Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (8-шығарылым)



жүктеу 3,5 Mb.
бет4/14
Дата25.05.2018
өлшемі3,5 Mb.
#17183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

35. Сирек топырақ элементтерін

ажырату жөніндегі аппаратшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ион алмасу және белгіленген концентрацияда элюант дайындау әдісімен сирек топырақ элементтерін ажырату процессін жүргізу. Ерітіндінің берілу жылдамдығын реттеу және фракцияларды іріктеу. Ерітіндіні регенерациялау және ауытқушылық болған жағдайда ажырату процессіне өзгерістер енгізу. Ион алмастырғыш шайыр дайындау.

Білуге тиіс: кешен қалыптастырушы хромотографияның негіздері, элементтердің ажырау сапасына және процестің өндірушілігіне ықпал ететін факторлар, ион алмастырғыш шайыр, катион баяулатқыштар мен түрлі кешен қалыптастырғыштардың қасиеттері.

Күкірт қышқылы сазтопырақты дайындау аппаратшысы
36. Күкірт қышқылы сазтопырақты

дайындау аппаратшысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен күкіртті қышқыл сазтопырақ өндірісінің процессін жүргізу. Гидратты ұсақтау және қопсыту. Күкірт қышқылын және сазтопырақ гидратын жеткізу. Шикіқұрамды қазандыққа салу. Сілтілерді науаға түсіру. Суыған сазтопырақты науадан алу және оны тасымалдау, көлік жабдығына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: коммуникация сұлбасы, қышқыл мен материалды тасымалдау ережесі, қышқыл мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

37. Күкірт қышқылы сазтопырақты

дайындау аппаратшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. күкіртті қышқыл сазтопырақ өндірісінің процессін жүргізу. Күкірт қышқылын және сазтопырақ гидратын мөлшерлеу. Ерітінділер мен қышқылдардың концентрациясын айқындау. Процестің температуралық режимін бақылау. Реакцияның аяқталуын және сазтопырақты кристалдандыруды айқындау. Сынамаларды іріктеу. Сілтінің сууын бақылау. Қара қазандықтарға, араластырғыштарға, сорғыларға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізаттың жұмсалуын және өнімнің шығуын есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: күкірт қышқылының, сазтопырақ гидратының және дайын өнімнің негізгі қасиеттері, күкірт қышқылы сазтопырақтың қатаю шарты.

Электролит дайындау аппаратшысы
38. Электролит дайындау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоспаларды жою және қышқылды енгізу мақсатында қыздыру, ауаны үрлеу, күкірт қышқылымен тазалау арқылы электролит дайындау процессін жүргізу және талдамаларға сәйкес электролит циркуляциясына қосу. Дайындалған электролитті шығару. Сорғыларды басқару және оларға қызмет көрсету. Қышқыл сақтайтын қоймаларды, электролит дайындауға арналған резервуарларды, қышқыл құрылғылары мен коммуникацияны тексеру. Электролит температурасын, тығыз ауа мен будың берілуін бақылау. Электролитті ванналарда өңделген электролитті шығару және күкірт қышқылы мен судың тиісті мөлшерін қосу арқылы қышқылдықты реттеу. Қышқыл мен материал шығынын айқындау. Резервуарларды тұнбалардан тазарту. Сальниктерді толтыру және сорғыларды майлау. Электролитті қабылдау және тарту.

Білуге тиіс: электролитті, қышқылды, конденсатты тасымалдау коммуникациясының сұлбасы, электролиттің құрамы, негізгі қасиеттері мен температурасы, қолданылатын реагенттер, циркуляция жылдамдығы, күкірт қышқылының сапасы мен концентрациясына қойылатын талаптар, қышқылды сақтау және онымен жұмыс істеу ережесі.

Титан губкасын түсіру
39. Титан губкасын түсіру 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мойнақты (станоктарды) реакциялық массаны (титан губкасын) машинамен ұрғылауға дайындау. Мойнақ пен қожтемірді көтеріп тасымалдау құралдарымен арқандау және тасымалдау. Ұрғылау машинасының үстеліне мойнақ орнату. Мойнақтың ішкі бетін тазалау. Қожтемірдің бүйірлерін, үстіңгі және астыңғы қабықшаларын толтыру.

Білуге тиіс: бетін тазалау ережесі, арқандау ережесі және көтеріп тасымалдау құралдарын басқару, шартты сигнализация.

40. Титан губкасын түсіру 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мойнақтан (стаканнан) машинамен, ұрушы балғамен немесе перфоратормен реакциялық массаны (титан губканы) шығару. Қожтемірді бүйірлерін, үстіңгі және астыңғы қабықшаларынан машинамен ұрғылау арқылы тазалау. Түсірілген бүйірлерді, үстіңгі және астыңғы жақтарын алдын ала сұрыптау. реакциялық массаны ұрғылау жөніндегі машинаны басқару.

Білуге тиіс: ұрғылаушы машинаның құрылысы, өндірістік техникалық оқыту мектептері бағдарламасы шегіндегі химия және физика негіздері, реакциялық массаның химиялық құрамы, ұрғылау машинасын пайдалану ережесі және ұру балғасымен, перфоратормен, аспаптар және құралдармен жұмыс істеу тәртібі, реакциялық массаның сыртқы түрі арқылы сапасын анықтау әдістері, өздігінен жанудың алдын алу тәсілдері.

Металды төгіп – құюшы
41. Металды төгіп – құюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл мен электролитті ваннадан вакуум-құтыларға құю. Металлы бар құтыларды тасымалдау. Электролитті вакуум-құтылардан ванналарға құю. Металды вакуум-құтылардан бөліп қөұюшы құтыларға ауыстырып құю. Металл бетінен шламды алу. Вакуум-құтыларды, құбырлар мен сифондарды қатып қалған электролиттен, тұнба мен шламнан тазарту. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: электролиттің металдан айырма қасиеттері, ауа және вакуум-желілердің дұрыстығын, вакуум-құтылардың герметикалығын тексеру және аспаптар мен құралдарды қолдану ережесі, вакуум-құтылардың құрылысы, шартты сигнализацияны.

Жұмыстарды төгіп - құюшының басшылығымен атқарған кезде - 3-разряд.

Сілтіні салушы


42. Сілтіні салушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сілтінің қатты және сұйық фазаларын бөлу. Тұндырушы тоңазытқыштарын, сорғылар мен белгіленген концентрациядағы сілтіні дайындауға арналған аппаратты басқару. Аппаратқа су құю және оған сілтіні салу. Ерітіндіні жіті бумен қыздыру және оларды тұндырғыштарда суыту. Қойыртпақ пен мөлдірленген сілтіні аппаратураға тарту. Жыланшықтарды тоңазыту суын қабылдау үшін қайта қосу. Ерітіндінің температурасы, тығыздығын, сілтінің қабылдау резервуарына ағып түсуін бақылау. Сынамаларды іріктеу. Материал шығынын есептеу және ерітінді дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: аппараттың құрылысы, сілті ертіндісін дайындау және олардың сапасына қойылатын талаптар, материал шығыны нормасы, жылу өлшеу аспаптарын, ареометрді, сифон және аспаптарды пайдалану ережесі, сілтімен жұмыс істеу және оны сақтау ережесі.

Катодшы
43. Катодшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Катод тазалау машинасында катод табағының бетін, электролиз аймағындағы катодты және жаңаларын тазалау. Катодтардан резина қабықты алу және оларды салу. Катодтар мен штангаларды тегістеу. Жарамсыз катодтарды шығару. Катодтарды катод тазалау машиналары мен басқа да жұмыс учаскелеріне тасымалдау. Катод тазалаушы машиналарды басқару, оған қызмет көрсету және жөндеуге қатысу. Машинаның циклоны мен бункерлерін тозаңнан тазалау. Дискілі катодтардан кадмийді алу.

Білуге тиіс: термит қоспасына қойылатын талаптар, катодтарды тазалау, түзету және тасымалдау тәсілдері, катод тазалау машиналардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою әдістері, қосу аппаратурасын, аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі, шартты сигнализация.

44. Катодшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары катодшының басшылығымен электролитті ванналарға қызмет көрсету. Ерітіндінің айналысын бақылау. Катодты алу, катод тұнбасын алу, оны өлшеу; катодтарды ваннаға салып өлшеу. Катод, анод және борттық шиналардың түйіспелерін тазалау. Штангаларды сульфаттан жуу. Қысқа тұйықталуларды жою. Қажетті реагенттерді қосу. Катодтарды тазалау жөніндегі біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшыларды басқару.

Білуге тиіс: электролиз процессінің негіздері, электрод, түйіспе құрылғыларының сапасына қойылатын талаптар, электролиз процессінде және ванналардың жұмысында кездесетін ақаулықтарды анықтау және жою, құралдарды және аспаптарды пайдалану ережесі, катодтарды сыдыру, тазалау және орнату ережесі.

45. Катодшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролитті ванналарға қызмет көрсету. Матрицаларды немесе катодтарды дайындау және оларды ванналарға орналастыру, торланбаған негіздегі матрицалар мен катодтарды ванналардан алу, матрицаларды жылжыту. Матрицалардан катод негіздерін немесе катодтан металды алу. Катод негіздерін өңдеу, матрицалар, катодтар, штангалар, ломиктер, анодтар, планкаларды түзету, оларды ыстық сумен жуу және оларды скраптан, сульфаттан, шлам мен ерітіндіден тазарту. Түйіспелердің бетін және катодтардың жиектерін тазалау. Мөлшер қадаларды ауыстыру. Катодтарды резина жиектермен жабдықтау. Термит қоспасын дайындау, матрицаларды майлау және оларды станок немесе тырмаға ілу. Матрицадан тотыққан қабықты алу, оларды амальгамация немесе сульфидтеу. Катод табақтарын іріктеу және ақаулыларын жарамсыз ету, катод табақтарын құтыларға, пакеттерге орналастыру. Катод негіздердің сырмаларын вагонға арту үшін теңдерге орап түю. Ванналарға, станоктарға катод көтергіштерге қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдық пен аспаптардың құрылысы, өндірістік техникалық оқыту мектептері бағдарламасының аясында электротехника және электрохимия негіздері, катод негіздердің өлшемі мен сапасына қойылатын талаптар, жарамды негіздерді шығаруды арттыру тәсілдері, ілмектеу жұмыстарын жүргізу ережесі.

46. Катодшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ванна сериясын матрицаларды ілуге дайындау, анодтарды орталықтау, матрицаларды орналастыру және алу, матрицаларды жарамсыз ету, жұмыс істеп тұрған серияларды ретке келтіру. Катодтарды жуу, қосымша реагенттерді енгізу. Электролиз процессін жүргізу бойынша жұмыстарды бір уақытта жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың, қолданылатын аспаптар мен тетіктердің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі үлгідегі ванналардың электролиздік құрылғысы, олардың құрылымдық ерекшеліктері және қызмет көрсету ережесі, негіздердің сапасын және олардың жарамдылығын ұлғайту пайызын арттыру тәсілдері, слесарлық жұмыс.

Конвертерші
47. Конвертерші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көлемі тігінен 40 т дейін, көлденеңінен 10 т дейінгі конвертерлерге қызмет көрсетуге қатысу. Конвертерлік шламды ажырату және тазалау, оны қайта балқытуға дайындау. Флюстерді және салқын жапсырмаларды дайындау. Айналма материалдарды, флюстерді, скраптарды бункерлерден немесе жұмыс алаңдарынан алып күрекшелерге немесе вагондарға салу. Құю алаңдарын, конвертер шұңқырларын, тасып шығарылатын жолдарды тазалау. Технологиялық ыдысты металға құюға дайындауға, конвертер жабдықтарын және оның отқа берік қабатын жөндеуге қатысу. Арту және көлік құралдарына, кварцты кептіру құрылғыларына қызмет көрсету, олардың жұмыстарындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Біліктілігі анағұрлым жоғары конвертершінің басшылығымен 3-разрядта көзделген жекелеген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: конвертерлердің қызмет ету қағидаты, конвертерді футерлеу кезінде қолданылатын отқа берік материалдардың құрамы мен қасиеттері, қара металды бессемерлеу, тазарту, ферроқорытпаны қорыту технологиялық процессінің негіздері, технологиялық ыдысты металға құюға дайындаудың ерекшеліктері, балқытылған металды тасымалдау тәсілдері, көлік және арту құралдарының жүк көтергіштігі, конвертерді зарядтаған кезде қойылатын талаптар, шартты сигнализация.

Көлемі тігінен 40 т жоғары, көлденеңінен 10 т жоғары конвертерлерге қызмет көрсетуге қатысқан кезде - 3-разряд.

48. Конвертерші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көлемі тігінен 40 т дейін, көлденеңінен 10 т дейінгі конвертерлерде штейндерді бессемерлеу, қара металды тазарту, ферроқорытпаны қорыту процестерін жүргізу, конвертерді балқытуға дайындау, металды конвертерге салу немесе құю, біліктілігі анағұрлым жоғары конвертершінің басшылығымен дайын өнімді шығару. Конвертерді бұру тетігін, оттегі фурмасын, конвертерді қыздыруға, шламды шығаруға, азотты әперіп тұруға арналған құрылғыларды, шлам және металл шығарушы арбаларды басқару. Суды бүркуге арналған жүйенің, технологиялық ыдыстың құю жұмысына дайындалу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Теспелердің саңылауларын күйдіру. Конвертердің фурмаларын, қылтасын тазалау және тексеру. Сынамаларды іріктеу. Фурмаларды ауыстыру және толтыруға және конвертерді жөндеу кезінде қатысу. Технологиялық құралды дайындау. Арнайы машиналардың көмегімен конвертердің ойығын тазалау.

Білуге тиіс: конвертерлерде штейндерді бессемерлеу, қара металды тазарту, ферроқорытпаны қорыту технологиялық процестері, конвертердің және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтар мен тетіктердің құрылысы, бессемерлеу және тазарту үшін түсетін ферроқорытпалар, материалдар және шламдардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Біліктілігі анағұрлым жоғары конвертершінің басшылығымен көлемі тігінен 40 т жоғары, көлденеңінен 10 т жоғары конвертерлерге қызмет көрсетуге қатысқан кезде – 5-разряд.

49. Конвертерші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көлемі тігінен 40 т дейін, көлденеңінен 10 т дейінгі конвертерлерде штейндерді бессемерлеу, қара металды тазарту, ферроқорытпаны қорыту процестерін жүргізу. Конвертерді балқытуға дайындау, металды конвертерге салу немесе құю, дайын өнімді шығару. Үрлеу және құю процессінде ауаның, оттегінің және судың түсуін реттеу. Өнімнің, технологиялық процестің барысы мен аяқталу сапасын, шламдың дайындығын айқындау. Шламды төгуді реттеу. Конвертерді футерлеу, сумен суыту жүйесін, еңістей тетігін және оттегі өткізгіштің жарамды қалпын қамтамасыз ету. Конвертер түбінің қиысуы бойынша жұмысты бақылау және осы жұмысқа қатысу. Футерлеудің ыстық жөндеу жұмыстарын орындау, фурмаларды ауыстыру және толтыру. Конвертерді жөндеген кезде қалау сапасын бақылау.

Білуге тиіс: штейндерді бессемерлеуді, қара металды тазартуды, ферроқорытпаны қорытуды конвертерлік тәсілмен жасау теориясының негіздері, қызмет көрсетілетін технологиялық процесті балқыту барысы бойынша түзету әдістері, конвертерлерді басқару тәсілдері, әр түрлі отқа берік материалдардың қасиеттері, конвертерге артылатын және үрлегеннен кейін алынатын материалдардың сапасына қойылатын талапта, конвертердің фурмаларына оттегі мен судың берілу жүйесі, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен оларды пайдалану ережесі.

Көлемі тігінен 40 т жоғары, көлденеңінен 10 т жоғары конвертерлерге қызмет көрсетуге қатысқан кезде – 6-разряд.

Конденсаторшы


50. Конденсаторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімді белгіленген режим бойынша конденсаттау және суландыру процессін жүргізу. Құбырлы пештердің, муфалық пештердің және қайнаушы қабат режимінде жұмыс істейтін пештердің конденсаттық құрылғысын басқару. Суландыру жүйесінің сорғыларына қызмет көрсету. Конденсаттық жүйенің герметикалығын қамтамасыз ету. Астауларды, газ өткізгіштерді, желдеткіштерді бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Сынапты баллондарға құю.

Білуге тиіс: сынаптан уланудан сақтану шаралары, конденсаттық жүйедегі ақаулықтарды анықтау және жою әдістері, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен оларды пайдалану ережесі.

Түсті металдарды құюшы
51. Түсті металдарды құюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вайербарс, құйма, әр түрлі профильді және көлемді құйымдарды жартылай үздіксіз және үздіксіз құю, үздіксіз бір және көп жіпті, сым дайындамаларды құю және оларды құю және илемдеу процестерінің біріккен кезінде илемдеу орнағында илемдеу процессін жүргізуге қатысу, электр пешін, құю құрылғыларын, илемдеу орнағын және басқа да жабдықтарды басқару. Металл бетінен шламды алу. Құралды, ұйымдық құралды дайындау, құюға арналған науаны дайындау және орнату. Құймаларды құю машиналарың құдықтарынан шығару, үрлеу, тасымалдау және оларды белгіленген көлем бойынша кесу. Құйымдар, құймаларды жарамсыз ету, пакеттеу, белгі соғу, қатарлап қою, қоймаға тасымалдау. Пешті, миксерді, құдықтарды, шөміштерді және басқа да жабдықтарды шламнан тазалау. Жабдықты майлау. Легірлеу қоспаларын дайындау. Құйымдарды престе бөліп орналастыру. Ілмектеу жұмыстарын орындау. Көтеру және көлік жабдықтарын басқару, оларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидаты және оны пайдалану ережесі, құралдар мен жабдықтарды дайындау және пайдалану тәсілдері, өнімді тасымалдау және аралау ережесі, құю үшін қолданылатын негізгі материалдардың қасиеттері, шартты сигнализация, шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

52. Түсті металдарды құюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вайербарс, құйма, әр түрлі профильді және көлемді құйымдарды жартылай үздіксіз және үздіксіз құю, үздіксіз бір және көпжіпті, сым дайындамаларды құю және оларды құю және илемдеу процестерінің біріккен кезінде илемдеу орнағында илемдеу процессін біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының көмегімен жүргізу. Электр пешін (миксерді), құю құрылғыларын (машинаны), бөліп құю машиналары (конвейерді), кристаллизаторды, илемдеу орнағын, шөмішті лақтырғышты және басқа да жабдықтарды басқару. Пешке немесе миксерге қатты металды салу және сұйық металды құю, легірлеу қоспасын салу. Металды араластыру. Температура мен пештегі, миксердегі, құйымдағы, кристаллизатордағы металдың деңгейін, спиральдің қызуын, металл қалыпқа, кристаллизаторға металдың тегіс түсуін бақылау. Құйма немесе құйым құюшылардың құйманы, құйымды орналастыруын бақылау. Пеште, шөміште, құйымда металл бетінен шламды алу. Металды қосақталған пешке (миксерге) қайта қосу. Сынамаларды іріктеу. Жабдықтың жұмысын бақылау, оның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: пештердің, миксерлердің, илемдеу орнағының және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен электр сұлбалары, сумен суыту және майлау жүйесі, өнім ақаулықтарының алдын алу және жою, құю және илемдеу шарттары, кристаллизаторларды, құйымдарды, науаларды, құю құралының футерін дайындау және пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын және олардың көрсеткштерін пайдалану ережесі, технологиялық процесс параметрі, қолданылатын металдың физика-химиялық, механикалық және технологиялық қасиеттері.


53. Түсті металдарды құюшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Вайербарс, құйма, әр түрлі профильді және көлемді құйымдарды жартылай үздіксіз және үздіксіз құю, үздіксіз бір және көп жіпті, сым дайындамаларды құю және оларды құю және илемдеу процестерінің біріккен кезінде илемдеу орнағында илемдеу процессін жүргізу. Құю және илемдеу технологиялық процессінің барысын реттеу және түзету. Металды құю үшін дайындау. Температура мен пештегі, миксердегі, құйымдағы, кристаллизатордағы металдың деңгейін бақылау. Жабдықтың жұмыс көрсеткішін жазу. Дайын өнімнің сапасын айқындау.

Білуге тиіс: пештердің, миксерлердің, илемдеу орнағының, кристаллизаторлардың, құю құрылғыларының (машиналарының) және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтың конструктивтік құрылысы, жабдық жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері және жою әдістері, процесті автоматтық реттеу аспаптарын пайдалану ережесі, сым дайындамасын көп жіпті үздіксіз құйған кезде кристаллизаторды орнату тәсілдері, өндірістік-техникалық оқыту бағдарламасы шегіндегі металлургия негіздері.

Қадалық кран машинисі
54. Қадалық кран машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Токқа жоғарғы жағынан қосылатын электролизерлерге қызмет көрсеткен, алған, орнын ауыстырған және қадалықтарын тазалаған кезде; ыстық металды төккен, тасымалдаған және құйған кезде, анод рамаларын тартқан кезде, электролизерлерді күрделі жөндеу кезінде жүкті қозғалтып түсірген кезде, шикізат пен материалдарды тасымалдаған және электролизерлер ванналарына салған кезде жүк көтергіштігі 10 т және одан жоғары қадалық кранды басқару. Жүктерді ілмектеуді, электр қозғалтқыштарының, арқандар мен түсіру тетіктерінің түзу қалпын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: кранның тетіктері мен электр жабдықтарының құрылысы, қадалықтарды алу және орнын ауыстыру ережесі мен тәсілдері, электролизерлерге қызмет көрсетудің негізгі параметрлері, кранның электр сұлбасы, жүктерді көтеру және орнын ауыстыру ережесі, электр слесарлық жұмыстың негіздері.

Реакциялық аппараттардың монтажшысы
55. Реакциялық аппараттардың монтажшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалпына келтіру және айдау аппараттарының жекелеген тораптарын монтаждау және демонтаждау. Аппарат бөлшектерін тасымалдау, себетке салу және оны қышқыл құйылған ваннаға кран балкамен салу. Бөлшектер мен мойнақтарды барлық шламдарды толық жойғанға дейін өңдеу. Бөлшектер мен мойнақтарды жуу және кептіру. Мойнақты арнайы өңдеу орнағына орнату, оған қышқыл ерітіндісін құю. Өңдеп болғаннан кейін қышқылды ағызу. Бөлшектер мен мойнақтарды қалпына келтіру аппараттарын жинау стенділеріне тасымалдау. Қышқыл ерітіндісін өңдеу ванналарында дайындау. Баллондарды жүк көтергіш тетіктермен көтеру, оларды стенділерге орналастыру, қышқылды баллоннан ыдысқа (цистернаға) ағызып құю.

Білуге тиіс: аппараттардың жекелеген тораптары мен бөлшектерінің мақсаты мен оларды монтаждау және демонтаждау ережесі, қышқыл, магний, хлорлы магний, титанның төменгі хлоридтерінің қасиеттері мен олармен жұмыс істеу ережесі, пештер, өңдеу ванналары, сорғылар, жүк көтергіш тетіктері, көлік құралдарының құрылысы мен оларды пайдалану ережесі, жүктерді ілмектеу ережесі, өңделген бөлшектердің, жуу мен кептірудің сапасына қойылатын талаптар, реакциялық массамен жұмыс жүргізу ережесі, шартты сигнализация.

56. Реакциялық аппараттардың монтажшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалпына келтіру және айдау аппараттарын монтаждау және демонтаждау. Қалпына келтіру және айдау аппараттарын бұру станоктарына орнату. Магнийдің ұсақ бөлшектілігін тотықтандыру үшін айдау аппараттарына ауа жіберу, мойнақ-конденсатордың, лабиринттің кессонын алу. Ағызу түтігі бар сағаның, құмдау аппратына қосу. Аппараттарды перстеу және олардан қысымды айдау. Сағаның қақпағын, ағызу түтігін, аппарат қақпағын демонтаждау. Қақпақты бөлім камерасына тасымалдау, одан вентильдерді, тетік қысқыштарды алу және реакциялық массаны азотпен үрлеу. Вентильдерді тексеру.

Білуге тиіс: бұру станоктарын, түтіндету камерасын, жүк көтергіш және көлік жабдығының құрылысы мен пайдалану ережесі, аппараттарды монтаждау және демонтаждау ережесі, қолданылатын құралдар, аспаптардың түрлері және оларға қойылатын талаптар, конденсаттың, реакциялық массаның, титанның төменгі хлоридтерінің қасиеттері мен құрамы, тығыз ауа, азот, аргон, су, сантехникалық желдеткіш желісін пайдалану ережесі, вакуум-төсемдердің қасиеттері мен сапасы.

57. Реакциялық аппараттардың монтажшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалпына келтіру және айдау құрастырылған аппараттарын вакуум-блокқа қосу, ауаны аппараттан сорғымен техникалық шартта қарастырылғандай қалдық қысымға дейін сору, аппаратқа ауаның келуін тексеру. Вакуумдық және бустерлік сорғыларға қызмет көрсету. Аппараттағы қысымды алу. Режимдік картаны толтыру. Дайын аппаратты қалпына келтіру және айдау учаскелеріне беру. Сорғыларды тоқтату. Сорғылардан өңделген майды ағызу. Сорғыларды жуу. Бакты таза маймен толтыру. Сорғылардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: сорғылардың құрылысы мен пайдалану ережесі, аппараттың герметикалығы мен беріктігіне қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарын учаскелерде пайдалану ережесі, сорғылардың жұмысында кездесетін ақаулықтардың түрлері және себептері және оларды жою әдістері, вакуумдық аппараттармен жұмыс істеу ережесі.

58. Реакциялық аппараттардың монтажшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аппараттарды соңғы рет сынау және оның бөлшектерінің ақаулықтарын анықтау. Монтаждалатын аппараттарды процесс бойынша есепке алу. Сорғыларды жөндеу. Ақаулы бөлшектерді жарамсыз ету. Аппараттарды монтаждау және демонтаждау бойынша жұмысты басқару.

Білуге тиіс: қалпына келтіру және айдау аппараттарында болатын химиялық - металлургиялық процестер, көлік-технологиялық тәсім, монтаждалған аппараттардың сапасы мен олардың герметикалығына қойылатын талаптар, монтаждалатын аппараттардың кинематикалық сұлбасы.

Асыл металл өндірісінде жабдықтарды реттеуші
59. Асыл металл өндірісінде жабдықтарды реттеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған технологиялық құрылғылар, сорғылар, редукторлар мен басқа да жабдықтарды реттеу, тексеру, ағымдағы жөндеу. Таза асыл металдар мен олардың тұздары өндірісінде барлық технологиялық жабдықтар мен технологиялық процестің жай-күйін реттеу және тексеру. Жабдықты іске қосу. Жаңа жабдықты сынау және жаңа технологияны енгізу. Технологиялық жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.


жүктеу 3,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау