Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Электронды техниканың барлық типті номиналдарының дайындамалары, бөлшектері мен тораптары - металдау және көміртектендіру



жүктеу 6,41 Mb.
бет25/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108

2. Электронды техниканың барлық типті номиналдарының дайындамалары, бөлшектері мен тораптары - металдау және көміртектендіру.

3. Га турбиналардың күректері – қатты балқымалармен металдау.

4. Ауыспалы радиуста айналатын денелердің беті – плазмалық тозаңдандыру.

5. Тоқыма машиналарының тізгіндері - металдау.

6. Ірі көлемді гидромашиналардың штоктары – тотықпайтын болатпен металдау.

§ 47. МЕТАЛДАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тозаңдандыру кезінде деформациялану мен шалыстыққа ұшырайтын эксперименталдық, сынама қымбат және ірі көлемді бөлшектерді, тораптар мен жұқа қабатты бөлшектердің бұйымдарын ұнтақ және баяу балқитын материалдармен плазмалық тозаңдандыру. 20 мкм дейін шақтамамен белгілі бір қалыңдықты бөлшектер мен бұйымдарды детонациялық, жоғары жиілікті және плазмалық тозаңдандыру. Арнайы металл мен балқымалардан жасалған бұйымдарға қабаттың арнайы түрлерін жағу. Бөлшектер мен бұйымдарды автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру автоматтарында металдау. Тәжірибелік-сынақ жұмыстарын жүргізу. Қабаттардың эталондық үлгілерін жасау. Детонациялық жоғары жиілікті тозаңдандыру құрылғыларын таңдау және оның жұмысын реттеу. Атмосферасы бақыланатын камераларда бөлшектерді плазмалық тозаңдандыру. Көп компонентті механикаландырылған құрылғылар мен қабатты тозаңдандырудың ағын тізбегіне қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пайдаланылатын құрылғылардың, автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру автоматтарының тозаңдандырылатын материалдардың түрлеріне, бұйымдардың материалдары мен олардың мақсатына байланысты құрылысы , электр және кинематикалық схемасы; тозаңдандырудың технологиялық өлшемдерінің материалды пайдалану коэффициентінің көлеміне, қабат қасиеттеріне тигізетін әсері; термо- және өңдеудің басқа түрлерінің олардың физикалық және механикалық қасиеттеріне тигізетін әсері; тозаңдандыру бойынша жұмыс өндірісі жағдайларын бақылау әдістері мен аспаптары; қабаттар мен бөлшектердің деформациялануын азайту үшін қабат жағу тәртібі; тозаңдандыруға қажеті материалдар санының талап етілетін салмағын есептеу тәсілдері; шектеулер мен қондырмалар жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; тозаңдандыру учаскелерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Жылу алмастырғыш аппараттар, тотықпайтын болаттан жасалған құбыр элементтерінің шоғыры – ыңғайсыз жағдайда көзбен шолып бақылаусыз, стандарт емес ұзартқыш бастарды пайдалана отырып металдау.

2. Ағын бағыты мен тозаңдандырылатын бетінің арасындағы бұрышы 45° газ өткізгіштердің бөлшектері – ішкі беттерін плазмалық тозаңдандыру.

3. Гидро бүріккіштердің реттығындары – детонациялық тозаңдандыру.

4. Жылу алмастырғыш тоңазытқыштар – кеуек қабатты автомат желілерде жағу.

5. Әртүрлі материалдардан жасалған құбырлар – металл және металл қыш қабаттардың ішкі беттерін детонациялық тозаңдандыру.

6. Гидросорғылардың тістегершіктері – тістегершіктердің тірек беттерін детонациялық қаптау.

§ 48. МЕТАЛДЫ ЖУЫП КЕПТІРУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металды жуып кептіру машинасына әперу, табақтарды машинадан алу және оларды қатарлап үю. Астаудағы ерітіндінің деңгейі мен температурасын бақылау. Бөлшектерді, бұйымдарды, металды, қаңылтырды және құбырларды арнайы камералық пештерде дәрілеу, лактау және сырлаудан кейін кептіру. Кептіру пештерінің температуралық режимін аспаптар бойынша бақылау. Қоймадан химикат алу және оны астауға себу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жуып кептіру машинасының құрылысы; табақтардың сұрыптамасы; табақтар мен қаңылтыр орамаларды кептіруге дайындау ережесі; бөлшектерді, бұйымдар мен қаңылтырды лактау және сырлаудан кейін кептіру процессі.

§ 49. МЕТАЛДЫ ЖУЫП КЕПТІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металды табақта және жуып кептіру машинасында, үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда жуу және кептіру процессін жүргізу. Металды орамалап жуу және кептіру кезінде жолақты орамаға толтырып салу. Ораманың оралуын бақылау және барабандағы ораманы түзету. Үстелді көтеру механизмін, табақтарды қалауышты, орауышын жазғыш пен орауыштарды басқару. Сапасыз дәріленген табақтарды іріктеу және оларды ақаулықтары бойынша реттеп орналастыру.

Білуге тиіс: жуып кептіру машинасының құрылысы мен жұмыс қағидаты; металды жуу және кептіру процессі; жуылған және тазаланған металға қойылатын талаптар.

§ 50. МЕТАЛДЫ ЖУЫП КЕПТІРУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақ және орама металды үздіксіз жұмыс істейтін үш және одан көп тізбектен тұратын жуып кептіру аграгеттарында жуу, кептіру және тазалау процессін жүргізу. Астаудағы ерітіндінің деңгейі мен концентрациясын бақылау, ерітіндінің коллекторға берілу қарқынын реттеу, ерітінді температурасы,жолақтарды ерітіндіге және суға дымқылдату дәрежесі. Жуылған металдың тазалығын тексеру. Тазалап жуу агрегатын баптау.

Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін, үш және одан көп тізбектен тұратын тазалап жуу агрегатының жұмыс қағидаты; металды жуу және тазалау кезінде қолданылатын химикаттардың құрамы мен қасиеттері; тазалап жуу агрегатын баптау ережесі.

§ 51. МЕТАЛМЕН ҚАПТАУ ЖӘНЕ СЫРЛАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майсыздандыру, жуу, полимерлеу, пассирлеу, дәрілеу фосфаттау, алюминдеу, анодтау, химөңдеу, хромдау, никельдеу, мыстау, мырыштау, қорғасындау, қалайылау, сырлау, кептіру, лактау, күйдірудің жекелеген агрегаттарын баптау; бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлау үшін металдау, қорғасындау аппараттарын, сыр пульттерін баптау. Бөлшектер мен бұйымдарды қаптау және сырлауға арналған автомат және жартылай автомат желілер мен гальваникалық, өңдеу және фосфаттау, лактау, сырлап кептіру және металдау құрылғыларын баптау. Бағдарламамен басқарылатын өнеркәсіптік манипулятоларды (роботтарды) ұстағыштарды баптау. Жұмыс процессі барысында желі құрылғыларын реттеу және түзету. Автомат және жартылай автомат желілердің агрегаттары мен жабдықтарын ағымдағы жөндеуге қатысу. Ұсақ жөндеу, винипласттан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және пісіру.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау