Жұмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»


-сұрақ: «Радиациялық және химиялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу» – 45 мин



жүктеу 4,49 Mb.
бет9/11
Дата21.11.2018
өлшемі4,49 Mb.
#23354
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2-сұрақ: «Радиациялық және химиялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу» – 45 мин.
Оқытушы студенттерді 3 топқа бөліп, оқу нүктелерінеде приборларды жұмысқа дайындауға кіріседі.
1 оқу нүктесі

Бұл оқу нүктесінде студенттер ДП-5 В приборын жұмысқа дайындап, онымен әр түрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма- радиация деңгейін өлшеудің иммитациясын жасайды.


2 оқу нүктесі

№ 2 оқу нүктесінде студенттер ДП-3Б және ДП-22В приборларын жұмысқа дайындап, гамма-сәулеленудің дозасын өлшейді. Доза өлшеу шараларын әрбір студент жеке орындап оны дәптерге жазады және қателіктерін оқытушы түзеп отырады.


3 оқу нүктесі

Студенттер бұл нүктеде әскери химиялық барлау приборын жұмысқа дайындап, оның көмегімен ауадағы, техникадағы уландырғыш заттарды іздеп, оларды анықтайды. Уландырғыш заттарды табу шараларын әр студент жеке орындап шығады. Әр 15 минут сайын топтар оқу нүктелерімен алмасады.



III. Сабақты қорытындылау- 5 мин.

Оқытушы өткен сабаққа қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағанасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап беріп, өз бетінше дайындыққа тапсырма береді.



Әдістемелік істеуді құрастырған

Аға қытушы Спатаев Т.А.

Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2012ж.
Әдістемелік нұсқау

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақ өткізуге арналған
Тақырып №5: «Химиялык жағдайды бағалау».

Оқу мақсаты:

- химиялық барлау приборлары жұмысқа дайындау;

- студенттермен олардың жұмыс істеу принциптерін талдау және үйрету.

-төтенше жағдай кезінде пайда болатын химиялық зақымдану ошағының сипаттамасын оқып-үйрену



Тәрбиелік мақсаты: студенттері қарсыластың жаппай қырып –жою қаруын қолданған жағдайда химиялық барлау приборларымен белсенді жұмыс істей білуі.

Сабақ түрі: тәжірибелік

Уақыт: 2 сағат(100 мин)

Орын: Әскери кафедра

Сабақ тәсілі: түсіндіру, оқу, жаттығулар.

Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Бірінші сұрақ бойынша –химиялык барлау приборларының тактико-техникалық сипаттамасы және тағайындалуын талдау.

Екінші сұрақ бойынша- химиялық барлау приборларының жұмыс істеу принципі, құрылысы және тағайындалуын үйрену.

Әрбір сұрақтан кейін оқытушы студенттерді сапқа қойып қысқаша қорытынды жасап, келесі оқу сұрағын жариялайды және оны орындауға кіріседі.

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.

Тақырыпты оқыған кезде студенттер білу тиіс:

- химиялық барлау құралдарының құрылысын, тағайындалуын және жұмыс істеу принципін.


а) Әдебиеттер

1. Ж.К.Аманжолов, Л.Х.Балабас «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». Астана, 2009 ж.

2. П.П.Кукин. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». М-2003 ж.

3. Оқулық «Тыныс органдары мен теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары».Астана, 2007ж.


б) Құрал-жабдықтар:

- ЖӘҚК


- газқағар

- ӘХБП
Оқу сұрақтары және уақыты





п/п

Сұрақтар

Уақыты

I

Кіріспе

5

II

Негізгі бөлім

90




1.Химиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы

20

2. Химиялық жағдайды бағалау.

25

3. Химиялық барлау приборларының жұмыс істеу принципі, құрылысы және тағайындалуы.

45

III

Қорытынды

5



Сабақты ұйымдастыру және оқытушының кіріспе сөзі - 5 мин.

Студенттерді журнал бойынша тексеру, олардың сыртқы көрінісін тексеру, сабақтың материалдық дайындығын тексеру. Тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақ мақсатын жеткізу, өткен дәріспен байланыстыру және келесі сұрақтар бойынша қысқаша сұрау жүргізу:



  • ядролық жарылыстың зақымдау факторларының сипаттамасы;

  • жергілікті химиялық улану;

  • уландырғыш заттардың жіктелуі және адам организміне әсері;

  • жаппай қырып-жою қаруынан қорғану құралдары.



1 - сұрақ:«Химиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы» - 20-мин

Химиялық жағдайды бағалау – бұл химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанада апат болған территория, ол жерде халық ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер өлімі орын алады.

Жергілікті атмосфера қабатының зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы улы заттың концентрациясы (УЗ), ауа көлемінің бірлігіндегі (г/м³) УЗ саны.

Территорияның зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы зақымдану тығыздығы - зақымданған аудан кеңістігіндегі УЗ көлемі (г/м²).

Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы.


  • улы заттың концентрациясы;

  • УЗ тұрақтылығы;

  • зақымдану ауданы;

  • жарақаттанған адамдар саны;

Химиялық қарудың негізін химиялық улы заттар құрайды(УЗ). Бірінші кезекте олар адамдарды зақымдауға арналған. УЗ – екі негізгі белгі бойынша жіктеледі: адам ағзасына әсері және тұрақтылығы.

Адам ағзасына әсері бойынша:


  1. Нервті-паралитикалық

  2. Тері- іріңді

  3. Жалпыулы

  4. Тітіркендіргіш

  5. Тұншықтыратын

  6. Психохимиялық

УЗ тұрақтылығы – тірі ағза мен өсімдікке әсер ету уақыты. Ол факторларға тәуелді заттың физико-химиялық құрамы, метеожағдай, аймақтың рельефі (ашық немесе жабық).

Химиялық қаруды қолдану үшін – бомбалар мен снарядтарды қолданады. Ластанған бұлт таралған аймақты сипаттау үшін химиялық зақымдану аймағы енгізілген. Ол химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанда апат болу салдарынан орын алған адам өлімі бар территория. Химиялық ластанған аймақ 4 параметрмен сипатталады.



  1. Аймақтың тереңдігі

  2. Аймақтың ені

  3. Аймақтың ауданы

  4. Химиялық ластану аймағындағы химиялық зақымдану ошағының ауданы.

Химиялық зақымдану аймағы улы және күшті әсер ететін улы заттардың таралуы нәтижесінде пайда болады. Өте маңыздысы улы заттардың бір бөлігі аймаққа тамшы түрінде түсіп, кейін буланғанда екінщілік ластанған бу түзейді. Жел арқылы орын ауыстырып ауданы 6-12 км тереңдікке зақымдайды.

Химиялық зақымдану аймағы. Химиялық зақымдану ошағы.

Химиялық қауіпті нысандар – бұл қатты әсер ететін улы заттар өндіретін немесе өндірісте қолданатын халық шаруашылық нысандары. Қазіргі кезде күшті әсер ететін улы заттардың 140 түрі. Зақымдану аймағы химиялық қару кезіндегідей сипатталады.

2-сұрақ:«Химиялық жағдайды бағалау» - 25мин.

Химиялық жағдай ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсініледі.

Химиялық жағдай ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық жағдайды бағалауға мыналар кіреді:

- химиялық зақымдану көлемі мен сипатын анықтау;

- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.
Химиялық жағдайды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық жағдайды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындры) жүргізеді.

Химиялық жағдайды бағалайтын бастапқы мәліметтер:


  • ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

  • улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

  • адамдардың қорғану деңгейі;

  • жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

  • ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа ен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.


Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.
Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20 – 30 м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертең және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.
Ковекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2–2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және ның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.
Химиялық жағдайды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).

ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20˚С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауанфң жер бетіндегі қабатына түскен улы булар қөлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындағын ескеру керек. Қайнау температурасы 20˚С-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық жағдайды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдердін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық жағдайды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар әзірленеді.



3-сұрақ: « Химиялық барлау приборларының жұмыс істеу принципі, құрылысы және тағайындалуы» - 45 мин.

Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа объектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабораторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс принциптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ыкпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық ортада жүргізілсе ылғал түседі.



Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП). Ауадағы, жердегі және техника үстіндегі улы заттарды табуға арналған




белбеумен бекітілген. Корпуста қолнасостың саптамасы, индикаторлы түткішесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс калпақшалары, шам, жылытқыш және оның патрондары орналасады. Корпустың сыртынан сынақты іріктеуге арналған күрек бекітіледі.

Ауадағы улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және УХ бастайды. Бүл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың үшын кесіп ашады. 5°С темпера­тура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 40°С-тан аспайтын температурада жылжытқыны қыздырады (реактивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дәл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды үшынан таңбамен бірге ұстай отыра 2-3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) ұшын таңбаланған насосқа қояды, секундына бір рет тербету жылдамдығымен 5 - 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқылы (бақылау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусында орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағаннан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгі жағын сындырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір-екі рет үлкен қүлашпен сілкілейді. Бүдан кейін бірден бакылау түтікшесінің төменгі ампуласын сындырып, оны да сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды.

Төменгі ампулаларды ашып, оларды сілкілегеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесінде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді.

Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, зоманның және VХ қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше арқылы айдаған кезде насосты 50 - 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 - 3 минуттан соң сындырады.

Жүйкені құрастырғыш улы затты зерттеу нөтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқьлдың немесе хлорцианның бар жоғын анықтайды. Бүл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшені ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қойып, насоспен 10 -15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады.

Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бүдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталон­мен салыстырады.

СS және ВZ-да индикаторлық түтікшесі бар таспалар болған кезде ауада осы улы заттардың бар екендігін анықтауға болады.

Төменгі температураларда ауаны зерттеуді жүргізген кезде түгікшелерді қыздыру керек. Бұл үшін жьлжытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасындағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сынғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғаннан кейін оны бүйірдегі ұяларға түсіріп, индикаторлық түтікшелерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады.

Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларынын улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондықтан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.

Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостың басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бұрып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі топырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күрекпен ашып, қорғаныс қалпақшасын шетіне дейін көмеді. Қақпақты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды.

Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып сап­таманы бұрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптама­ны топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастай­ды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.


Химиялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу.

Оқытушы студенттерді 3 топқа бөліп, оқу нүктелерінеде приборларды жұмысқа дайындауға кіріседі.

Студенттер бұл нүктеде әскери химиялық барлау приборын жұмысқа дайындап, оның көмегімен ауадағы, техникадағы уландырғыш заттарды іздеп, оларды анықтайды. Уландырғыш заттарды табу шараларын әр студент жеке орындап шығады. Әр 15 минут сайын топтар оқу нүктелерімен алмасады.
III. Сабақты қорытындылау- 5 мин.

Оқытушы өткен сабаққа қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағанасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап беріп, өз бетінше дайындыққа тапсырма береді.




Әдістемелік нусқауқұрастырған

Оқытушы СапаровБ.Ж.

Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2012ж.


ӘДІСТЕМЕЛІК ІСТЕУ
«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақ өткізуге арналған

Тақырып №6: «Жарақаттанғандағы, сынықтар кезіндегі алғашқы

медициналық көмек»

Оқу мақсаты:

  • төтенше жағдайлар кезінде зақымданған адамдарға алғашқы медициналық көмекті көрсете білу;

  • жүрекке тікелей емес сылауды жасай білу;

  • жасанды тыныс алдыруды білу;

  • өзіне және өзара медициналық көмек көрсетуді білу;

  • медициналық қобдишаны қолдануды білу.

  • жарақаттар кезінде, сүйек сынғанда, буын тайғанда жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті көрсете білу.



Тәрбиелік мақсаты:

Төтенше жағдайлар кездерінде медициналық көмекті ұйымдастыруға белсенді атсалысу.


Сабақ түрі: тәжірибелік

Уақыт: 3 сағат

Орын: әскери кафедра

Сабақ тәсілі: түсіндіру, оқу, жаттығулар.

Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Сұрақтар бойынша –жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес сылау жасау шаралары, жарақаттар кезінде, сүйек сынғанда, буын тайғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті тәжірибе түрінде өткізу.

Сұрақтан кейін оқытушы студенттерді сапқа қойып қысқаша қорытынды жасап, келесі оқу сұрағын жариялайды және оны орындауға кіріседі.

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.




а) Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 30 тамыз 1995 ж.

2. Қазақстан Респуликасының«Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы» Заңы,

Астана, 28 ақпан 2004 ж.

3. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

4. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22

қараша 1996ж.

5. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің

жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.

6. Говоров Е.И., Степанов А.Т. Общие основы охраны труда.- Алматы.: РИК по УМЛ, 2003 – 113 б.

7. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности

субъектов Республики Казахстан / Сост. В.И. Скала. – Алматы.: «LEM»,

2002. – 276 б.

8. Тіршілік қауіпсіздік негіздері. А.С. Гринин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.

9. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда.- Москва Медицина, 1988 – 576 б.

10. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар

(ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.

11. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях: Учебное

пособие / В.П. Журавлев и др. Изд-во АСВ/ 1999 586 б.

12. Белов С.В., Ильницкая А.В., Козяков А.Ф., Морозова Л.Л. Безопасность

жизнедеятельности. Москва: Высшая школа, 1999 – 478 б.

13. Гражданская оборона. Под. ред. Е. Шубина. М.,«Просвещение»,1991-154б.

14. Катастрофы и аварии. В. Кудряшов. Минск: «Литература», 1996. I-V т.


б) Құрал-жабдықтар:

- медициналық көмекті көрсетуге арналған табельді заттар ( дәрі-дәрмектер, байлап-таңу заттары, қан тоқтататын жгут, шиналар, АИ, ППИ)



Оқу сұрақтары және уақыты




п/п

Сұрақтар

Уақыты

I

Кіріспе

5

II

Негізгі бөлім

140




1. Жүректің сыртқы сылауы және жасанды тыныс алдыру.

40

2. Алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын пайдаланып, өзіне және өзара көмек көрсету.

30

3. Жарақаттар. Жұмсақ тканьдер зақымданғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

35

4. Сүйек сынуы және буындар таюы. Зақымданғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

35

III

Қорытынды

5




  1. Сабақты ұйымдастыру және оқытушының кіріспе сөзі - 5 мин.

Студенттерді журнал бойынша тексеру, олардың сыртқы көрінісін тексеру, сабақтың материалдық дайындығын тексеру. Тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақ мақсатын жеткізу, өткен дәріспен байланыстыру. Дәрісте алған білім деңгейін тексеру үшін келесі сұрақтар бойынша қысқаша сұрау жүргізу.



  1. Негізгі бөлім – 140 мин.

1-сұрақ:«Жүректің сыртқы сылауы және жасанды тыныс алдыру» - 40 минут.

Тыныс алу табиғи жағдайда ауаны жұту мен оны шығару процесстерінен тұрады. Тынысты алған кезде кеуде клеткасы кеңейіп, өкпенің іші ауаға толады, тынысты шығарған кезде өкпедегі ауа сыртқа шығады. Ересек адамдарда тыныс алу жиілігі минутына 16-18 рет.

Егер адам зақым алып тыныс алуы мен шығаруы тоқтаса онда оған жасанды тыныс алу жүргізіледі.

Жасанды тыныс алуды жүргізу белгілі бір тәртіппен жүргізіледі:

-зардап шегушінің ауа келуге зиян келтіретін киімдерін (жағасын) босатып, ауаның қалыпты келуін қамтамасыз ету

-егер зақымданушының тыныс жолдарында немесе аузында бөгде заттар болса, сұқ саусаққа дәке орап сол арқылы шығару керек

-тілін жұтып қойған жағдайда оны шығару керек

-жасанды тыныс алдырғанда минутына 16-18 рет ырғағын сақтау керек.
Жасанды тыныс алдырудың бірнеше әдісі бар.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға -ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің аузымен зардап шегушінің аузын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкішілік береді. Жасанды тыныс алдыруды жургізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет. Егер де реанимацияны бір құткарушы жургізсе, онда кеуденің әрбір он бес қысылуына екі- уш рет ауа үрлейді.

"Мұрынға- ауыз" әдісімен ем -дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданган дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

"Мұрынға- ауыз" әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүрізу ушін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі- үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.

Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерін мен ауыз, мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақүрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.



Құрсақ төңірегінің қампайуы асказанга ауаның барғанын көрсетед. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңерегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.



Сильвестр әдісі жиіқолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады. Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды. Олар бір уакытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаныңкіруінежолашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны кысады, сөйтіп ауаны шығарады.

Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама-қарсы тұрады, оныңқолын кетеріп осындай қозғалыстар жасайды.



Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру: а) ауа жұту; б) ауа шығару.


Б
Шефер әдісі.

Жасанды тыныс алдырумен қатар журек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүгізіледі. Жүрек кызметінің тоқтауының басты белгісі ұйкы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы -жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.

Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқы­лы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зар­дап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады, оның басы қозалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды: бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды.

Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру: а) ауа жұту; б) ауа шығару .




жүктеу 4,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау