Жұмыс бағдарламасы «Механикалық құрастыру цехын жобалау»



жүктеу 0,67 Mb.
бет1/2
Дата17.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#903
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

ОӘК 042- 14 - 1 - 02.1. 20. 177/02 - 2012

№1 басылым

16 беттің -беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-14-1- 02.1. 20.177/02 - 2014

ПОӘК

Пәннің жұмыс бағдарламасы

«Механикалық құрастыру цехын жобалау »

студенттерге арналған


№1 басылым


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Механикалық құрастыру цехын жобалау» пәнінен

5В071200 - Машина жасау

мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014





М А З М Ұ Н Ы




1.

Глоссарий ......... ………………………………………………………........




2.

Дәрістер .....................................................................………………........




3.

Практикалық және зертханалық жұмыстар .…….....................................




4.

Студенттердің өздік жұмыстары ..................................................................









































1-дәріс. ЗАВОД ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ
Заводтың құрамы мен бас жоспары. Завод құрамы мен өндірістік құрылымы. Транспорт және жүк айналымы. Темір жолдар мен автомобиль жолдары және территорияны абаттандыру.
Дәріс жоспары:
1. Завод құрамы және өндірістік құрылымы.

2. Бас жоспарды жасаудың негізгі тәртібі.

3. Завод транспорты және жүк айналымы.
Бас жоспар дегеніміз таңдап алынған алаңдағы заводтың барлық ғимараттары мен құрлыстарын, рельсті және рельссіз жолдары, сонымен бірге кәсіпорын территориясының абаттандырылуы мен рельефі ескеріліп жасалған инженерлік желілердің орналастырылу жобасы.

Бас жоспар құрамы кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді ұйымдастыруға сәйкес болуы керек.

Бас жоспар бойынша территорияны әзірлеуге, ондағы жолдарды, инженерлік коммуникацияны жасауға және территорияны абаттандыруға байланысты капитал шығындары өндірістік құрлыстың жалпы құнының 10-18 –ін құрайды.

Бас жоспарды жасау үшін заводтың құрамы мен өндірістік құрылымын, әрбір құрылымдық бөлімшелердің ауданын және бас жоспарда олардың өзара орналасуын анықтайтын технологиялық байланыстарын білу керек.

Завод құрамы және өндірістік құрылымы. Машина жасау заводтарының негізгі төрт типі болады.

Дайын машиналарды шығаруға арналған толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін құрамында барлық цехтар кешені бар заводтар. Кешенді дайындама цехтары (құю, ұста-престеу), өңдеу цехтары, құрастыру цехтары және оларға қызмет көрсететін қосалқы бөлімшелер құрайды.

Құрамында тек дайындама цехтары және оларға қызмет көрсететін қосалқы цехтары (модельдер, штамптар жасайтын және жөндейтін цехтар) бар дайындамаларды (отливкалар, поковкалар) өндіретін заводтар.

Құрастыру заводтары, олардың құрамында тек құрастыру цехтары болады және оларда басқа кәсіпорындардан алынған агрегаттардан машиналар құрастырылады. Бұл заводтарда кейбір бөлшектер жасалуы мүмкін, онда сәйкес өңдеуші цехтары болады.

Мамандандырылған заводтар, мұнда құрастыру заводтарына жөнелту үшін машина бөлшектері мен агрегаттары жасалады.

Толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін заводтар құрамына аталған цехтардан басқа қоймалар, энергетикалық, транспорттық, санитарлық-техникалық және жалпы заводтық құрлыстар кіреді.

Д а й ы н д а м а ц е х т а р ы:

болаттан, сұр және соғылғыш шойыннан отливкалар жасайтын және металл сынықтарына, қалып материалдарына және отынға арналған қоймалары бар болат және шойын құю цехтары;

түсті металдардан отливкалар жасайтын құю цехтары;

дайындама бөлімшесі мен металл қоймалары бар ұста-штамптау цехтары.

Өңдеу цехтары:

қаңылтырлардан бөлшектер жасауға арналған және металл қоймалары бар суық штамптау цехтары;

механикалық және механикалық- құрастыру цехтары;

сынау, бояу, дайын қнімді тапсыру бөлімшелері бар құрастыру цехтары;

бөлшектерді декоративті және коррозияға қарсы қаптамалауға арналған және өндірістік суларды тазартатын арнаулы станциялары бар металкаптамалау цехтары;

машина бөлшектерін термиялық өңдеуге арналған термиялық цехтар;

машиналардың кузовын жасауға және бояуға арналған кузов цехтары;

машиналардың ағаш бұйымдарын әзірлеуге арналған ағаш өңдеу және тара цехтары.

К ө м е к ш і ц е х т а р :

кесу және өлшеу аспаптарының, штамптардың, прессформалардың, бейімделген құралдардың, модельдердің бөлімшелері құрайтын аспаптық цех;

механикалық, құрастыру және сынау бөлімшелері бар қондырғыларды жөндеу мен модернизациялауға арналған ремонттық механикалық цехтар;

электр қондырғыларын жөндеуге арналған электрожөндеу цехы;

ғимараттар мен құрлыстарды жөндеуге арналған ремонттыққұрлыс цехтары;

жаңа және модернизацияланған өнімдерді сынау мен жетілдіруге арналған эксперимент цехы;

Ж а л п ы з а в о д т ы қ қ о й м а л а р :

металл қоймасы;

дайындамалар мен жартылай фабрикаттар қоймасы (кешенді заводтарда бұл қоймалар тиісті дайындама цехтарына болады);

аспаптарды сақтауға арналған орталық аспап қоймасы;

орталық абразивтер қоймасы;

шихта және қалып материалдары қоймасы;

дайын өнімдер қоймасы;

негізгі өндірістің қосалқы бөлшектеріннің қоймасы;

отын қоймасы;

жанармай, жағармай және химиялық материалдар қоймасы;

ағаш қоймасы;

құю немесе модельдер цехтарындағы модельдер қоймасы;

Э н е р г е т и к а л ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р :

ірі заводтардағы ТЭЦ немесе жылу қазандықтары;

заводтың барлық цехтарына сығымдалған ауа өндіретін компрессорлық цех;

газ құбыры магистралінен газды қабылдап алуға және оны тұтынушыларға таратуға арналған газогенераторлық және газ тарату станциялары;

электр, газ, бу, ауа және жылу құбырлары желілері;

Т р а н с п о р т қ ұ р ы л ғ ы л а р ы :

темір жол желісі, депо және темір жол құрылғыларымен бірге;

автомобиль жолдары, машиналарға арналған гараждарымен бірге;

электрокар транспорты, гаражымен және зарядтау стснциясымен бірге;

аспалы жолдар мен үздіксіз конвейер транспортына арналған эстакадалар;

С а н и т а р л ы қ - т е х н и к а л ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р :

жылыту, желдету, сумен қамту және канализация жүйелері;

бұл жүйелерге арналған насос станциялары, су қоймасы, су айдайтын мұнаралар, лас суларды тазалау құрылғылары;

Ж а л п ы з а в о д т ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р :

орталық лаборатория және оның филиалдары;

жаңа технологиялық процесстерді жасау мен зерттеуге арналған технологиялық лабораториялар;

орталық өлшеу лабораториясы;

дирекцияны, техникалық және әкімшілік-техникалық басқарманы, сонымен бірге қоғамдық ұйымдарды орналастыруға арналған ғимарат;

есептеу орталығы;

өту пункті;

өртке қарсы депо және оның қызметкерлеріне арналған орын;

заводтың оқыту орталығы;

медицина пункті, поликлиника;

телефон станциясы мен радио торабы.

Құрлыстың құнын азайту және транспорт шығындарын қысқарту үшін завод құрамындағы жекелеген цехтарды технологиялық белгілері мен өндірістік байланыстары бойынша топтастырып бір ірі корпусқа орналастырады.

Бас жоспарды жасаудың негізгі тәртібі.

Цехтар мен ғимараттарды салуға қажетті ауданды ұқсас алдыңғы қатарлы (прогрессивті) өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша есептейді. Оларға: шығарылған дайын өнімнің жылдық көлемі; бір өндірістік жұмысшыға келетін шығарылу көлемі, бір негізгі қондырғыға немесе бір өндірістік жұмысшыға келетін меншікті аудан. Барлық цехтар мен ғимараттардың ауданы есептелгеннен кейін өндірістік процесске сәйкес негізгі өндірістік алаң мен қоймалар орналастырылып габариттік өлшемдері мен конфигурациясы белгіленеді.

Бас жоспардағы объектілерді қабылданған өндіріс жүрісінің технологиялық схемасы бойынша орналастырады. Бұл схема өндіріс процесінде материалдар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың қозғалыс ретін көрсетеді (1.1-сурет).

Өндіріс түріне, сонымен бірге өндіріс алаңына байланысты жүк қоғалысының негізгі бағытының бойлық, көлденең және құрама схемалары болады (1.2-сурет).

Бойлық схемада жүк бір бағытта, әдетте өндіріс жүрісінің технологиялық схемасына сәйкес цех ғимаратын бойлай қозғалады. Бұл схема ауыр машина жасау заводтарына қолданылады. Себебі мұнда ішкі жүк тасымалы темір жол транспортымен атқарылады.

Сурет 1.1 – Кешенді машинажасау заводының өндіріс жүрісінің типтік технологиялық схемасы:

I – қоймалар; II – дайындама цехтары; III – өңдеуші және құрастырушы цехтар; IV – көмекші цехтар; V – энергетикалық қондырғылар; 1 – ағаш материалдары қоймасы; 2 – шихталар және қалыптау материалдары қоймасы; 3 – металл сынықтары қоймасы мен скрапораз-делочная база; 4 – металлопрокат қоймасы; 5 – аспаптық болаттар қоймасы; 6 жартылай фабрикаттар мен сатылып алынатын (покупные) бұйымдар қоймасы; 7 – жанар-жағармай қоймасы; 8 – химикаттар қоймасы; 9 – отын қоймасы; 10 – кептіру шаруашылығы; 11 – құю цехы; 12 – ұста цехы; 13 – листоштамповочный цех; 14 – модельный цех; 15 ремонтно-механический цех; 16 – штамповочный цех; 17 ТЭЦ или котельная; 18 газогенераторная или газораспределительная станция; 19 – деревообрабатывающий цех; 20 – механические и механосборочные цехи; 21 – инструментальный цех; 22 – ремонтно-строительный цех; 23 – сборочные и испытательные цехи; 24 – тарный цех; 25 –склад готовой продукции, консервации и упаковки; 26 – склад отвалов

Сурет 1.2 – Жүк қоғалысы
Көлденең схема автомобиль және трактор заводтарында кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда цехтар арасында жүк тасымалына рельссіз транспорт және үздіксіз конвейерлер қолданылады.

Құрама схемаларда жүк тасымалы бойлық және көлденең бағытта іске асырылады.

Жобалау кезінде бас жоспардың бірнеше варианттары жасалып, ішінен техникалық және экономикалық жағынан ең тиімдісі қабылданады.

Машина жасау кәсіпорынының бас жоспарын жасауда мынадай негізгі талаптар есепке алынуы керек.

Кәсіпорын территориясы өндіріс тораптарына, тұрғын үйлер ауданы мен көршілес кәсіпорындарға, сонымен бірге сумен және электрмен қамтамасыз ету көздеріне, қалдық суларды төгу орындарына, темір жол мен автомобиль магистральдарына және су транспортына жақын орналасуы керек.

Өндіріс цехтары мен қоймаларды өндіріс жүрісінің технологиялық схемасына сәйкес орналастыру керек, яғни тұрақты технологиялық транспорт жолдары неғұрлым қысқа болуы керек, ал кері немесе қарама-қарсы қозғалыс болмауы керек.

Өндіріс сипаты мен санитарлық-гигиеналық жағдайлары бойынша ұқсас цехтар мен құрылғыларды мүмкіндігінше, өндіріс жүрісінің технологиялық схемасын бұзбай жеке зоналарға біріктіруге болады.

Цехтар мен құрылғыларды мына зоналарға топтайды:

ыстықтай өңдеу және дайындама цехтары;

өңдеуші және дайындама цехтары;

көмекші цехтар;

энергетикалық құрылғылар,

жалпы заводтық құрылғылар (әкімшілік, қоғамдық, оқу және медициналық ғимараттарды орналастыруға арналған, фасады қалаға немесе тұрғындар поселкасына қарауы керек); бұл зона завод территориясына кіретін негізгі орында орналасуы керек.

Завод басқармасы, поликлиника, қоғамдық орындар мен өрт сөндіру депосы қоршалған завод территориясының сыртына немесе заводтың алдындағы сырттан кіруге болатын алаңға орналасады.

Қойма шаруашылығының объектілерін, егер олар өрт қауіпсіздігі талаптарына қарсы болмаса қызметтік және өндірістік объектілерге жақын орналастырады.

Тасымалдау саны мен жалпы транспорттық-қойма жұмыстарын қысқарту мақсатында, көп мөлшерде пайдаланылатын материалдарды, дайындамаларды және жартылай фабрикаттарды қабылдап алу, түсіру және сақтау шараларын тікелей тұтынатын цехтардағы (ұста, престеу, механоқұрастыру т.б.) қоймаларда қарастырады.

Атмосфераға газ, түтін, шаң және жағымсыз иіс бөлетін қондырғылары бар дайындама цехтары мен энергетикалық құрылғылар зонасын завод территориясының желдетілетін жағына, сонымен бірге, бұл зоналардың материалдар мен отынды көп мөлшерде қажет ететінін ескеріп завод территориясындағы теміржол желісінің кіретін жеріне орналастырған жөн.

Бас жоспардың экономикалық тиімділігі цехтарды ірі корпустарға блок түрінде жинап орналастырғанда жоғарылайды. Бұл жағдайда жеке тұрған ғимараттар саны азайып, завод территориясы және транспорт жолдары мен инженерлік желілердің ұзындығы қысқарады.

Ғимараттар мен құрлыс объектілерін табиғи жарықтандыру мен желдетілуге қолайлы болу үшін желдің бағыты мен күн сәулесінің түсуіне байланысты орналастырады.

Завод транспорты және жүк айналымы. Бас жоспардың тиімділігіне өндіріс жүрісінің технологиялық схемасы мен участоктың формасына байланысты болатын жүк ағындарының бағыты мен транспорт құралдарын дұрыс таңдау әсер етеді.

Міндеті мен өндіріс алаңындағы қозғалысына байланысты завод транспортын сыртқы және завод ішіндегі транспорт деп бөледі. Завод ішіндегі транспорт цехтар арасындағы және цехтың ішіндегі болып бөлінеді.

Сыртқы тасымал теміржолмен, автомобильмен және су транспортымен іске асырылады.

Цехтар арасында дайындамалар, жартылай фабрикаттар және өзге бұйымдар автопоездар, авто- және элекрокарлар, погрузчиктер және әртүрлі аспалы конвейерлер арқылы тасымалданады.

Тиеп-түсіру және қойма жұмыстарын кешенді механизациялауды іске асыру үшін, әрі сыртқы және ішкі транспорт шығындарын қысқарту мақсатында контейнерлік және пакетті тасымалдау кеңінен қолданылады.
Кесте 1.1 – Бір тәуліктегі жүк айналымы, тонна


Пункт отправления

Пункты прибытия




Вне завода

Склад проката с отрезным отделением

Склад полуфабри­катов и покупных из­делий

Механический цех

Сборочный цех

Склад отходов

Всего

Вне завода

Склад проката с отрезным отделением

Склад полуфабрикатов и покупных изделий

Механический цех

Сборочный цех

Склад отходов

-

-
-
-

255

45

150

-
-
-

-

-

50

-
-
-

-

-

90

140
-
-

-

-

10

-
50
200

-

-

-

10
-
30

5

-

300

150
50
230

260

45

Итого

300

150

50

230

260

45

1035


Транспорт құралдарын таңдау мен есептеу жүктің сипатына, тасымалдау қашықтығы мен заводтың жүк айналымына байланысты жүргізіледі. Заводтың жүк айналымы бір тәуліктегі, бір айдағы және бір жылдағы барлық транспорт түрлерімен цехтар мен қоймалар арасындағы тасымалданатын жүктің мөлшерімен анықталады.


Сурет 1.3 – Схема грузопотоков завода двигателей (числа обозначают годовой грузо­поток в тоннах):

/ – грузопоток деталей смежных производств; // – грузопоток деталей на сборку; III грузопоток деталей в термический и гальванический цехи; IV – грузопоток дета­лей из цехов механической обработки на склад перед сборкой; V – грузопоток заготовок в цехи механической обработки со склада заготовок; 1 и 3 – склады отдела смежних производств; 2 – отделение расконсервации; 4 – склад перед сборкой; 5 – цех сборки двигателей; 6 цех сборки двигатели с коробкой передач; 7 – отделение окраски; 8 – арматурный цех; 9 – склад отдела смежных производств; 10 – цех доукомплектовки дви­гателя; 11 – транспортировка деталей смежников в механические и арматурный цехи; 12 – сборка коробки передач; 13 – цехи механической обработки деталей двигателя; 14 цехи механической обработки деталей коробки передач: 15 – грузопоток деталей в термический цех и обратно

Бір тәуліктегі жүк айналымы арнайы формада тоннамен көрсетіледі (1.1-кесте). Кестені негізге алып завод территориясы бойынша жүк қозғалысының бағыты мен таралуын көрсететін заводтың жүк ағындарының схемасы жасалады. Бұл үшін бас жоспардың схемасында арнайы шартты белгілермен жүк ағындары көрсетіледі.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау