ЖОБА
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу, квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру бойынша нормалар қолданылмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру бойынша нормалар қолданылмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізбесі;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесі айқындалсын.
3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының тізбесінің күші жойылды деп танылсын
4. Осы қаулы осы қаулының алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылғы « » № қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қала, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектеулер мен алып қоюларды сақтаусыз еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын, сондай-ақ ішкікорпоратившілік ауыстырулардың шеңберінде ауыстырылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) еңбекші иммигранттар – еңбекші иммигрантқа берілген рұқсаттың негізінде жұмыс берушілерде жеке тұлғаларда үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген иммигранттар;
4) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
5) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
6) маусымдық шетелдік жұмыскер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
7) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
9) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын иммигрант.
2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына пайыздық қатынаста белгіленеді, ол:
1) экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші иммигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған, шығу елдері бойынша квотаны;
3) еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қамтиды;
5. Алдағы жылға экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген және тиісті бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны.
6. Жұмыс берушілер жыл сайын, 1 тамызға дейін аумағында шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс күшіне деген қажеттілікті ұсынады.
7. Жергілікті атқарушы органдар 10 тамызға дейін мыналарды экономикалық қызмет түрлерi бойынша жұмыс берушілердің өтінімдерін:
өңірдегі жұмыс күшіне деген сұранысты, оның ішінде мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, сондай-ақ өңірді дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;
жұмыссыз азаматтар санының болжамын және күтілетін жұмыскерлердің босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;
3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін;
4) өткен жылда шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалау және алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне болжамды қажеттілікті ескере отырып жалпылайды.
8. Жергілікті атқарушы органдар 15 тамыздан кешіктірмей жергілікті атқарушы органдар құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жұмыс берушілердің осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жалпыланған өтінімдерін енгізеді.
9. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады.
Комиссия жұмыс берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша өтінімдерді енгізу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде алдағы жылға арналған жұмыс берушілердің сұратып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыру туралы не жұмыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешімі жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды.
10. Жұмыс берушілердің өтінімдерін Комиссия толықтай немесе ішінара мынадай негіздемелер бойынша қайтаруы мүмкін:
1) еңбек ресурстарының есебінен, соның ішінде шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;
2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібінің жойылмаған бұзушылықтарының болуы;
3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтарының, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.
11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың өтінімдерін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
12. Қажет болған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орталық органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Комиссияның қарауына квотаны қалыптастыру мәселесін қосымша енгізуге құқылы.
13. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін 1 қазанға дейін алдағы жылға шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жалпыланған және уәкілетті мемлекеттік орталық органмен келісілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
14. Мүдделі мемлекеттік органдар тиісті негіздемесімен қоса, шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсыныстарын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.
15. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.
16. Еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квота алдағы жылға үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) жұмыс берушілердің – жеке тұлғалардың қажеттілігі негізінде қалыптастырылады.
17. Алдағы жылға үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуға жұмыс берушілердің – жеке тұлғалардың қажеттілігін 10 тамызға дейін жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесіп осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып белгілейді.
18. Комиссия алдағы жылға үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуға жұмыс берушілердің – жеке тұлғалардың қажеттілігін қарау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған алдағы жылға үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуға жұмыс берушілердің – жеке тұлғалардың қажеттілігін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдерді келіседі және аумақтық ішкі істер органдарына жолдайды.
19. Аумақтық ішкі істер органдары 1 қыркүйекке дейін Комиссиямен келісілген алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне келісуге жолдайды.
20. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдер келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде алдағы жылға еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікке өтінімдерді қарайды және келіседі, қажет болған жағдайда еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізген жағдайда жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесе отырып еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қалыптастыру мәселесін Комиссияның қарауына қосымша енгізуге құқылы.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1 қазанға дейін еңбекші иммигранттарды тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілікті жолдайды.
22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұсынған өтінімдердің негізінде экономикалық қызмет түрлері бойынша, шығу елдері бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қосатын алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.
23. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті мемлекеттік орталық органдардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
24. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады және бірінші желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
25. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаның жыл сайынғы көлемін белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі және өзінің ресми интернет ресурсында квота белгіленген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей квотаны белгілеу туралы ақпаратты орналастырады.
26. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің қажеттілігі негізінде қажеттілікке қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы жылға квотаны қайта бөлу туралы ұсыныс енгізе алады.
27. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде бекітілген квотаны қайта бөлуді жүзеге асырады.
____________________
1-қосымша
-
|
|
|
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауын көрсетумен уәкілетті органның атауы)
|
|
|
|
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)
|
201__ жылға арналған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілік
№
|
Экономикалық қызмет түрі
|
Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)
|
201__ жылға шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік
|
Шетелдік жұмыскерлерді тартуға негіздеме
|
1-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
2-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
3-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
4-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
-
|
|
|
|
|
|
|
М.О.
|
|
|
(жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы)
|
|
|
|
|
2-қосымша
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне
|
|
|
|
|
|
(жергілікті атқарушы органның толық атауы)
|
201__ жылға арналған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім
Р/с№
|
Ұйым
(толық атауы,
заңды мекенжайы)
|
Экономикалық қызмет түрі
|
Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)
|
__ жылға арналған шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік
|
Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі
|
1-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
2-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
3-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
4-санат
(кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)
|
Маусымдық шетелдік жұмыскерлер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Уәкілетті органның
басшысы: _______________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
М.О.
3-қосымша
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне
|
|
|
|
|
|
(аумақтық ішкі істер органының толық атауы)
|
201__ жылға арналған еңбекші иммигранттарды
тарту қажеттілігіне өтінім
Р/с №
|
Ағымдағы жылы тартылатын еңбекші иммигранттардың саны
(бірлік)
|
201_ жылға арналған еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілік
|
Қажеттіліктің негіздемесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Аумақтық ішкі істер органның
басшысы: ____________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
М.О.
4-қосымша
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне
|
|
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен
|
201_ жылға арналған еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілік
№
|
Өңірлер
|
Ағымдағы жылы тартылатын еңбекші иммигранттардың саны
(бірлік)
|
201_ жылға арналған еңбекші иммигранттарды тартуға қажеттілік
|
Қажеттіліктің негіздемесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Астана қ.
|
|
|
|
2
|
Алматы қ.
|
|
|
|
3
|
Ақмола облысы
|
|
|
|
4
|
Ақтөбе облысы
|
|
|
|
5
|
Алматы облысы
|
|
|
|
6
|
Атырау облысы
|
|
|
|
7
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
|
|
|
8
|
Батыс Қазақстан облысы
|
|
|
|
9
|
Жамбыл облысы
|
|
|
|
10
|
Қарағанды облысы
|
|
|
|
11
|
Қызылорда облысы
|
|
|
|
12
|
Қостанай облысы
|
|
|
|
13
|
Маңғыстау облысы
|
|
|
|
14
|
Павлодар облысы
|
|
|
|
15
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
|
|
|
16
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылға « » № қаулысына
2-қосымша
Квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалар қолданылмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамадардың
ТІЗБЕСІ
Шетелдiк жұмыс күшін квоталаудың және шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің талаптары мынадай:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
оралман;
бизнес-иммигранттарға;
босқын немесе пана іздеп жүрген адам мәртебесiн алған;
5) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәждемелер бойынша келген көшіп келушілер болып табылатын;
6) Қазақстан Республикасы соттарының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталған;
7) адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатын;
8) Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратын;
9) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiн;
10) жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдарға;
11) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын;
12) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
14) теңіз және өзен кемесінің, әуе, темір-жол және автомобиль көлігі экипажының мүшелері болып табылатын;
15) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретшi, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiн;
16) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және мекемелері тартатын;
17) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін;
19) ұлттық басқару холдингінің, «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) мүшелері ретінде жұмысқа тартылатын;
20) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтік қызмет атқаратын;
21) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
22) «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
23) білім беру бағдарламаларын енгізу және іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер бойынша дербес білім беру ұйымдарына іссапарға жіберілген;
24) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметiн жүзеге асыратын, бiрақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық біріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;
26) өз қызметін Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін;
27) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
28) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарда жұмыс істейтін;
29) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге шетелдік ұйымдарда жұмыс істейтін қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын;
30) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен расталған құжаттарымен мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін;
31) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын комиссия халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
32) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген адамдарға қатысты қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жыл « » № қаулысына
3-қосымша
Шеңберінде ішкікорпоратившілік ауыстырулар жүзеге асырылатын экономика салаларының
тізбесі
Р/с №
|
Экономикалық қызмет салаларының атауы
|
1
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
2
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру
|
3
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
4
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау
|
5
|
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинады және бөлуді бақылау
|
6
|
Құрылыс
|
7
|
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдарды жөндеу
|
8
|
Көлік және қоймаға жинау
|
9
|
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер
|
10
|
Ақпарат және байланыс
|
11
|
Қаржылық және сақтандыру қызметі
|
12
|
Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар
|
13
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
|
14
|
Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет
|
15
|
Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру
|
16
|
Білім беру
|
17
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер
|
18
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс
|
19
|
Басқа қызмет түрлерін ұсыну
|
20
|
Үй қызметшісін жалдайтын және өздері тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі
|
21
|
Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі
|
Ішкікорпоратившілік ауыстырулар шеңберінде жүзеге асырылатын экономика салаларының, 01.01.2009 жылы енгізілген ОКЭД ГК РК 03-2007 «Экономикалық түрлерінің жалпы жіктеуіші» негізінде айқындалады және жіктеледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылға « » № қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
қаулыларының тізбесі
1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат);
2. Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу, басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 386 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 420-құжат);
3. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 571-құжат);
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 173 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 110-құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |