Жоба орындаушысы


 БІЛІМ БЕРУ ОРГАНДАРЫ МЕН



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет30/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53

176 
 
4.8. БІЛІМ БЕРУ ОРГАНДАРЫ МЕН  
ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАР 
 
Балаларға  қарсы  күш  көрсету  жəне  оның  алдын  алу, 
сонымен  қатар  бала  агрессиясының  көріністерін  анықтау 
мақсатында  ұйымдастырушылық  жəне  əдістемелік  шаралар 
жиынтығын қолдану керек.  
Облыстық  білімді  басқару,  аудандық  білім  беру  бөлімдері 
білім  беру  ұйымдарын  білікті  мамандармен  (психологтармен 
жəне əлеуметтік педагогтармен) қамтамасыз ету тиіс.  
Барлық білім беру мекемелерінде, əсіресе ауылдық жерлер-
де  психологиялық  қызмет  көрсетулерді  белсенді  түрде  ұйым-
дастыру керек.  
Білім  беру  органдарының  негізгі  бағыты  балалар  арасын-
дағы  қатыгездік  пен  күш  көрсетудің  деңгейін  төмендету  болуы 
керек.  
Білімді  басқару  жəне  аудандық  білім  беру  бөлімдері 
агрессивті  балалармен  жұмыс  жасау  əдістері  жəне  жанжал 
жағдайларын  шешу  əдістері  бойынша  мұғалімдерге  арналған 
үйретуші семинарлар өткізуді ұйымдастыру керек.  
Білімді  басқару  жəне  аудандық  білім  беру  бөлімдері  бала 
агрессивтілігінің  алдын  алу  жəне  түзету  жəне  «тəуекел  тобын-
дағы»  балалармен  жұмыс  жасау  бағдарламалары  бойынша 
мектеп  психологтарына  арналған  біліктілікті  дамыту  арнайы 
курстарының өткізілуін ұйымдастыру қажет.  
Білімді басқару жəне аудандық білім беру бөлімдері, əсіресе 
аудандық  деңгейде  балаларға  жедел  əлеуметтік-психологиялық 
көмек көрсету бойынша сенім телефондары қызметтерін құруға 
жəрдем жасауы қажет. 
Балаларды  тəрбиелеу  жағынан  ата-аналарға  көмек  көрсету 
мақсатында  аймақтық  деңгейде  ата-аналарға  арналған  əлеу-
меттік-педагогикалық,  əлеуметтік-психологиялық  жəне  құқық-
тық кеңес беру Орталықтарын ашу қажет.  
Жергілікті  басқару  органдары  мемлекеттік  емес  сектор-
лармен  бірлесе  отырып,  халықтың  қолжетімді  бағамен  отбасы-
лық  демалу  Орталықтарын  құру  мəселелерін  шешуді  жүзеге 
асыруы керек.  
Мектеп  өскелең  ұрпақтың  қызығушылық  саласының 
қалыптасуына,  балалардың  қарым-қатынастық,  əлеуметтік 
іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына əсер ететін негізгі 
факторлардың бірі.  
61 
 
жанжалдың  болуымен,  эмоционалды  олқылық  жəне  психосо-
матикалық аурулармен байланысты болуы мүмкін.  
Қобалжу  деңгейінің  төмен  болуы (<12), керісінше,  депрес-
сивті,  енжар,  мотивация  деңгейінің  төмен  болуымен  сипат-
талады. Тест көрсеткіштері бойынша қобалжу деңгейінің төмен 
болуы  тұлғаның  жоғары  қобалжуды  ығыстыруының  нəтижесі 
болып келеді.  
 
 
3.5. ПРОЕКТИВТІ ƏДІСТЕР 
 
Балалардың  суреттері  біз  ойлағаннан  да  көп  нəрсе  айтуы 
мүмкін. Балалар бояулар мен қарындаш арқылы мұғалімдер, ата-
аналардан  жасырғандарын  жеткізеді.  Балалар  кейде  өз  мəсе-
лелерін, күйзелістерін, қорқыныштарын сөзбен жеткізе алмайды, 
бірақ  қағаз  бетінде  өз  агрессивтілігін  сурет  арқылы  жеткізе 
алады. 
60-80%  оқушыларға  жүргізген  зерттеулер  бойынша 
балаларда  агрессивтіліктің  қандай  да  бір  түрі  кездеседі,  бірақ 
балалар  агрессивті  көріністерді  шынайы  мінез-құлығында 
көрсетпеуі  де  мүмкін.  Яғ-
ни,  агрессивтілікті  тек  аг-
рессияның  алғышарты  ре-
тінде  қарастыру  керек. 
Бірақ оның шынайы мінез-
құлықта  көрінуі  баланың 
нақты  əлеуметтік  жағдай-
ынан тəуелді.  
Мектеп 
жасындағы 
балалардың  агрессивтілік 
деңгейін  анықтау  үшін  біз 
келесі  проективті  əдісте-
мелерді ұсынамыз.  
Балаларды  зерттейтін  проективті  психологиялық  əдістерге 
бала əрекетінің нəтижесін талдауды жатқызамыз – бұл суреттер, 
батпақтан,  ермексаздан,  əртүрлі  аппликациялардан  жасалған 
мүсіндер.  Сурет  тесттерін  орындай  отырып,  балалар  əдетте 
үлкендердің  суретке  деген  қызығушылқтарына  қуанып,  қағазда 
не салынғаны туралы əңгімелегенді ұнатады. Бала сурет арқылы 
өзінің мəселесін көрсетуге тырысады.  


62 
 
1.  «КАКТУС»  графикалық  əдістеме  (бастауыш  мектеп 
жасына арналған) 
 
Нұсқау: 
Балаға  үлкен  ақ  қағаз  бен 
қара қалам беріңіз. Балаға өз біл-
генінше кактус салуын сұрайсыз.  
 
Қосымша ретінде, бала сурет 
салып  болған  соң  оған  талдауға 
көмектесетін  сұрақтарды  қоюға 
болады:  
1.  Бұл кактус үйде өседі ме, 
əлде жабайы ма?  
2.  Бұл кактустың тікені көп пе? Оны ұстауға бола ма? 
3.  Кактусқа оған су құйған, тыңайту ұнай ма?  
4.  Кактус жалғыз өсе ме əлде бір өсімдікпен бірге ме? Егер 
бір өсімдікпен бірге өссе, ол қандай өсімдік? 
5.  Егер  кактус  өссе,  онда  ол  өзгере  ме  (тікенектер,  көлемі, 
өсінділері)?  
 
Сурет  бойынша  алынған  мəліметтерді  өңдеу  нəтижелері 
бойынша  бала  тұлғасының  қасиеттерін  диагностикалауға 
болады:  
Агрессивтілік – инелерінің болуы, əсересе олардың өте көп 
болуы. Қатты шығып тұрған, ұзын, бір-біріне жақын орналасқан 
инелері агрессивтіліктің жоғарғы дəрежесін көрсетеді.  
Импульсивтілік – үздік  түзулердің  болуы,  қатты  басып 
салу.  
Менмендік,  жетекшілікке  ұмтылу – қағаздың  ортасында 
орналасқан үлкен сурет.  
Өзіне  деген  сенімсіздік,  тəуелділік  –  қағаздың  астыңғы 
жағында орналасқан кішкентай сурет.  
Демонстративтілік,  ашықтық – кактустағы  шығып 
тұрған өсінділер, формалардың астарлы болуы.  
Тұйықтық,  сақтық  –  жиектеріндегі  немесе  кактустың 
ішіндегі иректердің болуы.  
Оптимизм  –  кактустарды  "көңілді"  салынуы,  түрлі  түсті 
қарындаштармен ашық түстерді қолдану.  
175 
 
«Аутсайдер» жаттығуы 
Мақсаты:  балалар  топтың  тарапынан  болатын  агрессияға 
дұрыс  жауап  беруді  үйренеді.  Аутсайдерлердің  мəселелері 
қарастырылады.  
Жасы: 12-15 жастағы жасөспірімдер 
Саны: 20-30 адам 
Топтағы  ойыншылар  жұп-жұп  болып  бөлінеді,  бір  адам 
аутсайдердің рөлін ойнайды. Оның міндеті топтағы жасөспірім-
дердің қасына барып, олардың назарын өзіне аудартып əңгімеге 
тарту.  Топтың  міндеті – оның  əңгімесіне  жауап  бермеу,  топқа 
қоспау,  күш  қолдануға  болмайды.  Егер  де  аутсайдер  жеңсе,  ол 
топтағы басқа адаммен рөлін ауыстырады.  


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау