Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет10/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108
§ 129. ҚЫРНАУШЫ ТОКАРЬ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жонғыш станоктарда 6-7 квалитет бойынша өлшемді сақтай отырып, өңделетін көп сыртқы және ішкі беті, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, күрделі бөлшектер мен тораптарды өңдеу. Тіреулерді, борштангтерді, ұшатын суппорттар мен фрезерлі қалпақшаларды қолдана отырып, бірнеше жазықтықта салыстырумен бөлшектер мен тораптарды өңдеу. Әр түрлі пішінді және қадамды бұрамаларды кесу. Индикаторлар мен микрометриялық плиткалардың көмегімен координат бойынша орын ауыстырумен құрылғыларда және онсыз тесіктерді координатты жону. Күрделі бөлшектерде 6 квалитет бойынша барлық типті алмас-жонғыш станоктарда тесіктерді жону.

Білуге тиіс: әмбебап жонғыш станоктардың және әр түрлі әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; әр түрлі кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін және осы факторлардың өңдеудің тазалығы мен дәлдігіне әсерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Шүмекті аппарат – тесіктерді, бунақтарды, ойықтарды, алаңшаларды, қалталарды толықтай жону және бұраманы кесу.

2. Жоғары қысымды барабандар – жону.

3. Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – толықтай жону.

4. Кеменің еспе біліктері – кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

5. Диаметрі 2000 мм жоғары тарақты бұрандалар – қалақтарда тесіктерді бұрғылау және жону.

6. Кеменің гидрошаңғылары, тұмсық қалқандардың кронштейндері – тесіктерді жону.

7. Диаметрі 2000 мм жоғары бу турбиналарының диафрагмалары – ажырамаларды қырып фрезерлеу және толықтай жону.

8. Калибрлер және әр түрлі құрылғылар – тесіктерді белгілеу, бұрғылау және жону.

9. Илем орнақтарының тегершік кілеттері – құйғаннан кейін ішпектерді жону.

10. Мортирлердің конустық сақиналары – білік өткізгіш сымдардың монтаждау жерінен замерлер бойынша тесіктерді толықтай жону.

11. Кондукторлары - әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону.

12. Корпустар, қалпақшалар, конустық және сфералық тораптар – жазықтықты, құлыптарды фрезерлеу, берілген координат бойынша шетжақтарды қысқарта отырып, тесіктерді жону.

13. Компрессорлардың корпустары – бұраманы кесу тесікті толықтай жону.

14. Көп шпиндельді қалпақшалардың корпустары – тербеліс мойынтіректерінің престеу бойынша тесіктерді жону.

15. Диаметрі 400 мм жоғары тірек мойынтіректерінің корпустары – толықтай жону.

16. Металл кескіш станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары – тесіктерді толықтай жону.

17. Қалтқылы клапандардың корпустары – толықтай жону.

18. Тесіктердің жанасатын осьтері бар редуктор корпустары – мойынтірек бойынша тесіктерді толықтай жону.

19. Турбосорғылардың және редуктор сорғыларының корпустары – таза жону.

20. Ірі гидроцилиндрлердің қақпалары, бағыттағыш рульдердің кронштейндері – тесіктерде бұраманы жону және кесу.

21. Дизель цилиндрлерінің қақпалары – клапан ұяшықтарын жону, шетжақтарды қысқарта кесу және тесіктерді ұңғылау.

22. Штампылардың, пресс-қалыптардың, қысымда құятын қалыптардың күрделі матрицалары – жұмыс корпусын белгілеу, бұрғылау және жону.

23. Электр панельдері – тесіктерді бұрғылау, жону, ойықтарды ұңғылау.

24. Руль қырқұралы - жону.

25. Кеменің білік диаметрі 400 мм жоғары тірек мойынтіректері – толықтай жону.

26. Кеменің білік диаметрі 400 мм дейін тура мойынтіректері – толықтай жону.

27. Көп ұяшықты пресс-қалыптар - әр түрлі жазықтықта орналасқан тесіктерді жону.

28. Көп орынды құрылғылар және көп пуансонды штампылар – жону.

29. Көпір электр крандары арбашықтарының рамалары – жону.

30. Соқпа машиналардың, қайшылардың, блюмингтің жұмыс және тістегершік кілеттерінің станиналары – толық токарлық өңдеу.

31. Гидротурбиналардың статорлары – жіктерді фрезерлеу.

32. Рульдердің ұзындығы 300 мм дейін күпшектері – конустық тесіктерді жону.

33. Ірі токарлық, фрезерлік және басқа станоктардың суппорттары – жону және қысқарта кесу.

34. Гидрокөтергіштердің цилиндрлері – толық токарлық өңдеу.

35. Бу машиналарының цилиндрлері – толықтай жону.

36. Таратқыш жұдырықшалар мен көшіргіштерге арналған күрделі шаблондар мен лекалолар – белгілеу, бұрғылау және жону.

37. Штампылау балғаларының төстері - "айырқұйрық" ойықтарын жону және фрезерлеу.

38. Орталарының арасы 1800 мм жоғары арақашықтығы бар бас бу машиналарының шатундары – толықтай жону.

