Дәріхана гигиенасы сонымен, органикалық, бейорганикалық химиямен байланысты, себебі бұл пәндер ауаның, судың, дәрілік препараттардың құрамындағы химиялық заттарды анықтау әдістері мен принциптері туралы білім береді.
Дәріхана гигиенасы токсикалық және фармацевтік химиямен байланысты, бұл пәндер дәрілерді дайындау кезіндегі қызметкерлерге әсер ететін дәрілік шаңдармен күресу бойынша гигиеналық іс шаралар дайындау үшін қажет. Бұл пәндер дәрілік шаңдардың химиялық құрамының токсикалық негізгі заңдылықтары және оларды әртүрлі өндірістік орталарда анықтаудың дәл әдістері туралы білім береді.
Дәріхана гигиенасы үшін микробиология да аса маңызды. Дәріханада оптималды эпидемияға қарсы тәртіп жасау үшін микроорганизмдерді анықтау және қоршаған ортаның, дәрінің және дәріхананың басқа объектілерін бактериологиялық ластануын бағалау мүмкіндігін үйретеді.
Дәріханаларда санитарлық тәртіпті сақтау ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж "Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану санитарлық ережелері мен нормалары" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Дәріхана ұйымы бір аумақта орналасқан негізгі және қосалқы бөлмелері бар үй-жайлар кешені. Ғимараттың негізгі өндірістік құрамына: ассистенттік бөлме, асептикалық блок, дисстиляциялық бөлме, буып-түюге арналған бөлме, жалпы дәрі дайындауға тиісті бөлмелер жатады. Қосалқы бөлмелерге: қызметтік тұрмыстық бөлмелер (әжетхана, душ), демалыс бөлмесі, дәріхана меңгерушісінің бөлмесі, қоймалар жатады.
Дәріханалар жеке тұрған ғимараттарда, тұрғын үй фондына кірмейтін оқшау үй-жайларда немесе тұрғын үй фондына кіретін үй-жайлардың бірінші қабатында орналасады.
Медициналық ұйымдардың дәріханалары медициналық ұйымына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимаратта немесе медицина ұйымдары мен мекемелерінің ғимаратының бірінші қабатында орналаса алады, бұл жағдайда бөлек кіретін есіктері болу қажет. Төменде жұмыс орнының саны минималды өндірістік дәріхана бөлмелерінің жоспары берілген.
Дәріханалардың жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесі мен ауаны салқындату, дәрілік түрлердің және химиялық реактивті сапасына, қызметшілердің денсаулығына, сондай-ақ құрал-жабдықтардың жұмыс істеуіне, жағымсыз әсер етпеуі тиіс. Жылыту жүйесі бүкіл жылыту кезеңінде ауаны біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, қызмет көрсету жұмыстарына, жөндеу мен жинауға ыңғайлы болғаны жөн.
Стерильді материалдарды сақтайтын және асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындайтын бөлмелерде жылыту құбырларының жасырын төсемдері құрастырылған.
Дәріхана ұйымдары механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы (форточкалар, жартылай ашылып-жабылатын терезелер, өздігінен айналатын желдеткіштер) қарастырылады. Технологиялық процестер кезінде ауаға зиянды заттар көп бөлініп шығатын бөлмелер жергілікті сору құралдарымен немесе ауа тартқыш шкафымен жабдықталады.
Дәріхананың өндірістік, қызметік-тұрмыстық және сақтауға арналған бөлмелер еңбектің қалыпты жағдайларын жасауға қажетті табиғи және жасанды жарық қуатымен, ал кейбір жұмыс орындары жергілікті жарық беру қуатымен қамтамсыз етіледі.
Дәріхана ұйымдарының қабырғалары мен төбелеріне қолданылатын жөндеу материалы ретінде, жуып-тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін бояулар, эмальдар немесе ашық түсті тегіс кафель плиткалары, медициналық ұйымдарда қолдану үшін дизинфекциялауға және ултра күлгін сәулерге төзімді су өткізбейтін заттарды пайдаланады. Едендеріне глазурленбеген плиткалар, линолеум немесе релин төселіп, қиылысқан жерлері сваркалануы тиіс. Жабдықтар мен дәріхана жиһаздары жинап-тазалауға қол жетпейтін орындар қалдырмайтындай және жарық көздерін қалқаламайтындай болып орналасады. Дәріхана жабдықтарының беті ішкі жағынан да,сыртқы жағынан да тегіс болуға, дәрілік заттардың және химиялық реактивтердің әсеріне төзімді материалдардан дайындалған болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |