Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 66. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН



жүктеу 6,41 Mb.
бет29/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108

§ 66. ҮЗДІКСІЗ ӨҢДЕУ, МАЙСЫЗДАНДЫРУ, ҚАЛАЙЫЛАУ, МЫРЫШТАУ, ЛАКТАУ ЖӘНЕ КҮЙДІРУ АГРЕГАТТАРЫН

БАСҚАРУ ПОСТЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы алюминий таспаларды бір қабатты және көп қабатты екі жақты лактау технологиялық процессін жапсарлас орналастырылған агрегаттары бар үздіксіз лактау желісіндегі орталық басқару пультімен жүргізу. Әртүрлі лактау жағдайында үздіксіз автоматтық желінің жұмыс режимін баптау және реттеу. Лак қабатының қалыңдығын рентген ен өлшеуішпен бақылау. Үздіксіз дәнекерлеу, майсыздандыру, рекристалдандырып күйдіру, өңдеу, қайта ескіру және жаттықтыру үшін қыздыру технологиялық процессін жолақ пен табақты үздіксіз күйдіру агрегатының кірме бөлігін басқару пультімен жүргізу. Іске қосу алдында барлық желілердің тораптарын дайындауды және баптауды жүзеге асыру. Желіні іске қосу және тоқтату. Желі тораптары мен барлық желі тораптарының технологиялық жұмыс режимін белгілеу және олардың жұмыс үйлесімін қамтамасыз ету. Технологиялық процестердің барлық операцияларының сапалы орындалуын және желіге жапсарлас орналастырылған өрт сөндіру жүйесінің жұмысын бақылау. Желі жабдықтарын жөндеуге және баптауға қатысу.

Білуге тиіс: желінің негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылысы, кинематикалық және электр схемасы; бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының электр схемалары; желі жұмысын басқару және реттеу автоматикасы; алюминий таспаны өңдеу, анодтау, лактау және кептіру процессінің физикалық және химиялық негіздері; алюминий таспалардың түрлері, қасиеттері мен сапасы; ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде ақаулықтардың алдын алу әдістері; өрт сөндіру жүйесінің құрылымы мен жұмыс қағидаты.

§ 67. ҚАБАТТЫ ВАКУУМДЕ ЖАҒУ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Б іліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды бензинмен, керосинмен, ацетонмен, спиртпен және басқа да ерітіндімен тазалау, майсыздандыру. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды сумен, әртүрлі ерітінділермен астауда, ультрадыбыстық және басқа да құрылғыларда жуу, кептіру, ауамен үрлеу, қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінде дәрілеу. Тазалау сапасын тексеру. Орнату камерасын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; ерітінділердің, қышқылдар мен сілтілердің және басқа да қолданылатын материалдардың қасиеттері, құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды, жабдықтарды кептіру және тазалау режимдері; бұйымдарды қаптауға дайындау сапасын тексеру тәсілдері; камераларды тазалау тәсілдері.

§ 68. ҚАБАТТЫ ВАКУУМДЕ ЖАҒУ БОЙЫНША

ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы қатты балқымалардан, баяу балқитын материалдар мен тез кескіш болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды сызбалар бойынша жинақтау және оны құрылғыға салу. Вакуум құрылғысының герметикалығын тексеру. Құралдарды, бөлшектер мен бұйымдарды жабдыққа бекіту. Технологиялық ерітіндіні дайындау. Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес қабаттың ақаулықтарын анықтау. Қосалқы және негізгі жабдықты жөндеуге қатысу,

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, құрылғылардың электр және вакуумдық схемасы; қатты балқымалардан, баяу балқитын материалдар мен тез кескіш болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу үшін технологиялық өлшемдерді белгілеу ережесі; вакуум құрылғысын баптау және герметикалығын тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты; плазмотронды баптау ережесі; вакуумды техника және вакуумды гигиена негіздері; бұйымдарды сызбалар бойынша жинақтау ережесі; құралдардың, бөлшектер мен бұйымдардың кесу бетіне қойылатын негізгі талаптар.

§ 69. ҚАБАТТЫ ВАКУУМДЕ ЖАҒУ БОЙЫНША

ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы құралдық және құрылымдық болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға және алмас кристалдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Жабдықтың тиімді жұмыс режимін таңдау. Жағу технологиясын өңдеу мақсатында бұйымдардың сынақ партиясына жағу. Өлшеу блогын орнату және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген механизмдері мен тораптарын жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты кинематикалық схемасы; вакуумды сынақтардың теориялық негіздері мен практикалық әдістері; құралдық және құрылымдық болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға технологиялық өлшемдерді белгілеу ережесі; қабатты жағу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері және олардың қабаттың сапасына тигізетін әсері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; өлшеу блогын орнату және реттеу ережесі; блоктың қызмет көрсетілетін жабдықтарын баптау және реттеу ережесі.

§ 70. ҚАБАТТЫ ВАКУУМДЕ ЖАҒУ БОЙЫНША

ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын иондық тозаңдандыру әдісімен өңделетін барлық балқымалар мен материалдардан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен жағу процессін вакуум құрылғылардағы жүргізу. Өңдеудің жаңа технологиялық режимдерін таңдау және пысықтау. Жабдықты баптау және жөндеу. Қаптау сапасын техникалық шарттар бойынша бақылау.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау