Субьектінің операциялық кассасындагы нақты ақша есебі. Тауар кеңселері, айлақтардағы жөне пайдалану учаскелеріндегі, аялда-ма күзеттеріндегі, өзен өткелдеріндегі, кемелер кассаларындагы, кемежайлар, айлақтар, бекеттер, теңдеме жүк кассаларындагы, байланыс бөлімшелері және т.с.с. кассаларындағы ақша қаражаттарының нақты бары мен қозғалысының есебі 451-«Кассадағы үлттық валюта түріндегі нақты ақша» шотының, «Операциялық кассадағы нақты ақша» аралық шотында жүргізіледі. Операциялық кассадағы операциялар 451 немесе 452 шоттарындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |