18
Ақпараттық технологиялар мен бұқаралық байланыстың
қазіргі кезеңінде компьютер (32,5%) мен БАҚ (19,5%) үлкен
ықпал етеді. Ата-ана түсінігі бойынша «компьютер» факторы
дегеніміз бұл балалардың көптеген жағымсыз ақпарат алатын,
агрессивті мінез-құлықты қалыптастыратын интернет жүйесі,
сонымен қатар, балаларда қатыгездіктің көрінуіне себепкер
болатын компьютерлік ойындар.
Баланың өз басының агрессивті мінез-құлыққа ықпалын
респонденттердің 17,3%-ы атап өтті жəне де респонденттердің
15,6%-ы агрессивті мінез-құлық себебі ретінде мектеп пен
мұғалімдерді көрсеткен. Ал заңның кемшіліктерін респондент-
тердің 7,4%-ы атап өтті.
Балалардың агрессивтілігінің негізгі себептері ішінен ата-
аналар рухани тұрғыдан төмендету мен құрбылары (44,3%) жəне
үлкендер тарапынан келемеждеуді (40,9%) бөліп көрсеткен.
Респонденттердің шамамен бес бөлігі атап өткен себептер:
- əртүрлі заттармен, жұдырықпен ұру (24,3%);
-
баланың сыртқы келбетін, ақыл-ой қабілеттерін сынау
(23,0%);
- ата-аналар мен мұғалімдердің шектен тыс қадағалауы
(20,9%);
- шапалақпен ұру, итеру, тебу (20,0%);
- теледидар немесе компьютерді сөндіремін деген
қорқытулар (18,7%).
Айтылған себептер арасында денелік күш көрсету əдістері
кездеседі.
Бала агрессивтілігінің себептері арасында кең таралған
себеп ретінде баланың достарымен қарым-қатынас жасауға
(14,3%) жəне компьютерде ойын ойнауға (11,7%) кедергі болуды
айтуға болады (14-кесте).
14-кесте.
Сіздің пікіріңізше, төмендегі келтірілгендердің ішінен
қайсысы балалар арасындағы агрессияның себебі болып
табылады? (n=230)
Жауап нұсқасы
Жиілігі Пайызы
Құрбылар тарапынан төмендету мен қорқыту 102
44,3
Үлкендер тарапынан адамгершілік тұрғыда
төмендету
94 40,9
219
Сотының 2002 жылғы 11 сəуірдегі № 6 нормативтік қаулысының
24-тармағында берілген түсініктемеге сəйкес кəмелетке толмаған-
ды қылмыстық əрекетке тарту деп қылмысқа тартушы адамның
кəмелетке толмағанның қылмысқа қатысуға ынтасын (ниетін,
ұмтылысын) жəне дайындығын қалыптастыру жөніндегі мақсатты
əрекеттерін тану қажет.
Ересек адамның кəмелетке толмағанға
психикалық немесе денесіне зиян келтірмей, қылмыс жасау туралы
өздігінен жəй ұсыныс айтуы кəмелетке толмағанды қылмыстық
əрекетке тарту болып табылмайды.
ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сəуірдегі қаулысының
26-тармағының түсініктемесіне сəйкес ҚК-нің 131-бабының 3-бөлігін-
де жəне 132-бабының 3-бөлігінде көзделген кəмелетке толмағандарды
қылмыстық немесе қоғамға қарсы іс-əрекеттерге тарту кезінде
күш
қолдану деп
кəмелетке толмағанның денесін ауыртумен, денсаулы-
ғына жеңіл жəне орташа дəрежедегі зиян келтірумен байланысты
ұрып-соғуды, өзге де күш қолдану əрекеттерін түсінген жөн.
Қылмыстық заңнама кəмелетке толмағанды қоғамға қарсы
əрекеттерді жасауға тарту үшін де жауапкершілік қарастырылады, олар
ретінде есеңгiрететiн заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк
iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе қайыршы-
лықпен айналысуға тарту ұғынылады (алайда, іс жүзінде бұл норма
қолданылмайды, өйткені көптеген балалар қоғамдық көлікте не
дүкендердің айналасында қайыр сұрайды); кəмелетке толмаған адамды
жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-бап); кəмелетке толмаған-
дарды саудаға салу (133-бап); Баланы ауыстыру (134-бап); Балаларын
немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты
төлеуден əдейi жалтару (136-бап); Кəмелетке толмаған баланы
тəрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамау (137-бап); Қамқоршы
немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (139-бап).
ҚР ҚК 137-бабы жəне «Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы» ҚР Заңы конституциялық міндеттерді атқарудың
құқықтық кепілі болып табылады. «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне
отбасы туралы» ҚР Кодексі ата-аналарды жəне олардың міндеттері
жүктелген, өзге адамдарды баланы тəрбиелеуге, оның денсаулығына,
дене бітімі, психикалық, адамгершілік жəне рухани жағынан дамуына
қамқорлық жасауға міндеттейді.
Кəмелетке толмаған баланы тəрбиелеу бойынша міндеттерді
орындамау не тиісінше емес орындау заңмен, оның ішінде заңға
тəуелді ведомстволық нормативтік актілермен, ал мекемелерде не
ұйымдарда ішкі тəртіп ережелерімен жүктелген міндеттерді орын-
дамаудан не салғырт орындаудан тұрады. Көрсетілген міндеттерді
орындамау, осы тұлғалардың оларды орындауға нақты мүмкіндігі
болған, алайда селқостықты көрсеткен жағдайда орын алады.