(қолы) (аты-жөні)
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012 ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Темиров Қ.У. 2012_ж. «_____»___________
(қолы) (аты-жөні) КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы ГПФ Ж.Т.Сарбалаев 2012_ж. «_____»________ (факультет атауы) (қолы) (аты-жөні)
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ Жұманқұлова Е.Н. _ 2012ж. «_____»_______
(қолы) (аты-жөні)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты - Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздерін, осы заманғы жаңа технологиясын, озық әдістемелік тәсілдер мен оларды пайдалану жолдарын көрсету. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесін меңгерту.
Пәннің міндеті –
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар:
әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздерін;
әдістеменің ғылыми тұжырымдамасын;
құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін;
әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуді;
тарихи тәжірибе мен оқытудың осы заманғы жаңа технологиясын;
инновациялық ізденістерді;
озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану жолдарын білуі тиіс.
Магистранттар бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
2 Пререквизиттер
- Қазақ әдебиеті
- Әдебиетті оқыту әдістемесі
- Қазақ әдебиетінің тарихы
3 Постреквизиттер
- Қазіргі қазақ әдебиеті
- Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
MӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Әдістеменің ғылыми тұжырымдамасы
|
2
|
1
|
12
|
2
|
Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы
|
2
|
1
|
12
|
3
|
Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері
|
2
|
1
|
12
|
4
|
Тарихи тәжірибе және оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы
|
2
|
1
|
12
|
5
|
Инновациялық ізденістер
|
2
|
1
|
12
|
6
|
Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану
|
2
|
1
|
12
|
7
|
Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі
|
2
|
1
|
12
|
8
|
Дамыта оқыту
|
2
|
1
|
12
|
9
|
Проблемалық оқыту
|
2
|
1
|
12
|
10
|
Модульдік оқыту технологиясы
|
2
|
1
|
12
|
11
|
Деңгейлік оқыту технологиясы
|
2
|
1
|
12
|
12
|
Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы
|
2
|
1
|
12
|
13
|
Оқытудың жобалау технологиясы
|
2
|
1
|
12
|
14
|
Әдеби материалды оқыту, көркем мәтінді меңгерту бағытындағы әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу
|
2
|
1
|
12
|
15
|
Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары
|
2
|
1
|
12
|
Барлығы: сағат
|
30
|
15
|
180
|
4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Әдістеменің ғылыми тұжырымдамасы.
Әдістеме ғылымы. Мақсаты мен міндеттері. Қалыптасуы.
Ғылыми зерттеулердің әдістемелері. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылуы. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы екендігі. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстыруы. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылуы. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етуі. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінуі. Эмпирикалық әдістерге жататындар: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістердің мынадай түрлері бар екендігі: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
2-тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Филология факультетінің магситранттарына «Әдебиетті оқытудың қазіргі әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылуы. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі-әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте, жоғары оқу орындарында оқытудың қажеттігі. 1) Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері- қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің магистранттардың тәлім-тәрбие жұмыстарына тигізетін игі әсері. Жеке тұлғаның адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын тереңдетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.
3-тақырып. Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктерінің артуы, жаңа технологиялар пайда болуы. Электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелеуі.
Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Оқу пәні ретінде әдебиеттің бірінші кезектегі міндеті оқушылардың бойына көркем ышғарманы түсіну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығы. Творчестволық оқу әдісінің өзге публицистикалық, ғылыми талдама мәтіндерді оқудан өзіндік айырмашылғы. Мұндағы сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл бөлу керектігі. Әр шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің шарттылығы. Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амалдар. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар.2) Эвристикалық оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түйсіну, игеру оны саралап талдау арқылы іске асатындығы. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы. Эвристикалық оқу барысында мұғалім атқаратын тәсілдер. Оқушылар атқаруға міндетті істер. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары. 3) Зерттеп оқу әдісі. Оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға ғылыми қорытындылар жасай білуге үйрететіндігі. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап оқуға баулитындығы. Зерттеу нәтижелеірін ауызша да, жазбаша да түсіндіріп беруге төсілдіретіндігі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы. Зерттеу әдісі бойынша пән мұғалімі ұйымдастыруға тиісті жұмыстар. Алдын-ала дайындықтың қажеттілігі. Оқушылар атқаратын зерттеу жұмыстары, түрлері. 4) Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген білімді белсенді түрде қаббылдау қажеттігі. Ой-сана, ес, қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, жаңғыртып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Алынған білімді саналы түрде бойға сіңіру әдеттерін жетілдіретіндігі. Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.
4-тақырып. Тарихи тәжірибе және оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы.
Әдебиеттің оқытылу тарихы. XVII-XIX ғасырлардағы мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу түзілісінің ерекшелігі, жүргізілу тәсілдері. XIX ғ. орыс-түзем оқуы, мақасты. Орыс дәріскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев, В.И.Водовозов әдістемелік ұсыныстары. В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевскийдің ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнабаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.
5-тақырып. Инновациялық ізденістер. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық процессіз оқытудың дамуы мүмкін емес. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды. Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін факторлар.
6-тақырып. Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану.
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX-ХХІ ғасыр).
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағарту жұмыстар жөнінде. А.Батұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926)), М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923). Ж.Аймауытовтың оқу іс, барысы туралы ойлары. Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихынан тұңғыш зерттеуде М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы). Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы әдіскер-ғалымдар еңбектері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары туралы.
Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:
- Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;
- Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;
- Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.
7-тақырып. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту технологиясы: Пәнді оқыту барысында топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек. Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.
Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.
8-тақырып. Дамыта оқыту. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.Дамыта оқытуды ұйымдастыру – балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасай білу, яғни бұл кезде мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымды іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын, өзін-өзі бақылау қабілеттерін дамытады, шығармашылықпен ойлап, өз бетінше тұжырымдар жасау, дерексізден нақтыға көше алу, байқампаздық қасиеттері дамиды.
Дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болса, дамыта оқыту нәтижесінде субъект ретінде алға шығады. Яғни ол айналадағы іс-әрекетке өз әсерін тигізе алатындай дәрежеге жетеді.
Дамыта оқыту технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Бұны ұсынған Л.В.Занков қиын тапсырмалар беріп, баланың миын жұмыс істеуге үнемі ынталандырып отырғанда ғана оның ақыл-ойын жоғары деңгейге дамытуға болады деп есептейді. Ал дәстүрлі оқытуды ұстанушылар «қиын тапсырмалар баланың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді» деп бұған қарсы пікір айтады. Бірақ дайын білімді ғана игеріп, мұғалімнің түсіндіруінен аса алмаған баланың дамуы бір деңгейде қалып, оның табиғи мүмкіндіктері шектелетіні белгілі жай емес пе? Мысалы, қазақ әдебиеті сабағында мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою немесе әңгімелету арқылы мәтінде айтылған ойға жақын іс-әрекетті оқушының көз алдында елестету арқылы әңгімені сен қалай аяқтар едің? Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме? деген сұрақтар қою арқылы оқушының өз ойын толығынан жеткізе білуге шығармашылықпен ойлауға жетілдіруге болады.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардағы дамыта оқытудың ерекшелігін дәстүрлі оқыту түрлерімен салыстыра отырып, төмендегідей саралауға болады:
білім ғана емес, оқушылардың абстрактілі ойлау іс-әрекеттері, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдынғы кезекте тұруы;
оқушы – субъектінің білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы;
сабақтың барлық кезеңдерінде ол – белсенді тұлға (зерттеуші), өнім беруші, өз іс-әрекетін талдаушы;
мұғалім – әр баланың танымдық түйсігін оята отырып оларды даму аймағына кіргізуші;
дамыта оқытуға негізделген сабақ ұжымдық ойлау іс-әрекеті, диалог, пікірталас, іскерлік қарым-қатынастармен ерекшеленеді;
мұғалім оқушыларға дайын біліммен емес, проблемалық сұрақпен келеді, берілетін білім проблемалық баяндау негізінде болады. Оны шешу, мақсатқа жету оқушының іс-әрекеті арқылы жүреді. Модель, жоба жасау, оны қорғау – дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау – шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері: 1) бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу; 2) нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу; 3) нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету; 4) ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау.
9-тақырып. Проблемалық оқыту. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
10-тақырып. Модульдік оқыту технологиясы
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі( С.И.Ожегов). Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiсте-мелiк нұсқаулар, шамамен алған-дағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi. Модульдік оқыту технологиясының болмысы. Модульдік оқытудың құрылымы. Қазақ тілі пәнінен модульдік күнтізбелік-тақырыптық бағдарлама үлгілері. М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясының тиімділігі. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
11-тақырып. Деңгейлік оқыту технологиясы.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.
12-тақырып. Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Әдебиет сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері.
13-тақырып. Оқытудың жобалау технологиясы. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.
20 –шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты, бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:
- Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы
-жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы
-жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралды. Уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды.Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр. Оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
14-тақырып. Әдеби материалды оқыту, көркем мәтінді меңгерту бағытындағы әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу.
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
- В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
- П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
- В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
- Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
- Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
- Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;
- М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;
- Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
- Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.
15-тақырып. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары.
Кәсіби бағыттылық адамның өз тәжірибесі нәтижесінде жиналуы. Оның дамуы адамның өмірде өзін өзі анықтау мәселесін шешуіне, белгілі бір кәсіпті таңдағанда өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін дер кезінде аңғаруына және кәсіпті таңдауда қоғамдық маңызды мотивтерді ескеруіне байланысты. Кәсіби бағыттылықты дамыту - бұл тұлғаның мүддесі мен қабілетінің белгілі бір іс-әрекетке, қызығатын кәсібі қоятын талаптары мен өзінде бар қабілеттердің, тұлғаның кәсіби мүддесі мен қоғамның мамандарға мұқтаждығы арасында үнемі пайда болатын қайшылықтарды шешу процесі.
Кәсіби біліктілікті, бағыттылықты дамытудың маңызды міндеті - жастарды әр кәсіптің ерекшелігімен, олардың мазмұны туралы толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын сезіндіру, оның қоғамдық өмірдегі әлеуметтік беделін түсіндіру болып табылатындығын ескеру. Әсіресе студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше екендігі. Болашақ маманды өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді, кәсібіне қызығушылы-ғын қалыптастыру.
Болашақ мамандарды бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай етіп кәсіби мамандар дайындау.
Кәсіби біліктілік дағдылар мен құзыреттіліктің өзара арақатынасы.
Білім беру жағдайында болашақ педагог-маманның құзыреттілігіне мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттама беру: а) мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну; ә) проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарынан, міндет нормаларын қойып анықтауды сипаттайды; б) коммуникативтік аспект: бұл - болашақ маманның осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз ететіндігі.
4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Әдістеменің ғылыми тұжырымдамасы.
Әдістеме ғылымы. Мақсаты мен міндеттері. Қалыптасуы.
Ғылыми зерттеулердің әдістемелері. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы екендігі.
Ғылыми әдістердің эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінуі. Эмпирикалық әдістер. Ғылыми әдістердің түрлері.
2-тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. 1) Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы.
3-тақырып. Әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктерінің артуы, жаңа технологиялар пайда болуы. Электрондық, ақпараттық мультемедиялық технологиялар. Интернет жүйесі арқылы оқу процесін ұйымдастыру. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелеуі. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері.
4-тақырып. Тарихи тәжірибе және оқытудың осы заманғы жаңа технологиясы.
Әдебиеттің оқытылу тарихы. XVII-XIX ғасырлардағы мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу түзілісінің ерекшелігі, жүргізілу тәсілдері. Орыс дәріскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев, В.И.Водовозов әдістемелік ұсыныстары. В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевскийдің ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнанбаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.
5-тақырып. Инновациялық ізденістер. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық процесті күшейтетін факторлар.
6-тақырып. Озық әдістемелік тәсілдер және оларды пайдалану.
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX-ХХІ ғасыр). А.Батұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926), М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923). Ж.Аймауытовтың оқу іс, барысы туралы ойлары. Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихынан тұңғыш зерттеуде М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы). Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы әдіскер-ғалымдар еңбектері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері. Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары туралы.
7-тақырып. Алдыңғы қатарлы әдістемелік үлгілер, мектептер, жекелеген әдіскерлер тәжірибесі. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, саралап оқыту (И.Унт), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы. Озық педагогикалық тәжірибені үйрену (пікірталас сабағын ұйымдастырыңыз. Тақырыбы: «Қазіргі озық педагогикалық тәжірибе бізге не береді және оның перпективалары»).
8-тақырып. Дамыта оқыту. Дамыта оқыту (Ю.Эльконин). Дамыта оқытуды ұйымдастыру. Дамыта оқыту технологиясының басты қағидалары (Л.В.Занков бойынша) Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардағы дамыта оқытудың ерекшелігі.
9-тақырып. Проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту (М.Махмутов). Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалық оқытуға арналған сабақ жоспарын құру, сабақ өткізу.
10-тақырып. Модульдік оқыту технологиясы. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқытудың құрылымы. Қазақ тілі пәнінен модульдік күнтізбелік-тақырыптық бағдарлама үлгілері.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
11-тақырып. Деңгейлік оқыту технологиясы.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының тиімділігі. Технология негізінде тапсырмалар әзірлеу.
12-тақырып. Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы. Компьютерлік технология. Тиімділігі. Әдебиет сабағында білімді ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері.
13-тақырып. Оқытудың жобалау технологиясы.
Жобалау технологиясы, тарихы, қолданылуы. Мақсаты мен тиімділігі туралы. Сабақ әзірлеу.
14-тақырып. Әдеби материалды оқыту, көркем мәтінді меңгерту бағытындағы әлемдік әдістеме тәжірибелері негізінде әдебиет сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу.
В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;
Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
15-тақырып. Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдылары.
Қазақ әдіскер-ғалымдарының еңбектері. Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары туралы. «Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдыларын қалай қалыптастыру керек?» деген тақырып бойынша ойтолғау/эссе жазыңыз.
4.4 МӨЖ мазмұны
№
|
МӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
1/30
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
1/15
|
3
|
Бақылау жұмысын орындау
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
60
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Реферат
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
45
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
МБ1, МБ2
|
30
|
|
Барлығы
|
|
|
180
|
Магистранттарға өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
1. Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі
2. Эвристикалық оқу әдісі
3. Зерттеп оқу әдісі
4. Репродуктивті оқу әдісі
5.А.Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926)),
6. М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923).
7.Ж.Аймауытовтың оқу ісі, барысы туралы ойлары.
8. М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы).
9. Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері.
10.В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы
11.П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы
12.В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы
13.Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы
14.Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы
15. Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы
16. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары.
17.Жобалай оқыту технологиясы.
18.Қашықтықтан оқыту технологиясы.
19.Интер белсенді тақта
20. Әдебиет сабақтарының маңызы мен түрлері. Сабақ құрылымы. Мақсат, міндеттері
21.Озық педагогикалық тәжірибені үйрену (пікірталас сабағын ұйымдастырыңыз. Тақырыбы: «Қазіргі озық педагогикалық тәжірибе бізге не береді және оның перпективалары»).
22. «Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдыларын қалай қалыптастыру керек?» деген тақырып бойынша ойтолғау/эссе жазыңыз.
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
1. Байтанасова Қ., Айтуғанова С. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – А., 2008.
2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетінің әдістемесі. – А., 2007.
Қосымша:
Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.
Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А., 2000.
6. Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. А., 2003.
7. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
9. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.
Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.
Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.
Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.
15. Құсайынов А. Оқулықтану мәселелері. А., 2000.
Мамандықтың жұмыс оқу ПМУ ҰС Н. 7.18.3/32
жоспарынан көшірме
6M011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200-«Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
Пән атауы Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Оқу түрі
|
Бақылау формасы
|
Магистрант жұмысының көлемі
|
Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі
|
Емт.
|
сынақ
|
К.ж
|
К.жұм.
|
ЕГЖ
|
бақ.жұм
|
Барлығы
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОMӨЖ
|
MӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОMӨЖ
|
MӨЖ
|
жалпы
|
Аудитор.
|
MӨЖ
|
Күндізгі
бөлім негізінде
|
2
|
|
|
|
|
|
225
|
45
|
180
|
1-семестр
|
2- семестр
|
|
|
|
|
30
|
15
|
49,50
|
130,10
|
Сыртқы
бөлім
негізінде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-семестр
|
4- семестр
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі ______ __________ 2012 ж. «___»______________
(қолы) (аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |