Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б



жүктеу 3,26 Mb.
бет4/18
Дата21.02.2018
өлшемі3,26 Mb.
#10349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Тақырып: Отбасының функциялары.

  1. Отбасы функцияларының зерттелу жәйі.

  2. Отбасының спецификалық және спецификалық емес функциялары,оларға сипаттама.

3. Қазіргі кездегі отбасы функциялары.

Әдебиеттер:

1.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика 3 басылым. Алматы 2004. 212-215 бет.

2.Ж. Әбиев. С. Бабаев. А. Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы 2004. 112-215 бет.

3.Т.А Куликова Семейная педагогика и домашнее воспитание.М.-1999..

4.“Ақылдың кені” , Алматы “Қазақстан”. 1991. 104-105 бет.

5.Баймуканова М.Т Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс: Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 б.

6. Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.


Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тығыз байланысты отбасының өмір сүру салты «отбасы функциясы » -деп аталады.

Отбасының бірнеше функиялары болады. Зерттеушілер А. Г. Харчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетов келесі функцияларды бөліп көрсетеді: репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты ұйымдастыру.Уақыт өткен сайын отбасы функцияларында да өзгерістер пайда болып отырады. Жоғарыда айтып кеткендей отбасының функциялары қажеттіліктермен тығыз байланыста болатынын сөз етіп кеттік.



Қажеттіліктер – бұл субьект пен оның қалыпты өмір сүруі мүмкін емес жағдайлар арасындағы обьективті байланыс.

Американ психологі А.Маслоудың , болгар социологі С. Михайлов адам қажеттіліктерінің әлеуметтік мәніне байланысты бірнеше түрлерін көрсеткен.

Ал, орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет түрін: өмірге адам әкелушілік, экономикалық, тәрбиелік, қарым – қатынастық және демалыс пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, аясын кеңейте түсті. Отбасын әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарастырған орыс ғалымдары Ю.В.Василькова мен Т.А.Василькова.

Н.Я.Соловьеваның айтуы бойынша "отбасылық қажеттіліктердің саны қанша болса, отбасының функцияларының саны да сонша". Г.Навайтис отбасы қажеттіліктерінің келесі топтарын бөліп көрсеткен:

- отбасының тіршілік әрекетіне қажетті материалдық шарттарды құру және сақтау;

- анаға байланысты құрметтеу, сыйлау, жақсы көру қажеттіліктері;

- психологиялық және физиологиялық жақындықты қажетсіну;

- отбасылық қарым - қатынасты қажетсіну.

А.Г.Харчева функциялардың ішінде репродуктивті функцияны ерекше

бөліп көрсеткен.

Сонымен қатар одан да басқа әлеуметтік функцияларды атап көрсетейік:

- тәрбиелік;

- регенеративтік - статус пен билік - мүліктің берілуі;

- шаруашылық - тұрмыстық - балаларға, отбасының қарт адамдарына күтім.

- экономикалық - экономикалық қолдау.

- рухани қарым - қатынас;

- эмоционалдық - психологиялық қорғауды алу;

Белгілі ресейлік ғалым Г.М.Коджаспирова отбасы қызметінің психологиялық жағын кеңірек қарап, қызмет санын 9-ға жеткізген: репродуктивті, шаруашылық – экономикалық, тәрбиелік, әлеуметтендірушілік, психотерапевтикалық, қалыпқа түсірушілік, реттеушілік, қарым – қатынастық және әр отбасы мүшесінің бақытты болуына жағдай жасаушылық (фелицитологиялық). Отбасы жеке адамның,топтың, қоғамның талаптарын қанағаттандырумен маңызды.

Адам баласының қалауынша отбасын құрып ұрпақ таратуы, бірлесіп қалыптасқан өмір салтымен ғұмыр кешуі, ғасырдан – ғасырға мирас болған – этномәдениет негізі. Адамзатқа этномәдени құндылық болып саналған отбасылық өмірдің қазақ ұлты үшін де мақсат – мүддесі ерекше.

Отбасын құрудың әлеуметтік негіздері бар, яғни, әлеуметтік қажеттіліктер тұрмыс құрып – үйленуге, отбасын құруға итермелейді. Бұл қажеттіліктер:



  1. ұрпақ тарату үшін;

  2. ата – анаңды бағу үшін;

  3. махаббат пен сүйіспеншілік;

  4. бөлек өмір сүру үшін;

  5. мұрагерлікке ие болу үшін;

  6. мүдде көздеп немесе арнайы есеппен;

  7. Басқалардың ықпалымен;

  8. өзара түсінісу, ұнату;

  9. құмарлық, нәпсі жетегінде;

  10. кездейсоқтық;

  11. тәуелділік.

Отбасындағы қажеттіліктерге байланысты отбасының қызметтері жүзеге асырылады.

Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тығыз байланысты отбасының өмір сүру салтын "Отбасы функциясы" ұжымымен байланыстырады. Отбасы қанша қажеттіліктерді тұрақты қанағаттандырса, сонша функциясы болады. Дәстүрлі түрде зерттеушілер келесі функцияларды бөліп көрсетеді; репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты ұйымдастыру. Мұндай жіктеуді А.Г.Хорчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетовтар жақтайды.

Л.М.Панкова отбасының қызметтерін: бала туу, тәрбиелік, шаруашылық - экономикалық, тіл табысушылық деп төртке бөліп көрсетті.

Ал орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет түрін: өмірге адам әкелушілік, экономикалық, тәрбиелік, қарым - қатынастық және демалыс пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, өз аясын кеңейте түсті.

Отбасы жеке адамның, топтың, қоғамның талаптарын қанағаттандыруымен маңызды. Қоғамның іргетасы болғандығынан да оның қоғам мүшелерімен үздіксіз толықтырып отыратын, адамзат ұрпағын өмірге әкелетін өнімпаздық қызметін басқа ешқандай орталық бөліп атқара алмайды. Сондықтан отбасы - өзінің атқаратын ауқымды қызметі бар әлеуметтік институт. Қазақ отбасы қазақ халқының, Қазақстан Республикасының маңызды талаптарын орындауға, оның ішінде халықтың санын өсіруге тиісті қоғамның әлеуметтік ошағы бола тұра, жалпы отбасылық мүдде мен жеке мүшелерінің де талабын орындайды.

Қазіргідей білім мен ғылым, техника қарыштап дамыған заманда қазақ отбасның жан - жақты қызметі:

- өмірге ұрпақ әкелу;

- тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

- қарым - қатынастық және психологиялық реттеушілік;

- экономикалық және шаруашылық;

- әлеуметтік - мәртебелік;

- бос уақытты ұйымдастырушылық.

Отбасының бұл қызметтері бірі -бірімен тығыз байланысты, бірін - бірі толықтырады, өзара жете түсініседі.

Бала туу, өмірге адам әкелу - отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа әлеуметтік институттар атқара алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндігін іске асыру ерлі -зайыптыларға телінген басты міндет болмақ. Ол неке арқылы бекіп, отбасы жағдайында жүзеге асқанда ғана қалыпты жағдай болып саналмақ. Бұл үлкен жауапкершілікті , рухани қарым - қатынасты қажет етеді. Ерлі - зайыптылардың махаббатының жеміс беруі, өсіп - өркендеуі, өмірде ата - ананың орнын басатын ұрпақпен жалғасуы және олардың саны - әке мен шешесінің қалауымен болатын іс. Бұл бір жағынан, саяси демографиялық мәселе болғандықтан да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.

Шындығында, бұл күнде өркениеттен жаһандануға бет бұрған тұста кез келген қазақ отбасының әлеуметтік - мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің әрбір мүшесінің қоғамда әлеуметтік жағдайының төмен болмауын қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін шектей отырып, осыған күш салады. Отбасында бала санының көбеюінен гөрі олардың сапасына көңіл көбірек бөлінеді. Оларға білім беру мен тәрбиелеуде, әлеуметендіруде өмірдегі мәртебелік бейнесінің жоғары болуына басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлеуметтік жағдайының жақсы болуы, қоғамның белсенді мүшесі болуы - әлеуметтік- мәртебелік қызметтің басты мақсаты.

Шынайы махаббат пен адамгершілікке негізделген жақсы отау құруды кім армандамайды? Өйткені, адамның біреуді сүюге, некеге отыруға қабілеті жеткеннен кейінгі барлық өмірінің бақыты, өсіп - өркендеуі осы мақсаттың қалай шешілуіне байланысты екені рас. Бұл арнайы сөз етуге тұрарлық мәселе, оған баласының бақытын ойлаған жандардың көпшілігі - толғануы тиіс. Шынында да махаббатты оның негізінде құрылған отбасын қастерлеп сақтай білу үшін ерлі - зайыптылардың бір - біріне беріктегі, құрметі, сыйласымдылығы, моральдық жауапкершілігі аса қажет. Айталық, үйленген соң ер адам үйдің барлық тауқыметін әйелдің үлесіне тастап, өзі дайын тамақ ішіп, таза үйде тұрып, жуылған, үтіктілген киім киіп, жұбайының көңіл - күйіне, рухани өсуіне, қоғамдық пайдалы еңбекке араласуына, ерлі - зайыптылардың жарына деген қамқорлығы мен ілтипатына көңіл бөлмесе, олардың ортақ мүдделері жойылып, достығы мен махаббаты бәсеңдейді.

Функцияларды өзара спецификалық және спецификалық емес деп

бөлуге болады.

Спецификалық функцияларға репродуктивті функциясы(бала туу),

экзистенциалды функцияны (баланы күту және тәрбиелеу)жатқызамыз.

Бұл функциялар қоғамның өзгеруіне тәуелді емес.

Спецификалық емес функциялар бұл-статустың, шаруашылықтың берілуі,

денсаулыққа күтім, отбасы мүшелерінің жағдайы т.б.

Отбасының репродуктивті функциясы. Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке - балаларға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Э.Дюрнгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама - қарсылығы неке одағының негізі ғана емес, отбасындағы ізгілікті жақындықтың негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым - қатынастарының тұрақтылығына әсер етуші күші жағынан қандас туыстық тәрізді фактордан да басымырақ. Бұдан отбасының келесідей маңызды функциясы шығады.

Бұл - жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жаңа ұрпаққа мәдени мұраны беру, адамның балаға, оны тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге қажетті адамның өміріне мән береді. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің басты нысаны ретінде отбасының басымдығы табиғи - биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда өзінің ерекше ізгілікті - эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде үлкен басымдығы бар.

Баланың өміріндегі алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды - ес, зейін, сөз, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, т.б.

Отбасының келесі маңызды функциясы экзистенциалды функция - өз мүшелерін әлеуметтік және эмоционалды қорғау функциясы. Кез - келген құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны белгілі. Қауіп төнген сәтте адамдардың көпшілігі өз отбасымен болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады. Отбасында адам өз өмірінің құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдардың өмірі үшін құрбандыққа баруға әзірлігін көреді.

Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық - тұрмыстық функция. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық - тұрмыстық қызмет түрлерін алуда.

Әлеуметтік мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе береді. Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.

Рекриативті, күшті қалпына келтіру функциясы адамның еңбек күнінен кейін дене күшін, психологиялық, эмоционалдық және рухани күштерін қалпына келтіріп, нығайтуға бағытталған. Бұл толық зерттелмеген, алайда ғалымдар отбасының жұбайлар денсаулығына жақсы әсер ететінін көрсететін нақты дәлелдер тапты. Жұбайлық- ерлі - зайыптылардың денсаулығына жайлы әсер етеді. Жұбайларынан айрылғанда еркектер әйелдерге қарағанда қаттырақ күйзеледі.

Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай - ақ бұл функция индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттерін қанағаттандырады.

Бақытсыз ерлі - зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді. Бұл көрсеткіш бақытты жұптар арасында 2-5 есе артық. Бос уақыт - аса маңызды әлеуметтік құндылықтардың бірі, адамның дене күш қайраты мен рухани күшін қалпына келтірудің, жеке тұлғаның жан - жақты дамуының теңдесіз құралы.



Отбасының тәрбиелік функциясының 3 аспектісі бар:

Біріншісі - баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту, денсаулығын нығайту.

Екінші аспект - отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне өмір бойына жүйелік тәрбиелік әсері.

Үшінші аспект - ата - ананы балаларына үнемі әсер ете отырып, өзін - өзі тәрбиелеуге итермелеуі.

Психологтар отбасының коммуникативті функциясына көбірек мән берген

және қазір де беріп отыр. Бұл функцияның келесі компоненттерін атауға болады: отбасының өз мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар,

радио, баспасөз) әдебиетпен, өнермен байланыс жасауға делдалдық жасауы,

отбасының өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және

оны қабылдау сипатына әсер етуі. Отбасының осы негізгі функцияларын талдай

келе, олардың ешқайсысын жеке алғанда толығымен, топталған түрде барлығын да

басқа функциялармен алмастыру немесе шығару мүмкін екеніне көз жеткіземіз.

Осы функциялардың ішінде тәрбиелік, бос уақытты ұйымдастыру, күшті

қалпына келтіру, экзистенциалды функцияларға баса назар аударылуы тиіс.

Бұл функциялар бір - бірімен өте тығыз байланысты. Отбасылық функциялар

дұрыс орындалмағандықтан отбасының құрылысы бұзылып, түрлі олқылықтар

мен кемшіліктер пайда болады. Ол отбасының келешекте дамып, өркендеуіне кері

әсер етеді.

Бала өмірін және іс - әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі ұтымды

ырғақ жасау.

Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағын, бірлігін еске алуы тиіс. Отбасындағы күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Бұл күнде басты мәселеге айналып келе жатқан – отбасының бос уақыты мен демалысын дұрыс ұйымдастыру. Отбасылық өмір салты, өмір ырғағының дұрыс және ретті түрде қарастырылуы да бүгінгі отбасына қойылатын талаптың бірі болмақ. Бос уақыт – адамның күш – қуаты мен рухани жан – дүниесін байытатын, тұлғаның жан – жақты дамуына берілген мүмкіндік. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру да отбасы иелерінің тұлғалық сапасының көрінісі. Балаға бесік жырын немесе ертегі айтып ұйықтатудан, таза ауада серуендету, теле – радио хабарларын тыңдату, театрлар мен концерттерге, кітапханаларға апару, мерекелерді өткізу, туған – туыстармен араластыруға дейінгі сияқты көптеген мәдени - әлеуметтік шаралар рухани құндылықтар қатарын толықтырады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасы функциясы деген не?

2.Отбасының функциялары қажеттіліктермен қандай байланыста?

3.Отбасының қандай функцияларының іске асуы қазіргі кезде проблема тудырып отыр?

4. Отбасының репродуктивті функциясының іске асуына қандай фактор әсер етуде ?

5. Отбасының экзистенциалды функция деген не ?

6. Отбасының тәрбиелік функциясының неше аспектісі бар?

7. Отбасында коммуникативтік функция қандай рөл атқарады ?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасының функциялары ....байланысты.

Спецификалық функцияларға ... функцияларды жатқызамыз.

Спецификалық емес функцияларға ... жатқызамыз.

Отбасының функцияларын зерттеген ғалымдар...

Тақырып: Отбасының типтері

1.Отбасы типтері, түрлері туралы түсінік, зерттеген ғалымдар.

2. Отбасы түрлеріне сипаттама.

3. Жағдайсыз отбасылар түрлері, оларға сипаттама.



Әдебиеттер:

1.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика 3 басылым. Алматы 2004. 212-215 бет.

2.Ж. Әбиев. С. Бабаев. А. Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы 2004. 112-215 бет.

3.Т.А Куликова, Семейная педагогика и домашнее воспитание.М.-1999..

4.“Ақылдың кені” , Алматы “Қазақстан”. 1991. 104-105 бет.

5.Баймуканова М.Т Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс: Оқу құралы.-Астана, 2005.-180 б.

6.Зритнева Е. И.Семьеведение: учебное пособие для студентов вузов.-М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС,2006.-246с.
Отбасы өз қызметін ер мен әйелдің әлеуметтік деңгейі, білімі және өмір сүрген ортасына сай атқарады.

Отбасы типтері қоғамдағы өзгерістерге сай өзгеріп тұратыны белгілі.

Қоғам өмірімен бірге отбасының тұрмыс жағдайы, өмір сарыны, ондағы проблемалар, олардың пайда болу себептерінің де мазмұны өзгеріп отырады. Педагог-психологтың отбасы типтері жайлы білімдерінің жоғары деңгейде болуы өте маңызды. Себебі отбасында пайда болған қиындықтармен отбасы типтерін дұрыстап айқындап алмайынша жұмысты нәтижелі жүргізу мүмкін емес.

В.Сатир қазіргі кезде әлемде отбасының екі түрі бар деп есептейді: проблемалы және жетілген отбасы.

Жетілген отбасы ерекше, қайталанбас өмір сарынымен тіршілік етеді. Жетілген отбасында сыйластық пен махаббат бірінші орында. Мұнда отбасы мүшелері әрдайым бір - бірін тыңдауға, қол ұшын беруге, қуанышы мен ренішін бөлісуге дайын.

Ал, проблемалы отбасында атмосфера ұрыс - керіс, қобалжу, мұңаю төңірегінде құрылады. Мұндай отбасы мүшелері бір - бірімен тікелей кездесу мен қарым - қатынастан қашып, жұмысқа өте терең беріледі.

Ю.П.Азаров жалпы отбасыларды жағдайы жақсы және жағдайсыз отбасылар деп бөледі. Жағдайы жақсы отбасыларға мыналарды жатқызады:

- балаларды тәрбиелеуге дайын (педагогикалық білімді) отбасы;

- позитивті отбасы, демек ата - анасы өз балаларын дұрыс тәрбиелеп, оларды толыққанды азамат етуге тырысқан отбасы;

Жағдайсыз отбасыларға мыналарды жатқызады:

- конфликті отбасы. Бұл отбасында ата -аналар арасында, ата - аналар мен балаларының арасында жиі дау - дамайлар туындап тұрады;

- педагогикалық дайын емес отбасы. Бұл отбасындағы ата - аналардың балаларды тәрбиелеуге педагогикалық дайындықтары жеткіліксіз;

- аморальды отбасы. Мұндай отбасылар аморальдық бағытта өмір сүріп, 15б.балаларын да соған итермелейді және педагогикалық - психологиялық ықпал етуде "шектен шығуға" жол берілді.

Мұндай отбасыларды тек тәрбиелеу ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік , заңдық шектеулерді қолдануға мәжбүр етеді. Мұндай шараларды педагог-психолог, әлеуметтік жұмысшы, мектеп, жоғарғы оқу орны, инспекция қолдануы мүмкін.

Жағдайсыз отбасы әлеуметтік тұрғыдан қызығушылығы жағынан әртүрлі, бірақ ол отбасылардың өмір сүру стилі, үлкендердің іс - әрекеті, көңіл - күйі, баланың мінез - құлықтық жағынан дамуында кемшіліктердің пайда болуына әкеліп соғады.

Отбасы түрлері және оның құрылымына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:



Туыстық құрылым бойынша: нуклеарлы отбасы (тәжірибесі аз отбасы),кеңейтілген отбасы,үлкен отбасы басқа туыстары да тұратын.

Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымына қарай: эгалитарлы тең құқықтылыққа негізделген; авторитарлы басты шешімді күйеуі не әйелі қабылдайды.

Балалар саны бойынша : бір, екі балалы, балалар саны орташа, көп балалы, баласы жоқ, ертедегі( үлкен патриархалды ) отбасылар

Үй міндеттерін бөлу сипатына қарай:дәстүрлі отбасы ( міндеттерді көбінесе әйелі атқарады ) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп атқарылады )келісіп қабілеттеріне қарай бөлінеді.

Жаңа және басқа отбасы түрлері: оралмандар отбасы, әскери отбасы, « жаңа қазақ »отбасы т.б.

Отбасындағы пед. психологиялық ахуалға қарай; жақсы отбасы, жағдайсыз отбасылар деп бөлінген. Жағдайсыз отбасылар тағы бірнеше түрге бөлінеді.

Отбасы әлеуметтік ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: ауыл қазақтарының отбасы, қала қазақтарының отбасы және жұмысшы отбасы, зиялы отбасы, космополит (шала қазақ) отбасылары.

Ауыл қазақтары отбасының әлеуметтік орта шағын болғандығынан да барлық ауыл адамдары алдында өз міндетін сезінетін (таныс болғандықтан кездескен ауыл адамдарына сәлемдесу, жәрдемдесу, есеп беру т.б.) тұлға даярлау мүмкіндігі жоғары. Ауылдық отбасыларда жасөспірімдерді әлеуметтік ортада бейімдеу және сынауға жағдай жасалған. Оған отбасы мүшелері, ата - әже, әулет мүшелері, көрші – көлем, ауыл ақсақалдары атсалыса алады.

Қала қазақтарының отбасы үшін ұрпақ тәрбиесіне мектеп пен қоршаған орта ғана ықпал ете алады. Қалалық отбасылардың балаларын жан – жақты тәрбиеленуіне, қабілеті мен бейімділігін шыңдауға мүмкіндік баршылық.. Әйтсе де болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселесін отбасы мен мектеп қана қарастырады және баланың өзі қалаған ортасында дамыту да ескерілуі керек. Көп жағдайда қала қазақтарының отбасылары үшін басты қиыншылық: бала ата – ана мен сынып жетекшісі назарынан басқаға аса маңызды емес. Сонымен қатар, жұмысшы отбасында тәрбиеленген баланың да әлеуметтік ерекшеліктері болуы мүмкін, себебі ата – ананың араласатын ортасы да кейде балаларға ықпалды болады. Балалардың жас ерекшелік психологиясына сай, әдіс – тәсілдерді оңтайлы қарастыру жолға қойылмауы мүмкін. Сырласу, ақылмен көмектесуге де дұрыс бағыт педагогикалық – психологиялық тұрғыда болуы керек.

Зиялы отбасында баланы тәрбиелеу мен өмірге бейімделудің қолға алынуы саналы түрде жауапкершілікпен қарастырылады. Ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар биік мәдениет аясына топтастырылуы, зиялы ата – ананың өздері үлгі болуы, қоршаған ортаның мәдениеті ойластырылуы қажет.

Космополит (шала қазақ) отбасылар XXI ғасырда қазақтың көлемді пайызын құрап тұр. Елбасымыздың 2007 жыл 9 сәуірде теледидарда тілшілерге берген сұхбатында: «9 миллион қазақтың 4 жарым миллионы - өз ана тілінде оқып – жаза, сөйлей білмейтіндер» деді. Қазақ тілінде сөйлей білмеген жанның, қазақтың этнотәрбиесі мен болашақтың ұлттық мұратын, тіпті ұлт мүддесін терең сезіне қояды деу – артықшылық. Бұл отбасылар қазақ мәдениетінен гөрі, орыстың немесе батыстың өмір салтын үлгі етеді. Космополит отбасылардың ішінде аралас некедегілер мен азаматтық некеде тұратындар кіреді. Космополит отбасылардың пайда болуына еліміздің басынан кешкен тарихи кезеңдер мен нарықтық – экономикалық өзгерістер тікелей ықпал етті деп айтуымызға негіз бар.

Әрине, отбасының бұл түрлері бірімен бірі аралас келуі де мүмкін. Отбасын сонымен бірге отбасы құрамына, басқарылу ерекшелігіне, қатынас сапасына байланысты бөлуге болады.

Бұрын ғалымдар тарапынан қарастырылып келген отбасы түрлеріне арналған кестені этномәдениет тұрғысынан қарастырар болсақ төмендегіше:құрамы бойынша, басқарылу ерекшелігі бойынша, қатынас сапасы бойынша, мәдени - әлеуметтік мүмкіндігі бойынша:

-жалғыз басты отбасы (балалы немесе баласыз );

-толық емес отбасы;

-толық отбасы;

-қариялы отбасы;

-әулетті отбасы (бірнеше ұрпақтың жұбымен болуы);

-эгалитарлы (тең құқылы)

-патриархалды (әкенің басқаруындағы);

-матриархалды (ананың басқаруындағы);

-Жағдайлы

-бақытты;

-тұрақты;

-проблемалы;

-даулы;


-жағдайы төмен;

-шырқы бұзылған;

-өнер түрлеріне бейім;

-спортқа бейім;

-техникаға бейім;

-гуманизмге жақын;

-дінмен өмір салты қалыптасқан.

Ғылыми әдебиеттер "жағдайсыз отбасы" деген түсінікке нақты анықтама бере алмайды, өйткені оның пайда болу мен даму формалары түрліше. Оның мазмұнына түрлі түсініктер енеді және олардың аталуы да түрліше: "сәтсіз", "жағдайы ауыр", "деструктивті", "дисфункционалды" және т.б.

Жағдайы жайсыз отбасыларға мыналар жатады:

1. жанжалды отбасы - кеңірек тарағаны;

2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)

3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар - жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық - педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;

4. асоциалдық отбасы- жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен мінезіне ауытқулар бар, нұқсан келтіреді (ерте бастан ішімдікке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып, қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат қылықтар).

Әлеуметтік тұрғыдан өмірлік стилі және үлкендерінің қимылдарын , ерекшеліктерін есепке ала отырып психотерапевт В.В.Юстицкий отбасының мынадай түрлерін анықтады.



жүктеу 3,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау