Жұмыспен қамту 2020 жол картасы


Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету



жүктеу 0,7 Mb.
бет4/4
Дата10.03.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12076
1   2   3   4

7. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету
86. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгізілетін Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында:

1) нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу;

3) Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «ЗТМО» РМҚК тиісті дерекқорларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.

Бұған қоса, кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.

87. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.


8. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

88. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн, оның iшiнде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.

Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.
2020 жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін

жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары

адам


Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485



9. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
89. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта әлеуметтік көмек көрсетудің мынадай тәртібі мен шарттары ұсынылады.

АӘК күнкөрісі төмен отбасылар арасындағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға олар осы Бағдарламада көзделген іс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан немесе келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар оларға АӘК төлеуді тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу құқығын сақтайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.

Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.


10. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
90. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, 2016 – 2020 жылдар.

91. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.

Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, микрокредиттер, кредиттер және Қаржылық лизинг, гранттар беру шарттары бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.

Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу үшін облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:

1) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың тізбесін, қатысушылардың санаттарын, олардың белсенділігін арттыру шаралары мен тәсілдерін (Бағдарлама операторымен келісім бойынша) айқындайды;

2) қызметтік тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.

92. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады, еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады.



11. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
93. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:

1) 2013 жылға – 104,9 млрд. теңге;

2) 2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

3) 2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

12. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с№

Iс-шараның атауы

Шығыстар

Жауапты орындаушылар

Аяқталу

нысаны

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1. Ұйымдастыру iс-шаралары

1

«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң бағдарламалық тұғырнамасында ағымдағы және перспективалық жұмыс орындары дерекқорын құру үшін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету

-

Еңбекминi, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Дерекқор

2013 жылғы 3-тоқсан

2

Өңірлердің жұмыспен қамту картасын және оны қалыптастыру жөнінде нұсқаулықты әзірлеу және бекіту

-

Еңбекминi,

ЭБЖМ, ӨДМ, АШМ



СА-мен келісілген Еңбекминінің бұйрығы

2013 жылғы 3-тоқсан

3

«Жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу

2013 – 2015 жылдар ға көздел ген қаражат шегінде

Еңбекминi

Дерекқор

2013 жылғы 3-тоқсан

2. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру

4

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, АШМ, «АШҚҚҚ» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ

(келісім бойынша)


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы маусым

1

2

3

4

5

6




қаржыландыру қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу















5

«Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу




-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, АШМ,

«АШҚҚҚ» АҚ, «Даму» КҚД» АҚ

(келісім бойынша)


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы маусым

3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

6

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы»

-

Еңбекминi, БҒМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы маусым

1

2

3

4

5

6




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу













4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

7

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу



-

Еңбекминi, ӨДМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы маусым

5. Ақпараттық жұмыс

8

Халықтың мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру:

- ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен, жұмыс берушілермен, жеке меншік агенттіктермен кездесулер өткiзу;



-

Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланым дар

Үнемi

1

2

3

4

5

6




- БАҚ-та сөз сөйлеу;
- ақпараттық материалдарды Еңбекминiнiң веб-сайтына орналастыру













9

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін құру

2013 – 2015 жылдар ға көздел ген қаражат шегінде

Еңбекминi, ККМ, ЭБЖМ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нің Ахуалдық орталығы

2013 жылғы қараша

10

«Жастардың еңбек биржасы» және «Жұмыс» ақпараттық порталдарын құру

2013 – 2015 жылдар ға көздел ген қаражат шегінде

Еңбекминi, ККМ, Қаржыминi, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас отан» Жастар қанаты (келісім бойынша), «Атамекен «одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

Интернет-сайт

2013 жылғы қараша



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Атамекен «одағы» ҚҰЭП – «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы

«Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы

«Даму» КДҚ АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

«АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы


________________
жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау