Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары



жүктеу 55,14 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі55,14 Kb.
#13520
түріКодекс


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

____жылғы «___» ________ № _____ бұйрығымен бекітілген



Жұмыс берушінің

қызметін декларациялау қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – одан келіп түскен өтініштің негізінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетін қызметін тану рәсімі;

2) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

4) кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

5) кәсіподақ органы – кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқару органы;

6) өрескел бұзушылықтар – қызметкердің еңбек ету қабілетінен уақытша немесе тұрақты айрылуына әкеп соққан еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша заңнаманы бұзушылықтар, өндірістегі жазатайым оқиғалаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізбеу, сонымен қатар жұмыс уақыты және демалу уақыты тәртібін сақтамау;

7) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, мемлекеттік маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды тұлғалары.

4. Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі болып табылады.
2. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі
5. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

6. Жұмыс беруші өз қызметін декларациялауға қатысу үшін ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіподақ органымен (ол болған кезде) бірлесіп толтырылған қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларацияны (бұдан әрі – декларация) жолдайды.

7. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган декларацияны қабылдаған күнінен бастап жиырма күннің ішінде жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

8. Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

9. Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

10. Жұмыс берушінің қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік еңбек инспекторларының оған баруы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес барып бақылаудың басқа түрінде жүзеге асырылады .

11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

12. Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

13. Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген іріктеп тексеруді және субьектіге барып бақылаудың өзге де түрлерін қалыптастырған кезде ескеріледі.

Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

14. Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:



  1. жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

  2. декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;

  3. декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған, еңбек қызметімен байланысты өндірістегі ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар.

15. Жұмыс беруші Сенім сертификатын алған сәттен бастап үш жылдың ішінде еңбек заңнамасын өрескел бұзған жағдайда, Сенім сетификатының күші жойылады.

16. Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган комиссияның ұсынымы бойынша қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.


3. Қорытынды ережелер


17. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келетіні және Сенім сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтер ұсынады.

Жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы ақпарат жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.



18. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның шешімімен келіспеген кезде жұмыс беруші сот тәртібінде шағымдана алады.
жүктеу 55,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау