Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, библиография жаздыру ұсынылады.
Базалық жеткілікті (В1) деңгейінде төмендегі ТЛК жүзеге асады:
I. Қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық саласы төмендегі тақырыптардан көрініс табады:
1. «Заманауи отбасы», «Заманауи жас отбасы және оның мәселелері», бұл аталған тақырыптар мынандай тақырыпшаларда кеңінен талқыланады: «Әлемдегі заманауи отбасының түрлері», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас», «Қазақстандағы және тілін оқып жатқан елдегі некеге отырудың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Жас отбасы қаражаты және шығындардың негізгі ережелері». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |