Жұмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


)Иллюстрациялы материал: қосымшада



жүктеу 5,02 Mb.
бет6/23
Дата21.01.2018
өлшемі5,02 Mb.
#7863
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

4)Иллюстрациялы материал: қосымшада.
5)Ұсынылатын әдебиеттер:

6)Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

1. Діріл ауруларының дамуына қандай факторлар әкеледі?

2. Діріл ауруларының жіктемелерін атаңыз.

3. Діріл ауруының диагностикасының функциональды әдістерін атаңыз.

4. Діріл кәсіби зияндылық факторы болып табылатын өндірістерді атаңыз?


1)Дәріс тақырыбы: №5 Шу, электормагнитті толқындар, лазерлік сәулелену әсеріне негізделген кәсіптік патология.
2)Мақсаты: Оқыту мақсаты шу, электормагнитті толқындар, лазерлік сәулелену әсеріне болатын кәсіби патологиялар туралы студенттердің білімін қалыптастыру болып табылады.
3) Дәріс тезистері:

Әртүрлі диапозонды электромагниттік толқындар өнеркәсіпте, ғылыми-техникада, медицинада кең қолданыс тапты. Олар металлдарды, ағаштарды және т.б. материалдарды термиялық өңдеуде; телевиденияда, радио- және басқа да байланыстарда, диэлектриктерді қыздыру және балқытуда қолданылады. Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындар радиолокацияда, радиометөорологияда, радиоастрономияда, радионавигацияда, космостық зерттеулерде, ядролық физикада және т.б. өндіріс салаларында қолданылады.

Радиотолқындық сәулелердің көзі болып шамдық генераторлар жатады, олар бір қалыпты ток энергиясын жоғары жиіліктегі ауыспалы ток энергиясына ауыстырады. Қазіргі кезде электрондық шамдарды өндіретін электровакумдық зауыттардың цехтарында жоғары жиіліктегі генераторлар көп мөлшерде орналас-тырылған. Жоғары жиіліктегі токтар металлдық бөлшектерден газды бөліп алу үшін де қолданылады, әрине барлық бұндай жағдайдағы жұмыс жері экранизацияланбайды. Радиотелевизиондық станциялардың жұмыс бөлімшелерінде жоғары жиіліктегі кеңістіктердің (алаңның) көзінің әсері жоғарлауына, өткізгіштік қорғаныс блоктардың сапасы жеткіліксіз немесе бөлуші сүзгілер мен сәулелеуші антенналық жүйелердің сапасы төмен болуы әкеледі. Физиотерапиялық бөлімшелерде медициналық аппараттармен жұмыс істегенде электромагниттік кеңістіктер пайда болып адамдарға әсер етеді.

Өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ - СВЧ) кеңістіктер қатты биологиялық әсер көрсетеді. Әртүрлі зерттеулер бойынша сантиметрлік, миллиметрлік толқындар терімен жұтылып, оның рецепторларына әсер етіп, организмге рефлекторлы әсер ететіндігі айтылған. Дециметрлік толқындар 10-15 см терендікке еніп, ішкі ағзаларға тікелей әсер етуі мүмкін. Осындай қасиеттерді ультражоғары жиіліктегі диапозондар да көрсетеді.

Радиотолқындар, ол электромагниттік толқындардың радио-жиілігі, толқын ұзындығы бірнеше миллиметрден бірнеше километрге дейін болатын кең электр магниттік спектрдің бір бөлігі болып саналады. Олар электрлік зарядтардың толқуының нәтижесінде пайда болады. Толқын жиілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым толқын ұзындығы қысқа болады.
Электромагниттік спектрдің тербелістері





Жоғары жиілі (ЖЖ)


Ультра жоғары

жиіліктер (УЖЖ)



Өте жоғары жиліктер

(ӨЖЖ)


Ұзын

орта

қысқа

ультра-қысқа

Деци –

метрлік


санти-

метрлік


милли-метрлік

Толқын ұзындығы

10-1 км

1 км-100 м

100-10 м

10-1 м

100-10

дм


10-1

см


10-1

мм


Тербеліс ұзындығы

30-300 кГц

0,3-3 мГц

3-30 Мгц

30-300

мГц


0,3-3

ГГц


3-30

ГГц


30-300

ГГц

Толқындардың қысқа, ультрақысқа, сонымен қатар, жоғары жиіліктерін ажыратады. Электромагниттік толқындар жарық толқындарының жылдамдығымен бірдей тарайды. Дыбыстық толқындар сияқты олар да, біркелкі бағытталған толқындардың тербеліс шеңберіне сай келетін толқындар шақырып, резонанстық қасиетке ие болады. Генераторлармея өндірілетін кеңістіктердің мөлшері ретінде, вольттың метрге (В/м) қатынасында өлшенетін электрлік алаңның күші, сонымен бірге ампердің мет-рге (А/м) қатынасында өлшенетін магниттік алаңның күші алын-ған. Сантиметрлік толқындық сәулеленудің үдемелілік бірлік күшін өлшеу ретінде, 1 сек. ішінде дененің 1 см2 бетіне түсетін энергиялық толқындық мөлшері-ватта (Вт) өлшеу қабылданған.

Бөлмедегі электромагниттік кеңістіктердің кернеуі генератордың күшіне, экрандану дәрежесіне және бөлмедегі металлдық жабындылардың болуына байланысты. Оның тербелісі үлкен дәрежедегі диапозонда көрінеді (10-500 Вт/м2), бірақ оның күші көзінен алшақтаған сайын төмендейді.



Радиотолқындар әсерінің патогенезі. Жасанды көздерден алынатын радиотолқындардың биологиялық әсерін, тек XX ғасырдың 30-шы жылдарында ғана, яғни радиотехника белгілі бір даму сатысына жеткенде ғана зерттеле басталды. Радиотол-қындардың биологиялық әсерін бірінші рет (1900) тәжірибелік зерттеу арқылы отандық ғалым В.Я. Данилевский ашқан.

Қазіргі кезде адам ағзасына жұтылған электрэнергиясымен термиялық, сондай-ақ арнайы биологиялық әсер ететіні дәлелденген.

ЭМА-ң үдемелі биологиялық әсері оның күшінің жоғарылауына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына, әсіресе, радиожиіліктің диапозонына және организмнің жеке жағдайларына байланысты. Үдемелі сәулелену биологиялық объектіге алдында жылу беріп, кейін қалағандай нәтиже бермей, мүшелер мен тіндердің едәуір қызуына, тіпті күюіне әкеледі. Өте жоғары жиіліктегі токтардың биологиялық әсері денелерде кумуляцияланып, осының нәтижесінен әсер негізінея нерв және жүрек-қантамыр, жыныс жүйелеріне тұрақты функционалдық, кейде органикалық (дист-рофиялық, некробиотикалық) бұзылыстар туғызады, мысалы, миокардтың, ұрықтың дистрофиясы, НЦД және т.б.

Клиникалық көрінісі. Радиотолқынның әсер етуі ұзақтығына және интенсивтілігіне байланысты. Организмнің зақымдануы жедел және созылмалы түрлеріне бөлінеді.

Жедел зақымдану тек аварияда немесе қауіпсіздік ережесін қатаң бұзғанда немесе жұмысшы күшті электромагниттік алаңда (ЭМА) қалып қойғанда байқалады. Температура 39-40°С көтеріліп ентігу, аяқ-қолдың сынып ауру сезімі, бұлшықет әлсіздігі, бас ауру, жүрек қағу немесе брадикардия, гипертензия пайда болады. Вегетативті-қантамырлық бұзылыстар, гипоталамдық криз, мұрыннан қайталамалы қан кету, лейкоцитоз жиі айқындалады.

Созылмалы зақымдануы клиникалық көрінісінде маңызды орын ОНЖ жәж жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстары алады. Нерв жүйесінің өзгерістері астениялық, нервтік және вегетативтік реакциялармеи сипатталады.

Көбіне науқастар жалпы әлсіздікке, тез қажуға, жұмыс қабылетінің төмедеуіне, ұйқысының бұзылуына, тітіркенгіштікке, терлегіштікке, басының ауруына шағымданады. Кейбір науқастарда жүрек аймағындағы ауру сезімі сол қолға, сол жауырынға беріледі, ентігу мазалайды. Кейде көз алдында қарауыту және бас айналу, есінің нашарлауы байқалады.

Нерв жүйесін объективті тексергенде көп науқастарда вазомоторлы тұрақсыз цианоз, гипергидроз, трақты қызыл дермо-графизм, қастың және жазылған алақан саусақтарының дірілдеуі, сіңірлік рефлекстердің жандануы байқалады. Бұның барлығы астено-вегетативтік синдромның түрі.

Өте жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың әсері вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің бұзылуымен сипатталады. Ол артериалық гипотензия және брадикардияға ықтималды. Оның жиілігі және дәрежесі сәулелену қарқындылығына байланысты. Осылармен бірге бір мезгілде вегетативті гипореактивтілік көріністер анықталуы мүмкін (дермографизмді тексергенде тері-қантамырлық реакцияның аз айқындылығы, вегетативті-тамырлық ортостатикалық сынамалардың бұрмалануы). Өте жоғары жиіліктік генераторлармш жұмыс істей-тіндерде терморегуляциялық бұзылыстар және вегетативті-қан-тамырлық немесе диэнцефалдық патологиялар болуы мүмкін (субфибрилді температура, термоассиметрия, қанттық қисық сызықтың екі бүкірлігі немесе тегіс алуы). Щербак бойынша тер-морегуляциялық рефлекс көптеген науқастарда әлсіреген немесе бұрмаланған, ультракүлгін сәулелерге терінің сезімділігі төмендеген. Сирек жағдайда диэнцефалдық синдром байқалады.

Радиотолқын әсерінен жүрек-қантамыр жүйесінде функционалды бұзылыстар көрінеді. Объективті зерттеулерде жүректің сол жақ шекарасының солға ығысуы, тондардың бәсеңдеуі; жүрек ұшында систолалық шу, жиі брадикардия, артериалық гипотензия науқастарда байқалады.

Кейде артериалық қысым ауыспалы тұрақсыздықпен ерекшеленеді, көбіне АҚҚ-ң ассиметриясы байқалады. Жүрек-қантамырлық жүйеде нейроциркуляторлық дистония клиникасы жиі гипотониялық, сирек гипертониялық түрін береді. ӨЖЖ-ті генератормен жұмыс істеушілердің механокардиографиясында жүректің систолалық және минуттық көлемінің, шеткі артсриалардың қарсылығын табылуы мүмкін.

ЭКГ-қ тексеруде синустық брадикардия және аритмия, атриовентрикулярлық, жүрекше мен қарынша ішілік өткізгіштік бұзылыстары, Т-тісі амплитудасының және 5-Т интервалының төмендеуі табылады.

Эндокриндік алмасу бұзылыстары мен ОНЖ-ң функционалдық көріністер қабаттасады. Қалқанша безді радиобелсдаді иодты (ІЗ'І) қолданып тексергенде, оның белсенділігінің жоғарылағанын табуға болады, бірақ тиреотоксикоз клиникасына тән симптомдар табылмайды. Кетостероидтардың да мөлшері өзгеруі мүмкін. Патологияның үлкен дәрежесінде жыныс бездерінің жұмысы бұзылады. Әйелдерде дисменорея, еркектерде жыныстық қызметінің төмендеуі байқалады.

Асқазан-ішек жолдарының және бауырдың жұмыстары бұзылады. Протромбин мөлшері және белок-пигменттік синтезі төмендейді, билирубин сәл жоғарылайды. Радиотолқындар қан жүйесіне әсерін тигізеді, олардың өзгерістерінің тұрақсыздығы байқалады. Лейкоцитоз немесе жиі лейкопенияға, нейтроеншия мен салыстырмалық лимфоцитозға бейімділігін көрсетеді. Шеткі қанда эозинофилдер мен моноциттердің жоғарылауы және тромбоциттердің азаюы байқалады. Қызыл қанда аздаған ретикулоцитоз анықталады. Кейбір биохимиялық көрсеткіштердің де ауытқуы табылады: қан құрамындағы гистаминнің жоғарылауы мен глобулиндердің (глобулиндік фракциялардың) көбеюі оның нәтижесінде қан құрамындағы жалпы белоктың жоғарылауы және альбумин-глобулин коэффициштінің төмендеуі байқалады.

Бұл өзгерістердің барлығы қысқа толқындардың (ҚТ) және ультрақысқа толқындардың (УҚТ) әсерінен пайда болады. Холестерин мөлшерінің жоғарылауы мен хлоридтердің төмендеуі және минерал алмасуының бұзылыстары, әсіресе, калий-кальций коэффиецентінің өзгеруі, тіндерде қышқылдық тепе-теңдік үрдістердің бұзылыстары байқалады.

Аса қолайсыз жұмыс жағдайларында микротолқындар адамның көзіне зақымдағыш әсер көрсетіп, көз бұршағының қарауытуына, ал ӨЖЖ-гі катарактаға алып келеді. Өзгерістер уақыт өте келе үдеуі мүмкін. Катаракта биомикроскопия арқылы анықталады: ағарған нүктелер, дақтар ұсақ шаң немесе жіп тәрізді болып келеді. Олар көз бұршағының алдыңғы-артқы қабатында экваторға жақын жерінде табақша, дақ немесе шынжыр тәрізді орналасады. Катаракта өте жоғары сәуле күшінің бір рет әсерінен кейін де дамуы мүмкін немесе 1см2-ге микротолқындардың энергиясының жүздеген милливатт ұзақ және жүйелі әсерінен дамуы мүмкін. ӨЖЖ-ті алаңымен зақымданған кәсіптік ауруларды табуда мына 5 синдромдық жіктелу қолданылады (В.Г. Артамонова, 1996):

1. Вегетативтік синдром үрдістің бастапқы кезінде байқалады. Оған вегетативтік және жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстарының ваготоникалық бағыты тән.

2. Астениялық синдром бұлда ӨЖЖ-ң бастапқы сатысында арнайы емес реакциялардың пайда болуымен көрінеді, бас ауруы, ұйқышылдық, тез шаршағыштық, вегетативтік жылжулармен байқалады.

3. Астеновегетативтік синдром көбінесе ІІ-ші сатысында байқалады. Айқын астения белгілері мен вегетативтік кешендік симптом белгілері қосарласа жүреді.

4. Ангиодистониялық синдром үрдістің ІІ-Ш-ші сатыларында байқалады. Бұл қантамыр қызметінің едәуір бұзылыстарымен: кенет бас ауру ұстамалары және үдемелі қажумен, ұйқының бұзылуымен және эмоциялық терақсыздықпен көрінеді. Кейінгі көрініс: гипотензия мен брадикардия артериялық қан қысымының гипертензиясымен және тамырдың жылдам соғуымен кезектесіп алмасып тұрады. Жиі лейкопшия мен тромбоцитопения анықталады.

5. Диэнцефалдық синдром ӨЖЖ-гі едәуір әсерінен кейін кездеседі. Оған нейроциркуляторлық ұстамалы криздер қатты бас ауыру, қысқа мерзімді есінен тану және жүрек тұсының ауыруы тахикардиямен, тынышсыздық, қалтырау, тері түсі боз болу және қорқыныш сезімдермен жүретін белгілер тән.



Клиникалық көріністің ауырлығына байланысты науқастың жағдайын 3 (I, II, III дәрежелі) кезеңге бөледі: алғашқы, орта дәрежелі және ауыр дәрежеге. Алғашқы кезең жеңіл астениялық немесе жеңіл дамыған вегетативтік синдроммен сипатталады. Орта дәрежеде астениялық синдром едәуір вегетативтік дисфункциямен көрінеді. Ауыр дәрежеде едәуір ангиодистониялық немесе диэнцефалдық бұзылыстар байқалады.

Нерв және жүрек-қантамыр жүйелерінің бұзылыстары барлық кезеңдерде гемопоэздің, алмасу үрдісінің, эндокриндік және басқа да ауытқуларымен қосарланады. ЭМА-ң организмге созылмалы әсерінде арнайы кешенді клиникалық сипаттама анықтала бер-мейді, клиникалық көрінісі жиі әртүрлі факторлардың әсерінен тұрады (инфекция, шаршау, ауа райы, қолайсыз әлуметтік факторлар). Сол себептен ауруды табу үшін жан-жақты жүргізген зерттеулерге, еңбек жағдайына және дозиметриялық өлшемдеріне негізделу керек.



Емі. Седативтік және ұйқы шақыратын препараттармен жалпы жағдайды тұрақтандырып нығайтатын ем тағайындайды. Гистаминге қарсы препараттар көрсетілген: супрастин, пипольфен, димедрол; глутамин қышқылы (0,25 г күніне 3 рет); кіші транквилизаторлар: триоксазин, тазепам, диазепам, реланиум; аскорбин қышқылы, кокарбоксилаза, АТФ, глюкоза; биогенді қуаттандырғыш дәрі-дәрмектер - жеяь-шеяь түнбасы, қытай лимоннигі, элеутерококк экстракты.

Астениялық және вегетативтік синдромдардың қосарлануы кезінде кальций глюконатын бұлшықетке енгізу және глюкоза мен аскорбин қышқылын венаға енгізуді кезек-кезек жүргізу керек. Егер астениялық синдром тұрақты болса және қантамырлық гипотензиямен қосарласып жүрсе, ондай жағдайда стрихнин (дуп-лекс, чилибуха тұнбасы), натрий арсенатын тағайындайды. Астеновегетативтік, шеткі қантамыр жүйесінің өзгеруінде, қантамырлық гипотензия кезінде В-тобының витаминдерін енгізеді. Артериялық қан қысымы жоғарланғанда гипотензивті препарат-тар беріледі: нейротропты заттар, спазмолитиктер мен Р-адре-ноблокаторлар, кальций антогонистері.



Жұмысқа қабылеттілігін сараптау, Радиотолқынның әсерінен пайда болған патологиялардың ерте кезінде, егер вегетативтік-қантамырлық ауытқулар айқын болмай, астенизация болса, жұмысшылардың жұмысқа қабылеттілігі сақталған. Бірақ санаторлық-профилакториялық жағдайында белсенді ем жүргізілуі тиіс. Амбулаторлық ем және жеке бас профилактикасын қадағалау жақсы нәтиже береді осыдан жұмысқа деген қабілеттілік бұзылмайды. Аурудың орташа немесе едәуір түрлерінде науқасты радиотолқындар әсер етпейтін басқа жұмысқа ауыстыру керек. Ондай жағдайда алдында науқасқа 2 ай көлемінде қосымша төленетін еңбек жарамсыздық қағазы беріледі, кешенді ем тағайындалады, оның нәтижесіне қарай емді тағы жалғастырама, немесе жұмысқа жібереді ме, жағдайына қарай шешіледі. Емнің нәтижесінде барлық жағдайлар қалпына келгеннгн кейін ғана бұндай адамдар, алдыңғы жұмысын дәрігердің бақылауымен, әрі қарай жалғастыра беруіне болады.

Алғашқы және кезекті медициналық тексерулер денсаулық министрлігінің қаулысына сәйкес жүргізілу тиіс. Миллиметр, сантиметр және дециметр радиожиілікті ЭМА көзінде істеген жұмысшылар 12 айда 1 рет, ал ультражоғары, жоғары, төмен және ӨЖЖ-гінде - 24 айда 1 рет тексеруден өтеді. Тексеруде терапевт, невропатолог, көз дәрігері қатысады және шеткі қан зерттеліп, ЭКГ міндетті түрде жүргізіледі. Керек жағдайда қосымша зерттеулер және басқа дәрігер мамандардың кеңесі тағайындалады.

Осындай кешенді емдік-профилактикалық шараларды жүргізу аурудың дамымауына немесе төмендеуіне әкелетіні мәлім.
4)Иллюстрациялы материал: қосымшада.
5)Ұсынылатын әдебиеттер:
6)Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

1. Шу, электормагнитті толқындар, лазерлік сәулелену әсеріне аурудың дамуына әкелетін кәсіптер мен өндірістерді атаңыз.

2. Кәсіби нашар естудің диагностикасына қандай әдістер қолданылады?

3. Радио толқындармен лазерлік сәулелену әсерінен болған аурудың клиникасын айтыңыз.



1)Тақырыбы: №6 Химиялық заттардың әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Иісті көмірсутегімен улану: бензолдың аминқосылыстары және нитроқосылыстарымен және оның гомологтарымен улану.
2) Мақсаты: Оқыту мақсаты химиялық заттарды, иісті көмірсутегімен улану әсерінен болатын кәсіби патологиялар туралы студенттердің білімін қалыптастыру болып табылады.
3) Дәріс тезистері:

Ароматтың көмірсутектері: бензол, оның гомологтары және туындылары, сонымен ішінде гологенді, нитро және аминқосылыстары өндірістің әртүрлі саласында кеңінен қолданылады. Көбінесе олар синтетикалық талшық және каучук өндіруге, нисекцид, атылатын заттар дайындау үшін лак және краска ерітінділері түрінде қолданылады. Ароматты көмірсудың жүйе және мүшелерге токсикалық әсері химиялық құрылымына және бензол сақинасындағы топтар мен элементтерге де байланысты мынадай:

Бензол және оның гомологтары өздерінің токсикалық әсері бойынша улы заттарға жатуына болады. Процессті тежейтін қан түзу.

Бензолдың галоген туындылары- көздің шырышты қабатының және тыныс жолдарының бірден тітіркенуін тудырады.

Бензолдың амин және нитроқосылыстарының ішінде метоглобин түзілуіне, эритроцит гемолизіне. Бауыр зақымдануына, катаракт дамуына, ісік түзілуіне алып келетін заттар бар.

Мұнда клиникалық көрінісінде сүйек миының жағдайының дамуына негізделген, қан өзгерістері тән ароматты көмірсумен улану қарастырылады.

Өндірістік жағдайларда бензол және оның қосылыстарының адам организіміне өкпе және зақымданбаған тері арқылы бу түрінде енуі мүмкін. Бензолдың әсерінен жедел немесе созылмалы улану дамиды.

Созылмалы улану - ұзақ уақыт бензол буын жұтқанда және теріге жүйелі түрде түскенде дамиды.

Жедел улану-жабық кеңістікте жұмыс үстінде бензол буының көп концентрациясын қысқа уақыт ішінде жұтқанда дамиды.

Жедел уланғанда бензол қанда , мида , бауырда, бүйрек, үсті кезде анықталады.

Созылмалы улануда бензолдың көп бөлігі сүйек миында май тканінде анықталады. Бензолдың көп бөлігі сүйек миында және несеп арқылы сыртқа шығарылады.

Бензолдың басқа бөліктері фенол, дифенол түзілуіне тотығып немесе глюкурон қышқылы түрінде шығарылады.

Патогенез:

Политропты әсер ететін улы зат болғанымен, бензол көбінесе сүйек миының және ОЖЖ- ның зақымдануы тудырады. Қазіргі деректерге сүйенсек, бензолмен уланғанда қан түзілуі бұзылудың патогенезін, бензолдың сүйек миының бағаналы клеткаларына улы әсер етуімен байланыстырады.

Бензолдың әсерінен туындыған гематологиялық бұзылыстардың дамуында витаминдердің балансының бұзылуы байқалады.

В тобының витаминдердің төмендеуі, әсіресе сүйек миының қан түзу процессіне қатысатын В6 және В12- нің азаюы.

Бензолдың жүйке жүйесіне әсері толық анықталмаған. Бензол ОЖЖ – не етіп, нейродистрофиялық синдромокомплекстің дамуын тудырады деп қарастырылады. Жедел улануда ОЖЖ- нің зақымдану процессі ауыр өтеді.

Клиникалық көрініс:

Негізінен сүйек миы және ОЖЖ- нің зақымдануы айқын. Жедел және созылмалы бензолмен уланудың нерв жүйесінің және сүйек миының қан түзілуінің симптоматикасында айырмашылық бар.

Жедел улану.

Жеңіл дәрежесінде: Науқас эйфория жағдайында әлсіздік, бас айналу, құлақта шу, бас ауру. жүрек ойнау, құсу пайда болады. Барлық симптомдар тұрақсыз , бірнеше сағаттан кейін басқа органдарда өзгеріс тудырмай толық жоғалады.

Орташа ауырлық дәрежесінде. Жалпы әлсіздік, бас ауру күшейеді, мінезінде тұрақсыздық байқалады, тері түсі бозғылт, дене температурасы төмендеген, тыныс алуы жиі, жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы байқалады, пульс жиі, артериялық қысым төмен. Көз қарашықтарының кеңеюі, бұлшық еттердің тоникалық және клиникалық дірілі байқалады. Толық есін жоғалтуы, комалық жағдай болуы мүмкін. Жедел уланудың орташа ауырлық дәрежесімен ауырған науқастар бірнеше уақыттан кейін толық айығуы мүмкін. Кейде жүйесінің тұрақты функциональды бұзылысы түрінде астеновегетативті синдром сақталады.

Ауыр дәрежесі: Тыныс орталығының параличке ұшырауының тыныс тоқтауымен өтетін токсикалық кома дамуымен, ес жоғалтумен сипатталады. Бұндай жағдайларда өлімге алып келеді.

Бензолмен созылмалы улану.

Уланудың бұл формасына бірінші кезекте сек миының қан түзуі зақымдануы тән. Созылмалы улану баяу дамиды. Науқас білмеуі мүмкін, алғашқы белгілерін тексерудің нәтижесінде айқындайды.

Бастапқы кезеңде жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, бас айлану, ұйқысының бұзылуы, тітіргенгіштік мазалайды. Бірмезгілде эпигастр аймағында ауырсыну, диспепсиялық бұзылыс, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, қыжылдау, кейде құсу байқалады. Осы шағымдардың болуын- астенонервротикалық синдром деп қарастырады.

Сүйек миында гипопластикалық синдром дамығанда жалпы әлсіздік, қансырау, бас ауру, құлағында шу, сүйегінің сыздап ауырсынуы, әсіресе түтікті сүйектердің.

Науқастың сыртқы көрінісі ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады. Тромбоцитопения дамығанда геморрагиялық синдромы. Иегінен, мұрыннан, жатырдан қан кетеді, терісінде көгерген дақтар пайда болады, майда - ірі петехияльды қан құйылған бөртпелер байқалады. Жгут симпгомы оң.

Тромбоциттердің синдром көбінесе аурудың ауыр дәрежесінде байқалады. Бір мезгілде перифириялық қанда тромбоциттердің жас формаларының азаюы байқалады. Қансырауға алып келетін қосымша фактор болып С витаминнің балансының бұзылуы, қанның ұю жүйесінің активтілігін төмендеуі, тромбоциттердің сапасының толық болмауымен фибринолиздің күшеюі жатады. Бензол әсерінен дамыған анемия токсикалық формаға жатады эритроциттердің санының төмендеуімен ғана емес, макроциттердің пайда болуымен, гомоглобин деңгейінің төмендеуімен сипатталады.

Астеникалық синдром - Қыртысты қабаттың жұмысының жоғарлауымен сипатталады. Бұл кезде тез шаршағыштық бас ауру, бас айналу, ұйқысының бұзылуы, қол треморы, сүйектердің гипергидрозы, пульс және артериальды қысымының лабилды болуымен сипатталады.

Полиневриттік синдром: сезімтал және вегетативті талшықтардың зақымдануынан дамиды. Көбінесе жұмыс кезінде қолымен тікелей бензолдың қатнасы болған адамдарда анықталады. Бұл синдром ауырсыну және параэстезиямен, дене температурасын төмендеуімен, қолының беткейлік сезімталдығымен, қол саусақтарының сынуы және гипергидрозымен сипатталады

Токсикалық энцефалопатия синдромы - Электрапирамидалық гиперкинез нейроциркуляторлы бұзылыстар мен микроорганикалық симптоматикалық өтеді. Бұл жағдайда санасы психотипті, есте сақтауы төмен, тамырлық бұзылыстар айқын болады.

Бензолмен созылмалы улануда кейбір мүше және жүйелерде өзгеріс болады – бауырда, негізгі ас қорыту бездерінде, жүрек қан тамыр жүйесінде, әйелдердің жыныс жүйесінде.

Бауыр зақымдануы – қабырға астының жоғарғы бөлігінде ауырсынудың болуымен өтетін майлы дистрофияның дамуымен сипатталады. Бауыр көлемі шамалы ұлғайған, функциясы бұзылады, қан сары суында ірі дисперсті белок фракциялары көбейеді.

ұйқы безінің зақымдануы - улану дәрежесінде байланыссыз ұлғаяды.

Жүрек қан тамыр жүйесінің зақымдануы - тахикардия, артериялық қысымының төмендеуі. Ауыр жағдайда айқын анемия, жүрек гипертрофиясы байқалады, жүректің нүктелерінде систолалық шу пайда болады,

Бензолмен уланудың ауырлық дәрежесі.

Жеңіл дәрежесі: - тез шаршағыштық, әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуымен сипатталады. Перифериялық қанда тұрақсыз лейкопения

(лейкоцит - 4,0 * 109 г/л және төмен нейтрофильдер саны төмен шамалы ретикулоцитоз.)

Орташа дәрежесі:- Жүйке жүйесінің айқын бұзылысы кезінде иегінің қансырауы, менструация кезінің қысқаруы, тер

және шырышты қабаттардың бозаруы байқалады.Жгут және шипка симптомдары оң. Бауыр шамасы ұлғайғанда ауырсынады. Периферилық қанда лейкоцитопения

(лейкоцит саны 3,5-3,0 * 109 г/л және одан аз), ретикулоцитоз, шамалы макротарлы анемия, тромбоцитопенмя ( тромбоцит саны 120,0-100,09 г/л

және одан аз) СОЭ жоғары.

Айқын дәрежесі: - Жалпы әлсіздікпен, бас айналу, жиі ес

жоғалтумен, қан кетумен (тері асты, АЭТ, мұрын, жатыр сипатталады. Жгут және шипка симптомы оң.)

Бензолмен созылмалы уланудың атипті варианттары- эритопоэз немесе тромбопоэз көрінісінің басымдылығымен сипатталады. Тромбопоэз зақымданғанда - гематологиялық өзгерістердің басқа белгілерінсіз мегакариоциттердің зақымдануы байқалады. А типті варианттардың бұл түріне ұзақ уақыт байқалмаған бензолдық лейкоздар жатады.

Эритропоэз зақымданғанда- гипопластикалық анемия синдромы басым болады.

Тромбопоэз зақымданғанда жедел және созылмалы лейкоз дамиды.Созылмалы лейкоз- продромальды кезең ұзақ болады. Бензолмен созылмалы уланудың перифериялық қандағы өзгерістері байқалады, сүйек миының қан түзуінің гипоплазмасы болады. Клиникалық көрінісі бойынша жедел миеобласты лейкоз және эритромиелозға болады.

Созылмалы лейкоз клиникалық көрінісі бойынша көбінесе созылмалы миелолейкозға сирек жағдайда созылмалы лимфаликоз және эритромияға ұқсас келеді.

Бензолмен созылмалы уланудың өту ағымы аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты, сүйек миының қан түзуі және жүйке жүйесінің зақымдануымен айқындалады. Науқастың бензол әсеріне жеке сезімталдығымен және асқынудың болуына байланысты.Болжам уланудың клиникасында сүйек миының жылдам прогрессирлеуші аплазиясы байқалса, қолайсыз болады.


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау