Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының мәжілісінде 2017 ж., хаттама № қаралды. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор У. М. Датхаев Жұмыс бағдарламасы



жүктеу 155 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі155 Kb.
#23633
түріЖұмыс бағдарламасы


С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ







КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL

MEDICAL UNIVERSITY





Бекітемін

академиялық қызметтер жөніндегі

проректор, профес. М.А. Камалиев

________________________________

«____»____________________2017 ж.

2017 – 2018 ОҚЫ ЖЫЛЫНЫҢ

6М110400 – «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН АРНАЛҒАН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ


Алматы 2017 ж.

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының мәжілісінде «__» _________ 2017 ж., хаттама №___ қаралды.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының

меңгерушісі, профессор У.М. Датхаев


Жұмыс бағдарламасы «Фармация» ОБК мәжілісінде «__» _________ 2017 ж., хаттама №____ талқыланды.
ОБК төрайымы, доцент _____________ Г.О. Устенова
Жұмыс бағдарламасы Академиялық кеңестің мәжілісінде бекітілді.

«__» _________ 2017 ж., хаттама№


Академиялық кеңестің төрағасы, профессор ____________ М.А. Камалиев

Кіріспе

Оқу бағдарламасы талдау негіздерін зерттеуге бағытталған фармацевтикалық компаниялар мен заңнамасының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің экономикалық көрсеткіштерін болжау, және фармацевтика нарығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби білім және кәсіби дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарламадағы ерекше назар аудартын жайт көп функционалды жабдықтары мен автоматты өндірістік желілерін тұжырымдамасын қолдану бағдарламасына өнеркәсіптік технологиясын жетілдіру мәселелері перспективалы бағыттары қаралды.

Емтихан мақсаты:

«Фармацияның басқарылуы және экономикасы», «Дәрілердің өндірістік технологиясы», «Фармацевтикалық химия», «Фармакогнозия» пәндердің оқу бағдарламаларынан кәсіби қызмет түрін игеруге қажетті (білім,практика және т.б.) меңгерген дағдылар кешенін бағалау.


Емтихан міндеттері:

  • фармацевтикалық ұйымдардың қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін болжау әдістерін білу (тауарлардың сатылу көлемін жоспарлау, тауарлар қорын нормалау, шығын мен табысты болжау);

  • фармацевтикалық ұйымдардағы тауарлық-бағалы заттардың есебін жүргізуді білу (тауарлар қозғалысы, ақшалық заттардың есебі, өзіндік және тартылған қаржыларды қалыптастыру, бухгалтерлік есеп беру);

  • фармацевтикалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау және талдау жүргізуді, өздігінен ақпаратпен жұмыс істеуді білу (оқу, ақпараттық, нормативті, ғылыми);

  • фармацевтикалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау және талдау әдістемелері туралы анықтама беруді білу;

  • дәрілік заттардың сертификациялаудың және стандартизацияны жүргізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы жалпы түсініктерді үйрету;

  • оқушыларға дәрілік заттардың формациялық методологиясын беру, дайындау алу, сақтау, қолдану этаптарында;

  • оқушыларды зерттеудің жалпы фармакопейлік методы дәрілік заттар талдауында қолдануға үйрету;

  • оқушыларды фармацевтикалық талдау жасауға үйрету, нормативті-техникалық документтегі талаптар бойынша.

  • химия-фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптері туралы білімін қалыптастыру;

  • тиісті өндірістік тәжірибе - GMP туралы білімін қалыптастыру;

  • дәрілік түрлер өндірісінде инновациялық технологияларды жасау және ендіруге үйрету;

  • дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен ептілікке үйрету;

  • өндірісте шығарылатын дәрілік құралдарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;

  • дәрілік құралдар өндірісі технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;

  • фармацевтикалық өндіріс үшін жаңа қосымша заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;

  • дайын дәрілік құралдардың, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевтік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету



6М110400 – «Фармация» мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін арналған емтихан бойынша пәндердің мазмұны

Фармацияның басқарылуы және экономикасы фармацевтикалық нарықта жұмыс жасайтын маманда кәсіби білімді, дағдыны және тәжірибені қалыптастыратын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі. Бұл пән «Фармацевтикалық қызметтің негіздері» пәнінің логикалық жалғасы болып табылады және басқа оқуң пәндерінің негізінде дәрілік заттардың айналым субъектілерінің басқару және экономикалық қызметін қамтиды. «Фармацияның басқарылуы және экономикасы» пәнінің оқу бағдарламасы дәріхана ұйымының қызметінің экономикалық көрсеткіштерін болжауға, талдау және заңдылық талаптарына сай заманауи есептің негіздерін оқып-үйренуге негізделген.

Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы – фармацевтикалық өнеркәсіптің провизор – технологының тәжірибелік қызметін анықтайтын, оның негізгі міндеттері: дәрілік қалыптардың дәріханалық және өнекәсіптік өндірісте дайындалуының теориялық негіздері, халықаралық нормалар мен стандарттарға сай , технологиялық және санитарлық тәртіп принциптерін қолдану, рационалдық дәрілік қалыптар мен жаңа дәрілік құралдар жасау және жаңа жабдықтарда биофармацевтикалық зерттеулер жүргізу негізінде белгілі жазбалар мен технологиялық сызбаларды жетілдіру және т.б.

Қазіргі кезде әсері ұзартылған және бағытталған дәріләк қалыптарды жасау, дәрілік заттардың реттілікпен басталуы, қаптау материалдарының жаңа түрлері, жаңа көмекші заттарды іздестіру, дәрілік қалыптардың сапасын бағалауды жетілдіру, «in vivo» и «in vitro» әдістері арқылы биофармацевтикалық зерттеулер жүргізу өзекті мәселе болып табылады.

Фармацевтикалық химия – дәрілік құрамдардың негізгі тәсілдерін талдау және физикалық және химиялық қалыптарды жасау, алу амалдарын зерттеумен, бір-бірімен байланысып зерттейтін жалпы химиялық және физикалық заңдарға сүйеніп зерттейтін қосымша ғылым.

Фармацевтикалық химия негізгі пән ретінде дәрілік заттардың фармацевтикалық талдау ортасын анықтайды, оның медицина практикасында маңызын анықтайды. Ерекше орынды дәрілік заттарды талдауда әртүрлі ароматикалық және гетероциклитикалық қоспалар алады. Медицина саласында емдеу үшін және әртүрлі ару профилактикасында бұл қоспалардың бағасы артып келеді. Оның басты себебі – олардың химиялық құрамымен тікілей байланысты. Ароматикалық және гетероциклдік дәрілік заттар қаттарын әртүрлі химиялық-физикалық, биологиялық талдау әдістерінің мүмкіншілігі осы қоспалардыңхимиялық тәртібінің ерекшелігімен көрсетіледі.



Фармакогнозия – фармацевтика ғылымының өсімдіктер (дәрілік өсімдіктер) және жануарлардан алынатын шикізатты зерттейтін, сондай-ақ өсімдік пен жануардың бастапқы өңдеу өнімдерін ескере отырып, тәжірибелі фармацевт фармакогност дайындау, сапасын бақылаумен және дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, дәрілік өсімдіктердің талаптарына сәйкес отандық, жақын және алыс шетелдегі бағдарламаны ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құжаттама медициналық практикада және өнеркәсіптік өндірісіске жарамды дәрілік өсімдік шикізатына талдау жасау.
«Фармацияның басқарылуы және экономикасы» және «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» пәніндеріне арналған

2017-2018 оқу жылына арналған емтихан сұрақтары
1 Фармация экономикасы негіздеріне кіріспе: мағынасы, объектісі, пән, макро- и микро деңгейлері, принциптері, спецификасы (ерекшелігі), қолдану аясы.

2 Дәріхана ұйымын жүйелендірудегі экономикалық көрсеткіштер.

3 Фармацевтика қызметінің субъектілерін жүйелендірудегі экономикалық көрсеткіштерді болжау, жоспарлау және экономикалық талдаудың негізгі әдістері. Мемлекеттік қаржыландыру.

4 «Тауарайналымның» экономикалық көрсеткіштері: мағынасы, сипаттамасы, құрылымы. «Тауарайналым», бөлшек және көтерме тауарайналымдар экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.

5 Баға индексін ескере отырып және ағымдағы баға бойынша тауарайналымын жоспарлау және болжау.

6 Дәріхана ұйымдарының рецептурасын жоспарлау және талдау.

7 Тауар қоры, тауарайналымы. Тауар қорын талдау және басқару.

8 Тауардың босатылу көлемін қамтамасыз ету. Дәріханаға тауар түсімін жоспарлау, жоспардағы түсілетін тауар көлемін қаржымен қамтамасыз ету.

9 Дәріхана ұйымындағы айналымның шығындарын талдау, есептеу, жоспарлау және болжау.

10 Дәріхана ұйымдарының еңбекақы және еңбек көрсеткіштерін талдау, жоспарлау мен болжау.

11 Дәріхана ұйымының сауда салымы: құрылуы, мағынасы, есептелуі, талдау, жоспарлау және болжау.

12 Дәріхана ұйымының табысы: анықтамасы, мағынасы, сипаттамасы, түрлері, есептеу методикасы, талдау және жоспарлау, табысты қолдану.

13 Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері. Рентабельділік (пайдалылық): мағынасы, есептеу әдістері, талдау, жоспарлау және болжау.

14 «Баға» экономикалық категориясы: мағынасы, жүйелері, жіктелуі. Дәрілік заттардың бағасының түрлері. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларға қолжетімді баға қалыптастыру және туындайтын қиыншылықтар.

15 Дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу. ДЗ бөлшек саудада босату бағасын, дистрибьюторлар мен өндірушілерден босатылатын бағаны қалыптастыру реті мен құрылымы.

16 Фармацевтикалық қызмет субъектілеріне салық салу.

17 Фармацевтикалық қызмет субъектілерін кредиттеу.

18 Қазақстан Республикасының есеп беру және есепке алу жүйесі: жалпы сипаттамасы, негізгі түсініктемелері, есепке алу түрлері, есепке алу өлшеуіштері. Дәріхана ұйымының есепке алу саясаты.

19 Дәріхана ұйымына тауар-материалдық құндылықтардың келіп түсуі мен қабылдануы.

20 Дәріхана ұйымындағы бөлшек босатудағы тауар есебі. Дәріхана ұйымындағы тауарды көтерме сату мен басқа да шығындарды есептеу.

21 Дәріхана ұйымындағы нақты қаржы көлемін есептеу. Дәріхана ұйымында қаржылық емес мәнде есептесу. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдардағы өзіндік қаржының қалыптасуы.

22 Дәріхана ұйымындағы есептесулер мен қаржыларға, тауар –материалдық құндылықтарға инвентаризация жүргізу.

23 Басқарушылық есептің талдауы және құрылуы. Дәріхана «тауар есебін» құру реті.

24 Дәріхана ұйымының қаржылық есебі.

25 Фармациядағы есептің автоматизацияланған жүйесі.

26. Дәрілер технологиясының міндеттері. Оларды шешудің негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы медицина және фармацевтика өндірісін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама.

27. Дәрілік қалыптар мен заттардың сапасын нормалау. Дәрілік заттар және дәрілік қалыптардың өндірісі мен сапасын фармакопея бойынша нормалау. Мемлекеттік фармакопеяның соңғы баспасының ерекшеліктері. Халықаралық фармакопея.

28. Көмекші заттардың номенклатурасы және классификациясы. Негіз түзуші компоненттер. Дәрілік заттардың тұрақтандырғыштары физика-химиялық жүйелер ретінде. Консерванттар, пролонгаторлар, солюбилизаторлар, корригенттер және т.б. Қысқаша сипаттама, қолданылуы.

29. Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар сапасын бағалау. Сақтау.

30. Медициналық ерітінділер. Ерітінділердің жіктелуі. Ерітінділердің қазіргі заманғы номенклатурасы және оны зауыт жағдайында дайындалатын ерітінділердің кеңейту перспективалары. Химия-фармацевтикалық кәсіпорындарда ерітінділердің әртүрлі әдістермен дайындалуы.



31. «Міндетті өндіріс тәжірибесі (GMP)» нұсқаулығының негізгі ережелері мен талаптары. Өндірістік (өнеркәсіптік) регламент – негізгі технологиялық құжат ретінде.

32. Фармацевтикалық өндірісте жүргізілетін жылу процестері. Периодты және үздіксіз әсер ететін жылу алмасу аппараттары. Вакуумды булау. Аппараттар және олардың жұмыс істеу принциптері. Булау кезінде байқалатын жанама құбылыстар және оларды жою әдістері.

33. Фармацевтикалық өндірістегі әртүрлі материалдарды кептіру. Кептіру процесін анықтайтын факторлар. Кептіру әдістері. Кептіргіштер.



34. Экстракциялау. Экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін негізгі технологиялық факторлар. Массаалмасуды қарқындату жолдары. Экстракциялау әдістері.

35. Тұндырмалар. Жіктелуі. Тұндырмаларды алу. Тұндырмалардың номенклатурасы. Тұндырмаларды тазалау. Тұндырмалардың стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.

36. Экстракттар. Анықтамасы. Консистенциясы және қолданылған экстрагенттер бойынша жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Сұйық экстракттар. Алу әдістері. Тазалау. Стандартизациясы. Сақтау. Сұйық экстракттардың номенклатурасы.

37. Қою және құрғақ экстракттар. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Қою экстракттар номенклатурасы. Майлы экстракттар. Полиэкстракттар. Экстракттар өндірісінің даму перспективалары.

38. Максимальды тазартылған фитопрепараттар. Өсімдік материалдарын экстрагирлеу әдістері. Экстрагенттер. Ілеспелі заттардан біріншілік сығындыны тазалау әдістері. Стандартизациясы. Индивидуальды фитопрепараттар. Сығындылау, тазалау және бөліп алу әдістері. Стандартизация. Сақтау жағдайлары.

39. Жануар тектес шикізаттардан алыатын препараттар. Жануар тектес шикізаттар ерекшеліктері. Органопрепараттар жіктелуі. Препараттарды алу. Стандартизация. Ферменттік препараттар. Жіктелуі. Ферменттік препараттарды алу. Ииммобилизация және стандартизация әдістері. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Анықтамасы.

40. Таблеткалар. Сипаттамасы. Таблеткалардың түрлері мен номенклатурасы. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың негізгі топтары. Таблеткаларды алудағы технологиялық процесс сатылары. Сақтау жағдайлары. Сапасын бағалау. Номенклатура.

41. Медициналық капсулалар және микрокапсулалар. Медициналық капсулалардың түрлері. Желатинді капсулалардың өндірісінде қолданылатын көмекші заттардың ассортименті. Медициналық капсулалардың өндірістік әдістері. Капсуладағы дәрілердің стандартизациясы. Орамдау. Сақтау жағдайлары. Дәрілік препараттарды микрокапсулалау.

42. Суспензиялар және эмульсиялардың өнеркәсіптік өндірісі. Аппаратура. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары.

43. Жақпамай және пасталар. Дерматологиялық, ректальды және вагинальды жақпамайлардың технологиясының ерекшеліктері. Аппаратура. Жақпамайлардың тұрақтылығы мен эффективтілігін анықтаудың заманауй әдістері. Жақпамайлар мен пасталардың сақтау жағдайлары.



44. Өнеркәсіптік өндірістегі суппозиторилер. Негіз сипаттамалары. Суппозиторилер өндірісіне және орамдауға арналған технологиялық қондырғылар. Суппозиторилер өндірісінің өнеркәсіптік әдістері. Стандартизациясы. Сақтау жағдайлары. Ректальды дәрілік қалыптар өндірісінің даму перспективалары.

45. Инъекцияға арналған ампуладағы ерітінділер. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар еріткіштері. Ампула және флакон өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың өндірісі. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың стерилизациясы. Дайын өнімнің сапасын бағалау. Ампуланы этикеткалау. Орамдау. Ампулаларды орамдауға арналған автоматтар.

46 Өнеркәсіптік өндірістегі көз дәрілік қалыптары технологиясының ерекшеліктері. Көз жақпамайлары. Көз дәрілік пленкалары. Көзге арналған дәрілердің орам түрлері және перспективалары. Бір рет қолдануға арналған орамдар, тюбик-тамшылатқыштар.

47. Биофармация дәрілер технологиясының теориялық бағыттарының бірі ретінде. Дәрілік заттар әсерінің терапевтикалық адекватсыздығы. Эксперимент нәтижесін статистикалық өңдеу. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігі. Анықтау әдістері. Дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін фармацевтикалық факторлар.

48. Ветеринарлық препараттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Ветеринарлық препараттар өндірісінде қолданылатын бастапқы заттарды дайындаудың ерекшеліктері мен ережелері.

49. Жас ерекшеліктеріне байланысты дәрілік қалыптардың жіктелуі. Оларға қойылатын талаптар. Көмекші заттарға қойылатын талаптар. Балаларға және қарт кісілерге арналған дәрілік қалыптар мен дәрілік препараттарды құрастырудағы проблемалар.

50. Жаңа дәрілік қалыптарды құрастырудағы фармацевтикалық технология жетістіктері. Терапевтикалық жүйелер (ТДЖ, МЖ)

Фармацевтикалық химия” және «Фармакогнозия» пәндеріне арналған

2017-2018 оқу жылына арналған емтихан сұрақтары


  1. Фармацевтикалық талдау саласындағы арнайы терминдердің унификациялау

  2. Неорганикалық және органикалық химияда ерітікіштерді, реактивтерді және дәрілік заттардың номенклатурасын көру. Құқықтық компетенцияны қарау – химиялық реактивтермен жұмыс жасау тәртібінде қауыпсыздық техника ережелерімен танысу.

  3. Дәрілік заттардың сертификациясында қолданатын теминдер

  4. «Стандартты үлгі», «жұмыс стандартты үлгі», «мемлекеттік стандартты үлгі» түсініктемелерге анықтама берініз.

  5. ҚР «Дәрілік заттардың мемлекеттік реестр» тәртібі бойынша берілген номенклатураға қысқаша мәлімет берініз.

  6. Фармацевтикалық талдауда қолданатын «салыстырмалы тығыздық», «тұтқырлық» терминдерге түсініктеме беру

  1. Рефракция индексі, оптикалық айналу, осмолялдігі, дәрілік препараттардың негізгі сапалық көрсеткіштері терминдеріне анықтама берініз.

  2. «Балқу температура», «қайнау температура», «қату температура» терминдерге түсініктеме беру.

  3. Физика-химиялық әдістерде қолданатын «флуориметрия», «атомды-эмиссионды спектрометрия», «атомды-абсорбционды спектрометрия» терминдерге анықтама берініз.

  4. Келесіде берілген физико-химиялық әдістерге түсініктеме берініз «жұқа қабатты хроматография», «газды хроматография», «сұйықты хроматография».

11 Егер бюкстің массасы 21,3782 г, кептіргенге дейінгі өлшенді мен бюкстің массасы 21,9772 г, кептіргеннен кейінгі өлшенді мен бюкстің массасы: бірінші өлшегенде - 21,8115 г, екінші рет өлшегенде - 21,8105 г, үшінші рет өлшегенде – 21,8102 г болса, кальций лактатының кептірілген масса шығынын есептеңіз. Бұл көрсеткіш МФ талаптарына (30%-дан артық емес) сай ма?

12. Сутегі асқын тотығының негіздігін анықтауға сынақ жүргізіңіз. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

13. Магний пероксидін кептіру барысында келісі көрсеткіштер алынды: бюкстің массасы - 18,3176 г, кептіргенге дейінгі өлшенді мен бюкстің массасы - 18,8342 г, кептіргеннен кейінгі өлшенді мен бюкстің массасы: бірінші рет өлшегенде - 18,8086 г, екінші рет өлшегенде - 18,8084 г. Магний пероксидінің кептірілген масса шығынын есептеңіз (%). Бұл көрсеткіш МФ талаптарына (4,5%-дан артық емес) сай ма?

14. Түссіз от жалынын бояу қасиетіне қарай қандай катиондарды анықтауға болады?

15. Егер өлшендінің массасы 21,1036 г, қабылдауыштың градуирленген бөлігінде эфир майының көлемі 0,175 мл, кептіргенде масса жоғалтуы 14%-ды құраса, шалфей жапырақтарының зерттелетін үлгісіндегі эфир майының үлесін есептеңіз..

16. Фенолды идентифицикациялауға қандай тәжірибе жургізуге болады. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

17. Цианокобаламин препаратындағы қоспаны қандай тәжірибе жургізуге болады. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

18 Фоли қышқылы препараттарының негізділігін анықтауда қандай тәжірибе жургізуге болады. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

19. Фенотиазин қатары препараттарына идентификацияда қандай әдістермен анықтауға болады. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

20. Ибупрофен дәрілік препаратының сандық мөлшеріне қандай әдіспен анықтауға болады. Xимиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.

21. Титрлеуге 25 мл 0,05 моль/л натрий гидроксиді ерітіндісі жұмсалатындай етіп, салицил қышқылының (Мr=138,12) массасын есептеңіз. Этанолды бейтараптауды қалай және неге жүргізеді? Сыналатын дәрілік затты қай уақытта этанолға қосады?

22. Ароматты қышқылдар (бензой қышқылы) және оның тұздарына (натрий салицилаты), негізділігіне зерттеу жүргізіп, реакция теңдеуін жазыңыз.

23. Натрий пара-аминосалицилаттың сандық анықтауына тәжірибе жасаңыз.

24. Алкалиметрия әдісі арқылы хинозолды (Мr=388,40) сандық анықтау реакция теңдеуін жазыңыз. Индикаторды, атауын, формуласын, титрлеудің соңғы нүктесіндегі түс өзгеруін көрсетіңіз. Титрлеуге 0,1 моль/л натрий гидроксиді (К = 0,99) ерітіндісінің 20 мл жұмсалатындай етіп, хинозолдың зат мөлшерін, эквиваленттік молярлық массасын, сыналатын зат бойынша титірін есептеңіз.

25. Бейтараптау әдісі арқылы (МФ) салицил қышқылының (Мr=138,12) сандық анықтауының реакция теңдеуін жазыңыз, атауын, формасын, титрлеудің соңғы нүктесіндегі түс өзгеруін көрсетіңіз және эквиваленттік молекулалық массасын есептеңіз. Титрлеуге 0,05 моль/л натрий гидроксидінің 25 мл жұмсалатындай етіп, салицил қышқылы үлгісінің мөлшерін есептеңіз. Этанолды бейтараптауды қалай және неге жүргізеді? Сыналатын дәрілік затты қай уақытта этанолға қосады?

26. Жалбызтікен тамырының қоспаларын фармакопеялық анықтау әдісі.

27. Тырнақгүл гүлінің негізгі микроскопиялық диагностикалық ерекшеліктері.

28. Үлкен бақажапырақ жапырағынан полисахаридтерді сандық анықтаудың фармакопеялық әдісі.

29. Өсімдік экстрактісінде сапониндерді анықтаудың сапалық реакциялары.

30.Бақажапырақ тұқымындағы моносахаридтерді хроматографиялық анықтаудың фармакопеялық әдісі.

31.Жалбызтікен тамырының негізгі микроскопиялық диагностикалық ерекшеліктері.

32.Дәрілік өсімдік шикізатынан полисахаридтерді бөліп алудың фармакопеялық әдісі.

33.Дәрілік өсімдік шикізатынан липиттерді сандық анықтаудың фармакопеялық әдісі (Сокслет аппараты).

34.Майлы майларға органолептикалық талдау жүргізудік әдістемесі, шынайылығы мен тазалығын тексеру (ҚР МФ).

35.Майлы майлардың тығыздығын және сыну көрсеткішін анықтаудың фармакопеялық әдісі.

36. Үлен амми жемістерінен кумариндерді бөліп алудың фамакопеялық әдісі.

37.Дәрілік шалфей сыртқы сипаттамасы. шалфей жапырағының негізгі микроскопиялық диагностикалық ерекшеліктері.

38. ДӨШ үлкен аммидегі кумариндердің сапалық анықтау реакциялары.

39. Жұқа қабатты хроматография тәсілімен ДӨШ сапониндерді анықтаудың фармакопеялық әдісі.

40. Шайқурай шөбінде флавоноидтарды сандық анықтаудың фармакопеялық әдісі.

41. Мамыр меруертгүлі, латынша атауы,тұқымдасы, сыртқы белгісі, химиялық құрамы, қолданылуы.

42. Шілтержапырақ шәйқурай, латынша атауы,тұқымдасы, сыртқы белгісі, химиялық құрамы, қолданылуы.

43. Қос үйлі қалақай, латынша атауы,тұқымдасы, сыртқы белгісі, химиялық құрамы, қолданылуы.

44. Дәрілік мелисса ДӨШ эфир майларын сандық анықтаудың фармакопеялық әдісі (1 әдіс).

45. Мамыр меруертгүлдегі жүрекглюкозидтерді сапалық анықтау реакциялары.

46. Ат каштан жемісіндегі сапониндерді сандық анықтаудың фармакопеялық әдісі.

47.Күрең оймақгүл шикізатынан кардионтоникалық гликозидтерді бөліп алудың фармакопеялық әдісі.

48. Мамыр раушангүл жемісінің құрамындағы аскорбин қышқылынын сандық анықтау әдісі.

49. Итжидек шикізатынан алкалодтарды бөлу және сапасын анықтаудың фармакопеялық әдісі.

50. Мамыр раушангүл жемісінің құрамындағы аскорбин қышқылынын хроматографиялық анықтау әдісі.



Пәндер бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.В.И. Чуешов, Е.В. Гладух, И.В. Сайко. Технология лекарств промышленного производства. Ч. 1. –Винница: Нова книга, 2014. -696 с.

2.В.И. Чуешов, Е.В. Гладух, И.В. Сайко. Технология лекарств промышленного производства. Ч. 2. –Винница: Новакнига, 2014. -664 с.

3.Aultons Pharmaceutics The Design and Manufacture of Medicines -Michael E. AultonBPharm PhD FAAPS 717c

4.Фармацевтическая технология: руководство к лабораторным занятиям. / Быков В.А., Демина Н.Б., Скатков С.А., Анурова М.Н./ – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009.- 304 с.

5.Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.

6. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.

7. Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др.–М.: Медицина, 2001. – 384с.

8.Государственная фармакопея Республики Казахстан: первое издание. – Астана: Изд. дом «Жибекжолы», 2008. – 592 с.

9.КодексРеспубликиКазахстан от 18.09.2009 № 193-IV "О здоровье народа и системе здравоохранения"

10.Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2010.

11. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 143«Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016 – 2019 годы».

12. Постановление Правительства Республики Казахстан от 02 октября 2002 года № 1081 года путем преобразования РГКП «Центр лекарственных средств «Дарі-дәрмек».



13. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 774 «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей»

14. Программа развития фармацевтической промышленности Республики Казахстан на 2010-2014 годы. Астана, 2010.

15. Косова И.В, Лоскутова Е.Е. Организация и экономика фармации. – Москва: Academia, 2004.

16.Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под.ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2013. – 846 с.: ил.

17. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2013. – 656 с.: ил.

18. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2013. – 672 с.

19. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2015. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.

20. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2013. – 488 с.
Қосымша:
1.Государственная Фармакопея Республики Казахстан. – том 1 – Алматы. – Издательский дом: «Жибек жолы».– 2008.– 592 с.

2.Государственная Фармакопея Республики Казахстан.– том 2. – Алматы.– Издательский дом: «Жибек жолы».– 2009. – 792 с.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 15-е изд., перераб., испр. и доп. – М.: РИА “Новая волна”: Издатель Умеренков, 2008. – 1206 с.: ил.

4. Практикум по фармакогнозии: Учеб.пособие для студ. Вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, В.С. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК – книга, 2014. – 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.

5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб.пособие / под ред. И.А. Самылиной. – М. ООО “Медицинское информационное агентство”, 2013. – 288 с.: ил.

6. Технология лекарств, под редакцией А.И. Тихонова, Харьков, «Оригинал» - 2006 г

7.Б.А. Сағындықова. Дәрілердіңөндірістіктехнологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

8.Б.А. Сағындықова. Дәрілердіңөндірістіктехнологиясы. -Алматы, 2011. - 346 б.

9. Р.Д. Ділбарханов, У.М. Датхаев, М.Е. Амантаева. Жақпамайлар. Алматы, 2005.– 123 б.

10. Менеджмент и маркетинг в фармации. Ч. ІІ. Маркетинг в фармации: Учебник для студентов вузов. – 2-е изд. /З.Н. Мнушко, Н.М. Дихтярева; Под ред. З.Н. Мнушко. – Харьков: Изд-во НФаУ: «Золотые страницы», 2010. – 397с.



11.Ордабаева С.К. Анализ лекарственных препаратов, производных ароматических соединений: учебное пособие. - Шымкент.-2012-290 с.






Редакция 1

Магистратураға түсу үшін арналған емтихан бағдарламасы

беттің -беті




жүктеу 155 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау