салмағынан екі есе асып түсетін үзілу кедергісіне ие сақтандырғыш сырға орнатылса, екі еседен көп жабдықталған жағдайда планердің ең жоғары салмағынан асып түсетін үзілу беріктігіне ие сүйреп апаратын арқанды қолдануға рұқсат етіледі.
      586. Бақыланатын әуе кеңістігінде сүйреп апаруды жүргізу басталғанға дейін сүйреп апаруды жүзеге асыратын ӘК командирі сүйреп апаруды жүргізу туралы ӘҚҚ органына хабарлайды.
      Сүйреп апару басталғанға дейін сүйреп апаруды жүзеге асыратын әуе кемесінің ұшқышы мен планердің ұшқышының арасында ұшып көтерілу дабылы мен ағытуды, әуе жылдамдығы мен әр ұшқыш үшін авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібін қоса алғанда, өзара іс-қимыл тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізу керек.
      587. Егер бұл үшінші тұлғаның өмірі немесе мүлкі үшін қауіп төндіруі мүмкін болса, планерді ағытқаннан кейін сүйреп апаратын арқанды әдейі тастауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
6. Ерекше жағдайлардағы ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар
      588. Ерекше жағдайлардағы ұшуға:
      1) мұзды аймақтардағы, найзағайлы әрекетті және күшті нөсерлі жауын-шашын, күшті шайқалу, атмосфераның жоғары электрлік белсенділігі, желдің ұйытқуы, шаңды боран, радиоактивті бұлттар кезіндегі ұшу;
      2) таулы және бағдарлану қиын жерлердегі, шөлейттердегі және су бетіндегі ұшу;
      3) қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшу жатады.
      589. Ұшу кезінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар аймағына жақын келу белгілері пайда болған немесе тиісті ақпараттар алған кезде әуе кемесінің командирі егер ұшуға күтілетін жағдайда РЛЭ рұқсат бермесе, қауіпті аймақты айналып өту үшін шаралар қабылдауға міндетті.
      590. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар аймағын айналып өту үшін ұшу бағытын немесе эшелонын (биіктігін) өзгертуге осы Қағиданың 367-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшу оның тікелей басқаруымен орындалатын ӘҚҚ органның келісімімен ғана рұқсат етіледі.
99-параграф. Мұздану аймағындағы ұшу
      591. Осы жағдайларда пайдалануға жіберілмейтін әуе кемелерінде мұздану жағдайында ұшуға тыйым салынады.
      592. Ұшудың барлық кезеңінде мұздануға қарсы жүйе, егер РЛЭ жүйені пайдаланудың басқа тәртібін көздемесе, мұз қатуы мүмкін аймаққа кіргенге дейін қосылуы тиіс.
      593. Егер экипаж қабылдаған мұзданумен күрес жөніндегі шаралар тиімсіз болса және осы жағдайларда ұшуды қауіпсіз жалғастыру қамтамасыз етілмесе, ӘК командирі асығыстық сигналын қолданып, ӘҚҚ органымен келісім бойынша ұшуды қауіпсіз жалғастыруға болатын ауданға шығу үшін ұшу биіктігін (бағытын) өзгертуге және қосалқы әуеайлаққа кету жөнінде шешім қабылдауға міндетті.
100-параграф. Найзағай әрекеті және күшті нөсерлі
жауын-шашын аймағындағы ұшу
      594. Найзағай әрекетінің және күшті жауын-шашынды аймақтарды кесіп өтіп ұшуға шешім қабылдаған кезде әуе кемесінің командирі:
      1) найзағайдың сипатын (ішкі салмақтық, қарсы алдынан);
      2) найзағайлы (нөсерлі) ошақтардың орналасуын және орын ауыстыруын, оларды айналып өту мүмкін болатын бағыттарын өзгертуді;
      3) қосымша отын құю қажеттігін ескеруге міндетті.
      Таулы жерлерде өтетін ұшу бағыты бойынша қарсы беттегі найзағайлардың болуы мен оларды болжау кезінде КҰЕ бойынша төменгі эшелоннан төмен болса, ұшуға шешім қабылдауға тыйым салынады.
      595. Найзағай ошақтарын байқаудың борттық РТҚ-сыз және жер үстіндегі радиолокциялық бақылау болмаған кезде найзағай әрекетінің аймағында АҰЕ бойынша ұшуға тыйым салынады.
      596. Ұшу әуеайлағы ауданында ірі түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану болған кезде экипаж борттық метеорологиялық радиолокатордың көмегімен ұшу және әуеайлақ ауданынан шығу аймағын тексеріп қарап, ұшу мүмкіндігін бағалап, ірі түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттануды, күшті нөсерлі жауын-шашынды аймақты айналып өту тәртібін анықтайды.
      597. Найзағай әрекеті (күшті нөсерлі жауын-шашынды) аймағына әуе кемесі жақындаған кезде ӘК командирі ӘҚҚ органымен өзінің іс-қимылын келісе отырып, ұшуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігін бағалайды, аймақты айналып өтуге шешім қабылдайды.
      598. Диспетчер радиолокаторларды, метеорологиялық ақпаратты әуе кемесіне түскен хабарды пайдалана отырып, экипажды бұлттанудың, найзағай ошақтары орналасуының, олардың ығысу бағытының сипаты және найзағай ошақтарын айналып өту бағыты туралы ұсыныс беру туралы хабардар етеді. Жердегі радиолокаторлардың экранында ірі түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттар жоқ болған кезде диспетчер бұл туралы экипаждарға хабарлайды, және АМСГ деректері мен әуе кемелерінің борттарынан түскен хабарды пайдалана отырып, экипаждарды бақыланатын кеңістіктегі метеорологиялық жағдай туралы хабардар етеді. Бұл жағдайда ірі түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттардың ошақтарын айналып өту борттық РЛС немесе көзбен шолу бойынша жүргізіледі.
      599. Ұшу кезінде найзағайлы ошақтарға жалғасатын ірі түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттарды көзбен шолып байқаған кезде, оларды кемінде 10 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етіледі. Берілген биіктікте аталған бұлттарды айналып өту мүмкін болмаған жағдайда бұлттың астымен немесе оның үстімен көзбен шолып ұшуға рұқсат етіледі.
      Бұлттың астымен ұшуға тек күндіз, нөсерлі жаңбыр аймағынан тысқары, егер:
      1) әуе кемесінің ұшу биіктігі жер бедері мен жасанды кедергілер үстіндегі нағыз қауіпсіз биіктіктен кем емес, бірақ барлық жағдайларда да, жазық пен қыратты жерлерде кемінде 200 метр және таулы жерлерде кемінде 600 метр болғанда;
      2) әуе кемесінен бұлттың төменгі шегіне дейінгі тік қашықтық кемінде 200 метр болғанда рұқсат етіледі.
      Ірі-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттың жоғарғы шегі үстімен кемінде 500 метр жоғары ұшуға рұқсат етіледі.
      600. Ұшу кезінде күшті-түйдек, құйынды-жаңбырлы бұлттарды байқаған кезде борттық РЛЖ-мен осы бұлттарды жарықтың жақын шегінен кемінде 15 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етіледі. Жекелеген найзағай ошақтары бар қарсы беттегі бұлтты кесіп өтуді борттық РЛЖ экранындағы жарық шегі арасындағы кемінде 50 км жерде жүргізуі мүмкін.
      601. Нөсерлі жауын-шашын жағдайларында ұшу мен қонуға бет алу кезінде экипаж әуе кемесінің көру мүмкіндігінің нашарлауын және аэронавигациялық сипаттамаларын ескереді.
      602. Әуе кемелерінің экипаждарына ірі-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлтқа және күшті нөсерлі жауын-шашынды аймаққа әдейі енуге тыйым салынады.
101 параграф. Күшті шайқалу аймағындағы ұшулар
      603. Мүмкіндікті шайқалу аймағына кірер алдында және оған кенеттен тап болған жағдайда ӘКК «Белдікті байлаңыз» таблосын қосып, жолаушылар креслодағы таңғыш белдікті байлайды.
      604. ӘК күшті шайқалуға тап болған кезде ӘКК ӘК қауіпті аймақтан шығарады.
      605. Биіктігі кемінде 900 м таулы жерлерде ҰЕҚ бойынша ұшу кезінде және ӘК күшті шайқалу аймағына түскен кезде ӘКК диспетчердің рұқсатымен биіктікпен ӘК осы аймақтан шығарып, ұшып шығу әуеайлағына қайтады немесе қосымша әуеайлаққа барады.
      606.ӘК ұшу қауіпсіздігін тудыратын күшті шайқалу аймағына түскен кезде ӘКК осы Қағиданың 367-тармағына сәйкес ұшу биіктігін өзгертуге рұқсат береді.
      Жаңа эшелонды алып, ӘКК ӘҚҚ органымен келісім бойынша ӘК әуе трассасына немесе ЖӘЖ шығарады.
      607. Бұлттармен байланыспаған және көзбен шолып анықтаған тікелей құйындарды экипаж айналып өтеді.
      Көзбен шолып анықталған, түйдек-жауынды бұлттармен байланысты тікелей құйындарды (қара құйын) олар көрінетін бүйірлі шегінен кемінде 30 км жерде алыстан айналып өтеді.
102-параграф. Атмосфераның электрлік белсенділігі
жоғары аймақтағы ұшу
      608. Күшті электрлеу белгілері пайда болған кезде бір УКВ радиостанция сөндіріледі, егер бұл мүмкін болса, түнде әуе кемесінің экипажы кабинасының жарығы қосылады.
      609. Әуе кемесінің күшті электрлену белгілері:
      1) дауыс естігіштегі шу мен ызың;
      2) радиокомпас стрелкасының ретсіз шайқалуы;
      3) тәуліктің қараңғы мезгілінде кабина әйнектерінде ұшқын мен тұйықтама ұштарының жарқыл беруі болып табылады.
      Электрленудің пайда болуы +5-тен -10 градусқа дейінгі аралықтағы бұлт қабатында неғұрлым басым болады.
      Әуе кемесінің командирі күшті электрлену белгілері пайда болған кезде бұл туралы ӘҚҚ-ның диспетчерлік органына баяндайды және диспетчердің қауіпті аймақтан шығу жөніндегі ұсынымдарын орындайды.
      610. Электрленуі жоғары аймақтарда ұшу биіктігін өзгерту РЛЭ талаптарына сәйкес ұшудың көтерілген тік және азайтылған үдемелі жылдамдығымен орындалады.
      Бұлт қабатынан шыққаннан кейін, басқа қабатқа кіргенге дейін ұзақтығы 5-10 секунд көлденең алаңда орындалады.
      Берілген эшелонда ұшудың қауіпсіздігіне қатер төнген кезде әуе кемесі командирінің осы Қағиданың 365-тармағына сәйкес әрекет етеді.
      611. Әуе кемесі атмосфералық электрлік разрядқа тап болған жағдайда әуе кемесінің экипажы:
      1) ӘҚҚ органына әуе кемесінің зақымдану фактісі, метеорологиялық жағдай, ұшу орны және биіктігі туралы баяндауы;
      2) қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерін қадағалауы;
      3) электр жабдығының, пилотажды-навигациялық жабдықтарының жұмысын тексеруге;
      4) ақауларды табу мақсатында әуе кемесін қарап шығуы;
      5) істен шығу мен бұзылу байқалған кезде РЛЖ-ге сәйкес әрекет ету қажет.
103-параграф. Желдің ығысуы жағдайындағы ұшу
      612. Желдің ығысуы жағдайында ұшу немесе қонуға бет алу кезінде:
      1) РЛЖ талаптарына сәйкес есепті жылдамдықты арттыру;
      2) үдемелі және тік бағыттағы жылдамдықтың өзгеруіне барынша бақылауды жүзеге асыруы және ұшудың есепті параметрлері берілген траекториясы ауытқи бастаса дереу қалпына келтіруі;
      3) қонуға бет алған кезде егер төмендеудің берілген глиссадасын ұстап тұру үшін қозғалтқыштардың жұмыс режимін номиналға дейін және/немесе 200 м биіктікті ұшып өткеннен кейін арттыру қажет болса ҰҚЖ дәлізіне қатысты тік бағыттағы төмендеу жылдамдығы 3 метр/секундқа және есепті жылдамдықтан да артатын болса, ұшу режимін пайдалана отырып тез арада екінші айналымға өту қажет.
      613. Күшті жел жағдайында ұшуға немесе қонуға бет алуға тыйым салынады.
жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау