Жобалап оқыту технологиясы



жүктеу 94,28 Kb.
Дата11.06.2023
өлшемі94,28 Kb.
#42954
Бекбаева Самал

Инклюзивті білім берудегі жобалап оқыту технологиясы


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары Білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі
«Заманауи педагогика және психология» кафедрасы
Орындаған: Бекбаева Самал
Тобы: ЕП 20-14к1
Қабылдаған: Нуридинова Гульдана Адемовна
2022ж

Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер . Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде.

Осындай жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Демек, жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол.

Жобалап оқыту технологиясы жөнінде Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғылымдар негізгі идеяларын ұсынды.

Ондағы негізгі идеялар:

Дьюи: Бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындауы тиіс.

Торндайк: Балалар таңдаған іс-әрекеттерін бірігіп, ұйымшылдықпен топтасып орындауы тиіс.

Лай: Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, тек біржақты ойланып қана қоймай, қосымша мәліметтер іздену.

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады

Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады: І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды. Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау. ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады. ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.

Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясын қолданатын педагогикалық үдерістегі – оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формасы мен техникалық құралдары тілдің лингвистикалық негіздерімен байланыста қаралады.

Назарларыңызға рахмет!


жүктеу 94,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау