Жоба орындаушысы



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет35/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53

166 
 
2-
БӨЛІМ
 
Өз  агрессияңмен  жұмыс  кезінде  қажетті  қабілеттер  мен 
іскерліктердің ішінде өзін-өзі ерікті реттей алу қабілеті маңызды 
болып  табылады.  Бұл  жерде  өзіңнің  жағымсыз  қасиеттерің  мен 
сезімдеріңді талдау жəне өзіндік талдау маңызды рөл атқарады. 
Сондықтан  келесі  тапсырмалар  кешені  өзіндік  сананы  ынта-
ландыруға бағытталған.  
 
1-жаттығу 
Мақсаты:  Мен  күйлерін  өткен,  осы,  келер  шақта 
өзектендіру, өзіндік сананы белсендіру. 
Орындалу  тəртібі: 
3-4  адамнан  бөлініп  топ  болып 
отырады.  Аралары 1,5-2 метр  болуы  керек.  Қатысушыларға: 
«Топ  ішінен  жатығуды  бастайтын  адамды  таңдаңдар»  деген 
нұсқау беріледі. Сіздерге сөздер беріледі, сол сөзден басталатын 
фразаларды айтуыңыз керек. Жаттығу 3 сериядан тұрады. 
1-серия. Мен бұрын... 
2-серия.Шын мəнінде мен… 
3-серия. Мен енді… 
Керек уақыт – əр серияға 5-10 минут. 
Басшының  рөлі  сөйлемнің  керекті  сөзден  басталуын 
қадағалау, ойынның белсенді өтуіне жағдай жасау – «Фразаның 
қалай  аяқталуын  ойламай,  басыңызға  келгенін  айтыңыз,  егер 
айтуыңыз қиын болып есіңізге ешнəрсе түспесе, ойынды келесі 
адамның  жалғастыруына  беріңіз». 3-серия  аяқталған  соң  бұл 
жаттығуда  не  ұнап,  не  ұнамағанын  айту,  қай  серияда  қиындық 
болды, орындау кезінде не ойлағандарыңызды айту керек.  
 
2-жаттығу 
Мақсаты:  Мен-мотивациясын  өзектендіру,  еріктік  реттеу 
үдерістерін белсендіру. 
Орындалу тəртібі: 
1-жаттығудағы сияқты. 
1-серия. Мен ешқашан…  
2-серия.  Мен ... қалаймын,  бірақ  оны  істей  алмайтын 
шығармын  
3-серия. Егер мен шынымен қаласам, онда… 
Керек уақыт: əр серияға 5-10 минут. 
 
71 
 
бір ғана жауап нұсқасы айтылған жағдайда *4 белгісі қойылады, 
яғни бұл жалғыз баламасыз жауап болады жəне 4 баллға тең. 
• 
Барлық  жағдайларда  анық  емес  жауаптарды  болғызбауға 
тырысу керек. 
• 
Барлық жауаптар хаттамада тіркеледі. Жауаптардан басқа 
зерттелушінің  карточканы  қалай  ұстағандығы,  сонымен  қатар 
суретті көрсеткен уақыттан жауап беру уақыты да тіркеледі.  
 
Нұсқау: Баланың алдына № 1 карточканы көрсетіп: 
«Қара,  мына  жерде  қолдың  суреті  салынған.  Оған 
мұқият қарап – бұл суретте қол не істеп тұрғанын айт? Егер 
саған  бір  нəрсе  түсініксіз  болса,  суретті  қолыңа  ұстап 
қарауыңа болады» 
Əдетте, балаға қысым көрсетпей, толық талдау алу үшін əр 
сурет бойынша 2-3 жауап алу керек.  
Ары  қарай  №2  суретті  балаға  көрсетіп  нұсқауды  келесі 
түрде қайталау керек: «Қол не істеп тұр?». Балада көбіне барлық 
суреттерде  бір  қолдың  суреті  салынған  ба  деген  сұрақ 
туындайды. Бұл жағдайда балаға психологтың оны білмейтіндігі 
туралы  түсінікті  түрде  айтуы  керек,  ал  бала  оған  сурет  қалай 
көрініп тұрғанын айтуы керек.  
Осылайша,  балаға  реті  бойынша 9 суретті  көрсетеді.  Əр 
сурет  балаға  бастапқыда  стандартты  түрде  көрсетіледі  (тест 
нөмірі  берілген  түрінде).  Балаға  тура  суреттегі  əрекеттерді  өз 
қолымен қайталауына тыйым салуға болмайды, бірақ хаттамада 
бұл жəйттерді тіркеу керек («Нəтижелерді тіркеу» бөлімінде). 
Егер бала жауап беру барысында қиналса, оған келесі түрде 
нұсқау  беруі  керек: «Тырысып  көр,  басқадай  айналдырып  қара, 
тағы бір рет қарап көр», «Бұл қиын емес» жəне т.б.  
Жауаптар  нақты  болмаса  жəне  өте  қысқа  болса  баладан 
анықтап сұрап алу керек (мəселен, кімнің қолын алып тұр, кімді 
ұрғысы келіп тұр, бірінші болып ұра ма, əлде екінші болып па, 
нені сипалағысы келіп тұр жəне т.б.). 
№ 10 суретті  көрсеткенде  (бос  карточка)  балаға 
төмендегідей  нұсқау  беріледі:  «Сенің  алдыңда  бос  қағаз  тұр. 
Бұл  жерде  ештеңенің  суреті  салынбаған.  Көз  алдыңа  қолды 
елестетіп, оның не істеп тұрғанын айтып бер». 


72 
 
Осылайша 
алдыңғы 
карточкаларды 
көрсеткендей, 
анықтауыш сұрақтарын қоюға болады жəне де оларды қысқаша 
хаттамаға тіркеу қажет. 
 
Нəтижелерді тіркеу.  
Баланың  барлық  жауаптары  тіркеледі,  суретті  көрсеткен 
кезден  жауап  берген  кезге  дейінгі  уақыт,  анықтауыш  сұрақтар, 
суретті ұстау жағдайы (стандартты немесе ауыстырылған) жəне 
əр сурет бойынша қосымша түсіндірулер тіркеледі.  
1.  Агрессия  (А).  Қол  зақым  келтіріп  жатқан,  белгілі  бір 
нəрсені  белсенді  түрде  ұстап  тұрған,  агрессивті  əрекет  жасап 
жатқан қол (шымшып, шапалақпен ұру, өсімдікті өлтіру, ұрайын 
деп тұрған жəне т.б.) ретінде қабылданады.
 
2.  Нұсқау (У). Қол бір əрекет үдіреске қатысады: бағыттап, 
кедергі жасап, басқаларға жол көрсету (оркестрге дирижер болу, 
нұсқау  көрсету,  дəріс  оқу,  мұғалімнің  оқушыға: «шық  мына 
жерден»  деуі,  милиционердің  машинаны  тоқтатуы  жəне 
басқалар). 
 
3
.  Қорқыныш  (С).  Қол  басқа  адамдардың  агрессивті 
əрекеттерінің  құрбаны  немесе  өзін  қандай  да  бір  дене  əсерден 
қорғаушы  ретінде  қабылдануы;  өзіне  зиян  келтіріп  жатқан 
ретінде.  Бұл
  санатқа 
агрессияны  терістеу  үрдісі  да  жатады 
(ашулы  қол,  жұдырықты  түю,  бірақ  ұру  үшін  емес; 
қорқыныштан қолды көтеру; соққыны тоқтатқан қол жəне т.б.). 
 
4.  Эмоционалдылық  (Э).  Қол  басқа  адамдарға  деген 
махаббатты  бейнелеп  тұрған  қол;  біреуге  деген  бауыр 
басушылықты,  жақсы  қатынасты,  мейірімділікті  бейнелеп 
тұрған (достық қол алысу; иықтан қағу; жануарды сипалау, гүл 
беріп тұрған қол; құшақтап тұрған қол жəне т.б.).  
5.  Қарым-қатынас  (К).  Қолдың  қарым-қатынас  əрекет-
терін бейнелейді: біреуге қарап сөйлеу, қарым-қатынас орнатуға 
тырысу.  Қарым-қатынас  жасап  тұрған  серіктестер  теңдігі 
(əңгімедегі ым-ишара, ым-ишара тілі, жолды көрсету) 
6.  Тəуелділік  (З).  Қол  басқа  адамға  бағыныштылықты 
көрсетеді: екінші жақтың жақсы қарым-қатынасына негізделген 
«жоғарыдан төменге» позициясындағы қарым-қатынасқа қатысу 
(өтініш; солдаттың офицерге құрмет көрсетуі; оқушы сұрақ қою 
үшін  қолын  көтерді;  садақа  сұрап  тұрған  қол;  адам  жолда 
машина тоқтатып тұр жəне т.б.). 
165 
 
қатты  ысқырады.  Машинисттер  ауысады.  Ойын  барысында 
паровоз рельстен шығып қалуы, құлауы мүмкін.  
 
2-жаттығу 
Орындалу  тəртібі: 
ойыншылар 2 топқа  бөлінеді.  Ойын 
футболға  ұқсайды.  Доптың  орнына  жастық  қолданылады. 
Ересектер – төреші болады, жастықты аяқпен ғана емес, қолмен 
де лақтыруға болады. Басты мақсат – қақпаға гол салу. Жастық 
жоқ  кезде  бір-біріне  қол  жұмсауға,  итеруге  болмайды – бұл 
басты ереже. Айыптылар алаңнан қуылады 
 
3-жаттығу 
Орындалу  тəртібі: 
балалар  өздері  қалаған  жануарларға 
айналады,  басында  орындықтардың  артында,  торда  отырғандай 
отырады.  Əр  қайсысы  өз  кезегінде  өз  жануарын  көрсетеді. 
Қалған  балалар  оның  қандай  жануар  екенін  табуы  керек. 
Барлығын  тауып  болған  соң  «аңдар»  еркіндікке  шығып,  бір-
бірімен ойнауына, жүгіруіне болады.  
 
4-жаттығу 
Орындалу  тəртібі
:  жастықтардан  үлкен  үй  тұрғызылады. 
Əр баланың міндеті – «батыл шабуылмен» оған айғайлап тұрып 
секіру.  Үйді  бұзбай  оған  секірген  бала  жеңіске  жетеді.  Əр  бала 
өз мүмкіндіктеріне байланысты үй тұрғызуына болады. Бір бала 
шабуылдаған  кезде  қалғандары  қолдау  көрсетуі  керек – 
«Жарайсың», «Керемет» деп айтулары керек.  
 
5-жаттығу 
Нұсқау:
«Араларыңнан  кім  ағаш  жарған  адамды  көрді 
жəне  кім  ағаш  жарып  көрді?  Кім  көрсете  алады?  Балтаны 
қалай ұстау керек? Адам аяғын қалай ұстап тұру керек?  
Айналаңызда  орын  қалатындай  етіп  тұрыңыз.  Сізге 
бірнеше  отын  жару  керек.  Сіз  жаратын  ағашыңыздың  жуан-
дығы қандай, соны көрсетіп, оны тақтайға қойып балтаңызды 
жоғары  ұстаңыз.  Балтамен  əрбір  отынды  жарған  сайын  «Х» 
деп айқайлаңыз». 
Жүргізуші  «тоқта»  деп  айтқан  кезде  ойын  тоқтайды.  Əр 
бала өзінің неше отын жарғанын айтуы керек. 
Керек уақыт 2-3 минут. 


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау