:
электротехника және радиотехниканың негізгі заңдылықтарын;
қарапайым радиосызбаларды, радио аппаратуралардағы негізгі тораптардың және бөлшектердің шартты белгіленуін оқу ережелерін;
қарапайым кеме радио жабдығының құрылымын және жұмыс принципін; өлшеудің негізгі құралдары және оларды пайдалану ережелерін;
кемеде аппаратураларды бөлшектеу және монтаждау ережелері;
жөнделіп жатқан аппаратураны пайдаланудың негізгі ережесін және жұмыс принципін;
аппаратурада қолданылатын радиолампалардың, жартылай өткізбе сымдардың белгіленуі және түрлері, олардың негізгі параметрлері және цоколдауды;
күйлендіргіштердің және кернеу тұрақтандырғыштардың жұмыс принципін;
түзететін құралдарды;
аппаратуралардың қуат алу көздерін;
бір фазалы трансформаторларды қосу тәртібін;
жөндеу жұмыстарында қолданылатын электрлі оқшаулау материалдарының негізгі номенклатурасын, оларды қолмен және станоктарда өңдеу технологиясын;
аппаратураларды жөндеу кезінде қолданылатын құралдар құрылғыларды; кабельдерді қаптау ережелерін; радиотехника аппаратураларын құрастыру кезінде қолданылатын кабельдер және сымдардың негізгі маркаларын;
негізгі оқшаулау материалдарын;
дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлегіштердің маркалары мен құрамдарын;
дәнекерлеу ережелерін; дәнекерлеу кезінде қолданылатын құралдардың белгіленуі мен оларды пайдалану ережелерін; трансформаторларды, индуктивтілік орауыштарын және аппаратура тораптарын құрастыруда қолданылатын сымдардың негізгі маркаларын.
179. Жұмыс үлгілері:
1) антенналар, фидерлер –құрастыруға дайындау;
2) биркалар – электрлі картоннан дайындау;
3) байланыстырғыш бұраулар – жөндеу, шаблон бойынша дайындау;
4) дроссельге және трасформаторларға арналған каркас – гетинакстан дайындау;
5) қарапайым индукция орауыштары – айналдыру;
6) телеграф кілті – радистің үстеліне орнату;
7) шақыру тетігі – жөндеу;
8) ауыспалы қалыптар – орнату;
9) қуат беру қалыптары – жөндеу;
10) антенналы коммутаторлар – бөлшектеу;
11) сақтандыруы бар қораптар - бөлшектеу, жөндеу,жинау;
12) кабельді жиектер - улау, қалайылау;
13) антенналы сымдар – дайындау;
14) қарапайым реле – бөлшектеу, контактыларын тазарту, оқшаулау төсемдерін дайындау;
15) қуат беру желілері – вольтметр кернеуін өлшеу;
16) кабельді бекітуге арналған стандартты және стандартсыз қапсырмалар – дайындау;
17) трансформатор – электрлі картоннан немесе кабельді қаңылтырлардан каркас дайындау;
18) микро телефонды тұтқалар – қарапайым жөндеу;
19) антеналы дөңгелек шиналар – дайындау, шеттерін қалайылау
20) жез шиналар – үгіту, фаскаларын шешу.
Параграф 2. Кеме радиомонтажшысы, 3-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы.
байланыс және қадағалау құралдарының аппаратурасын бөлшектеу;
жөнделетін аппаратураны түйіндерге бөлшектеу және жинау;
аппаратура түйіндеріндегі ақауларды анықтау және жою;
аппаратура тізбектерінің оқшаулау кедергісін мегаомметрмен тексеру; шынжырлардың монтажына арналған сымдардың маркаларын іріктеп алу, схемаларда монтаж сымдарды ауыстыру;
құралдардың схемасымен монтаждау;
кабельдің тармақтарын сөндіру және байланыс және қадағалау құралдарының аппаратурасынан кабельдің ұштарын шығару;
кемелерде кабельді тарту, салу және бекіту, кабельдің ұштарын шығару
және анағұрлым жоғары білікті радио монтажшының басшылығымен байланыс және қадағалау құралдарының аппаратурасын қосу;
радио арқылы қабылданатын, радио тарататын аппаратураны, трансляциялық қондырғыларды жөндеу;
хабарлағышта қыздырылған және анодтық тізбектерді, микрофон тізбектерін тексеру;
тізбектердің қабылдағышында жоғары, аралық және кең жиіліктерді, радио лампалардың қыздыру қоректену тізбектерін тексеру;
жұмысқа арналған қуаты аз радиостанцияны жазу және антенналарды құру; жұмыстың барлық түрлері бойынша аппаратураны тексеру;
антенна қабылдағыштарын даярлау және оларды кемелерге орнату; радиолампалардың, хабарлағыштардың және қабылдағыштардың жұмыс тәртібін тексеру;
заряд құрылғысымен аккумуляторлық монтаж, аккумуляторларды жөндеу және зарядтау;
радиотехникалық құралдарды жөндеу радиолокациялық станция хабарлағышында қыздырылған және анодтық тізбектерді тексеру (РЛС); гидроакустика хабарлағышының барлық тізбектерін тексеру, қабылдағышта жиіліктердің жоғары, аралық және аласа күшейту тізбектерін, қыздыру тізбектерін тексеру;
электрондық - сәуле түтіктерді қоректендіру тізбектерінің синхронизация индикаторында тексеру;
уақытша жинақтау - алмалы-салмалы схемаларын қолданумен қосу және стендіде тексеру, анықталған ақауларды жою;
антенно - фидерлік құрылғыларды және дірілдеткіштерді орташа жөндеу;
тісті ілінулерді қалыптастыру;
навигациялық құралдарды жөндеу: навигациялық құралдардың жұмысының бөлек түйіндерін және механизмдерін ағымдағы жөндеу;
ақауларды тауып және жоя отырып жекелеген блоктар мен аспаптарды баптау;
анағұрлым жоғары білікті радио монтажшының басшылығымен дайын фундаменттерде байланыс және электр радио навигация аппаратурасын кемелерге орнату.
181. Білуге тиіс:
электротехника, радиотехника, электроника негіздерін;
негізгі радио өлшеу құралдарының белгіленуі мен жұмыс істеу қағидасын электр тоғын, кернеуді, қуатты (олардың физикалық мәні) өлшеудің негізгі бірліктерін;
сымсыз байланыс және қадағалау аппаратурасының белгіленуі, құрылысы мен әрекет ету қағидасын;
хабарлағыштардың үлгілерін;
қабылдау – таратушы және күшейткіш аспаптың әрекет ету қағидасын; монтаждау кабельдерінің, сымдардың, оқшаулаушы материалдардың номенклатурасын, маркаларын және олардың электрлік қасиеттерін;
кабель мен сымдарға рұқсат етілетін тоқ жүктемелерінің нормаларын; кеме радиоаппаратурасын жөндеу кезінде бөлшектеу жұмыстарын орындау ережесін;
аппаратураға жөндеу жасау ережесі мен реттілігін;
ақауларды табу және жою тәсілдерін;
радиолампалардың, электрондық- сәуле түтіктерінің және жартылай сымды аспаптардың түрлері, белгіленуі, құрылымы мен әрекет ету қағидасын, олардың негізгі параметрлерін;
электр элементтерді өлшеу әдістерін;
күрделі емес сызуларды оқу, монтаждау және негізгі сызбаларды оқу ережесін;
қуат таратқыштардың барлық түрлерін, олардың жұмыс істеу қағидасын, қосу және қызмет көрсету ережесін;
қуат таратқыштардың басқару жүйесін, сигнал беру және блоктау ережесін;
ауыстырып қосқыштардың және қуат таратқыштар мен қабылдағыштардың верньерлік құрылғылардың құрылысын;
толқын өлшеуіштің құрылысы және ондағы ақауларды табу тәсілдерін, анод және тор сымдарының орналасу ережесін;
жиілікті модульдеу радиостанцияларының, түрлендіргіштердің, селендік және сынаптық түзеткіштердің құрылысы мен белгіленуін; радио таратқыштардың әрекет ету қағидасы мен қуат көздерінің болуы мүмкін ақауларын;
антенналардың, радио байланыс аппаратураның құрылымын;
радиомукация және гидроакустика аппаратурасының негіздерін;
РЛС-тің және олардың жекелеген аспаптары мен блоктарының іс-қимыл қағидасын, элементтердің құрылысын, РЛС қуаттандыру көздерін және олардың электрлік деректерін, баптау жұмыстарын жүргізу, параметрлерін өлшеу ережелерін;
магнитрон, клистрон құрылғыларын, қозғалғыш және шағылдырғыш толқынның лампаларын белгілеу мен әрекет ету принципін;
антенналық-фидерлік құрылғылардың құрылымы мен белгіленуін; навигациялық аспаптардың жекелеген тораптары мен блоктарының жұмыс істеу қағидасын, құрылымын (гидрокомрастар, лагтар, эхолоттар, төсем-автоматтар);
тораптардың, блоктардың құрылымын, күшті бөліктің сызбаларын, навигациялық жабдықтың блоктарының негізгі сызбалары мен оларды реттеу әдістерін;
182. Жұмыс үлгілері:
1) апат анттеналары- дайындау;
2) Г- немесе Т- тәрізді антенна, көлбеу сәулесі, цилиндрлі дайындау, көтеру, реттеу;
3) радиолокациялық станцияның антеннасы - редукторды бөлшектеу және жинау, люфтарды жою;
4) эхолоттың вибраторы – жөндеу;
5) ГР тәрізді каютта трансляциясының динамикалары- жөндеу;
6) біріктіргіш бұраулар – жөндеу;
7) өткізгіш сым – қалқаларды дайындау, ұштарын дәнекерлеу;
8) аралық жиіліктің пішін – ауыстыру;
9) аппаратураны орнатуға арналған кронштейндер – бұрыштан дайындау;
10) осциллограф – ашу блогын жөндеу;
11) таратқыштар – блоктар бойынша бөлшектеу, бөлшектерді ауыстыру, құрастыру;
12) ауыстырып қосқыштар –бөлшектеу, жөндеу;
13) түрлендіргіш - жөндеу, мойын тіректерді және щетка ұстағыштардың серіппелерін ауыстыру;
14) негізгі гирокомпастың аспабы - кардан алқасын жөндеу;
15) электр өлшеу аспаптары – жөндеу;
16) радиоқабылдағыш – төмен жиілікті күшейткіштерді жөндеу және реттеу, жұмыс режимін тексеру;
17) радиостанция – сызбаны жинау, штаттық антенналармен жұмыстың барлық түрлері бойынша байланысты тексеру;
18) репитер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.
19) радиолокациялық станциялар және и гидроакустика аппаратурасы – блоктар бойынша бөлшектеу;
20) трансляциялық кеме шынжыры - сызбаға сәйкес зақымданған жерлерін табу және жою;
21) трансформатор - орау,жинау;
22) әр түрлі фишкалар (оның ішінде қарапайым) –дәнекерлеу;
23) жерге қосу шиналары – аспаптарға дейін бұрылулармен төсеу және бекіту;
24) орташа қуат таратқыштардан күш қалқандары - жөндеу.
Параграф 3. Кеме радиомонтажшысы, 4-разряд
183. Жұмыс сипаттамасы.
зақымданған кабельді жөндеу;
бақылау электр және радио өлшеу аспаптарын пайдалана отырып орташа күрделі аппаратураны және аспаптарды жөндеу, реттеу және баптау;
монтажды толықтай немесе ішінара ауыстырумен орташа күрделі сигнал беру және бұғаттау шынжырларында ақауларды табу және жою;
аспаптардың жекелеген блоктарын монтаждау;
кез-келген күрделікті түзету құрылғыларымен ауыстырып, қосқыштарды жөндеу;
күрделі емес бөлшектерді дефектациялау;
радиолампалардың жұмыс сипаттамаларын алу;
реленің барлық түрін жинау және реттеу;
радиоқабылдау, радио тарату аппаратурасын және трансляциялық қондырғыларды жөндеу: екінші және үшінші класты тура күшейту қабылдағыштарын және супергетеродиндерді жөндеу;
орташа қуатты таратқыштарды жөндеудің барлық түрін және қуат таратқыштарды ағымдағы жөндеу;
аспаптарды қолданумен таратқыштар мен қабылдағыштарда пішіндерді баптау;
электрондық релені реттеу және таңдау;
жиілікті модуляциямен радиостанцияларда зақымданған жерлерді анықтау және жою;
радиостанция жұмысын өзгерту;
ВГС байланысының барлық жүйелерін, барлық жүйелердің трансляциялық тораптарын, жағамен байланыс жүйелерін, каюта мен қызметтік жайлар бойынша трансляция сызықтарын жөндеу;
УКВ радиостанциялардың антенналарын күрделі жөндеу;
РЛС толқын ұстағыштарды жинау және қиыстырып келтіру;
антенналарды күрделі жөндеу;
тарату антенналарын дайындау;
радиотехникалық құралдарды жөндеу: РЛС қадағалауды және гидроакустика аппаратурасын объектіден кейіннен тапсырумен жөндеу, реттеу және баптау;
магнетронның жиілік спектрін анықтау;
ұстау сызығының жұмыс режимін тексеру; РЛС қадағалау және гидроакустика аппаратурасының жинау- құрастыру уақытша сызбаларын пайдаланумен стендіде қосу және баптау;
ақауларды жөндеу;
спектр анализаторларының радио өлшеу, сызық емес бұрмалаулардың өлшеу аспаптарын, стандартты сигналдардың өлшеу қабылдағыштары мен генераторларды жөндеу, реттеу, баптау және тапсыру;
неғұрлым м жоғары білікті кеме радиомонтажнигімен бірге жоғары дәлдікті РДБС объектіден баптау және тапсыру;
гидроакустика аппаратурасының антенна-фидерлік құрылғыларын жөндеу; навигациялық аспаптарды жөндеу: орта күрделі навигациялық аппаратура тораптары мен блоктарын механикалық және электрлік келістіру, навигациялық аспаптарды швартты және қозғалғыш сынауға тапсыру.
184. Білуге тиіс:
электротехниканың, радиотехниканың және электромагнитті толқындардың таралу негіздерін;
радио өлшеу аспаптарының белгіленуі мен құрылысын, оларды пайдалану ережесін;
маркалары әр түрлі және бөлікті сымдар мен өткізгіш сымдарға рұқсат етілетін тоқ жүктемелерінің нормаларын;
сымдардың құрылысы мен олардың сипаттамаларын;
КСРО тізілімі мен РСФСР Өзен тізілімінің ережесін;
аппаратураны швартты және қозғалғыш сынау бағдарламаларын;
кемелер мен жаға объектілерінде орнатылатын қабылдау- тарату аппаратурасының кинематикалық, негізгі және монтаждау сызбаларын, түрлерін, құрылысы мен пайдалану ережесін;
радиолокацияның, импульсты техниканың, гидроакустиканың негіздерін; реттелетін аппаратураға қойылатын техникалық шарттарды;
аппаратураны майлау мен суыту үшін қолданылатын негізгі материалдардың маркаларын;
төмен жиілікті күшейткіштердің әр түрлі сызбаларын;
радио арқылы қабылданатын, радио тарататын аппаратураны және трансляциялық қондырғыларды жөндеу ережесі мен әдістерін: басқару, сигнал беру және таратқыштарды бұғаттау жүйелерін;
электрондық реле жұмысын;
кварц және оны қабылдағыштар мен таратқыштарда пайдалануды;
кварцты тұрақтандыру қағидасын;
кварц сүзгілерінің құрылысын;
анодтық қуатты лампаларды суыту тәсілдерін;
тарату радиостанцияларын қуаттандыру көздерін;
оларды пайдалану ережесін;
радиолокациялық және гидроакустикалық аппараттардың түрлері, олардың белгіленуі, жұмыс істеу қағидасы, пайдалану ережесін;
тарату, қабылдау және индикаторлық құрылғыларының әр түрлі жүйелерін;
радиолокациялық және гидроакустикалық аппаратураны, антенналы-фидерлік құрылғылар мен вибраторларды жөндеу ережесі мен әдістерін; гироскопия теориясының негіздерін;
суда дыбыстың және гидравликаның таралуын;
навигациялық аспаптардың түрлері, олардың белгіленуі, жұмыс істеу қағидасы, пайдалану ережесін;
навигациялық аспаптарды жөндеу әдістері мен сынау тәсілдерін.
185. Жұмыс үлгілері:
1) қосу реттеу аппаратурасымен күрделі агрегаттар - жөндеу, реттеу;
2) қуат көзін беру агрегаты – мойын тіректерді, щетка ұстағыштарды бөлшектеу, ауыстыру, кемеге орнату;
3) тарату және қабылдау антенналары – дайындау, жинау, орнату;
4) ромбы антенналары – сызу бойынша дайындау, орнату;
5) қадалық он метрлік антенна – объектіде жинау және орнату;
6) орта күрделі гидроакустика аппаратурасы – параметрлерді өзгертіп баптау;
7) байланыс және электронавигация аппаратурасы – кемелерде дайын фунламенттерге орнату;
8) қуат таратқыштың антенна блогы - жөндеу;
9) сыйымдылығы ауыспалы конденсаторлар блогы – түйістіру;
10) тұрақтандырылған түзеткіш - жөндеу, реттеу;
11) гирокомпас – электр қуат көзін алу режимдерін, сезімтал элементті және қадағалау жүйесін тексеру және реттеу, негізгі аспапты жөндеу (сезімтал элементтен басқа);
12) камера – аппаратураны жөндеу, баптау кезінде қолдану;
13) «К» тәрізді коммутатор – жөндеу;
14) курсограф – бөлшектеу, жөндеу, жинау, реттеу;.
15) «МГ» тәрізді мегафон – жөндеу;
16) сағаттың лага механизмі – байланысты реттеу;
17) планшет автоматы – салушының планшеті - бөлшектеу, жөндеу, жинау, реттеу;
18) төсем-автоматының қайта қалыптастырушысы – салушының түрлендіргіші - бөлшектеу, жөндеу, жинау, реттеу;
19) қабылдағыш – барынша сезімталдыққа баптау, төмен жиілікті күшейткіштің шығатын каскадының режимін таңдау;
20) «СРП» тәрізді радиопеленгатор - жөндеу,реттеу;
21) радиолокация станциясының редукторы - жөндеу, реттеу;
22) репитер – баптау;
23) жоғары жиілікті өткізгіш сымдарға арналған майлаулар - нығыздау;
24) қабылдағыштардың шынжырларындағы паразитті байланыс – іздеу, жою;
25) радиотрансляциялық байланысты синхрондау – сызбаны баптау;
26) «Кивач» тәрізді радиолокация станциясы – жекелеген бөлшектерді және бұрауларды ауыстыру;
27) шупеленгатор станциясы – баптау;
28) кемелерде құрастырылған аппаратура сызбалары - кабельдерді тесу, оларды оқшаулау мөлшерлерін өлшеу, аппаратураны қосу, кабельдердің және аппаратура корпустарының жерге қосу сапасын тексеру;
29) гониометриялық қондырғы - ақауларды табу және оларды жою;
30) тізбектер – кернеу бойынша осциллографтау;
Параграф 4. Кеме радиомонтажшысы, 5-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы.
байланыс аппаратурасын және қадағалау құралдарының аппаратурасын жөндеу;
аппаратураның зақымданған кез-келген жерлерін анықтау және жою;
блоктарды жекелеген элементтерге бөлшектеу, күрделі байланыс топтарын жөндеу, жинау, реттеу;
күрделі сүзгілерді жөндеу және баптау;
кернеу мен жиілікті автоматты реттеу құрылысымен генераторларды, жарты сымды элементтермен және релелі техника элементтерімен жүйелерді стендіде жөндеу және сынау;
радиоқабылдағыш, радио тарату аппаратурасын және трансляциялық қондырғыларды жөндеу;
қабылдағыштардың барлық сыныбын және таратқыштардың кез-келген қуатын жөндеу, реттеу және баптау;
объектігі 1 кВт қуаты бар таратқыштарды кез келген антенна кезінде берілген толқынға қосу және баптау, антеннаға толық беруге дейін баптау;
таратқыштарды басқару және сигнал беру тізбектерінде күрделі элементтерде зақымданған жерлерін анықтау және жою;
таратқыштарды, қабылдағыштарды сынау және жұмысты тапсырушыға тапсыру;
жиелік модульдерінің таратқыштарын жөндеу;
таратқыштарға шыны антенналарды орнату және іріктеу;
таратушы аппаратурадағы ақауларды табу және жою; сүзгілер мен ұзатқыштарды жөндеу және баптау;
ауыспалы селективтивті қабылдағыштарды жөндеу;
верньерлік құрылғыларды жөндеу;
қызметтік мақсаттағы радиоқабылдағыштарды, радиотарату және теледидар қабылдағыштарын жөндеу;
анттеннаның герметикалық енгізулерін жөндеу және орнату;
ВГС дауысты зорайтқыш ішкі байланыстарын, трансляциялық тораптарды, үлкен қуатты күштерді күрделі жөндеу;
ретті байланыс УКВ аппаратурасын жөндеу;
радиотехникалық құралдарды жөндеу: қадағалау радиолокациялық станцияларды және күрделі гидроакустика аппараттарына стенділік сынаулар жүргізу;
күрделілігі үлкен гидроакустика аппаратурасын баптау;
жоғары дәлдікті толқынөлшеуіштерді, құрастырылған аспаптарды, уақыт интервалдарыны өлшеуге арналған аспаптарды, қуат өлшеуіштерін жөндеу;
күрделі элементтерде, блоктарда зақымданған жерлерін табу және анықтау;
кинематикадық есептеу- шешуші сызбаларды жөндеу кезінде слесарлық жұмыстарды орындау;
навигациялық аспаптарды жөндеу: электр навигациялық аспаптарды орнату және жөндеу бойынша барлық жұмыстарды орындау және басқару;
кемелерде навигациялық аспаптарды толық жинақтау және сынау;
аспаптардың, күрделі навигациялық қондырғылардың техникалық шарттарына сәйкес баптау және реттеу;
аспаптардың көрсеткіштері, тізбек параметрлерінің өзгерісі бойынша жұмыс режимін қадағалау және сипаттамаларын құру;
аппаратураның барлық тораптары мен блоктарын механикалық және электрлік келістіру.
187. Білуге тиіс:
радиотехника, электроника және телемеханика негіздерін;
радиолокациялық және гидроакустикалық аппаратураны жұмыс істеу қағидасы, құрылысы мен пайдалану ережесін;
радио өлшеу аспаптарының белгіленуі мен құрылысы, оларды пайдалану ережесін;
оқшаулау материалдарын тағайындау, техникалық және электрлік қасиетін;
электр магнитті волдерді тарату және қабылдау және электр энергиясын дыбысқа айналдыру;
кабельдер мен сымдардың бірігуі мен ұзындығына байланысты жүктемені және кернеудің мақсаттарға жету есептерін;
электр кедергілерінің көздері және олардан қорғау шаралары;
байланыс құралдары аппаратураларын реттеу, баптау және беру және қадағалау ережелерін;
байланыс аппаратурасындағы ақаулар мен зақымданған жерлерін анықтау және қадағалау, оларды жою тәсілдерін, қуатты электр станцияларын қуаттандыру көздерінің түрлерін;
сымдар мен жарты сымдар;
аппаратураның бөлшектері мен тораптарын жөндеу, қалпына келтіру және дайындау кезінде қолданылатын материалдардың технологиялық және электрлік қасиеттерін; КСРО тізілімі мен РСФСР Өзен тізілімі ережесінің техникалық шарттарын;
кестелерді оқу ережесін, кез-келген күрделіктегі негізгі монтаждық және кинематиткалық сызбаларды;
стенділер мен кемелерде жөнделген аппаратураны сынау ережесі мен тәсілдерін;
жөнделетін таратқыштардың түрлері мен құрылымын;
таратқыштар мен қабылдағыштардың барлық каскадтарын баптау ережесін;
қосарландырушының белгілеу және жиілікті қосарландыру тәсілдерін;
қорғаныш тізбектері мен қуатты таратқыштарды басқару тізбектерінің жұмысын;
тарату аппаратурасының және трансляциялық қондырғылардың автоматикасын;
қабылдау- тарату аппаратурасын пайдалану ережесін;
жиілікті модуляциялаумен таратқыштарды; антенналардың түрлерін;
катоттық үстіктердің негізгі түрлері және оларды қуаттандыру тәсілдерін;
радио өлшеу құралдарын жөндегеннен кейін тексеру баптау ережесін;
қуатты радиостанцияларды қуаттандыру көздерінің барлық түрлерін; зарядты разрядсыз құрылғыларға қызмет көрсетуді;
радиоплуактациялық және кемелерге орнатылатын гидроакустикалық станциялардың түрлерін, жұмыс істеу қағидасын, құрылысын, пайдалану ережесін, оларды жинақтау ережесін;
күрделі дайындалған бөлшектерді тексеру тәсілдерін;
күрделі навигациялық аспаптардың барлық түрлері мен жүйелерінің жұмыс істеу қағидасын, құрылымдары мен пайдалану ережесін;
сызбаның жекелеген аспаптарының жүйелілігін және реттеу тәсілдерін;
навигациялық аспаптарды швартты және қозғалтқыш сынауларға орнатуға, реттеуге, сынауға және тапсыруға қойылатын техникалық шарттарды.
188. Жұмыс үлгілері:
1) автомат-салушы - бөлшектеу, жөндеу, жинау;
2) әріп басатын аппаратура- монтаждау;
3) Радиобайланыс аппаратурасы: «Барк», «Бриг», «Корвет», «Муссон», «Сирена»; түрлі РПУ; «Штиль», «Шторм», «Сибирь», «Циклонда» тәрізді радиоқабылдағыштар; «Ангара», «Рейд», «Сейнер», «Чайка» тәрізді радиостанциялар - жөндеу, монтаждау;
4) қорғаныш құралы сызбасының аппаратурасы – монтаждау, реттеу;
5) толқынды жүргізуші – жинау, қиыстырып келтіру мен орнату, күміс жалату;
6) «Курс», «Bегa», «Амур» тәрізді гирокомпос – жөндеу;
7) «МГЛ», «ЛГ» тәрізді Лаг - жөндеу, монтаждау;
8) таратқыштар - модульдеудің болмау себептерін анықтау және жою, барлық элементтерді уақытша қосу, жөндеуден кейін қосу және реттеу;
9) аспаптар, аппаратура мен байланыс құралдары және навигация (алтыншы разрядта көрсетілгендерден басқа)- жөндеу;
10) ауыспалы селективті қабылдағыш – баптау;
11) «Рыбка», «Румб» тәрізді радиопеленгатор – жөндеу;
12) «Кивач» тәрізді радиостанция – жөндеу;
13) радиостанциялар - жөндеу, қабылдау-тарату құрылғысын баптау;
14) «Рябина», «Березка» тәрізді ішкі дауыс жоғарылатқышының байланысы – жөндеу;
15) «Сейнер», «Рейд» тәріздіі УКВ станциясы - жөндеу, монтаждау, орнату;
16) машина, машина-қазан, руль телеграфтары, постылар, көрсеткіштер - жөндеу, реттеу;
17) жартылай сымды аспаптарда сигналдарды күшейткіш – баптау;
18) «НЭЛ», «Река», «Кальмар» тәрізді Эхолот - жөндеу, монтаждау.
Параграф 5. Кеме радиомонтажшысы, 6-разряд
189. Жұмыс сипаттамасы.
ерекше күрделі байланыс және қадағалау құралдарының аппаратурасын стенді мен кемелерде жөндеу, монтаждау, реттеу, баптау және тапсыру;
аппаратураны жөндеу кезінде негізгі монтаждау сызбаларын құрастыру;
кез-келген аппаратураны жөндеуге ақаулы тізімдемелерді құрастыру;
байланыс және қадағалау құралдарының барлық аппаратурасына техникалық сипаттамалар құрастыру;
радио арқылы қабылданатын, радио тарататын аппаратураны және трансляциялық қондырғыларды жөндеу: қабылдағыштар мен таратқыштарды жөндеу кезінде үйлесімді байланыстарды және режимдерді іріктеп алу;
Достарыңызбен бөлісу: |