Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет57/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108

Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасындағы басқару жүйесінің ұрылуы тәсілдері; бағдарламалаушы бақылаушылардың, микро және мини ЭЕМ қағидаттық схемасы; технологиялық және тестілік бағдарламаларды түзету тәсілдері; есептеу техникасы құрылғылары мен жүйесіндегі ақаулықтарды баптау және іздеу жөніндегі кешенді жұмыстарды ұйымдастыру; бірегей өлшеу және басқару жүйесі мен кешендерінің құрылысы мен диагностикасы; автоматты реттеу теориясы; нақты технологиялық жабдықта қолданылатын бағдарламалаудың негізгі «тілдер»; радиокедергілерді басатын электронды құрылғылардың схемасы мен жұмыс қағидаты, тапсыру техникалық құжаттамасын ресімдеу ережесі; орындалатын жұмыс көлеміндегі радиомеханика негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 58. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ МЕН

ТРАКТОРЛАРДЫ ЖӨНДЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың қарапайым және күрделілігі орташа тораптары мен агрегаттарын баптау, тексеру және реттеу. Тартпа сыныбы 3 дейінгі тракторларға техникалық қызмет көрсету операцияларының барлық түрін орындау. Ауыл шаруашылық машиналарын баптау, тексеру және реттеу кезінде қолданылатын стационарлық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және ақаулықтарын жою. Машина-тракторлық паркке қызмет көрсету бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу. Барлық маркалы тракторлар мен комбайндарды жүргізу.

Білуге тиіс: машина-тракторлық паркке қызмет көрсету кезінде қолданылатын қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылық машиналарының, тракторлар мен комбайндардың құрылысы; машиналар мен жабдықтарды баптау тәсілдері; ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларды реттеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі; ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу жөніндегі 3-разрядты слесарьдің жұмыс көлеміндегі слесарлық іс.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумуляторлар - электролиттің деңгейі мен тығыздығын тексеру.

2. Газ бүріккіш вакуум – аппараттар – баптау және реттеу.

3. Ауа тазалағыштар мен шығару түтіктері – герметикалығы мен кедергісін тексеру.

4. Сору клапандары – реттеу.

5. Орталықтан тепкіш май тазалағыштар – тазалау және жуу.

6. Газ таратып бөлгіш механизмдер – клапандардың кесектері мен күйентенің соққылары арасында саңылауларды тексеру және реттеу.

7. Реттеуші сорғылар мен бұрамдық редукторлар – реттеу.

8. Тартпа мен шынжыр – реттеу.

9. Дизельдердің майлау жүйесі – жуа отырып майды ауыстыру.

10. Дизельдердің жанармай жүйесі – форсункаларын реттеу.

11. Жаудыру оқпаны – баптау және реттеу.

12. Жаудыру оқпанының тежегіштері - баптау және реттеу.

13. Жаудыру фермалары - баптау және реттеу.




§ 59. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРДЫ ЖӨНДЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың күрделі тораптары мен агрегаттарын баптау, тексеру және реттеу. Тартпа сыныбы 3 бастап 4 дейінгі тракторларға және комбайндарға техникалық қызмет көрсетудің стационарлық және көшпелі құралдарының көмегімен техникалық қызмет көрсету операцияларының барлық түрін орындау. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың қарапайым және күрделілігі орташа механизмдері мен тораптарын диагностикалау. Ауыл шаруашылық машиналарды, тракторлар мен комбайндарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау жүйелілігінің тиімділігін айқындау және олардың орындалу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылық машиналарының, тракторлар мен комбайндардың барлық маркалары мен типтерінің құрылысы; тораптар мен механизмдерді баптау және реттеудің техникалық шарттары мен ережесі; машиналар мен тракторларды сынау әдістемесі мен режимі; баптау және сынау кезінде ақаулықтарды жою тәсілдері; жанасқан бөлшектердің тозу себептері, оларды анықтау және жою тәсілдері; жоспарлы қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеудің технологиялық процессі; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының конструктивтік ерекшеліктері; ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу жөніндегі 4-разрядты слесарьдің жұмыс көлеміндегі слесарлық іс.

Жұмыс үлгілері

1. Қуатты таңдау біліктері – бақылау, баптау және реттеу.

2. От алдыру білтесінің электродтары арасындағы саңылау – бақылау және реттеу.

3. Автоматты қорғау - бақылау, баптау және реттеу.

4. Негізгі қозғалтқыштың, беріліс қорабының, түпкі берілістің артқы мосттың картері – тексеру.

5. Рульдің доңғалақтар – еркін жүруін тексеру және реттеу.

6. Консольдер мен фермалар – көтеру жылдамдығын реттеу.

7. Магнетоны үзу контактілері - бақылау, баптау және реттеу.

8. Жаудыру машиналары және сорғы станциялары – агрегаттардың өзара остілігін бақылау және реттеу.

9. Бидай тазалау, сүрлем жинау, тыңайтқыштарды себу, шөп пен сабанды таңдау және нығыздау машиналары - бақылау, баптау және реттеу.

10. Егін ору машинасының мотовиласы - бақылау, баптау және реттеу.

11. Негізгі дизель мен іске қосу қозғалтқыштарының ілінісу муфталары -бақылау, баптау және реттеу.

12. Саптама – судың біркелкі шашырауын реттеу.

13. Су сорғылары - бақылау, баптау және реттеу.

14. Егін ору машинасы шалғысы сегменттері мен қысқаштарының саусақшалары - бақылау, баптау және реттеу.

15. Негізгі берілістің подшипниктері - бақылау, баптау және реттеу.

16. Тракторлар мен машиналардың гидравликалық жүйесі - бақылау, баптау және реттеу.

17. Тежегіш пен рульдік басқару - бақылау, баптау және реттеу.

18. Форсункалар - бақылау, баптау және реттеу.

§ 60. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ МЕН

ТРАКТОРЛАРДЫ ЖӨНДЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлардың, энергиямен жабдықталғандарын қоса алғанда және комбайндардың тораптары мен агрегаттарын баптау, тексеру және реттеу және оларды қалпына келтіру. . Тартпа сыныбы 4 астам тракторларға және комбайндарға техникалық қызмет көрсетудің стационарлық және көшпелі құралдарының және көшпелі диагностикалық жиынтықтың көмегімен техникалық қызмет көрсету операцияларының барлық түрін орындау. Ауыл шаруашылық машиналардың, тракторлар мен комбайндардың күрделі механизмдері мен тораптарын диагностикалау. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және машиналар мен тракторларды қысқы сақтауға қою, жедел жоспарлау және олардың қызмет көрсетуге уақтылы қойылуын және техникалық қызмет көрсетудің сапалы жүргізілуін бақылау. Ауыл шаруашылық машиналарға, тракторлар мен комбайндарға оларды жүруге дайындау кезінде және пайдалануды аяқтағаннан кейін де техникалық қызмет көрсету.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау