7.11 сурет. Факторлардың кодын таңдау (Талдау орындалатын Жынысы және Тест айнымалыларының мәндері). Екі жаңдайда All (Все) батырмасы басылған.
Кезекті OK ANOVA Results 1 терезесіне ауыстырады.
All effects батырмасы дисперсиялық талдаудың кестесін шығарады (7.12сурет).
Кестеден көріп тұрғандай, Жынысы белгісінің әсері маңызды емес, бірақ Тест белгісінің әсері және Жынысы*Тест белгілерінің өзара әсерлесуі маңызды болып шығады.
Осындай өзара әсер етудің немен аяқталатынын түсіну үшін, ANOVA Results 1 терезесінде All effects/Graphs батырмасының көмегімен сызба тұрғызу пайдалы.
Ашылған сұқбаттық терезеде Пол*Тест бағанынын таңдау керек. Бағдарлама сызба тұрғызудың екі нұсқасын: абсцисса өсінде Тест белгісін немесе Жынысы белгісін бейнелеуді ұсынады.
7.12 сурет. Екі факторлы талдаудың нәтижелерінің негізгі кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |