Жўмыс баєдарламасы Нысан


Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов



жүктеу 0,5 Mb.
бет3/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#17083
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов.


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2009 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова.




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009 ж.


жәқб МАҚҰЛДАДЫ
ЖәқБ бастығы______________А.А.Варакута. «____»____________2009 ж

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша әдіскер мұғалімдер даярлайды.



Пәнді оқыту мақсаты:

Студенттерді «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің теориялық негіздерімен таныстыру, бакалаврда тілдік категорияларды, қандай әдіс- тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Әдіскер мұғалімдер оларға педагогикалық қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Сайып келгенде, әдістеме- мұғалімнің творчестволық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт беріп сабақ берудің әдіс-тәсілдерін меңгертеді.



Пәннің міндеттері:

Студенттерді ұстаздық мамандыққа бейімдетудегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеті- сыныптық сабақтарды жүргізудің түрлері :

  • аудиториялық сабақтарды жүргізудің түрлері :

  • лекциялық сабақтар ;

  • семинар сабақтары ;

  • лабораториялық сабақ;

  • педагогикалық практика өтуге әзірлік,т.б.

Студенттер білуі тиіс:

Оқу орындарында өтілетін қазақ тілі курсы бойынша жасалған бағдарламалар негізінде дәріс жоспарын құрастыра білу және оны басшылыққа

Алу жолдарын ұйымдастырумен таныстырады, үйретеді. Құрастырған бағдарламаны басшылыққа ала отырып, тиісті оқулықтар мен оқу құралын пайдалана, сабақтың жоспарын, конспектісін жасай білуге үйрету

Студенттер істей білуі тиіс:

Қазақ тілінен өтілетін сабақты ұйымдастыру жолдарын білу, сабақтың мазмұнын айқындап, сабақ өткізу әдістемелері мен тәсілдерін меңгеру. Оқулықтар мен оқу құралдарын пайдалана отырып студенттедің әзірлігімен атқаратын дербес жұмыстарына басшылық жасау және аудиториялық жұмысты орындату жұмыстарын білгізу.

2. Пререквезиттер:

- Тіл білімі ғылымымен байланысы.

Тіл білімі немесе лингвистика- тіл және оның заңдары туралы ғылым. Тіл қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады.

- Әдебиетпен байланысы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы әдебиеттану ғылымымен тығыз байланысты оқытылады. Тіл- әдебиеттің бірінші элементі( М.Горький). Қазақ тілін оқытып үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл ғылымы үшін құнды материал болып саналады.

Көркем шығарма халықтың тұрмысалтын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, тірлігін,тағдырын сипаттайтын болғандықтан, ол тек қана тіл фактілері арқылы ғана жүзеге асады.

Қазақ тілін оқыту әдістеме-ғылымында әдебиет пәнінің алатын орны ерекше,өйткені әдебиетте халықтың бай тіл қазынасы, сөздік қоры,мақал-мәтелдері, көркем сөз тіркестері тілдің нәзік қатпарлары, ауыспалы мағынадағы

сөздердің астарлы қатпарлары сақталған.

- Педагогикамен байланысы.

Педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде танылады.

Тәрбиенің түрлері : дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және құлық тәрбиесі. Бала тәрбиесінде ұлт тәрбиесін қалыптастырудың жодары : қазақ тілін оқытудың әдістемесі негізінде жалпы педагогиканы адамның дене жан күштерін тәрбиелеудегі жолдар қолданылады.

- Психологиямен байланысы.

Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін : жан көріністерінің дене көріністерінен айырмасы, өзін-өзі бақылау жолдары. Жоғарғы нерв жүйесінің қызметі. Сыртқы сезім әсерлері, іскерлік, дағды, шеберлік, ес, зейін, қиял, т.б. адам жанының психологиялық іс-әрекетінің оқыту әдісі мен тәсілі барысында осы аталған құбылыстарға сүйену қажет.



Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есіне сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады.


Пәннің тақырыптық Нысан



жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10

3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1

1

2

2

Қазақ тілі әдістемесі туралы кіріспе.


1

1

2

3

Көрнекті ғалым-әдіскерлердің мұрасы.


2

1

10

4

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.


2

1

10

5

Фонетиканы оқыту әдісі.

2

1

10

6

Лексиканы оқыту әдісі

2

1

10

7

Морфологияны оқыту әдісі.

2

1

12

8

Синтаксисті оқыту әдісі

4

2

12

9

Орфографияны оқыту әдісі

2

1

10

10

Пунктуацияны оқыту әдісі.

2

1

10

11

Тіл ұстарту әдістері.

2

1

12

12

Сынақ жұмыстары, оның түрлері..

2

1

10

13

Қазақ тілін оқыту құралдары.

2

1

15

14

Қазақ тілі кабинеті.

2

1

10




Барлығы: сағат

30

15

135


3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі- университеттің филология факультеттеріндеорта мектеп үшін қазақ тілінен мұғалім даярлайтын дағды, іскерлік беретін негізгі пәндердің бірі болып есептеледі.

Қазақ тілі әдістемесінің курсы қазіргі әдістеме, лингвистика, халықтық педагогика және психология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінеді.

Мектепке пән ретінде оқытылатын қазақ тілінің әлеуметтік маңызына студенттердің, болашақ мұғалімдердің азаматтық сенімін қалыптастырады

Студенттердің ғылыми- әдістемелік шығармашылығына жол ашып, өздерінің педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін, мұғалім еңбегіне құрметпен қарап, шығармашылық қатынас жасауды бойларына сіңіреді.

Ұсынылып отырылған бағдарлама жобасын әдістемелік мәселелерді жүйелі баянндайтындай бізде оқу құралы аз. Оқулық ретінде 1965 жылы шыққан Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың «Қазақ тілін оқыту методикасы» бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді және оны қанағаттандыра алмайды.Онда көптеген әдістемелік мәселелер қамтылмаған. Мысалы, лексиканы, стилистиканы оқыту әдістемесі, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі, т.б.



2-тақырып. Қазақ тілі әдістемесі туралы кіріспе.

Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері. Қазақ тілі- оқу пәні. Қазақ тілін оқытудың принциптері мен міндеттері.. Қазақ тілін оқыту әдістері, ойлау тәсілдері. Оқыту әдістерінің әр түрлі топтастырылуы. Оқытудың проблемалық түрі.



3-тақырып. Көрнекті ғалым- әдіскерлердің мұрасы.

Көрнекті ғалым- әдіскерлердің мұрасы туралы. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Басымов, С.Жиенбаев, Ш.Х.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, М.Ұйықбаев, Ж.Аймауытов, А.Әбілқаевтардың әдістемелік құралдарына шолу жасау.



4-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми –зерттеу әдістемесі бар.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері : әдістемелік әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі; оқу процесін бақылау әдісі, әңгімелесу әдісі, анкета бойынша сұрап-білу әдісі, эксперимент әдісі тестпен жұмыс істеу әдісі. Ғылыми зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталып, оларға сипаттама беру.



5-тақырып. Фонетиканы оқыту әдісі.

Мектепте фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері мен негізгі принциптері.Фонетикалық жаттығу, оның негізгі түрлері. Фонетикалық талдау, оны өткізу әдісі.

Фонетика сабақтарында көрнекі құралдарды және техникалық құралдарды

Пайдалану.Фонетиканы оқытумен байланысты орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру.



6-тақырып. Лексиканы оқыту әдісі.

Лексиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, принциптері. Лексиканың мазмұны.Лексикалық негізгі ұғымдарды меңгеруде оқушыларға кездесетін қиыншылықтар. Лексиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері. Лексикаға арналған жаттығулардың түрлері. Лексиканы оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдалану.


7-тақырып. Морфологияны оқыту әдісі.

Морфологияны оқытудың маңызы, міндеті, құрылымы, принциптері. Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жағдайлары, кезеңдері, әдістері мен тәсілдері. Морфологиялық жаттығулар. Морфологиялық талдау. Морфологияны оқытуға көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану.



8-тақырып.Синтаксисті оқыту әдісі.

Мектепте синтаксисті оқытудың мазмұны, міндеті, маңызы мен принциптері.Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері мен оны оқыту әдістері.Сөз тіркесінің әдісі. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін оқушыға меңгерту жолдары. Синтаксистік жаттығу мен талдау. Синтаксис сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар мен техникалық құралдар.



9-тақырып.Орфографияны оқыту әдісі.

Орфографияны оқытудың ғылыми- практикалық маңызы, міндеттері мен принциптері. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдісі. Орфография бойынша жаттығу жұмысы мен талдау. Орфографиялық қателермен жұмыс Орфографияны оқытуға көрнекі, техникалық құралдарды пайдалану.



10-тақырып. Пунктуацияны оқыту әдісі.

Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері, принциптері. Пунктуациялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Пунктуациялық қателер, жаттығулар, пунктуациялық талдау. Пунктуация бойынша көрнекі, техникалық құралдар.



11-тақырып.Тіл ұстарту әдістері.

Тіл ұстарту жұмысының маңызы мен міндеті, салалары. Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысының маңызы мен міндеттері, принциптері.

Тіл ұстарту оқушылардыңойын,, байқағыштығын, эмоциялық әдептігін дамытумен байланысты, әдебиет сабағымен байланыстылығы жайлы.

Мазмұндама мен шығарма жұиыстары. Мазмұндама, оның түрлері. Мәтінге тілдік талдау жасау, оның маңызы. Шығарма, оның түрлері, шығарма жазуға қажетті тілдік материалды дайындау жұмысы. Шығарма мен мазмұндаманы тексеру. Олардың мазмұны мен тілдік жақтарына баға беру. Тілдік қателер мен кемшіліктер.Тіл мәдениеті мен стилистика. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстың маңызы, міндеттері, мазмұны. Оқушылардың сөзіндегі

Тілдік қателер мен кемшіліктерді есепке алу, жіктеу. Стилистикаға байланысты жаттығу түрлері, оларды жіктеу. Стилистика сабақтарының оқушыларға тигізетін әсері. Стильдік қатені болдырмау және түзету әдісі.

12-тақырып.Сынақ жұмыстары, оның түрлері.

Сынақ жұмыстары, олардың түрлері, оларды өткізудің әдісі. Сынақ жұмысының мәтіні мен көлеміне қойылатын талаптар. Оқушылардың тілін дамытуға арналған сынақ жұмыстары. Оқушылар жіберген қателерге талдау жасау. Сынақ жұмысына қойылатын баға нормалары.



13-тақырып.Қазақ тілін оқыту құралдары.

Оқулық, оның оқыту ісіндегі басты құрал екендігі. Дидактикалық құралдар. Оқулықтарға сипаттама беру. Бағдарлама мен оқулықтың байланысы. Көрнекі құралдар түрлері.



14-тақырып. Қазақ тілі кабинеті.

Қазақ тілінің оқу жұмысын ұйымдастыру. Сабақ- оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Сыныптан тыс жұмыстар. Қазақ тілі пәні бойынша жұмыстарды жоспарлау.


3.4 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары.


Тақырып

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны.


1-тақырып

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білім,білік дағдыларын бағалау мөлшері.

Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.



2-тақырып

Мұғалімнің өз сабағын талдауға арналған жадынама, сабақ жүргізу түрлері(сабақ талдау).

Мектептегі әдістемелік кабинеттің жабдықталуына қойылатын жалпы талаптар.



3-тақырып

5-11 сынып оқушыларының қазақ тілі бойынша білімін, іскерлігі мен бағалау нормаларына, мектепте бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимінің талаптарына талдау жасау.

Бағдарлама бөлімдерінің біріндегі материалды сағатқа бөлу. Аралық бақылау. Сан есім емлесін талдап, жинақтап оқып, әдісін түсіндір( мәтіннен сан есімге талдау жасау).



4-тақырып

Лекцияда айтылған теориялық мағлұматтарды оқып үйрену негізінде сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға талдау жасау(ауызша, жазбаша). Талданған сабақтарды әдістемелік жақтан жетілдіру мақсатында дәлелді ұсыныстар жасау.

Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру.Сабақтың құрылымдық элементтері. Жаңа тақырыпқа мұғалімнің даярлық жұмысы, тәсілдерді таңдау, мысалдарды сұрыптау.



5-тақырып

Бағдарламаның бір тақырыбы бойынша көрнекі құралдар жасау. Перфокартаны жасап, пайдаланып үйрену. Пән мұғалімдерінің сабақтарының сабақтарына қатысып, оларға толық талдау жасау.Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізу.

Сабақ конспектісін жасау, сабақ құрылымының варианттарын жасау.Тіл мұғалімінің сабаққа дайындығы, оған қойылатын негізгі шарттар.



6-тақырып

Көрнекті әдіскерлердің ғылыми - әдістемелік мұрасы.

С.Жиенбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі.

Ш.Сарыбаев - әдіскер, ғалым, ұстаз.


7-тақырып

Пән мұғалімдерінің не әдістемелік бірлестіктің озат тәжірибелерін жинақтап, баяндама жасау.

Газет, журналдардан алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибелердін жинақтап, баяндама жасау.



8-тақырып

Қазақ тілі сабақтарында тілдік құбылыстарды өздігінен талдауға оқушыларды үйрету.

Грамматика сабақтарында ізденудің сипатында орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлауын, сөйлеуін дамыту(белгілі бір тақырып бойынша)



9-тақырып

Қазақ тілі пәнінің бағдаламаларына талдау жасау.

5-11сынып үшін жасалған бағдарламаларға талдау, шолу жасау.



10-тақырып

Фонетика, лексика, орфоэпия, орфографияға әдістемелік шолу жасау. Сабақ жоспарын жазу.

11-тақырып

Синтаксис, морфологияны оқытуға арнап сабақ жүргізу , талдау.

12-тақырып

Дидактикалық материалдармен жұмыс істеп үйрену.

Қазақ тілі мұғалімдерінің іс- тәжірибелерімен танысу, пікір алысу.



13-тақырып

«Қазақ тілі мен әдебиет», «Қазақстан мектебі» журналдарына шолу жасап, тәжірибелі мұғалімдердің еңбектерімен танысу.

Дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу әдістемесі.



14-тақырып

Грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік талдау түрлерін жүргізу жолдары. Сабақ жүргізіп үйрену, оны талдау. Жылдам жоспар жасап үйрену.


3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарын өңдеу

Дәріс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

20

4

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

10




Барлығы







60


Курс жұмысының тақырыптары
1. Көрнекті ғалым - әдіскерлердің әдістемелік еңбектерін зерттеу.

2. Әдіскер Х.Басымовтың ұстаздық тәжірибесі.

3. С.Жиенбаевтың қазақ тілін оқытуға қосқан үлесі.

4. Ш.Сарыбаевтың педагогикалық шеберлігі.

5. А.Байтұрсынов- әдістеме ғылымының негізін қалаушы.

6. Қ.Жұбанов - әдіскер ғалым.

7. Д.Әлімжановтың әдістемелік көзқарастары.

8. Ы.Маманов- әдістеме ғылымы туралы ой- пікірлері.

9. А.Әбілқаевтың «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» еңбегі бойынша.

10. Х.Арғынов «Құрмалас сөйлем синтаксисінің әдістемесі» еңбегі.

11. Ж.Аймауытов. Ана тілін қалай оқыту керек.

12. А.Айғабылов- лексиканы оқыту әдістемесі туралы.

13. М.Ұйықбаев- қазақ тілін оқыту мәселелері жайлы.

14. М.Махмұтов- қазіргі сабақ жайлы.

15. Қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілі бойынша оқу кешені, оның негізгі құралдары.

16. Пән мұғалімдерінің не әдістемелік бірлестіктің озат тәжірибесін жинақтау.

17.«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» атты жинақтардағы мұғалімдердің тәжірибелеріне шолу жасау, талдау.

18. Сабақтың типтері мен түрлері.

19. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері.

20. Пунктуацияны оқыту жолдары.

21. Мектепте анна тілі мен әдебиетті оқыту жөніндегі ғылыми- зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері туралы.

22. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту.

23. Қазақ тілі сабағы, оның ерекшеліктері, сабаққа қойылатын талаптар.

24. Қазақ тілін оқытудағы оқытудың жаңа техналогиялары.

25. Аудиториялық сабақтың түрлері.

26. Қазақ тілі пәндері жүйесін оқыту арқылы әдістемелік жолдарды дамыту

27. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың ынтасын арттыру.

28. Сөзжасамды оқыту жолдары.

29. Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары.

30. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.



Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар


  1. Арғынов Х. Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы. А. 1964 жыл.

  2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. 1996 жыл.

  3. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы.1990 жыл.

  4. Ермеков Ә. Грамматикалық талду. Алматы.1958 жыл.

  5. Жолымбетов К. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. А.1975 жыл.

  6. Исабаев А. Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері. А.1973 ж.

  7. Ишмұхамедов А. Қызықты грамматика. Алматы.1987 жыл.

  8. Салқынбай А, Көккөзова М. Әдіскер тағлымы. Алматы. 2006 жыл.

  9. Қазақ тілі мен әдебиетін журналында басылған методикалық мақалалар.

  10. Кәтембаева Б.Ш. Еліктеуіш сөздерді оқыту.

  11. Түсіпова Қ.Д. Сабақ, оның түрлері. Павлодар.2007 жыл.

  12. ТүсіповаҚ.Д. Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары. Павлодар.2006 жыл.



Мамандықтың (тардың) Нысан

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме



050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Қазақ тілін оқыту әдістемесі.


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде



6
















135

45

90

5-семестр

6-семестр













30

15

90

45


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

1.Адамбаева Ж. Төртінші класс «Қазақ тілінің оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1972 жыл.

2.Арғынов Х. Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы. А.1964 жыл.

3.Афанасьев П.О. Методика русского языка в средней школе.А.1967 жыл.

4.Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. А. 1965 жыл.

5.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.1996 жыл.

6.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. А. 1990 жыл.

7.Бегалиев Ғ. Бастауыш мектептегі қазақ тілі методикасының мәселелері.А.1950 жыл.

8.Дмитриев Н.К, Чистяков В.М, Бакаева Н.З. Очерки по методике преподавания русского и родного языков в татарской школе, 1952.

9.Ермеков Ә. Грамматикалық талдау.А.1958 жыл.

10.Жиембаев С. Қазақ тілі методикасы. А.1976.

11. Жолымбетов К. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. А. 1975 жыл.

12.Исабаев А. Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері.А.1973 ж.

13.Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу методикасының негіздері. А.1974 жыл.



Ќосымша єдебиеттер:

1.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.А. 1950 ж.

2.Ұйықбаев И. Қазақ тіліндегі сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар. А.1957 ж.

3.Құлмағамбетова Б, Көккөзова М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2001 ж.

4.Салқынбай А, Көккөзова М. Әдіскер тағлымы.

5. Қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен А.1976 ж.

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында басылған методикалық мақалалар.

7. «Қазақстан мектебі» журналында басылған методикалық мақалалар.



8.Каиров И.А, Гончаров Н.К, Есипов Б.Н.Занков Л.В. Педагогика,1956ж.

9.Кәтембаева Б.Ш. Еліктеуіш сөздерді оқыту. Мұғалімдерге, студенттерге арналған көмекші құрал.
жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау