|
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
|
бет | 36/108 | Дата | 24.12.2017 | өлшемі | 6,41 Mb. | | #5663 |
| Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен конвейерлерде, камераларда, газ және құндақ пештерде күйдіру. Жабдықтар мен құралдарды дайындау және оған саз балшық жағу. Бұйымдарды пештерге және сырлайтын жерге тасымалдау. Бұйымдарды күйдіру құралына орнату және күйдіргеннен кейін алу. Ыстық бұйымдарды күйдіргеннен кейін түзету және оларды орнату. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; күйдірілетін эмаль қабатты қаптауға қойылатын талаптар; бұйымдарды күйдіргеннен кейін түзету әдістері; қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары. Жұмыс үлгілері Бұйымдардағы эмальды күйдіру: 1. Бітеу. 2. Тығыздамалардың корпустары. 3. Люктердің қақпақтары. 4. Келте құбырлар. 5. Фланецтер. § 9. ЭМАЛЬДЫ КҮЙДІРУШІ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды конвейерлерде, камераларда, газ және құндақ пештерде күйдіру. Пештердің жұмысын және күйдірудің температуралық режимін бақылау. Конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу. Күйдіру алдында бұйымдардың сапасын тексеру және шағын ақаулықтарды жою. Эмальды шаблон бойынша тазалау. Бұйымдарды күйдіру алдында үрлеу. Бұйымдарды пештен алу, оларды түзету және эмаль қабаттың ақаулықтарын жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарды күйдіру режимі; эмаль сорттары мен қасиеттері; әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы. Жұмыс үлгілері Бұйымдардағы эмальды күйдіру: 1. Дистиллятты сақтауға арналған бактар. 2. Қарапайым пішінді болат араластырғыштар. 3. Газ плиталар. 4. Ыдыс. 5. Еденге қойылатын сифондар. 6. Траптар. 7. Кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің тік құбырлары. § 10. ЭМАЛЬДЫ КҮЙДІРУШІ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі эмальмен қапталған күрделі бұйымдарды конвейерлерде, камераларда, газ, құндақ және басқа да пештерде күйдіру. Бұйымдарды күйдіру пешінің конвейеріне ілу және орнатуды және оның кептірілу және күйдірілу сапасын бақылау. Электр пештерін белгілі бір температуралық режимге реттеу және баптау, пештің температурасын аспаптар бойынша бақылау. Құрылғыларды дайындау және оларды пеште қыздыру. Эмаль қабатың ақаулықтарын жою. Ағымдағы жөндеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Білуге тиіс: бұйымдардың номенклатурасы; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі; әртүрлі бұйымдар мен эмальдерді күйдіру режимі; эмальмен қапталған бұйымдарға күйдіруден кейін және оған дейін қойылатын техникалық талаптар;бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары. Жұмыс үлгілері Бұйымдардағы эмальды күйдіру: 1. Тоңазытқыштардың бөлшектері. 2. Су жылытқыш коллоналар. 3. Ыдыстардың қақпақтары. 4. Күрделі пішінді болат араластырғыштар. 5. Жуғыштар. 6. Болат және шойын раковиналар. 7. Көмір рештактар. 8. Термометрлердің түтіктері. 9. Бір жазықтықта екі бұрамға дейін бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары. 10. Болт қол жуғыштар. 11. Болат унитаздар. § 11. ЭМАЛЬДЫ КҮЙДІРУШІ 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қышқылға берік астармен, эмаль қабатымен қапталған күрделі бұйымдарды құндақ және камералық пештерде және жоғары жиілікті тоқ құрылғыларда күйдіру. Пештердің жұмысы мен күйдірудің ұзақтығын бақылау. Пештің температуралық режимін реттеу. Эмаль қабаттың ақаулықтарын бұйымдарды күйдіру кезінде жою. Білуге тиіс: жоғары жиілікті тоққа арналған құрылғылардың құрылысы; қышқылға берік астармен, эмаль қабатымен қапталған бұйымдарды күйдірудің техникалық шарттары; эмаль балқымасының дайын екенін қыздыру түсіне қарап айқындау ережесі; пештерді соғу кезінде қолданылатын отқа төзімді материалдардың қасиеттері. Жұмыс үлгілері Бұйымдардағы эмальды күйдіру: 1. Қышқылға берік эмалі бар аппаратура. 2. Қысыммен істейтін аппаратура. 3. Друк – сүзгілердің түбі. 4. Болат және шойын қазандықтар. 5. пропеллер араластырғыштар. 6. Бір жазықтықта екі және одан да көп бұрамға дейін бұралған кеме жүйелері мен құбыр өткізгіштердің құбырлары. § 12. ЭМАЛЬДЫ КҮЙДІРУШІ 6-разряд Жұмыс сипаттамасы. Астар және жабын эмаль қабатымен қапталған күрделі пішінді күрделі бұйымдарды құндақ және камералық пештерде және жоғары жиілікті тоқ құрылғыларда күйдіру. Бұйымдар қабырғасы қабатының әркелкілігін олардың пеште қыздырылу дәрежесіне қарап айқындау. Пештің температуралық режимін сақтау. Эмальденетін бұйымдардың көлемі жылдам өзгерген кезде пештің температурасын электронды бақылау аспаптарының көмегімен реттеу. Ірі көлемді бұйымдарды телевизиялық құрылғының көмегімен эмальдау процессін бақылау. Ыстық бұйымдарды күйдіруден кейін түзету. Болат бұйымдардағы эмаль қабаттың ақаулықтарын жоғары жиілікті тоқпен немесе газ шілтермен өңдеу. Эмаль қабаттың ақаулықтарын арнайы бітеуіштермен, алтынмен және басқа да материалдармен пломбылау арқылы бітеу. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы; астар және жабын эмальдың физикалық және химиялық қасиеттері мен технологиялық өлшемдері; күйдіруге арналған температуралық режимдер; әртүрлі бұйымдарды күйдіру ұзақтығы; эмальдауге дейін бұйымдардың бетіне және бұйымдардың бетіне күйдіруге дейін және одан кейін қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі. Жұмыс үлгілері
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|