Жарық энергиясы. Жарық ағыны.
Жарық толқындары тасымалдайтын энергия жарық энергиясы немесе сәулелік энергия деп атайды (W). Егер жарық таралған кеңістікте кішкене ауданша бар болса, одна үздіксіз сәулелік энергия ағып өтіп жатады. Берілген ауданның уақыт бірлігі ішінде өтетін сондай энергия мөлшері сәулелік энергия ағыны деп аталады.
dW =Φ·dt
(1св. =1лм.1с)
Сәулелік энергия ағынының көзге әсер етіп, көру сезімін туғызатын бөлігі жарық ағыны Ф деп аталады. , денелік бұрыш. Электромагниттік толқындардың бәрі бірдей көру сезімін тудыра бермейді, тек толқын ұзындықтары, шамамен 0,4мкм-ден, 0,76мкм-ге немесе 400нм-ден 76,0нм-ге дейінгі түсті сәулелер ғана көру сезімін туғызады.
dΦ=I·dω
(1лм.= 1кд. · 1стер.)
Ф – люмен
Жарық күші. Жарықталыну.
Жарық күші. Егер нүктелік жарық көзінен шыққан көрінетін жарық барлық жаққа бірқалыпты таралып, толық денелік бұрыш (4π ) қамтитын барлық жарық ағыны Ф болса, онда жарық күші I=Φ ⁄ 4π -ге тең болады.
Практикада кездесетін жарық көздерінен шығатын жарық ағыны барлық жаққа бірқалыпты таралмайды. Сондықтан берілген бір бағыттағы шын жарық үшін табу үшін осы бағыт бойынша элементтар денелік бұрыш dω алынып, сол денелік бұрышқа dΦ жарық ағыны өлшенеді, яғни:
dΦ ⁄ dω; (1лм. / 1стер. = 1кд.)
Егер жарық ағыны барлық жаққа бірқалыпты таралатын болса, жарық көзінен шығатын толық жарық ағыны былай анықталады: Φ=4πl
Жарықталыну. Өздері жарық шығармайтын денелер оларға жарық түссе ғана көрінеді, өйткені ондай денелерге түскен жарық азды-көпті шағылып жан жағына шашырайды. Дене неғұрлым күштірек жарықталса, соғұрлым одан жарық көп шашырайды. Дененің жарық болу дәрежесін сипаттау үшін жалықталыну деген шама пайдалыналды. Сонда жарықталыну (Е) деп жарық түскен бетін аудан өлшеу бірлігіне келетін жарық ағыны айтылады.
Е=dΦ⁄dЅ ; 1лк. = 1лм. / м2
Жарықталыну заңы Е= Icosα ⁄ r2
Мысалы, жарық түскен беттін нүктедей жарық көзінен (1-сурет)
қашықтығы r болып, сол бетке жүргізілген нормаль түскен сәулелер
аралығындағы бұрыш i болсын. Жарық көзі тұрған орнынан қарағанда
dЅ көрінер денелік бұрыш dω болсын, сонда бұл бетке түскен жарық ағыны
dΦ=Idω тең.
- Пластинкада кездесетін жарық көздері аумақты болады, мысалы жарқырауық қатты дененің белгілі өлшемдері болады. Осындай жарық көзінің ds бетінің (1-сурет) бір жағына, яғни 2π-ға тең денелік бұрыш ішіне таралған жарық ағынының сол ds бетке қатынасы, яғни жарық көзі бетінің әрбір аудан бірлігіген шығатын жарық ағыны, ЖАРҚЫРАУ (R) деп аталады. R = dΦ ⁄dЅ
Жарқырау мен жарықталыну өрнектері бір-біріне ұқсас. Жарқырау өрнегіндегі dФ қатыстырып отырған жарқырауық беттен шығатын жарық ағының, ал жарықталуындағы dФ алынған бетке сырттан түсетін жарық ағынын көрсетеді.
Мысалы: жарық шашыратқыш беттердің жарқырауы оның жарықталуына тура пропорционал. R=ρЕ; ρ- шашырау коэффиценті, көп жағдайда ρ<1.
Жарықтылық
Белгілі өлшемдері бар жарық көзінің жарық шығаруын сипаттау үшін жарықтылық делінетін шамада қолданылады. Жарық көзінің жарықтылығы деп (В)- жарық көзінен берілген бағытта кішкене dω денелік бұрыш ішіндегі таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасын айтады. Жарық, мысалы, алынған бетке жүргізілген нормаль мен α- бұрышы жасалатын бағытта (3-сурет) таралған болса, онда жарықтылық мынаған тең.
Достарыңызбен бөлісу: |