Жоба орындаушысы



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет34/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53

168 
 
Жүргізуші  балаларды  белсенділікке  шақырып  отырады. 
Ойын  балалар  өздері  тараған  кезде  немесе  жүргізуші  тоқтатқан 
кезде аяқталады. Ол үшін «Сағат 6 болды, базар жабылады» деп 
айтылады.  
Керек уақыт – 1 сағат. 
 
Ойын  аяқталған  соң  топ  алған  əсерлерімен  бөліседі.  Қай 
жерде  қиындық  болды?  Қандай  рөл  ұнады?  Сатушы  ма,  əлде 
сатып алушының ба? Ойын кезінде қандай сезімде болдыңдар?  
Сосын  барып  жаттығуды  жалпы  түрде  талқылау  керек. 
Жаттығуда не ұнады? Не ұнамады? Не оңай, не қиын болды?  
 
4-жаттығу. 
Мақсаты:  эмоциялармен  танысу,  вербальды,  вербальды 
емес 
сезімдермен 
қарым-қатынас 
жасау, 
жағымсыз 
тəжірибелерге қарсы тұра білу.  
Материалдар:  алдын  ала  дайындалып  алынған  ішінде 
сезімдер  жазылған  карточкалар.  Олар  мыналар  болуы  мүмкін: 
реніш,  қуаныш,  өкпе,  шабыт,  қорқыныш,  қанағаттану,  ыза,  ұят, 
аса масаттанушылық, ризашылық, таңдану, қорқу, ұялу, қайғы.  
Орындалу  тəртібі  жəне  нұсқау:  «Сіздерге  сезімдер 
жазылған  карточкалар  таратылады.  Олармен  танысыңыз, 
бірақ  қасыңыздағыларға  көрсетпеңіз.  Мына  алдарыңызда 
тұрған  үстелге  шығып, «ескерткіш»  секілді,  қолыңыздағы 
карточкадағы  жазылған  сезімді  көрсетесіз.  Топтың  міндеті – 
«ескерткіштің» қандай сезімді бейнелегенін табу. «Ескерткіш» 
тренердің бұйрығымен ғана «бұзылады» (бұл жерде топтың əр 
мүшесінің өз ойын айтқаны дұрыс). Осы бөлім біткеннен кейін 
топ дөңгелектене отырады.  
Карточкаңызда  көрсетілген  сөзді  қалай  түсінетініңізді 
түсіндіріңіз. Бұл қасиеттердің нені білдіретіндігін жəне қандай 
өмірлік  жағдайларда  туындауы  мүмкін  екендігін  бейнелеуге 
тырысыңыз.  
Өміріңізде  осы  сезімдерді  көрсеткен  қандай  да  бір 
жағдайды еске түсіріп көріңіз. Əңгімелеп берсеңіз болады.» 
Эмоционалды тəжірибені талқылағанда жаттығуға қатысқан 
əрбір қатысушыдан ақпарат алуға тырысу керек. Сонымен қатар, 
бір  адам  өз  сезімін  айтып  жатқан  кезде,  оның  сезімдері  топта 
отырған  басқа  қатысушының  де  сезімдерін  оятып,  ол  да  өзінің 
69 
 
Кейде  жануарлар  агрессивті  бөлшектерге  толы  болады, 
бірақ  оларды  қолдану  сипаты  агрессияны  емес  агрессиядан 
қорқуды  көрсетуі  мүмкін.  Мұны  анықтауға  əңгімелесу 
көмектеседі.  Егер  зерттелуші  бұлар  қорғануға  қажет  десе,  онда 
агрессиядан қорқуды сипаттайды.  
 
Əңгімелеудегі агрессияның белгілері
-   Ашулы мінез
-   Жануарлармен, адамдармен қоректену;  
-   Агрессияға  деген  анық  көрсетулер  (бұзу,  сындыру, 
өлтіру, жеу), егер агрессияның белгілері оның мінез-құлығынан 
көрініс  бермей,  суретінде,  əңгімесінде  көрініс  берсе – бұл 
ығыстырылған агрессия;  
-   Тұрғылықты жерінің алыс болуы; 
-   Жануардың жалғыздығы;  
 
Агрессивтілік деңгейін бағалау шəкілі 
1.  Суреттегі сызықтардың қатты, сенімді болуы – 1 балл 
2.   Суреттің ұқыпсыздығы – 1балл 
3.   Үшкір бұрыштардың көп болуы – 1 балл 
4.   Бұрыштардың жоғары орналасуы – 1 балл 
5.   Суреттің үлкендігі – 1 балл 
6.   Басы оңға немесе анфас тұруы – 1 балл 
7.   Құйрығы жоғары қарауы, үлпілдек болуы – 1 балл 
8.   Қорқытатын көзқарас – 1 балл 
9.   Қорқынышты кейіп – 1 балл 
10.   Шабуылдау құралдарының болуы (тістер, мүйіз, тырнақтар) 
– 1 балл 
11.   Жыртқыштар – 1 балл 
12.   Басшы немесе жалғыз — 1 балл 
13.   Шабуылдағанда дəстүрлі тəсілдермен əрекет етеді – 1 балл 
14.   Түнгі жануар – 1 балл 
15.   Басқа белгілер – 1 балл 
 


70 
 
Суретті  талдау  нəтижесінде  қорытынды  баға  есептеліп, 
баланың  агрессивтілік  деңгейі  туралы  қорытынды  жасалады 
(неғұрлым  қорытынды  сома  көп  болса,  соғұрлым  баланың 
агрессивтілік деңгейі жоғары болады). 
Агрессивтіліктің өте жоғары деңгейі – 11-15 балл. 
Агрессивтіліктің жоғары деңгейі – 7-10 балл. 
Агрессивтіліктің орта деңгейі – 4-6 балл. 
Агрессивтіліктің əлсіз деңгейі – 0-3 балл. 
 
 
3. Э. Вагнердің «Қол тесті» əдістемесі  
 
Бұл əдістеменің авторы Э. Вагнер қол қызметінің дамуы бас 
миының  дамуымен  байланысты  дейді.  Яғни,  зеттелушілерге 
көрнекі  материал  ретінде  əртүрлі  əрекет  жасап  тұрған  қолдың 
суреттерін көрсетіп, тұлғаның агрессивтілігі туралы қорытынды 
жасауға болады.  
Əртүрлі  əрекет  жасап  тұрған  қолдың  суретін  көрсетіп, 
зерттелушіден  оны талдап  беруін сұрайды. Суретте  көрсетілген 
əрекет  түрін  таңдау  проекция  механизмі  арқылы  жүзеге  асады 
жəне  зерттелушідегі  белгілі  бір  жағдайлармен  байланысты 
болып келеді.  
Стимулдық материал – қолдың суреті салынған стандартты 
9 карточка жəне бір суреті жоқ карточка беріледі. Суреттегі қол 
не істеп тұрғанын айтып беруі керек.  
• 
Суреттер белгілі тəртіпте жəне орналасуда көрсетіледі.  
• 
Нақты емес жəне екі жақты жауап берілсе, оны анықтап 
айтуын  өтінеді: «Жақсы,  тағы  да  не?»  деп  сұрайды,  тек  ешқан-
дай  жауапты  міндеттемейді.  Егер  Сіз  өзіңіздің  əрекеттеріңізден 
қарама-қайшылық  кездестірсеңіз,  келесі  суретке  ауысуыңызға 
болады.  
• 
Сурет-карточкаларды  кез  келген  жағдайда  ұстауы 
мүмкін.  
• 
Карточка бойынша жауаптар нұсқасы шектелмеген жəне 
зерттелушілерден  қарсыласудың  пайда  болуына  алып  келетін 
стимулдар  болмауы  керек.  Əдетте  жауаптың  төрт  нұсқасын 
алған жөн. Егер жауаптар саны аз болса, анықтап аласыз, басқа 
ештеңе айтқысы келе ма жоқ па сұрап аласыз, ал хаттамада тек  
 
167 
 
3–жаттығу  
Мақсаты:  тұлға  ішілік  жанжалдарды  ойнау,  оған  өз 
қатынасыңды  анықтау,  өз  жағымсыз  қасиеттеріңді  жағымды 
бағалауға тырысу. Жаттығу екі бөліктен тұрады. 
 
 
1-БӨЛІМ 
Қыздыру жаттығулар 
Орындау  тəртібі: 
қатысушылар  үлкен  шеңбер  болып 
отырады.  Əркім  өз  атының  бас  əрпінен  келетін  жағымды  жəне 
жағымсыз қасиеттерін айтуы керек. 
Керек уақыт – 5-10 минут. 
Жаттығу аяқталған соң талқылау керек.  
 
 
2-БӨЛІМ 
«Сиқырлы базар» ойыны. 
Үлкен жəне кіші қағаздар керек. (Əр адамға 10 данадан). 
Орындалу  тəртібі: 
қатысушылар  шеңбер  болып  отырады. 
Берілетін нұсқау: «Сіздердің ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңіз 
сендерді өздерін жаман ұстайды жəне бойларыңда жаман қасиет 
көп  деп  шағымданды.  Бірақ  менің  ойымша  əр  адам  өз 
қылықтарына  өзі  баға  бере  алады.  Келісесіздер  ме?» (Топтан 
кері  байланыс  алу  керек).  Бірақ  дегенмен  де  біздің  бойымызда 
бізге  көмектесетін  жəне  кедергі  келтіретін  қасиеттеріміз  бар. 
Сондықтан  қазір  «Сиқырлы  базар»  деген  ойын  ойнаймыз.  Бұл 
базарда адамның бойындағы қасиеттер сатылады.. 
Үлкен  қағазды  алып  «САТЫП  АЛАМЫН»  деп  жазып 
астына саудагерлер оқи алатындай анық етіп, өздеріңіз алғыңыз 
келетін  қасиеттерді  жазыңыздар.  Бұл  қағазды  кеуделеріңізге 
түйреуішпен түйреп алыңыз.  
Енді  кішкене  қағаз  алып  сатқыңыз  немесе  ауыстырып 
алғыңыз келетін қасиеттерді жазып алыңыз.  
Базар ішінде жүріп, тауарларды қараңыз. Бұл жерде шектеу 
жоқ,  сіз  өзіңіздің  бір  қасиетіңізге  бірнеше  қасиеттерді 
ауыстырып  ала  аласыз.  Тек  есте  сақтаңыз – орнына  ешнəрсе 
алмай қасиетті бере салуға болмайды, ұнамаса басқа нұсқаларын 
қарастырыңыз». 
 


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау