Бағдарлама
Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистрлерді дайындаудың негізгі мәселелерінің бірі мейірбикелік тәжірибе сұрақтары бойынша магистранттарды теориялық және практикалық дайындығының есебінен білімнің сапасын арттыру, магистранттардың әлемнің ғылыми көрінісін бүтіндей қабылдауды қамтамасыз ететін терең және тұрақты білім меңгеру көзделген. Мейірбикелік үдерісті және мейірбике ісіндегі құжаттаманы ұйымдастыру денсаулық сақтау саласында мейірбике ісіндегі негізгі басқару принциптері бойынша білім қалыптастырады. Мейірбикелік үрдіс – бұл науқаста пайда болған мәселелерді шешу жолымен оның өмір сүру жағдайын жоғарлатуға бағытталған мейірбикелік күтімнің ғылыми – негізделген технологиясы. Алғаш рет бұл терминді 1995 жылы АҚШ-та Лидия Холл енгізді. Көптеген жылдар бо йына әр түрлі елдердегі мейірбикелер өз мамандықтарының танылғанына ұмтылды. Өз кәсіби қызметтеріне шекара орнатып, дәрігерлік және мейірбикелік міндеттердің арасындағы айырмашылықтарды, кәсібінің терминологиялық және түсіну аппаратын құрып, науқастарға мейірбикелік көмек көрсетудің ғылыми әдісін анықтаудың қажеттілігі туды.
АҚШ-та 50-жылдардан бастап, ал кейіннен Еуропада мамандығының негізгі ережелерін және өз ойларының маңызын ұсынуға тырысқан авторлардың мейірбике ісінің ғылыми теориялары пайда бола бастады. мейірбике ісінің феноменін көрсетуге деген ұмтылыспен және оның басқа мамандықтардан принципиалды ерекшелігін негіздеу барлық зерттеушілерге жалпы болды. Теориялар қатарында ұқсастық белгілері, ал басқаларында маңызды айырмашылықтар айырып танылды. Соның қорытындысы ретінде, мейірбикелердің жаңа модельдері пайда болып, оның кейбіреулері қолдау таппай тез ұмытылып, моделін ойлап тапқандар халықаралық деңгейде танылып, кәсіптік деңгейде сақталынды. Бүкіл дүниежүзілік елдердегі мейірбикелерге мейірбикелік мектептердің оқыту бағдарламаларына кіретін дүниежүзінің әр түрлі тілдерінде ондаған және жүздеген кітаптар мен оқулықтардың аттары мен теориялары белгілі және солардың модельдері бойынша ауруханалардағы, мейірбикелік күтім үйлеріндегі және мейірбикелік орталықтардағы мейірбикелердің кәсіби қызметтері құрылады. Вирджинии Хендерсен, Доротеи Орем, Марта Роджерс, Бетти Ньюман және мейірбике ісінің басқа да зерттеушілері енді Ресейде де белгілі, оларды училищелер мен колледждердде оқыптып қана қоймай, мейірбикелер оларды өзінің практикалық жұмыстарына енгізуне тырысып жатыр.
Мейірбикелердің халықаралық бірлестігімен кәсіби қызметтің ғылыми негізделген методологиясы ретінде қарастырылатын мейірбикелік процесс мейірбике ісінің моделі мен теориясының кез келген түріне қолданыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: |