39. Қосиін-шатун механизімінің цапфтарына арналған қосарланған тесіктері бар порталды кран тістегершіктері – тесіктерді жону.

40. Шкалалар мен и нониустар – белгілеу және дәл ізікшелерді салу.

41. Диаметрі 1000 мм дейін шарнир блюингтерінің шпиндельдері – жону және қысқарта кесу.


§ 130. ҚЫРНАУШЫ ТОКАРЬ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы жонғыш станоктарда 1-5 квалитет бойынша көп аралықпен және қондырғылармен, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, содай-ақ орнату кезінде әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралды өңдеу. Индикаторлар мен микроскопты плиткалардың көмегімен координат бойынша жылжып, құрылғысыз тесіктерді координатты жону. Тіреулерді, броштангтерді, ұшатын суппорттар мен фрезерлі қалпақшаларды қолдана отырып, бөлшектер мен тораптарды өңдеу. әр түрлі конструкциялы бұрама суппорттарды қолдана отырып, күрделі бұрамаларды кесу. Күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды, сондай-ақ деформацияланған жұқа қабырғалы бөлшектерді сирек кездесетін жонғыш станоктарда өңдеу.

Білуге тиіс: жонғыш станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; бекітуді орнату және күрделі бөлшектер мен бұған қажетті әмбебап арнайы құрылғыларды салыстыру тәсілін; кескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Сегіз және одан артық цилиндрлік қозғалтқыштардың блоктары – гильза және иінді білік бойынша жону.

2. Біліктер бар ірі су турбиналардың доңғалақтары, жиналған түрде – біріктіргіш болттар бойынша тесіктерді жону.

3. Ірі су турбиналарының жұмыс доңғалақтары – жұмыс қалақтары бойынша жону.

4. Тез жүретін көп осьті редукторлардың корпустары – 6-7 ось бойынша жону.

5. Қуатты ауа үрлегіштердің корпустары – тесіктерді толықтай жону.

6. Ірі габаритті станоктардың алдыңғы тұғырларының корпустары – толықтай жону.

7. Кеменің диаметрі 800 мм жоғары арнайы типті таяныш мойынтіректері – толықтай жону.

8. Кеменің диаметрі 400 мм жоғары таяныш мойынтіректері – толықтай жону.

9. 0,02 мм дейін ортааралық арақашықтық сақталған гидротурбиналардың жұмыс доңғалақтарының сырғалары – толықтай жону.

10. Табақ түзеткіш машиналардың көп білікті (елу білікті) станиналары – жазықтықты фрезерлеу және тесіктерді жону.

11. Дейдвудты трубалар – жону.

12. Блюмингтердің диаметрі 1000 мм жоғары шарнирлі шпиндельдері – жону және қысқарта кесу.

§ 131. ТОКАРЬ-РЕВОЛЬВЕРШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 12-14 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 8-11 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу немесе жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі тікбұрышты бұрамаларды бұрандаойғыштар мен плашкалармен кесу.

Білуге тиіс: бір типті токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; кескіш құралдың негізгі бұрышын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, бұрандалар, тығындар, шпилькалар – толық токарлық өңдеу.

2. Тегіс және сатылы білікшелер – толық токарлық өңдеу.

3. Диаметрі мен ұзындығы 100 мм дейін тегіс және кертпек төлкелер – токарлық өңдеу.

4. Бұрама диаметрі 24 мм дейін гайкалар мен бақылау гайкалар – толық токарлық өңдеу.

5. Бұрандаойғыштар (бұраманы кеспей), ұңғылар, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар – ажарлауға арналған әдіппен токарлық өңдеу.

§ 132. ТОКАРЬ-РЕВОЛЬВЕРШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 7-8 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; аспапты болаттан немесе қатты қорытпалардың не керамиканың пластиналарынан жасалған кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Тежегіш барабандары –сыртқы қайрау, конусты жону, қайрау және шетжақты қысқарта кесу.

2. Диаметрі мен ұзындығы 100 мм бас және кертпек төлкелер – толық токарлық өңдеу.

3. Бұрама диаметрі 24 мм жоғары гайкалар мен бақылау гайкалары – толық токарлық өңдеу.

4. Кесінді ұзындығы 50 мм дейін суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу.

5. Фасон, арматура крандары – шетжақты қысқарта кесу, бұраманы бұрғылау және кесу.

6. Диаметрі 200 мм дейін лабиринтті бунақтары бар қақпалар, сақиналар – толық токарлық өңдеу.

7. Жонғыш бұрамалардың түзетушілері – толық токарлық өңдеу.

8. Дөңгелек плашкалар – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу.

9. Фигуралық тұтқалар мен тұтқа саптар – толық токарлық өңдеу.

10. Фланецтер, маховиктер, шкивтер – толық токарлық өңдеу.

11. Барлық түрдегі фрезалар, ұңғылар, үңгілер – токарлық өңдеу.

12. Барлық өлшемдегі футоркалар, тік үштіктер, ауыспалы бұрыштықтар – толық токарлық өңдеу.

13. Қысатын және станокқа құлап тұратын цангалар – ажарлауға арналаған әдіппен токарлық өңдеу.

14. Радиусы 100 мм дейін шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша қайрау және жону.

15. Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм дейін тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм дейін конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу.

16. Конустық штифттер – толық токарлық өңдеу.

17. Құбырлдарды біріктіруге арналған штуцерлер – бұраманы қайрау, қысқарта кесу, бұрғылау, жону, кесу.

§ 133. ТОКАРЬ-РЕВОЛЬВЕРШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі конструкциялы токарлық-револьверлік станоктарда токарлық өңдеу. Сыртқы және ішкі екі рет кіретін үшбұрышты, тікбұрышты, жартылай дөңгелек трапецеидалды бұрамаларды кесу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; кескіш құралды термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимдерін айқындау ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Микрометрлердің бұрандалары – толық токарлық өңдеу.

2. Кесіндінің ұзындығы 50 мм жоғары суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу.

3. Металл кескіш станоктардың әмбебап патрондарына арналған дискілер – шетжақ бойынша спиральді кесе отырып, толық токарлық өңдеу.

4. Радиусі 100 мм жоғары шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша жону.

5. Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм жоғары тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм жоғары конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу.

6. Мойынтірек қалқандары – толық токарлық өңдеу.

§ 134. ФРЕЗЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана және технологиялық картаға немесе шебердің нұсқауына сәйкес өңдеу мен кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерді көлденең, тік және көшіргіш фрезерлік станоктарда фрезерлеу. Қырларды, тіліктерді, тиектерді, радиустер мен жазықтықтарды фрезерлеу бойынша операцияларды орындау. Белгілі бөлшектерді өңдеу және операциялар үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құралдар мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 8-11 квалитет бойынша ине-платина бұйымдарының қарапайым бөлшектерін өңдеу. Бөлшектерді күрделі емес салыстырумен арнайы құрылғыларда және станок үстелінде орнату. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен үстелі ұзындығы 10000 мм дейін көп шпинделі көлденең фрезерлеу станоктарын басқару.

Білуге тиіс: бір типті фрезерлі станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; өңделетін материалдардың атауын, таңьалануын және негізгі қасиеттерін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; фрезалар түрі және олардың негізгі бұрыштарын; салқындатқыш сұйықтық пен майлардың міндеті мен қасиеттерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Симметриялық жолақбульбалы пішіннен жасалған балкалар – фрезерлеу.

2. Болттар, гайкалар, тығындар, штуцерлер, крандар – қырларды толық фрезерлеу.

3. Ұзындығы 500 мм дейін біліктер, осьтер – тура және тұйық кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

4. Ашалар мен кронштейндер – ойықтарды фрезерлеу.

5. Диаметрі 150 мм дейін төлкелер – ойықтарды белгі бойынша фрезерлеу.

6. Төлкелер – бунақтарды фрезерлеу.

7. Тәжді гайкалар – шплинт үшін ойықтарды фрезерлеу.

8. Ұзындығы 1500 мм дейін бөлшектер – тура сызықты жиектерді, фаскалар мен плактаушы қабаттың шапқыларын фрезерлеу.

9. Металл конструкцияларының шағын габаритті бөлшектері – фрезерлеу.

10. 560 x 500 мм жоғары емес өлшемдердің бөлшектері – жазықтықты фрезерлеу.

11. Әр түрлі пішін дайындамалары – бөлшектерге кесу.

12. Гайкалы, шетжақты кілттер – квадратты немесе алты қырлы ашаны фрезерлеу.

13. Кницалар, пластмасса бракеттері – белгі бойынша фрезерлеу.

14. Иллюминаторлардың корпустары мен қақпалары – құлақша мен ойықтарды фрезерлеу.

15. Клапан корпустары – фланец контурын фрезерлеу.

16. Кронштейндер, рычагтар, тартымдар, штангалар – жазықтықты фрезерлеу.

17. Пластмасса бұрандаларының қалақтары – күпшектерді алдын ала өңдеу.

18. Қолды және машиналы бұрандаойғыштар - өзекшелі бунақтарды фрезерлеу.

19. Муфталар, стакандар, фасонды ашалар, фланецтер – контурды белгі бойынша фрезерлеу.

20. Өлшегіш тіреулердің ұштамалары – жазықтықтар мен сопақ тесіктерді фрезерлеу.

21. Жиынтықты фрезалар мен бұрандаойғыштардың пышақтары – ажарлау бойынша әдіппен контурды және жазықтықты фрезерлеу және бұдырлықты фрезерлеу.

22. Бұрауыштар – шанышқыны фрезерлеу.

23. Диаметрі 50 мм және ұзындығы 250 мм дейін саусақтар, осьтер - тіліктерді кілт және бұрауыш бойынша фрезерлеу.

24. Ілмектер –шарнирлерді фрезерлеу.

25. Сағаттардың платиналары мен көпірлері – фаскалар мен қасқалшаларды фрезерлеу.

26. Дөңгелек плашкалар, бұрамалы және тегіс ысқыштар – кесілген ойықты фрезерлеу.

27. Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – белгі бойынша секторға кесу.

28. Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – контур бойынша фрезерлеу.

29. Астарлар – шетжақтар мен қиықтарды фрезерлеу.

30. Диаметрі 4 мм жоғару тік тісті цилиндрлік ұңғылар – тістерді фрезерлеу.

31. Кингстон рамалары – контурды фрезерлеу.

32. Токарлық станоктардың кескіш ұстағыштары – толықтай фрезерлеу.

33. Токарлық, сүргілеуші, ұсатушы және автоматты кескіштер – пластинкалар бойынша ұяшықтарды және тірек жазықтықтарын фрезерлеу.

34. Диаметрі 1-ден 4 мм дейін спиральді бұрғылар – арнайы жабдықтарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, спиральді бунақтарды фрезерлеу.

35. Жылжымалы құрам арбашықтарының бүйір сырғақтары – фрезерлеу.

36. Рессорлы асып қою аспаларының тіреулері – фрезерлеу.

37. Конустық ұшы бар фрезалар мен бұрғылар – қалақтарды фрезерлеу.

38. Габариті 1000 x 1000 кв. мм дейін қосалқы механизмдердің астына қойылатын шыны пластикадан жасалған фундаменттер – фрезерлеу.

39. Кілтектер, планкалар, табақтар және басқа да бөлшектер – бұрыштық бойынша ұзындығы 250 мм дейін жазықтықты фрезерлеу.

40. Кілтектер – шеттеріндегі жұмырлықты фрезерлеу.

41. Штуцерлер, тез түсірілетін шайбалар – ойықтарды фрезерлеу.

§ 135. ФРЕЗЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, бір типті көлденең және тік фрезерлік станоктарда, қарапайым бойылық-фрезерлік, көшіргіш және кілтекті станоктарда 8-11 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Технологиялық карта бойынша өңдеу және кесу режимінің жүйелігін орнату. Белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 8-10 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерді және ине-платина бұйымдарын өңдеу. Тікбұрышты әрі радиусты сыртқы және ішкі бетті, кемерлерді, ойықтарды, бунақтарды, бір рет кіретін бұрамалар мен спиральдерді фрезерлеу. Бөлшектерді әр түрлі конструкциялы тиссаларда, бұрылатын шеңберлерінде, әмбебап бөлгіш қалпақшаларда және бұралатын бұрыштықтарда орнату. Тісті тегершіктер мен тісті төрткілдештерді 10-11 дәлдік дәрежесі бойынша фрезерлеу. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен фрезерлік жұмыстарды орындау. Жоғары білікті фрезерлеушінің басшылығымен үстел ұзындығы 10000 мм және жоғары көп шпиндельді бойылық-фрезерлік станоктарды басқару. Еденнен көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүктерді көтері, ауыстыру, орнату және салу үшін арқандау және байлау.

Білуге тиіс: бір типті көлденең және тік әмбебап фрезерлік станоктардың, қарапайым бойлық-фрезерлік, көшіргіш және кілтекті станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; жоғары білікті фрезерлеушімен бірлесіп қызмет көрсетілетін көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарды басқару; кең таралған әмбебап құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, плазмотронның құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесін; кескіш құралдың міндеті мен қолдану шарттарын; негізгі бұрыштарды, фрезаларды қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тежегіш кебістер, арқалықтар, тартым электр қозғалтқыштарының аспалары, букстер – фрезерлеу.

2. Білікшелер, осьтер, штоктар - Н9 Н11 (3 - 4 класс дәлдігі) бойынша квадраттар мен қасқалшаларды фрезерлеу.

3. Ұзындығы 500 мм жоғары біліктер, осьтер – тура және тұйық кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

4. Оймакілтекті біліктер – оймакілтектерді фрезерлеу.

5. Айналмасоққылар – терезелерді фрезерлеу.

6. Ішпектер, мойынтіректер – ажарлау бойынша құлыптарды және ажырама жазықтығын фрезерлеу.

7.Үшбұрышты ойықтар – фрезерлеу.

8. Қылталар, рамалар, платтар – ойықтарды, жазықтықтарды, тесіктерді фрезерлеу.

9. Ұзындығы 1500 мм жоғары бөлшектер – жоспарлаушы қабаттың тура сызықты жиектерді, фаскалар мен шаппаларды фрезерлеу.

10. Фигуралық бөлшектер – фрезерлеу.

11. Ұсақтағыш аппараттардың дискілері – ойықтарды фрезерлеу.

12. Теспелер – фрезерлеу.

13. Жұлдызшалар, тісті төрткілдештер – ажарлау бойынша фрезерлеу.

14. Галля тізбекті жұлдызшалар – модульдық фрезаларды кесу.

15. Жазық калибрлер - өлшегіш жұмыс бөлігін фрезерлеу.

16. Бұрама калибрлер (сақиналар, тығындар) – кіріс жіптерді фрезерлеу.

17. Редукциялы клапандардың штоктары бар клапандар – қырқұралдарды фрезерлеу.

18. Сыналы ысырмалардың сыналары – бағыттағыштарды фрезерлеу.

19. Сағаттың корпустық сақиналары – қырларды, кішкене табандарды, бұрыштарды фрезерлеу.

20. Қозғалтқыштардың поршеньді май түсіргіш сақиналары – бунақтарды фрезерлеу.

21. Поршень сақиналары – құлыптарды кесу, фрезерлеу.

22. Мойынтіректердің корпустары мен қақпалары – құлыптарды фрезерлеу.

150 мм дейін шартты өткелі бар тік өткел жаппаларының корпустары – қақпа бойынша терезе контурын және фланец жазықтығын фрезерлеу.

23. Автомобильдердің беріліс қораптарының корпустары – арнайы фрезерлік станокта жазықтықтарды фрезерлеу.

24. Мойынтірек корпустары – майлау үшін бунақтарды фрезерлеу.

25. Қосиіндер – көшіргіш бойынша сыртқы бетті фрезерлеу.

26. Кулисалар – көшіргіш бойынша тасқа арналған ойықтарды фрезерлеу.

27. Ауыспалы пішінді бу турбиналарының жұмыс қалақтары – алдын ала фрезерлеу.

28. Жетек қозғалтқыштары кабельдерінің ұштамалары, рессорлы ілу жапсырмалары - фрезерлеу

29. Ұзындығы 1500 мм дейін қатты емес конструкциялардың бағыттағыш пісірмелері – фрезерлеу.

30. Кеме мойынтіректерінің құрсамалары (тура қапсырмалар) – жақтардың бұрыштарын, қиықтары мен перпендикулярлығын сақтай отырып, ашаны фрезерлеу.

31. Түзеткіштер, төлкелер – терезелерді фрезерлеу.

32. Т-секілді ойықтар – толықтай фрезерлеу.

33. Үш жұдырықшалы патрондар – ойықтарды фрезерлеу.

34. Модельді плиталар – фрезерлеу.

35. Ұзындығы 500 мм дейін УСП плиталары - ажарлау бойынша және 500 мм жоғары ойықтарды фрезерлеу, алдын ала фрезерлеу.

36. Рельстік төсемдер мен ішпектер – тазалағыш машинада тазалау.

37. Ажырама мойынтіректер – қиықтарды, майлағыш бунақтарды фрезерлеу.

38. Шпангоут белдіктері – фрезерлеу.

39. Астарлар – жинау орнынан өлшем бойынша жазықтықтарды сынаға фрезерлеу.

40. Тартқыштар – терезелерді фрезерлеу.

41. Бір және одан артық терезесі бар пуансон ұстағыштар – фрезерлеу.

42. Бұрандалы тісі бар конустық және сатылы ұңғылар – тістерді фрезерлеу.

43. Кескіштер – алдыңғы және артқы бұрыштарды фрезерлеу.

44. Тісті төрткілдештер – арнайы бөлгіш құрылғыларды толықтай фрезерлеу.

45. Тік тіспен домалатуға арналған роликтер – ажарлау бойынша фрезерлеу.

46. Бұрғылағыш және ажарлағыш пневматикалық машинкалардың роторлары – ойықтарды қалақтар бойынша фрезерлеу.

47. Диаметрі 1 және 4 мм жоғары спиральді бұрғылар – спиральді бунақтарды әмбебап жабдықтарда фрезерлеу.

48. Ұзындығы 1000 мм дейін станок үстелдері - Т-секілді ойықтарды фрезерлеу.

49. Струбциналар – ішкі ойықты фрезерлеу және егеу.

50. Күпшектер – жазықтықтарды, ойықтарды, радиусты бетті фрезерлеу.

51. Суппорттар, кареткалар, фартуктар – алғашқы өңдеу.

52. Кингстондар мен клапандардың тарелкалары – ойықты шток бойынша фрезерлеу.

53. Аға өңдейтін ойықты, галтельді, қыздырушы, тегіс сүргілеуге, фалецті өңдеуге арналған фрезалар – тіс арасындағы ойыстарды фрезерлеу.

54. Дискілі фрезалар – тістерді фрезерлеу.

55. Спиральді тісі бар шетті және фасонды фрезалар – тістерді фрезерлеу.

56. Габариті 1000 x 1000 мм кв. жоғары қосалқы машиналар астына арналған шыны пластикадан жасалған фундаменттер – фрезерлеу.

57. Күрделі конфигурациялы шаблондар – контурды белгі бойынша фрезерлеу.

58. Сфералық және бұрышты шаржылар – фрезерлеу.

59. 10 дейін модульді цилиндрлік және спиральді тістегершіктер – тістерді резервтеу.

60. Күрделі конфигурациялы соқпа штампылар – орындарды фрезерлеу.

61. Қадалықтар, байланыс ұяшықтары, бұқтырмалар, геометриялық ажырамалардың корпустары мен стакандары – фрезерлеу.

§ 136. ФРЕЗЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды, сондай-ақ қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісін қолдана отырып, көлденең және тік фрезерлік станоктарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Плазмалы қондырғыны қосу және сөндіру. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған станоктарда немесе өлшемдік кескіш құрал мен арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап жабдықтарда 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Екі немесе үші бетті бір уақытта өңдей отырып, көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарда 7-10 квалитет бойынша күрделі емес ірі бөлшектерді өңдеу және едәуір күрделі бөлшектерді алдын ала өңдеу. Бірнеше бөлшектерді бір уақытта өңдеу немесе арнайы фрезаларды жинақтаумен бір бөлшекті бір уақытта көп жақты өңдеу. Бір рет кіретін бұрамалар мен спиральдердің әр түрлі конфигурациялы әрі әр түрлі қабысқан сыртқы және ішкі жазықтықтарын фрезерлеу. Тісті тегершіктерді және тісті төрткілдештерді 9 дәлдік дәрежемен фрезерлеу. Станоктарды, плазмалы қондырғыларды, плазмотронды біріккен өңдеуде баптау. Тісті тістегершіктерді фрезерлеу үшін есептеулер жүргізу. Бөлшектерді әр түрлі қондырғыларда екі жазықтықта дәл салыстырумен орнату. Үстел ұзындығы 10000 мм жоғары көп шпиндельді бойлық-фрезерлік станоктарды басқару.

Білуге тиіс: әмбебап көлденең, тік, көшіргіш және бойлық-фрезерлік станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін, оларды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері мен қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; аспапты болаттан жасалған және қатты қорытпалардан жасалған пышақтары бар фрезалардың, өңдеу сипаты мен өңделетін материалдың маркаларына қарай геометриясын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттер мен параметрлерін; электр техниканың негіздерін және плазмалы қондырғының, сорғыш желдеткіш пен салқындатқыш жүйенің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережесін; плазмалы қыздыруды орнатудың принциптік тәсімін және плазмотронды баптау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Рессорлы теңгерімдер - фрезерлеу.

2. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін іштен жану қозғалтқыштары цилиндрлерінің блоктары – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай фланецтер мен көлбеу люктер бойынша фрезерлеу.

3. Суықтай илемдеу біліктері – шаблондар бойынша конус секілді оймакілтекті фрезерлеу.

4. Ұзындығы 5000 мм дейін біліктер мен осьтер - плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай бұрышта орналасқан тангенциалды әрі кілтекті бунақтарды фрезерлеу.

5. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін қозғалтқыштардың көп иінді біліктері – мойнақтар мен кілтек ойықтарды фрезерлеу.

6. Бір рет кіретін бұрамдық тәждер – фрезерлеу.

7. Еспе бұрандалар – қалақтарды фрезерлеу.

8. Көп кіретін бұрандалар – бұрамаларды фрезерлеу.

9. Ішпектер, мойынтіректер – құлыпты және ажырама жазықтығын толықтай фрезерлеу.

10. Конустық қалпақшалар мен сфералық тораптар – фасонды іліністерді, құлыптарды, ойықтарды, терезелерді фрезерлеу.

11. Паркинсон тарақтары – тістерді фрезерлеу.

12. Ұзындығы 1500 мм дейін бөлшектер – жалатылған қабаттың қисық сызықты шаппаларын фрезерлеу.

13. Станок бөлшектері – кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

14. Бөлгіш дискілер – фрезерлеу.

15. Құбыр тақталары және диафрагмалар – құлыптар мен ойықтарды фрезерлеу.

16. Көп ойықты калибрлер – фрезерлеу.

17. Каркастар – ішкі және сыртқы бетті фрезерлеу.

18. Кассеталар, радиаторлар – белгі бойынша контурды фрезерлеу (толықтай).

19. Орнынан өлшейтін сыналар – фрезерлеу.

20. Күрделі кондукторлар – контурды фрезерлеу.

21. Көшіргіштер – көшіргіш станокта қабырға мен контурдың фасонды және тура жазықтықтарын фрезерлеу.

22. Қысымы жоғары клапанды қораптар – таза фрезерлеу.

23. Айналмасоқпалардың корпустары – ойықтарды фрезерлеу.

24. Күрделілігі орташа байланыстардың, күрделі герметикалық ажырамалардың корпустары, ажырамаларға арналған ауыспалы платтар – фрезерлеу.

25. Күрделі конфигурациялы машинкалардың, клапандардың корпустары – сыртқы және ішкі контурдың жазықтығын фрезерлеу.

26. Аспаптардың корпустары, пісірілген рамалары – жазықтықтарды, радиустерді, сфералық қоршауларды – фрезерлеу.

27. Кронштейндер – радиустерді, сфералық қоршауларды фрезерлеу.

28. Күрделі конфигурациялы жұқа қабырғалы қақпалар – жазықтықты, фасонды контурлар мен бунақтарды таза фрезерлеу.

29. Таратқыш біліктің жұдырықшалары – пішіндерді белгі және шаблон бойынша фрезерлеу.

30. Эксцентрикті және радиусты жұдырықшалар – фрезерлеу.

31. Цилиндрлік және конустық лимбалар – бөлінділерді қондыру.

32. Бу және газ турбиналардың қалақтары – саңырауқұлақ тәрізді, Т-скеілді және тісті пішіндердің сағаларын толықтай фрезерлеу.

33. Ауыспалы пішінді жұмыс бу турбиналарының қалақтары – ішкі және сыртқы пішіндерді таза фрезерлеу.

34. Матрицалар – радиус бойынша орналасқан шығыңқылар мен ойыстарды фрезерлеу.

35. Фигуралық кескіннің металды модельдері, күрделі – белгі бойынша лекалолы бетті фрезерлеу.

36. Жапсырмалар – радиустерді, көлбеу жазықтықтарды, Т-секілді ойықтарды, оймакілтекті бірікпелерді фрезерлеу.

37. Екі жартыдан тұратын мойынтіректердің құрсамалары – шаблондар бойынша ойықтарды толықтай фрезерлеу.

38. Еспе бұрамалардың айналдыра ағызушылары мен кронштейндері – пластмассалы фрезерлеу.

39. Барабандардың тіректері мен плиталары, қазандықтардың гарнитуралары, муфталар – фрезерлеу.

40. Сырғанақ тіректер – ұяшықтарды фрезерлеу.

41. Жұдырықшалы патрондар, планшайбалар – жұдырықшалар (терезелер) бойынша ойықтарды фрезерлеу.

42. Бөлгіштер, корпустық конструкцияның нервюралары, плафондар – фрезерлеу.

43. Ұзындығы 500 мм жоғары УСП плиталары – таза фрезерлеу.

44. Кеме мойынтіректерінің таяныш жастықшалары – баббит құймаларын, ұяшықтардың 0,02 мм шақтамасымен бір өлшемде таянышты шығыңқыны фрезерлеу.

45. Пресс-қалыптар – белгі және шаблон бойынша фигураларды фрезерлеу.

46. Тартқыштар – фрезерлеу.

47. Тісті төрткілдештер – тістерді толықтай фрезерлеу.

48. Тау-кен және кран жабдықтарының рычагтары – лекалолы бетті фрезерлеу.

49. Бұрғылар, үңгілер, ұңғылар, фрезалар – спираль бойынша фрезерлеу.

50. Күрделі станоктардың станиналары – ұзындығы 3000 мм дейін бағыттағыштарды фрезерлеу.

51. Станок суппорттары - "айырқұйрық" бағыттағыштарын фрезерлеу.

52. Күрделі бөлшектердегі ауыспалы фаскалар – тура сызықты және қисық сызықты жиектерді фрезерлеу.

53. 10 дейінгі модулі бар конустық және бұрамдық бұрамалардың фрезалары – фрезерлеу.

54. Бас және қосалқы механизмдердің астына қойылатын фундаменттер – пластиктерді фрезерлеу.

55. Ұзындығы 1000 мм жоғары үлкен өлшемді шатундар мен тартымдар – радиустерді фрезерлеу.

56. Күрделі конфигурациялы соқпа штампылар – фрезерлеу.

57. Манипуляторлардың штангалар – фрезерлеу.

58. 10 дейін модульді шевронды және конустық тістегершіктері – фрезерлеу.

§ 137. ФРЕЗЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті әрі конструкциялы әмбебап, көшіргіш және бойлық-фрезерлік станоктарда 6-7 квалитет бойынша құрамды бекітуді және бірнеше жазықтықта дәл салыстыруды қажет ететін күрделі бөлшектер мен құралды фрезерлеу. Өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі конфигурациялы штампылардың, пресс-қалыптар мен матрицалардың сыртқы және ішкі бетін фрезерлеу. Барлық қажетті есептеулерді орындай отырып, әмбебап және оптикалық бөлгіш қалпақшаларда түрлі бұрамалар мен спиральдерді кесу. Сирек кездесетін жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды фрезерлеу. Тісті тістегершіктер мен тісті төрткілдештерді 8 дәлдік дәреже бойынша фрезерлеу, оның ішінде қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді металдардан жасалған бөлшектерді қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті әрі конструкциялы фрезерлік станоктдардың және сирек кездесетін әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; плазмалы қыздыру қондырғысының техникалық сипаттамасын және пайдалану ерекшеліктерін; бөлшектерді орнату және салыстыру ережесін; доңғалақ тістерін, түрлі пішіндердің тістегершіктерін, көп кіретін фрезаларды, бұрандалар мен спиральдерді фрезерлеу кезінде ауысымды тістегершіктерді іріктеу үшін есептеулерді; Фрезалардың геометриясын, термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; металды кесу теориясының негіздерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу әдісін, тәсілін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) жоғары дизельдің цилиндр блоктары – плазмалы қыздыруды қолданып және қолданбай кронштейндер бойынша көлбеу люктерді, фланецке арналған орындарды, бетті фрезерлеу.

2. Ұзындығы 5000 мм жоғары біліктер мен осьтер – плазмалы қыздыруды қолдана отырып, бұрышта орналасқан тангенциялды және кілтекті бунақты фрезерлеу.

3. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) жоғары қозғалтқыштардың көп иінді біліктері – мойнақтар мен кілтекті ойықтарды фрезерлеу.

4. Қалпақасты құрылғылардың, вакуумды және химиялық сорғылардың, тоған судың фильтрлерінің, арнайы металдан және металды емес материалдардан жасалған клинкерлердің бөлшектері – толықтай фрезерлеу.

5. Уақыт аспаптарының кодты дискілері – бөлгіш қалпақшаларды қолдана отырып, тістерді фрезерлеу.

6. Токарлық станоктардың кареткалары – пішінді толықтай фрезерлеу.

7. Ондық клапандардың бағаналары – таза фрезерлеу.

8. Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар – контурды белгі бойынша фрезерлеу.

9. Байланыс корпустары, күрделі – фрезерлеу.

10. Қатты емес конструкциялы корпустар, табандар – құлып жазықтығында контур мен радиустерді фрезерлеу

11. Күрделі, жұқа қабырғалы кронштейндер - әр түрлі бұрышта бірнеше жазықтықта орналасқан беті.

12. Эксцентрикті және цилиндрлік жұдырықшалар – фрезерлеу.

13. Цилиндрлік және конустық лимбалар – фрезерлеу.

14. Бу турбиналарының қалақтары – сыртқы және ішкі радиалды конустарды фрезерлеу.

15. Мальтийский крест, барлық түрі – фрезерлеу және жону.

16. Радиус бойынша орналасқан ойыстары бар күрделі конфигурациялы және көп ұяшықты матрицалар, ендірмелер мен пуансондар – фрезерлеу және жону.

17. Спиральді жұдырықшалары бар көп жұдырықшалы муфталар – ойыстар мен қиықтарды фрезерлеу.

18. Бұранда кескіш қалпақшаларға арналған тангенциялды плашкалар – бұраманы фрезерлеу.

19. Палуба асты және арқандалған рамалар – фрезерлеу.

20. Сырғақтар – жазықтықты және "айырқұйрықты" фрезерлеу.

21. Тісті төрткілдештер – тістерді фрезерлеу.

22. Компаундты штампылардың секторлары – контурды фрезерлеу.

23. Үлкен ірі станоктардың станиналары – ұзындығы 3000 мм жоғары бағыттағыштарды фрезерлеу.

24. Модульді, саусақты фрезалар – тістер мен ойықтарды фрезерлеу.

25. 10-нан жоғары модульді бұрамалы конустық және бұрамдық фрезалар – тістерді фрезерлеу.

26. Тоқыма станоктарын арналған қайықтары – фрезерлеу.

27. Көп кіретін бұрамдықтар – бұраманы фрезерлеу.

28. 10-нан жоғары модульді шевронды, спиральді, цилиндрлік жәен конустық тістегершіктер – тістерді фрезерлеу.

29. Щетка ұстағыштар – тезерелерді, паздар мен еспелерді фрезерлеу.

30. Күрделі лекалолы қисық беті бар эксцентриктер – белгі бойынша сыртқы фрезерлеу.

§ 138. ФРЕЗЕРЛЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы кескіш құралды және оптикалық құрылғыны қолдана отырып, қисық сызықты цилиндрлік бетпен қабысқан, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралды 1-5 квалитет бойынша фрезерлеу. Әр түрлі конструкциялы сирек кездесетін фрезерлік станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды, шалыстыққа және деформацияға ұшыраған жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді фрезерлеу. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін ірі бөлшектерді орнату, оның ішінде қиын өңделетін жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді материалдардан жасалған бөлшектерді қосарланған плазмалы-механикалық өңдеу әдісімен өңдеу бойынша көрсетілген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және конструкциялы күрделі әмбебап фрезерлік-көшіргіш, координатты-жонғыш, көлденең, тік және арнайы фрезерлік станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; күрделі бөлшектерді орнату, бекіту әрі салыстыру тәсілдерін және өңдеудің технологиялық жүйелілігін айқындау әдісін; кескіш құралдың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және теромөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; станокты баптаумен байланысты есептеулерді; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің тиімді режимін айқындау ережесін; белгіленген квалитеттер мен параметрлерге жету тәсілін.

Жұмыс үлгілері

1. Автомобиль ілінісінің дискілері – ойықтарды фрезерлеу.

2. Күрделі конфигурациялы көшіргіштер, көшіргіш барабандар – плазмалы қыздыруды қолдана отырып және қолданбай контурды фрезерлеу.

3. Корпустар, рамкалар, жоғары сезімтал навигациялы аспаптардың негіздері – фрезерлеу.

4. Батыңқы радиусты күрделі конфигурациялы және көп ұяшықты матрицалар, ендірмелер және пуансондар – фрезерлеу.

5. Штампылардың матрицалары, жоғары дәлдікті статорлар мен роторларға арналған темірлер – есептеу, станоктарда оптикалық құрылғыларды орнату және плазмалы қыздыруды қолдана отырып және қолданбай ойықтарды толықтай фрезерлеу.

6. Турбогенераторлардың роторлары – роторлық-фрезерлік станоктарда орам бойынша ойықтарды фрезерлеу.

7. Сутекті және жылдам салқындатқыш турбогенераторлардың статорлары – ойықтарды фрезерлеу, тесіктерді жону және мойнақтарды ажарлау.

§ 139. ШЕВИНГОЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқыру станоктарда 8-9 дәлдік дәреже бойынша тістегершіктердің тік тістерін тісқыру. Станокта өңделетін тістегершіктерді орнату, бекіту және салыстыру.

Білуге тиіс: бір типті тісқыру станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; қолданылатын кескіш құралды; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау