Жұмыс бағдарламасы «Кен дайындау және байыту»



жүктеу 229,88 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі229,88 Kb.
#16890
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы



Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/07



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Кен дайындау және байыту» пәні бойынша

5В070900 «Металлургия» мамандығының тәлімгерлері үшін

Павлодар





Элективті пәндер каталогы және мамандықтың оқу жоспарының жұмысына негізделіп құрастырылған пәннің жұмыс бағдарламасын бекітетін парақ



Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/11


бекітемін


ОІЖ бойынша проректор

___________Н.Э. Пфейфер

«___»________200_ж.
Құрастырушылар: аға оқытушы Бакиров А.Г.,


Металлургия кафедрасы



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


«Кен дайындау және байыту» пәні бойынша

5В070900 «Металлургия» мамандығының тәлімгерлері үшін


Элективті пәндер каталогы және мамандықтың оқу жоспарының жұмысына негізделіп құрастырылған 050709 «Металлургия» мамандығына пәннің жұмыс бағдарламасы С.Торайғыров атындағы ПМУ оқу кеңесінің отырысында бекітілген «__» _______ 200_ ж., №___ хаттама
Кафедра отырысында ұсынылған «__» _______ 200_ ж., №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ М.М. Сүйіндіков
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

«__»________200_ж. №___ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Ж. Е. Ахметов

КЕЛІСІЛДІ

ММЖжКФ деканы ___________Т.Т. Тоқтағанов «___»________200_ж.

МАҚҰЛДАНДЫ

ОПжәнеМО бастығы___________Е.Н.Жуманкулова «___»________200_ж.

1 Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі орны


    1. Пәнді оқытудың мақсаты

Металлургиялық өндіріске түсетін концентраттың құрамы мен сапасы жайында түсінігі бар, пайдалы кендерді байыту технологиясы мен техникасы жөнінде жүйелі теориялық және тәжірибелік білімі бар, металлургияның түсті және қара металдар саласында жұмыс істейтін мамандарды дайындау пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеті
Минералды бөлудің физико-химиялық негізін зерттеу, бастапқы шикізаттың дайындау әдістерімен танысу: електеу, ұсақтау, жіктеу, байыту.
Пәнді ігеруде студеттер білуге тиісті:

  • байыту үрдістері, әдістері және сұлбалары;

  • негізгі машина мен аппараттардың құрылымы мен жұмыс істеу

принципі.
Пәнді ігеруде студеттер істей білуге тиісті:

Металлургиялық өндірістегі бастапқы шикізатты дайындаумен байланысты есептеулерді шығару.


Пререквизиттер
Физика, аналитикалық химия және талдаудың физика-химиялық әдістері, механика негізі, материалтану және КМТ.


Пәннің тақырыптық жоспары




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны


3.1 Жалпы орта білім базасына ұсынылатын күндізгі бөлімде оқитын тәлімгерлерге арналған пәннің тақырыптық жоспары


р/с


Тақырыптың аты

Сағат саны


Дәріс

Тәж.

Зерт

ТМӨЖ

ТӨЖ

1

Кіріспе.

1










1

2

Кен дайындау және байыту өнімдері мен кеннің гранулометриялық сипаттамалары.


1




3

3

2

3

Ұсақтау.

1

2




3

3

4

Електеу.

1







3

3

5

Ұнтақтау.

1







3

3

6

Кен дайындаудың технологиялық үрдістері.

2




4,5

3

3

7

Байытудың гравитациялық әдісі.

1

2




3

3

8

Байытудың флотациялық үрдістері.

2







3

3

9

Байытудың магниттік және электрлік әдістері.

1







3

3

10

Байытудың арнайы және аралас әдістері.

2

3,5




3

3

11

Сусыздандыру.

2







3

3




Барлығы

15

7,5

7,5

30

30


3.3. Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып. Кіріспе.

Кен, минерал және кен орны туралы мәлімет. Байытудың мақсаттары және халық шаруашылығындағы рөлі. Байытудың әдістері мен көрсеткіштері.


2 тақырып. Кен дайындау және байыту өнімдері мен кеннің гранулометриялық сипаттамалары.

Кен дайындау. Пайдалы қазбаларды байыту мен механикалық өңдеудің жалпы сұлбасындағы кенді дайындау операцияларының орны.

Байыту өнімдері мен кеннің гранулометриялық сипаттамасы.

Кенді гранулометриялық талдаудың негізі.


3 тақырып. Ұсақтау.

Ұсақтау және ұнтақтау үрдістерінің теориялық негізі. Ұсақтау және ұнтақтау операцияларын тағайындау. Ұсақтау көрсеткіштері: Ұсақтау және ұнтақтау дәрежелері, Ұсақтау және ұнтақтау үрдістерінің энергетикалық тиімділігі. Ұсақтау және ұнтақтау мүмкіндігі. Нәзік денелерді бұзу үрдістері туралы қазіргі түсінік.


4 тақырып. Електеу.

Електеу үрдісі туралы негізгі мәліметтер. Електеу үрдісінің негізі. Електеу үрдісіне әсер ететін себеп-шарттар. Електеу үрдісінің тиімділігі.

Електердің құрылымы мен жіктелуі. Елеуіштердің жалпы сұрыптамасы.

5 тақырып. Ұнтақтау.

Ұнтақтау жабдықтары. Диірмен түрлері мен олардың жіктелуі.Ұнтақталған өнім ортадан және тор арқылы шығарылатын шарлы диірмендер. Өзекшелі диірмендер.Өзіндік ұнтақталатын және малта тасты диірмендер.

Барабанды диірменнің жылдамдық режимдері: каскадты, сарқырамалы, аралас, аумалы. Барабанды диірменнің аумалы режимінің айналмалы жиілігі.
6 тақырып. Кен дайындаудың технологиялық үрдістері.

Ұсақтау мен електеу сұлбалары. Ұнтақтау мен жіктеу сұлбалары. Сұлбалар талдауы мен қолдану аясы.


7 тақырып. Байытудың гравитациялық әдісі.

Байытудың гравитациялық әдісінің негізі мен тағайындалуы. Байытудың гравитациялық үрдісінің жіктелуі.

Гидравликалық жіктеу. Гидравликалық жіктеудің мақсаты мен тағайындалуы.

Ауыр ортада байыту. Негізгі анықтамалар мен терминологиялар. Ауыр минералдық суспензиялар. Ауырлатқыштар және оларға қойылатын талаптар. Суспензиялардың қасиетін жақсарту және олардың тұрақтылығын артыру әдістері. Ауыр ортада байытуға арналған аппаратуралар, олардың жұмыс істеу принципі. Бөлу үрдісіне әсер ететін себеп-шарттар.

Сулы ортада шөктіру. Шөктірудің теориялық негіздері мен технологиясы. Су ағынының және минерал түйіршіктерінің қозғалу ерекшеліктері. Шөктіру арқылы байытуға арналған аппаратуралар. Шөктіру машиналарының құрылғыларының негізгі принциптері, конструкция элементтері. Машиналардың жұмыс істеу принципі.

Қытымсыз ағынды байыту. Көлбеу бет бойында, сонымен қатар қисық сызықты ағында және сулы ортадағы центрден тепкіш өрісте байыту. Ағынды судың көлбеу бет бойынша қозғалысы. Жинағыш столда, шлюзде, бұрандалы айырғыштарда және концентраторларда байыту.

Жуу. Үрдістің тағайындалуы, қолдану аясы. Шашыранды және сазбалшықты кендердің жалпы сипаттамасы. Жуу тиімділігіне әсер етуші себеп-шарттар: қоршаған орта, диспергенттер, механикалық әсерлесу.
8 тақырып. Байытудың флотациялық үрдістері.

Флатация үрдісінің негізі, негізгі ерекшеліктері мен жіктелуі. Кедей және қиын байытылатын кендерді арзан әдістермен байыту және шикізатты тұтастай пайдалануды жақсарту нәтижесінде экономикалық мәселелерді шешудегі флотацияның рөлі.

Үрдістің жалпы сипаттамасы. Минералдардың сумен және ондағы еріген заттармен әрекеттесуі. Флотация кезіндегі фазалар және олардың сипаттамасы: газ тәрізді, сұйық, қатты. Дымқылданудың пайда болуы. Минерал бетінің сулануы және сусыздануы. Флотациялық реагенттер. Физикалық және химиялық адсорбция.

Жинағыштар. Жинағыштардың түрлері.

Флотациялық жабдықтар. Қолданылуы, конструкциясы және жұмыс істеу принципі. Флотациялық машиналардың түрлері.
9 тақырып. Байытудың магниттік және электрлік әдістері.

Байытудың магниттік әдісі. Минералдардың магниттік қасиеті. Магнитті байытуға арналған аппараттар және олардың жіктелуі. Байытудың электрлік әдісі. Минералдардың электрлік қасиеті. Электрлі байытуға арналған аппараттар және олардың жіктелуі.


10 тақырып. Байытудың арнайы және аралас әдістері.

Кен сұрыптау (қолмен, автоматтандырылған). Үйкеліс, ірілік, қаттылық бойынша байыту.

Концентраттарды жетілдіру (термиялық, химиялық және термохимиялық). Пиро және гидро металлургиялық үрдістердің операциялыры арқылы байытуды қолданып минералдық шикізатты қайта өңдеу.

11 тақырып. Сусыздандыру.

Сусыздандыру үрдісінің қолдану аясы. Сусыздандыру әдістері.


3.4 Зертханалық сабақтардың мазмұны
2 тақырып. Кен дайындау және байыту өнімдері мен кеннің гранулометриялық сипаттамалары.

1-3 сабақтар. Пробаларды қысқарту және араластыру.

6 тақырып. Кен дайындаудың технологиялық үрдістері.

4-5 сабақтар. Темір кенді материалдардан дымқыл жентектерді алу.

6-7 сабақтар. Жентектердің жеңілдетілген күйдіруі.
3.5 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 тақырып. Кендерді байытуға дайындау. Ұсақтау.

№1 сабақ. Ұсақтаудың дәрежелерін анықтау.

№2 сабақ. Ұсақтаудың дәрежелерін анықтау.
2 тақырып. Кенді байытудың әдістері. Байыту нәтижелерін бағалау.

№3 сабақ. Байытудың техникалық көрсеткіштерін анықтау.

№4 сабақ. Байытудың техникалық көрсеткіштерін анықтау.

3 тақырып. Байытудың арнайы және аралас әдістері.

№5 сабақ. Күйдірілген кеннің құрамын есептеу.

№6 сабақ. Күйдірілген кеннің құрамын есептеу.

№7 сабақ. Концентраттағы металл құрамын анықтау.

№8 сабақ. Концентраттағы металл құрамын анықтау.
3.6 ТМӨЖ мазмұны
2 тақырып. Кен дайындау және байыту өнімдері мен кеннің гранулометриялық сипаттамалары.

1 тапсырма. Ірілігі бойынша шашыранды материалдардың және кенді бағалаудың әдістері. Максималды, минималды және номиналды диаметрлері.

2 тапсырма. Гранулометриялық талдаудың әдістері – електік, дисперсионды, микроскопиялық. Електің стандартты шкаласы.


  1. тақырып. Ұсақтау.

3 тапсырма. Жақтық ұсақтағыштар. Жақтық ұсақтағыштардың жіктелуі, жақтың қарапайым және қиын қозғалысы бойынша ұсақтағыштардың құрылымы. Қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері.

4 тапсырма. Конусты ұсақтағыштар. Конусты ұсақтағыштардың жіктелуі, қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрылымы, жұмыс көрсеткіштері, механикалық режимнің параметрлері: қамту бұрышы, ұсақтайтын біліктің айналу жиілігі, қозғалтқыштың қуаты, өнімділігі.
4 тақырып. Електеу.

5 тапсырма. Електеудің түрлері – өзіндік, дайындау, қосымша, сусыздандыратын. Електердің жұмыс беті – колосникті, штампталған торлы, плетенді және шпальтовті електер. Електейтін беттің жұмыс беті. Електейтін беті қозғалмалмайтын және жартылай қозғалмалы електер, айналмалы елек. Әр бір елек үшін: құрылғының принципиалды сұлбасы, жұмыс істеу принципі, қолдану аясы, жұмыс көрсеткіштерінің өнімділігі, өнімділік есептері, ерекшеліктері және кемшіліктері. Қозғалмалы електер.


  1. тақырып. Ұнтақтау.

6 тапсырма. Ұнтақтау технологиясы. Диірмендердің технологиялық жұмыс режимі. Диірмендердің ұнтақтайтын ортасы. Ұнтақтайтын ортасы бар диірмендердің көлемінің толу дәрежесі. Шарлардың, өзекшелердің, галькалардың шашырау тығыздығы. Қоректену ірілігінің, айналу жиілігінің, шеген түрінің, шарлы жүктердің салмағы мен басқа да себеп-шарттардың ұнтақтау үрдісіне ықпалы. Ұнтақтау сұлбалары және олардың қолдану аясы.

7 тапсырма. Барабанды диірмендердің өнімділігі. Диірмендердің кен және есептеу класы бойынша өнімділігі. Диірмендердің өнімділігіне әсер ететін себеп-шарттар.


  1. тақырып. Кен дайындаудың технологиялық үрдістері.

8 тапсырма. Қазіргі өндірісте кен дайындау үрдістерін жетілдіру жолдары мен бағыттары. Байыту фабрикаларындағы кенді ағындардың сапасын басқару. Кенді орташаландыру. Предконцентрация.


  1. тақырып. Байытудың гравитациялық әдістері.

9 тапсырма. Байытудың гравитациялық әдістерінде қолданылатын минералды түйіршіктер мен ортаның қасиеті, гравитациялық байыту үрдісінде минералды түйіршіктерге заң жүзінде және кездейсоқ ықпал ететін әсерлердің жалпы сипаттамасы.

10 тапсырма. Минералды түйіршіктердің суға түсу заңдылықтары. Түсудің соңғы жылдамдығы. Түйіршіктердің бос және қысылған күйде түсуі. Қысылған жағдайда тепе-теңдік күйде құлау, оның байытудың гравитациялық әдісіне әсері.

11 тапсырма. Гидравликаллық жіктеуге арналған аппараттардың жіктелуі. Олардың құрылымы, жұмыс істеу принципі мен басқару.

12 тапсырма. Ауыр сұйықтарда байытуға арналған аппараттар мен қондырғылар. Ауыр сұйықтарды жуу мен регенерациялау.

13 тапсырма. Шөктірудің себеп-шарттары: пульсация циклы, жиілік, пульсация амплитудасы, ауа мен су шығындары және оларды есептеу әдістері. Шөктіруге материалдарды дайындау.


  1. тақырып. Байытудың флотациялық үрдістері.

14 тапсырма. Көпіктендіргіш реагенттер. Флотация кезінде көпіктендіргіштердің рөлі.Көпіктендіру механизмі. Флотациялық көпіктер. Модификатор реагенттері (ортаны реттегіштер, белсендіргіштер, басқыштар). Модификаторлардың қолданылуы және олардың әсері. Қышқылдар, сілтілер, тұздар. Минералдардың активтенуі. Модификаторларды қолданған кезде селективтіліктің артуы.

15 тапсырма. Флотация технологиясы. Флотация нәтижелеріне бағалы компоненттер құрамының, минералдық құрамның, минералдардың екінші ретті өзгеруінің және кендер генезисінің ықпалы. Флотация кезіндегі шашырау сипаттамасы мен ұнтақтау ірілігі. Флотация операцияларының жіктелуі мен флотациялық байыту сұлбаларының кезеңділігі. Шлам мен құмдардың жеке флотациясының сұлбалары.

10 тақырып. Байытудың арнайы және аралас әдістері.

16 тапсырма. Жылу қасиеті бойынша байыту. Термоадгезиялы сепарация. Декрипитация. Жасанды шикізаттық және тауарлық өнімдерді алу.
11 тақырып. Сусыздандыру.

17 тапсырма. Сіңіру және центрфугирлеу. Қойылту: сұйық фазаға қатты түйіршіктерді тұңдыру, түйіршіктерді тұңдыруды қарқындату үшін қолданылатын реагенттер, коагуляция және флокуляция. Қойылту жабдықтары: орталық және перифериялық сымдары бар қойылтқыштар.
3.7 ТӨЖ мазмұны
1 тақырып – Байытудың әдістері мен көрсеткіштері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 19-24 бет.

2 тақырып – Ірілігі бойынша шашыранды материалдардың және кенді бағалаудың әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 27 бет.

3 тақырып – Соғу әсерлі, балғалы және ретортты ұсақтағыштар, жұмыс істеу принципі және құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 64-67 бет.

4 тақырып – Електердің жіктелуі мен құрылымы: қозғалмайтын және қозғалмалы електер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 31-41 бет.

5 тақырып – Өзіндік ұнтақтайтын диірмендер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 81-87 бет.

6 тақырып – Ұнтақтаудың бір кезеңді және екі кезеңді сұлбалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 108-113 бет.

7 тақырып – Гидравликалық жіктеуіштер. Шөктіру машиналары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 101-122 бет.

8 тақырып – Флотацияға әсер ететін негізгі себеп-шарттар. Флотациялық машиналар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 175-178 бет.

9 тақырып – Магнитті байытудан алдын кенді дайындау. Магнитті байытуға арналған жабдықтар. Материалды электрлі сепарацияға дайындау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 41-50 бет.

10 тақырып – Бактериалды сілтілеу. Шашыранды кендерді байыту. Шашыранды кендердің сипаттамсы мен байыту тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 60-73 бет.

11 тақырып – Шаң аулау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 114-132 бет.





Мамандықтың оқу жоспарының жұмысынан алынған жазба




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/10




4 5В070900 «Металлургия» мамандығының оқу жоспарының жұмысынан алынған жазба

«Кен дайындау және байыту» пәнінің атауы




Оқу

түрі


Бақылау түрі

Тәлімгердің жұмысының көлемі, сағат.

Сағаттардың курсқа және семестрге бөлінуі (сағаттар)

Барлығы

Емт.

Сын.

КЖ

К

ЕСЖ

БЖ.

Жалпы

Ауд.

ТӨЖ

Дәріс

Тәж

Зерт.

ТМӨЖ

ТӨЖ

1.

Орта білім негізінде

күндізгі оқу




6
















90

30

60

5 семестр

15

7,5

7,5

30

30

5 Әдебиет тізімі


5.1 Негізгі
1 Егоров В.Л. Обогащение полезных ископаемых. – М.: Недра, 1986.

2 Полькин С.И., Адамов Э.В. Обогащение руд цветных и редких металлов. – М. Недра, 1975.

3 Перов В.А., Андреев Е.Е., Биленко Л.Ф. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. – М.: Недра, 1990.

4 Подготовка минерального сырья к обогащению и переработке. – М.: Недра, 1987.

5 Никитин Г. М. Обогащение руд. Учебно-методическое пособие. – П, 2003.

6 Коржова Р. В. Сырьевая база и обогащение руд. Учеб. пособие. В 2-ух частях: Ч.1 Руды и минералы. – М.: МИСиС, 2001. Ч. 2 Технология обогащения руд. – М.: МИСиС, 2002.

7 Коржова Р. В. Сырьевая база и обогащение руд. Учеб. пособие. В 2-ух частях: Ч. 2 Технология обогащения руд. – М.: МИСиС, 2002.

8 Леонов С. Б., Белькова О. Н. Исследование полезных ископаемых на обогатимость: Учебное пособие. – М.: «Интермет Инжиниринг», 2001.


5.2 Қосымша
9 Шохин В.И., Лопатин А.Г. Гравитационные методы обогащения. – М.: Недра, 1993.

10 Кизевальтер Б.В. Теоретические основы гравитационных процессов обогащения. – М.: Недра, 1988.

11 Абрамов А.А. Флотационные методы обогащения. – М.: Недра,1981.

12 Кармазин В.В., Кармазин В.И. Магнитные и электрические методы обогащения. – М.: Недра, 1988.

13 Практикум по обогащению полезных.\Под.ред. Бедраня Н.Г. – М.: Недра, 1986.

14 Кравец Б.Н. Специальные и комбинированные методы обогащения. Учебное пособие для вузов. – М.: Недра, 1986.



15 Авдюков В.И., Авдюков В.В. Специальные и комбинированные методы обогащения. Учебное пособие для вузов. – КазНТУ, Алматы, 2000.
жүктеу 229,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау