Сонымен күшінің істелінген жұмысы кинетикалық энергия деп аталатын шамаға тең болады. Соңғы формуладан кинетикалық энергияның дененің тек қана массасы мен жылдамдығына тәуелді екендігін көреміз, яғни жүйенің кинетикалық энергиясы оның қозғалысының күй функциясы болып табылады. Жоғардағы формуланы қорытқанда, қозғалысты инерциалды санақ жүйесінде қарастырайық. Онсыз Ньютон заңдарын қолдана алмас едік. Бір-біріне қатысты қозғалғандағы әртүрлі инерциялды санақ жүйелерінде дененің жылдамдығы және кинетикалық энергиясы түрлі болады. Бұдан кинетикалық энергия санақ жүйесіне тәуелді екендігін көреміз. Егер бірнеше материалдық нүктелер жүйесін қарастырсақ онда жүйенің кинетикалық энергиясы деп, осы жүйені құрайтын барлық материалдық нүктелердің кинетикалық энергияларының қосындысын айтады:
Қорыта келгенде, жүйенің кинетикалық энергиясынның өзгерісі жүйені құрайтын нүктелерге түсірілген барлық нүктелердің жұмысына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |