1. Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі
Қазақстан Республикасынын Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу төртібіне сөйкес жүргізіледі.
Касса кітабы мен касса операцияларын жүргізуге бақылау бас бухгалтерге жүктеледі.
Кассирдің келісімі бойынша касса кітабы автоматтандырылған әдіспен жүргізілуі мүмкін. Оның парақтары «Касса кітабының жап-сырма параты» деген машинограмма түрінде қалыптасады. Соны-мен бір мезгілде «Кассирдің есебі» деген машинограммаларды кассир тексеріп, қол қояды және касса қүжаттарымен бірге касса кітабының жапсырма бетіндегі қолхатпен бухгалтерияга беріледі. Соңғыларын жыл ішінде кассир эр аи үшін жеке сақтайды. Жыл ішіндегі парақтардың жалпы санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куөландырады, сөйтіп кітапқа сүргі салынады.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шотгарға белгі жа-салады, содан соң оның деректерін 451 — «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп тірқелімдеріне көшіреді. Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олар рәсімдеген күні гана жүргізіледі. Ордерді алган кассир мыналарды: басшы мен бас бухгалтердін қолдары мен шынайылыгын; олардын дүрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордер-ге кассир қол қояды, ал оган тіркелген қосымша қүжатгарга штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі согады.
Касса операциялары есебін кассир Касса кітабында (ү.№КО-4.) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондагы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер кол қойып куөландырады.
Касса кггабының әрбір параты тең екі бөліктен түрады: олардын бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады, ол кітапта қалады; екіншісін (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі жөне сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операциялары-ның жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бергі бетінен («Күн басталгандағы қалдық» деген жолдан кейін) басталады. Ал-дын ала парақтың жыртпалы бөлігі, кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалгастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталганға дейін бір күн бойы жыр-тылмайды.
|