Жұмыс бағдарламасы «Механикалық құрастыру цехын жобалау»


Теміржол желілері, автомобиль жолдпры және территорияны абаттандыру



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/2
Дата17.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#903
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2
Теміржол желілері, автомобиль жолдпры және территорияны абаттандыру.

Кәсіпорынға шикізаттарды, металды, жартылай фабрикаттарды жеткізу үшін завод территориясына теміржол желісі кіріп, ары қарай завод ішіндегі жолдар болып таралуы керек. Машинажасау заводтарындағы қолданылатын теміржолдардың бірнеше типтік схемалары болады:

тұйық схема – цехтарға жеткен немесе кірген барлық жолдар тұйықталады;

тік сызықты – завод территориясынан өтетін барлық жолдар тік сызықты; бұл схема тік төртбұрышты ауданға орналасқан ірі заводтарға тиімді;

сақиналы схема – цехтар мен қоймаларға жеткен барлық жолдар тқйықталған сақина тәрізді болады;

ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы схема – сақиналы және тұйық схемалардың біріккен түрі.

Сурет 1.4 – Теміржол желілерінің орналасу схемасы: а тұйық (тупиковая) схема; б – тік сызықты (прямолинейная или сквозная) схема; в – сақиналы (кольцевая) схема; г – ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы (кольцевая схема с внутренними тупиками)
Ішкі автомобиль жолдары міндетіне байланысты магистраль және өндірістік жолдар болып бөлінеді.

Магистралді жолдар территорияны зоналар мен заводтың өндірістік және көмекші объектілері орналасатын панелдерге бөледі.

Өндірістік жолдар заводтың объектілерінің өндірістік байланыстарын қамтамасыз етеді және оларды магистраль жолдармен жалғайды.

Машинажасау заводтарындағы ішкі автомобиль жолдары да теміржолдар сияқты тұйық, тік сызықты және сақиналы схемалармен жобаланады.
Б а қ ы л а у с ұ р а қ т а р ы :

1. Заводтардың әртүрлі типтерінің құрамы мен құрылымданының ерекшеліктерін атаңыздар? 2. Жобаның техникалық және техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде бас жоспарды жасауда завод объектлерінің ауданын қалай анықтауға болады? 3. Өндіріс жүрісінің қандай технологиялық схемаларын білесіздер? 4. Завод цехтары мен құрылғыларын зоналарға біріктіру мен блоктарға жинаудың мәні қандай? 5. Жүк айналымының есептелуі мен жүк ағындарының схемасы қалай жүргізіледі? 6. Өндірістік алаңда автомобиль жолдары мен темір жол желілерін орналастырудың талаптары және олардың орналасу схемасы қандай? 7. Өндіріс алаңын абаттандырудың маңызы неде? 8. Бас жоспардың техникалық жобасына не кіреді? 9. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атаңыздар. Құрлыс тығыздығы коэффициеті дегеніміз не?
Ә д е б и е т т е р :

Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 47 беттер;

8.2.1. Мамаев В.С., Осипов Е.Г. Основы проектирования машиностроительных заводов. – М.: Машиностроение, 1990;

8.2.2. Мельников Г.Н., Вороненко В.П. Проектирование механо-сборочных цехов. – М.: Машиностроение, 1990;

8.2.3. Проектирование машиностроительных заводов.Справочник в 6-ти томахю/ Под ред. Ямпольского. – М.: Машиностроение, 1990;

2. ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Өндірісті ұйымдастырудың технологиялық негіздемесі. Өндіріс түрі. Өндіріс типі. Өндірісті ұйымдастыру формасы. Дара, сериялы және массалық өндіріс. Бөлшек конструкциясының технологиялықтығы. Дайындамаларды таңдау. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау.
Дәріс жоспары:

2.1. Өндірісті топтастыру.

2.2. Бөлшек конструкциясының технологиялықтығы.

2.3. Дайындамаларды таңдау.

2.4. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау.

Машина жасау заводтарының цехтары оның негізгі бөлімшесі болып табылады. Өндірістің тиімділігі олардың жұмысына байланысты анықталады. Цехты жобалау кезінде жобаланатын өндірістің технологиялық процесі мен оның технологиялық жабдықтары негізге алынады. Технологиялық жабдықтарды дұрыс таңдап алу үшін өндірістің технологиялық және ұйымдастырылу жолдарын және қазіргі заманғы қондырғылар мен жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерін білу керек.
2.1. Өндірісті топтастыру
Машина жасауда өндірістің үш негізгі классификациялық категориясы бар (МЕСТ 14.004 – 74). Олар: өндіріс түрі, өндіріс типі және өндірісті ұйымдастыру формасы.

Өндіріс түрі бұйымды жасауға қолданылатын тәсіл бойынша сипатталады. Мысалы құю өндірісі, механикалық-құрастыру өндірісі, пісіру өндірісі т.с.с.

Өндіріс типі шығарылатын бұйымның көлемі, номенклатурасы, тұрақтылығы және біркелкілігі бойынша анықталады. Өндіріс типі бірлік, сериялық және массалық болып ажыратылады.

Өндірісті ұйымдастыру формасы жұмыс орындарының мамандандырылу деңгейі мен қондырғылардың орналастырылу принципі ойынша сипатталады. Ол тасқынды (поточная) немесе конвейерлі және тасқынсыз (непоточная) болып бөлінеді.

Тасқынды өндірісте өңделетін бөлшектер өңдеу процесі кезінде бір операциядан келесі операцияға орындалу кезектілігі ойынша үздіксіз жылжып отырады.

Көптеген номенклатурамен аз мөлшерде бұйымдар шығаратын өндіріс түрі бірлік өндіріс деп аталады. Өндірістің бұл типі ірі және аса ірі станоктар мен стандартсыз қондырғылар шығаратын ауыр машинажасауда, сонымен бірге сериялық және массалық өндіріс типіндегі машинажасау заводтарының эксперименталдық және аспаптық цехтарында арнаулы жабдықтар (штамптар, бейімделген құралдар) мен машина үлгілерін жасауда кеңінен таралған.

Сериялық өндірісте шектеулі номенклатурадағы бұйымдар периодты түрде қайталанып отыратын партиямен көп мөлшерде шығарылады. Серия бір сызба бойынша белгілі бір уақыт бойы шығарылатын өнім түрімен сипатталады, партия – өндіріске бір мезгілде шығарылатын бір бөлшектің саны.

Бір жұмыс орнында бір айда орындалатын технологиялық операциялардың орташа санына байланысты ұсақ, орташа және ірі сериялы өндіріс болып ажылатылады.

Участокта бір ай бойы орындалатын барлық технологиялық операциялар санының оларды орындауға арналған жұмыс орындарының жалпы санына қатынасын операцияны бекіту коэффициенті деп атайды. Бұл коэффициент өндіріс типінің негізгі сипаттамасы, ол оның сериялығын анықтайды

N – участокта бір айда орындалатын бөлшек-операция саны;

np – участоктағы жұмыс орнының саны.

Массалық өндіріс дегеніміз санаулы номенклатурадағы бұйымдарды ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде үздіксіз шығаратын және бір станокта немесе жұмыс орнында бір технологиялық операция бекітілетін өндіріс.



2.2. Бөлшек конструкциясының технологиялығы
Бұйым конструкциясының технологиялығы ұғымына белгі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін және ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін қасиеттері кіреді

Белгілі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін және ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін бұйымның қасиеттері конструкциясының технологиялығы деп аталады.

Ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін және белгілі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін бұйымның қасиеттері конструкциясының технологиялығы деп аталады.

Конструкцияның технологиялығы бұйым массасын төмендету, конструктивті элементтері мен материалдар номенклатурасын шектеу және конструкцияның кейбір элементтерін унификациялау мен стандарттау арқылы жоғарылатылуы мүмкін. Бұл өнім көлемін арттыруға, өндірісте жолға қойылған конструкция элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Конструкцияны технологиялық жетілдірудің жобаланатын өндіріс тиімділігі мен шығарылатын өнім сапасын арттыруға белгілі бір әсері бар. Сондықтан конструкцияға технологиялық сараптама жасау және технологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жобалау мекемелерінің міндетіне кіреді.

Әсіресе ірі сериялы және массалық өндірісті жобалау кезінде конструкцияның технологиялығына жоғары талаптар қойылады. Себебі өнімнің ең төмен өзіндік құны мен еңбек шығынын қамтамасыз ететін өнімділігі жоғары технологиялық процестер шығарылу көлемі үлкен өндірістер үшін максимал экономикалық тиімділік береді.
2.3. Дайындамаларды таңдау
Бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық процесін таңдау оны әзірлеуге арналған дайындаманы таңдауға тікелей байланысты. Дайындама сипаттамалары оны өңдеудің технологиялық процесіне айтарлықтай әсер етеді және керісінше, механикалық өңдеудің көптеген прогрессивті технологиялық процестері дайындама сапасына, өлшемдері мен геометриялық формаларының дәлдігіне, қаттылығы мен беріктілік қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.

Машинажасауда кеңінен қолданылатын дайындамадар: қара және түсті металл қорытпаларының құйылмалары, поковкалар, штамповкалар және әртүрлі прокат материалдардың дайындамалары. Өлшемі мен формасы бойынша дайын бөлшекке жақындау дәрежесіне байланысты әртүрлі тәсілдермен алынған дайындамалар қалыпты дәлдіктегі және дәл дайындамар болып бөлінеді.

Бөлшекті әзірлеудің өзіндік құны мынаған тең

М – дайындаманың өзіндік құны;

Р – өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы;

Н – еңбекақының проценттік үлесімен алынатын қосалқы шығындар.

Технологиялық процестерге сәйкес әртүрлі дайындамаларды пайдалану кезіндегі бөлшектің өзіндік құнын есептеп, С минимал болатын технологиялық процесс таңдалып алынады.
2.4. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау
Өндірісті ұйымдасыру формасын таңдау шығару көлемі мен өңделетін бұйымның сипатына байланысты болады. Әрбір типті өлшемдегі бұйымдарды аздаған көлеммен шығаратын көп номенклатуралы бағдарламасы бар цехтар үшін тасқынсыз өндіріс тиімді болады. Өндірісті ұйымдастырудың бұл формасы бірлік және ұсақ сериялы өндіріске тән.

Мұндай өндіріс цехтарының алғашқы құрылымдық буыны участоктар болып табылады. Оларға бір немесе бірнеше технологиялық топтардың жабдықтарды біріктірілген. Мысалы токарь, бұрғылау, фрезерлеу станоктары.

Бөлшектерді параллель-кезектілікпен өңдейтін тұйықталған участоктары бар цехтар тасқынды және тасқынсыз өндірістердің аралық формасы болып табылады. Тұйықталған участоктары бар цехтарда өлшемдері мен өңделу сипаты бойынша ұқсас бөлшектерді бір топқа жинап, оларды толық өңдеуге қажет станоктарды бір участокқа орналастырады.

Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды формасында бөлшекті әзірлеу мен бұйымды құрастырудың конвейерлі желісі алғашқы құрылымдық буын болып табылады. Тасқынды желінің негізгі параметрлері: оның өнімділігін сипаттайтын желінің жұмыс тактысы және орналастырылған жабдықтардың жүктелу коэффициенті.

Тапсырма бойынша жұмыс тактысы жабдықтың бір жылдағы нақты жұмыс уақыты қорының Фд (сағ) берілген жылдық бағдарламаға N қатынасымен анықталады

Тасқынды желінің жұмыс тактысы желідегі операцияның орындалу уақытына байланысты


мұнда tш – операцияның даналық уақыты;

S – операциядағы станоктар саны.

Желінің бір сағаттағы өнімділігі Qл тасқынды желінің жұмыс тактысына кері шама:


Жабдықтың жүктелі коэффициерті

мұнда tш – операцияның даналық уақыты;

пл – желідегі станоктар саны;

τ – тапсырма бойынша жұмыс тактысы.
Ә д е б и е т т е р :

Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 47 беттер;
3-дәріс. ЦЕХТЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ
Цехты жобалаудың жалпы сұрақтары. Өндірістік және технологиялық процестер. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер. Дәл және шартты өндірістік бағдарлама. Жұмыс режимі мен уақыт қоры.
Дәріс жоспары:

3.1. Өндірістік және технологиялық процестер.

3.2. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер.

3.3. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер.



Машина жасау заводтарының механикалық-құрастыру өндірісі механикалық өңдеу мен құрастыру бөлімшелерінен (участоктарынан) тұратын дербес механикалық цехтар мен құрастыру цехтары немесе біріктірілген механикалық-құрастыру цехтары арқылы ұйымдастырылады.

Завод құрамындағы бірнеше механикалық және құрастыру цехтары белгілі бір бұйымды, торапты немесе бөлшекті шығаруға мамандандырылады. Механикалық цехтарды мамандандыру заттық немесе технологиялық принцип бойынша іске асырылады. Заттық мамандандырылған цехтарға мысал ретінде двигательдер цехын, беріліс қорабы цехын және агрегаттық цехтарды келтіруге болады. Технологиялық мамандандырылған цехтарға автоматтық цехтар, шестернялар мен біліктер цехы және т.б. жатқызылады.

2.1. Өндірістік және технологиялық процестер
Қазіргі заманғы машина жасау заводтарында бірмезгілде әртүрлі процестер іске асырылады. Олар: материалдар мен жартылай дайын өнімдерді (полуфабрикаттар) алу, оларды тасымалдау мен сақтау, материалдар мен жартылай дайын өнімдерді әртүрлі жолдармен өңдеу, жинау, консервациялау, дайын өнімдерді жөнелту, аспаптарды әзіллеу және қайрау, қондырғылады жөндеу және қызмет көрсету, электр энергиясын өндіру және трансформациялау, технологиялық бу мен сығымдалған ауаны өндіру, жоңқа мен басқа қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу, өндірісті жоспарлау және есеп жүргізу, жабдықтауды ұйымдастыру мен дайын өнімді өткізу, кадрларды қабылдау мен әзірлеу.

Технологиялық құжаттамалардың біртұтас жүйесінің (ЕСТД) белгіленген стандартында өндірістік процесс шығарылатын бұйымды әзірлеуге немесе жөндеуге арналған кәсіпорындағы өндірістік қару мен адамдардың барлық іс-қимылдарының жиынтығы ретінде анықталады.

Демек, өндірістік процеске тек қана бөлшектерді өңдеу, сапасын бақылау, құрастыру және сынақтан өткізу ғана емес, өңделетін бөлшектерді операция арасындағы тасымалдау, бөлшектерді цех ішінде бір участоктан екінші участокқа беру, бөлшектерді өңдеу мен құрастыру участоктарында және қоймаларда сақтау, жұмыс орындарына қызмет көрсету, аспаптарды қайрау, қондырғылар мен жабдықтарды жөндеуден өткізу, негізгі және қосымша материалдармен және энергияның барлық түрлерімен жабдықтау, өндіріске есеп жүргізу және басқару кіреді.

Өндірістік процестің негізгі құраушысы технологиялық процес болып табылады. Өңделетін материалдардың, жартылай дайын өнімдердің немесе бөлшектердің өлшемдері мен формасын немесе физика-механикалық қасиеттерін өзгертуге, олардан бұйымдар құрастырып шығаруға, сонымен бірге берілген техникалық талаптарға сәйкес тексеруден өткізуге тікелей байланысты әрекеттерді технологиялық процесс деп атайды.

Цехта атқарылатын қалған қосымша процестер негізгі технологиялық процестің тоқтаусыз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
3.2. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер
Механикалық-құрастыру цехының жобасында онда жүргізілетін барлық процестерді (өндірістік процесс) орындау үшін қажетті негізгі және көмекші технологиялық қондырғылар, көтеру-тасымалдау қондырғылары мен қоймаға арналған қондырғылар және басқа қондырғылар, оларды орналастыруға қажетті алаңдар және тиісті өндірістік, көмекші және әкімшілік-техникалық персонал қарастырылуы керек.

Жобалау практикасында негізгі міндеттер мынадай кезектілікпен шешіледі.

1. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді зерттеу және нақтылау. Берілген номенклатура объектілерін өндірістік участоктарға бөлу және бекіту және жобаланатын әрбір участоктардың өндірісті ұйымдастыру формасын алдын ала таңдау алу.

2. Дайындама түрлерін таңдап алу және дайындамалар сырт жақтан алынатын болса, онда жеткізуші-заводтармен немесе цехтармен оларды әзірлеудің техникалық шарттары келісіліп алынуы керек. дайындама цехтарын, қоймаларды, цехтар арасындағы транспорт құрылғыларын жобалауға арналған мәліметтерді нақтылап алу мақсатында дайындамалар, жартылай дайын өнімдер және материалдар түрлері бойынша бір жылдық қажеттілікті анықтау.

3. Бөлшектерді әзірлеудің технологиялық процесін жобалау, оларды нормалау және номенклатураны, толық цехқа және оның өндірістік участоктарына арналған өндірісті ұйымдастыру формасы мен типін соңғы рет анықтап алу.

4. Қабылданған технологиялық процесс бойынша негізгі өндіріс участоктарындағы қондырғылар санын есептеу. Арнаулы және стандартты емес қондырғыларды жобалау бойынша тапсырмаларды жасау.

5. Цехтың көмекші қызметтері мен участоктарының құрамын (қоймалар, жоңқаны қайта өңдеу жүйелері, майэмульсия шаруашылығы, транспорт) анықтау; негізгі өндірістің ұқсас участоктарын (термиялық цехтар немесе бөлімшелер, қорғағыш қаптамалар участогы және т.б.) жобалауға тапсырма беру.

6. Типажды таңдап алу және өндірістің көмекші участоктарындағы қондырғылар санын есептеу.

7. Транспорт құралдары мен жүк көтеру-тасымалдау құрылғыларының типі мен қажетті санын анықтау.

8. Жұмыс істейтіндер санын есептеу.

9. Қажетті өндірістік, көмекші және қызмет-тұрмыстық алаңдарды анықтау.

10. Цехтың компоновкалық планын құру және жобаның арнаулы бөлімдері (архитектура-құрлыс, энергетика, санитарлық-техникалық және т.б. бөлімдер) мен жобаның сметалық бөлімін жасауға тапсырма беру.

11. Жобаның арнаулы бөлімдері бойынша шешімдер қабылдау және құрлыс подоснов жасау.

12. Өндірістік және көмекші участоктарға қондырғылар мен жұмыс орындарын орналастыру жобасын және тапсырыс беру спецификациясын жасау.

13. Өндіріс (цех, участоу) бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау.
3.3. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер
Цех жобасының технологиялық бөлімін жобалауға арналған жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтерді заводтың бас инженері береді. Механикалық-құрастыру цехтарын жобалауға арналған жобалау тапсырмалары мен жобалауға қажетті мәліметтер жоба жасауға қажетті және жеткілікті барлық мәліметтерді қамтуы тиіс.

Жобалауға қажетті мәліметтерде мыналар көрсетілуі тиіс:

әзірленетін және құрастырылатын бұйымдардың, тораптардың және бөлшектердің номенклатурасы (цех тізімі);

цех тізіміне енгізілген бұйымдар мен бөлшектердің әрбір түрі бойынша шығарудың жылдық бағдарламасы;

шығарылуға тиіс қосалқы бөлшектер саны көрсетілген тізім немесе оны есептеуге арналған мәліметтер;

цехтың жұмыс режимі;

өңделетін бөлшектер мен цехта құрастырылатын тораптардың завод цехтары бойынша жүріп өту кезектілігі (қай цехтан немесе қоймадан келіп түседі және өңделгеннен немесе құрастырылғаннан кейін қайда жөнелтіледі) мен дайындаманың сипатын анықтайтын заводтың технологиялық маршруты;

цехтың жобаланатын заводтың транспорт магистралі мен басқа объектілеріне байланысты орналасу жағдайын анықтайтын заводтың бас жоспарының схемасы.

Тапсырмада цехта құрастырылатын барлық тораптар мен бұйымдардың сызбалары және ондағы барлық бөлшектердің жұмыс сызбалары және оларды құрастыру мен сынақтан өткізуге арналған техникалық талаптар болуы керек.
Б а қ ы л а у с ұ р а қ т а р ы :

1. Заводтардың әртүрлі типтерінің құрамы мен құрылымданының ерекшеліктерін атаңыздар? 2. Жобаның техникалық және техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде бас жоспарды жасауда завод объектлерінің ауданын қалай анықтауға болады? 3. Өндіріс жүрісінің қандай технологиялық схемаларын білесіздер? 4. Завод цехтары мен құрылғыларын зоналарға біріктіру мен блоктарға жинаудың мәні қандай? 5. Жүк айналымының есептелуі мен жүк ағындарының схемасы қалай жүргізіледі? 6. Өндірістік алаңда автомобиль жолдары мен темір жол желілерін орналастырудың талаптары және олардың орналасу схемасы қандай? 7. Өндіріс алаңын абаттандырудың маңызы неде? 8. Бас жоспардың техникалық жобасына не кіреді? 9. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атаңыздар. Құрлыс тығыздығы коэффициеті дегеніміз не?
Ә д е б и е т т е р :

Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 47 беттер;
жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау