Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б


Тақырып: Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар



жүктеу 3,26 Mb.
бет7/18
Дата21.02.2018
өлшемі3,26 Mb.
#10349
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Тақырып: Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар.

1.Тәрбие потенциалы туралы түсінік.

2.Балаға дұрыс тәрбие беруге ықпал ететін факторлар.

3. Балаға тәрбие берудегі қателіктер.

4.Тәрбие беруде қателіктердің болу себептері.

Әдебиеттер:

1. Конституция РК. - Алматы, 1995г.

2. Закон Республики Казахстан О правах ребенка в Республике Казахстан //Казахстанская правда.-2002.-13 августа

3. Дементьева И. Негативные факторы воспитания детей в неполной семье // Соц. исслед. – М., 2001. - №11. – С. 108-118.

4.Мудрик А.В. Әлеуметтік педагогика, М. – 2003

5.Коджаспирова Г.М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах., М.: Айрин-Пресс, 2006 – 256 стр.

Ата - анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін жебеп отыру - тағы бір үлкен мәселе. Ол тіпті баланың болашақтағы орны туралы үлкен мәселеге ұласады.

Баланың жақсысы-әке мен шешенің ары,ата-ананың абыройы. Жаманы-қайғысы,азап-соры.Бұл пікірді атақты педагог В.Сухомлинский айтқан. Демек,бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді.

Фактор – процестің, құбылыстың қозғаушы күші, оның негізгі сипатын , белгілі жақтарын анықтайтын.

Даму факторы – факторлар жүйесі, баланың психикалық және тәртібінің дамуы , олардың негізіне орта мен тәрбиенің ықпалы алынады. (пед. словарь)

Отбасындағы стильдер деп-ата-ана мен балалар арасындағы қатынастарды сипаттайтын, оларға сөз, педагогикалық әрекеттесу арқылы ықпал жасауда қолданатын құрал, әдіс, тәсілдерді айтамыз.

Тәрбие потенциалы деп әрбір отбасының балаға тәрбиелік ықпал жасау мүмкіншіліктерін айтамыз.

Тәрбие потенциалы–ол баланың дамуына ықпал жасайтын мүмкіндіктер мен құралдардың жиынтығы (отбасы тәрбиесіндегі материалдық, ұлттық, психологиялық, педагогикалық, рухани мүмкіндіктердің жиынтығы. (Г.М. Коджаспирова).

Отбасының тәрбиесіне түрлі факторлар әсер етеді. Оның жиынтығы тәрбие потенциалын құрайды. Тәрбие потенциалы материалдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени-білім деңгейлері психологиялық ахуал, ата-аналар беделі, талап бірліктері, балаларға деген сенімдері.

Зерттеген ғалымдар А.В. Мудрик, И.Дементьева, А.Ю.Монахова, Г.М.Коджаспировой т.б.

А.В. Мудриктің пікірі бойынша тәрбие потенциалына келесі сыртқы факторлар әсер етеді :



Таблица 1. баланың тәрбиесіне әсер ететін факторлар.




Фактор

Сипаттама

1

Әлеуметтік – мәдени

Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, олардың білім

деңгейлері, педагогикалық мәдениеті, оқу орындарымен

тығыз байланыс жасаулары.


2

Әлеуметтік- экономикалық

Отбасының материалдық жағдайы,балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету,қосымша білім беру мүмкіндіктері.

3

Технико-гигиеналық

Отбасының тұрмыс жағдайы, өмір сүру қалпы.

4

Демографиялық

Отбасының құрамы, құрылымы.

5

Әлеуметтік психологиялық

Отбасының микроклиматы, балаға деген қатынасы,

отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас ерекшеліктері,

балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескеру т.б.

Коджаспирова Г.М. тәрбиенің негативті факторларына төмендегілерді жатқызды: отбасындағы жағымсыз балаға деген қатынас, жетілмеген сезім, олардың білім деңгейлерінің төмендігі, педагогикалық мәдениетің жоқтығы, оқу орындарымен тығыз байланыс жасамаулары, ішімдікке салыну, тәртіп бұзушылық, материалдық құндылықтарға жақынлығы, тәрбиелерінің төмендігі.

Отбасындағы қарым –қатынасқа келетін болсақ олар әке мен шешенің, ата ана мен балалар арасындағы қарым –қатынастар, олар ішкі отбасындағы қарым –қатынастарды құрайды. Бұл қарым –қатынастар қоғам мен отбасындағы қарым –қатынастар негізіне алынады. Отбасындағы қарым –қатынастардың ауытқуы отбасының кризисіне әкеліп соғады, тәрбие потенциалын төмендетеді. Отбасыдағы балаларға әсер жасайтын факторларды анықтау үшін Монахованың А.Ю сурет тестін; Варгамен А.Я. и Столиннің тестерін қолдануға болады.

Кейбір ата - аналар бала тәрбиесіне кезінде көңіл бөлмей, өскен соң түзелер деп жүреді де жоғары сыныптарға келгенде кімді тәрбиелегенін өздері де түсінбей қалады. Ата - анасын түсінбеген, танымаған бала басқаны да тыңдап жарытпайтыны аян. Сондықтан да әрбір ата - ана "баланы жастан" деген аталы сөзбен "Не ексең соны орасың" деген халық даналығын жадына ұстағаны дұрыс. Тағы бір тәрбиеге нұқсан келтіретін ата-ана тарапынан жіберілетін қателік-баланы шектен тыс еркелетіп қолына қомақты ақшаны ұстатып, өз еркіне жіберуі. Қазіргі кезде заман өзгеріп, өмірімізге техникалық прогрестің жетілген кезіңде компьютерлік ойындар

орталықтары ашылып жатыр. Осында жүретіндер-балалар,ойынға салынып сабақты да, басқаны да ұмытып, өз алдына қызыққа батады.Соңғы кездерде газет-журнал беттерінен осы мәселе жөнінде хабарларды көп естіп жүрміз.Тіпті ақша үшін ұрлық жасап, өз ата- анасына қол жұмсап жатқан жасөспірімдерді естігенде төбе шашың тік тұрады. Компьютерлік ойындар адам миын улап алатын апиындай. Осы мәселені әрбір отбасы алға тартып, тереңінен пайымдауы керек. Сонда ғана тәрбиеге қатысты бір мәселенің шешілуі мүмкін. Тағы бір айтылатын жайт, отбасының ішкі насихаты туралы. Егер отбасы мүшелері ең алдымен өзара татулыққа, сыйластыққа жақын болмаса, онда тәрбие туралы сөз қылып та қажеті жоқ.

Ата - анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін жебеп отыру - тағы бір үлкен мәселе. Ол тіпті баланың болашақтағы орны туралы үлкен мәселеге ұласады.

Ал кейбір жанұялар, кейбір ата - аналар балаларының қалай оқып, қандай дәрежеде тәлім - тәрбие алып жүргенінен бейхабар. Өздеріңіз күнделікті өмірде көріп, естіп жүргендеріңіздей бұндай жанұяда өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің алдына қойған ешбір мақсаты болмайды: мектепке де уақыт өткізу үшін келеді, мектепке келу ол үшін жай бір заңдылық сияқты көрінуі мүмкін. Адам бойындағы енжарлық, еңбекке деген қабілеттің болмауы осыдан келіп басталатынын ата - ана біле ме?

Кейбір жанұяда тәрбиенің қиындылығы мынада: әке мен шеше өзінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып - шаяды. Солай бола тұрса да олар балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Соның салдарынан өте байқағыш, сезімтал балалар ересектердің мұндай қылықтарын көреді. Бұл жағдай балалардың азамат болып өсуіне кері әсерін тигізеді. А.С.Макаренко ата - аналарға оқыған лекциясында: "Әрбір әке, әрбір шеше өз баласында қандай қасиетті тәрбиелеп жатқанын жақсы білулері қажет" - деген болатын. Демек ата-аналар бала тәрбиесінде алуан түрлі қателіктерді жібереді. Олардың кейбіреулеріне тоқталып өтейік:



Бірінші қателік. Енді жақсы көрмеуге ант беру.

Балаларының тыңдамауы, айтқанын орындамауы ата - ананың көңілін толтырмайды. Мұнда қорқытып, ұрысу де еш нәтиже бермейді. Мұндай жағдайларда ата - аналардың "енді сен менің айтқанымдай болмасаң, онда мен сені жақсы көрмеймін" деп қорқыту тәсілін көп қолданады. Бірақ бұл қауіп тез ұмытылып, балалар мұның барлығы өтірік екенін тез ұғады. Осындай өтіріктер кейін балалардың ата - анаға деген сенімін ұзаққа жоғалтады. Одан да "Мен сені бәрібір де жақсы көремін, бірақ бұл қылығың маған ұнамайды" деп айтқаны дұрыс қылықтардың тәрбиеленуіне септігін тигізеді.



Екінші қателік. Немқұрайлық.

"Не істесең соны біл, маған бәрібір" - деп ата - ана жиі айтады. Өйткені олар балаларының еркеліктерінен әбден шаршап, шалдығып кетеді. Бірақ ата - аналар балаға немқұрайлықты көрсетпеу керек. Оны байқаған бала немқұрайлықтың қаншаға созылатынын тексергісі келеді. Мұндай жағдайда " Мен ешкіммен бұл жағдайда мүлдем келіспеймін, бірақ мен сені жақсы 49б.көретін болғандықтан көмектесуге әрдайым дайынмын" деген ойда шешімді қабылдағаны дұрыс.



Үшінші қателік. Шектен тыс қаттылық.

"Сен менің айтқанымды орындау керексің, өйткені бұл үйде мен билікті жүргіземін" - деп жиі ата-аналары балаларына айтып жатады. Мұндай тәрбиелеуде бала барлық тапсырмаларды орындауы тиіс, ол барлығын өзі орындай білуге үйренуі тиіс, оған мүлдем көмек беруге болмайды деп есептейді. Мұндай тәрбиенің салдарынан бала ата - анасы болмағанда барлығын ұмытып, жасамайтын қателіктерді жасайды.



Төртінші қателік. Баланы еркелетпеу керек.

Балалық - бұл ата - аналардың қолдауына байланысты өтетін өте қысқа, ғажайып шақ. Баланың әр қылығы мен қалауын орындау өте қызықты. Бірақ бұл баланың еркелігіне әкеп соқтырады. Әке - шеше осы ойды дұрыс деп есептесе, бұл керісінше баланы жалғыздыққа әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда: "Өзің істеп көрші, қолдан келмесе, мен саған көмектесемін" - деу керек.



Бесінші қателік. Қате рөл.

Көп жағдайда ата - аналар балаларын дос деп есептейді. Әрине бала әке - шешесіне ұнау үшін барлығын жасайды, бірақ олардың өз проблемалары шешусіз қалады.



Алтыншы қателік. Қаржы.

"Көп ақша - жақсы тәрбие" - дейтін кейбір ата - аналардың көзқарасы қалыптасқан. Баланың барлық жасағанын ақшамен, сыйлықпен бағалау, бірақ, эмоционалдық көңіл бөлмеуі.



Жетінші қателік. Наполеондық жоспар.

"Менің балам музыка мен сурет салумен айналысады" деп көп ата - аналар өздерінің балаларының қалауына көңіл аудармай, жоспар құрады. Бірақ түбінде бұл жоспары іске аспайды. Баланың жеке басының қызығушылықтарымен санаспайды.



Сегізінші қателік. Балаға өте аз көңіл бөлу.

Кейбір ата - аналар балаларына қатаң көзқараспен қарайды. Балаларды кейде еркелету бұл да керек. Ал қатты ата - аналар бұны қателік деп ойлайды. Бірақ қандай жаста болмасын бала ата - анасының аялағанын қалайды. Кейін бала осы жылылықты сырттан іздеуге тырысады.



Тоғызыншы қателік. Сіздің көңіл - күйіңіз.

Кейбір отбасындағы кемшіліктердің барлығын баладан көруі. Содан кейін балаға керекті ойыншықты әпере салып, көңілін жұбатады. Бала әке - шешесінің көңіліне қарап өмір сүреді. Бала бойын үнемі қорқыныш сезімі ұялайды.



Оныншы қателік. Бала тәрбиесіне өте аз уақыт бөлу.

"Өкінішке орай мені де мүлдем аз уақыт тәрбиелеген" - деп балаларына ата - аналары айтады. Олар бала пайда болған соң оларды тәрбиеленуге уақыт табу міндет екенін ұмытады. Бала мен әке - шешесінің арасында үлкен қабырға пайда болады.

Қайткенде де ата аналар мұндай қателіктерді жібермеуге тырысуы керек. Өмірге ұрпақ әкелген соң , оны еліміздің толыққанды азаматы етіп тәрбиелеуге тырысып, бар күштерін жұмсауы тиіс.

"Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді" - дегендей ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді, ол перзентін асылым мен алтыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні - түні өмір бойы перзентінің тілегін тілеген" - деп қорытындылағымыз келеді.

Жаңа заман жаңа адамды, тәрбие ісінде жаңа қиыншылықтарды тудырады, нағыз адамды тәрбиелеу туралы ғылымды табандылықпен меңгеруді талап етеді.

Сондықтан бала тәрбиесі ата - аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата - ананың жанұядағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. А.С.Макаренконың: "Біздің балаларымыз - біздің қартайған кездегі болашағымыз. Оларға берілген дұрыс тәрбие - ол қартайған кездегі бақытымыз. Теріс және нашар тәрбие - ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз" - деген даналық тұжырымынан жемісті нәтиже шығарайық.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Фактор, даму факторы, тәрбие потенциалы, тәрбие стилдері деген ұғымдады қалай түсінесіз?

2. Отбасындағы тәрбие факторларын атаңыз.

3. Тәрбие факторларын зерттеген қандай ғалымдар?

4. Отбасының тәрбиесіне қандай негативті факторлар әсер етеді ?

5. Отбасында негативті факторларларды зерттеген қандай ғалымдар?

6. Отбасында бала тәрбиесінде қандай стильдер жиі кездеседі?

7. Отбасында бала тәрбиесінде қандай стиль тиімді?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Отбасындағы балалардың тәрбиесіне әсер етеді ...

Отбасындағы балалардың тәрбиесіне бірінші қателік. ....

Отбасындағы баланың тәрбиесіндегі екінші қателік ...

Отбасындағы баланың тәрбиесіндегі төртінші қателік....

Бала тәрбиесіне өте аз уақыт бөлу ....қателік.

Шектен тыс қаттылық.... қателік.

Тақырып: Ата -аналар беделі.

1.Бедел туралы түсінік.Зерттеген ғалымдар.

2.Жалған бедел түрлері.

3.Беделді қалыптастыру жолдары.

Әдебиеттер:

1.Куликова Т.А.Семейная педагогика и домашнее воспитание:Учебник для студентов сред. и высш. пед .учеб. заведений-М.:1999.-232 с.

2. Баймұқанова М.Т.Отбасымен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс. Оқу құралы.Астана.2005.-180 б.

3.А.С.Спиваковская Как быть родителями-М.:1986.

4.Ю.Хамялянин Воспитание родителей- М.: 1993.

.5.А.С. Макаренко Ата –аналар кітабі. М: -1989.

6. Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Учебное пособие для вузов. 2-е изд.- М.: Екатеринбург: Деловая книга, 2006.-768.
Ата-ана беделі проблемасының оларды толғантуы дегеніміз заңды да жақсы нәрсе, өйткені нағыз бедел - өсіп келе жатқан ұрпақты ойдағыдай тәрбиелеудің ең маңызды шарттарының бірі. Қандай жастағы болсын балаларға ықпал етудің нәтижесі тек оларды неге және қалай үйретуде, оларға нені және қалай айтуда ғана емес, сондай-ақ кімнің айтып, кімнің үйрететіндігімен де анықталады.Беделді зерттеген ғалымдар А.С. Макаренко, С.В.Ковалев, А.Фромм, А.С. Спиваковская, Ю.Хамялянен т .б.

Бедел –дегеніміз латын тілінен алғанда «билік» деген мағынаны білдіреді. Бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы басқа адамдармен қабылдануы, басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндігі.

Тәрбиешінің нағыз беделінің мән-жайын аша отырып, А.С.Макаренко оның түп-тамыры бір нәрседе – барлығын: жұмысты, ойды, дағдыларды, мүдделерді, сезімдерді қоса алғанда мінез-құлықта екендігін дәлелдейді. Егер осының бәрі өз балаларының қандай болып шығатындығын көргісі келетін ата-аналардың тілегін білдірсе, оларға тәрбиені қамтамасыз ететін және оның ең жақсы нәтижелеріне жол ашатын отбасында ең жоғары бедел қамтамасыз етіледі. Беделді С.В. Ковалев үш түрге бөлді: формальды, функционалды, жеке тұлғалық.. Формальды бедел адамның әлеуметтік рөліне байланысты болып келеді. Мысалы, ата-ана –бала, мұғалім-оқушы, тренер- секция мүшесі. Бала өскен сайын бұл авторитет түрі азая береді. Функционалды бедел білім , тәжірибе арқылы қалыптасады. Ең жақсы бедел түрі жеке тұлғааралық , ол төрт жағдайлардан тұрады:жиі балалармен қатынаста болу, балалар туралы хабардың молдығы, оларды түсіне білу, өзін-өзі жетіліре білу. Шынайы бедел білімге, сенімге, түсінушілікке, құрмет көрсетуге байланысты, шыдамдылық, жанашу болып келеді. Психологияда беделді билік жасаумен байланыстырады, ғылымда ондай биліктің алты түрі бар. Олар: Зорлық көрсету арқылы,сыйлық беру, лигитимдік – заңды түрдегі билік, эксперттік- білімге байланысты, информациялық –қажетті ақпараттың болуы, референттік – басқаларға үлгі беретін, басқалар оны қабылдайтын. Ата-аналар бір бірінің беделін қолдап, балалардың алдында жанжалдаспай қатынас жасаулары қажет. Беделді болу оңай емес, жоғалтып алу оңай.



Бұл жолды айналып өтіп, әйтеуір басқаша, неғұрлым жеңіл тәсілмен өз балаларының алдында ие болу тілегі тек көзбояу беделге, оны Макаренко жалған деп атаған типіне ғана әкеп соғады.

Ол жалған бедел түрлерін қалай сипаттағанына тоқталып өтейік. Кейбір жанұяларда жалған бедел белгілерін бүгінде де байқауға болады.

Күш немесе жаншу беделі – бұл беделдің ең қорқынышты түрі. Мұндай беделмен көбіне әкелердің соры қайнайды. Егер әке үйде әрдайым ашулы болса, түкке тұрмайтын әрбір нәрсеге нажағай ойнатса, қандай да болсын қолайлы да қолайсыз жағдайда белдікті қолға алып, әр сұраққа дөрекі жауап беріп, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны. Мұндай бедел кілең зиян келтіретінін дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Бұл еш нәрсеге тәрбиелемейді, бұл баланы қорқынышты әке-сымақтан аулағырақ жүруге ғана үйретеді. Ол балалық өтірік пен адамдық қорқақтық тудырады, ол қатыгездікті тәрбиелейді. Жасық, ырықсыз балалардан өмір бойы жаншылып, езілген балалық шағы үшін айналадағыларға кектенетін, көбіне былбыр, ештеңеге жарамайтын немесе қасарысқан адамдар шығады.

Өздерін басқалардан жоғары санау беделі. Басқа адамдарды өзінен төмен санау, менсінбей қарау, мақтануды ұнатып, кеуделерін қағатын ата- аналар.Олардың балаларыда өздерінің отасында әкелерінің қызметін, дәрежесін мақтаныш етіп, басқа балаларды өздерінен төмен санайды.

Педантизм беделі. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларына бұйрық беріп, қатал талап қойып ,олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға қойатындар. Балалардың еркіндігі , инициативасы төмен болып, ата-аналардың бұйрығын тосып, өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды.

Өсиетшілдік беделі. Мұны шетсіз-шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады. Мүмкін, тіпті балаға әзіл-қалжыңы аралас бірер ауыз сөз айтудың орнына ата-аналар зеріктіретін, мезі ететін ұзақ сөз сөйлей бастайды. Көпіртіп ақыл айтуда педагогикалық даналық жатыр деп түсінеді олар. Мұндай жанұяда қуаныш пен жайдарылық дейім аз болады, балалар ересек адамдардың көзіне Бұл – беделдің ең ақылсыз түрі. Бұл жағдайда балалардың құрмет сирегірек түсуге тырысады.

Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларынан шексіз оларды жақсы көрулерін қалайды. Кез келген жағдайда оларды жақсы көріп, аймалап,оларды өздерінің махаббаттарымен мазалай береді.Бала оны түсініп оларды алдап өзінің қалағанын орындатуға тырысады.

Мейірімділік беделі.Тіл алғыштығына кеңшілік жасаумен, жұмсақтықпен жетуге тырысады: балаларға еркіндік беріледі. Отбасы тыныштығын сақтауды артық көргендіктен ата-аналар қандай да болсын қақтығыстан қашады. Олар тек көрер көзге бәрі дұрыс болуы үшін ғана, нені болса да түгелдей құрбандық етуге әзір болады. Мұндай отбасында лезде-ақ балалар жайдан-жай ата-аналарына басшылық ете бастайды. Ата-ананың қарсылық көрсетпеуі жүгенсіз балалық тілектерге, еркеліктерге, қисынсыз талаптарға жол береді. Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ енді кештік етеді. Отбасында зиянды тәжірибеге орын беріліп қойған.

Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен сатып алынса, бұл беделдің ең арсыз түріне жатады. Ата-аналар қысылып-қымтырылмай-ақ былай дейді: тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып әперемін, тыңдайтын болсаң, циркке барамыз...

Адам қарым-қатынастарының басқа сфераларына қатысты бұл пікірлерді ата-аналардың педагогикалық практикасына да түгелдей таратуға болады.

Өздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады А. С. Макаренко ата-ана беделі жайында былай деген: "беделсіз тәрбиелеу мүмкін емес, ата-ана беделі және үлгі өнегесі ,өскелең ұрпаққа үлкендердің адамгершілік тәрбие беруі бұл әулеметтік тәжірибеннің басты механизмі."

А. С. Макаренко "ата-ананың өзіне талабы, отбасына деген құрметі, өзінің әрбір қадамын есепке алуы бұл - тәрбиенің басты және бірінші принципі болып табылады және егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді микроскоптың астына қойып тексеріңіз және баланы қайта тәрбиелеудің қажеті жоқ; тек өзіңіздің балаға деген қарым қатынасыңызды өзгертіңіз, бұл тек ата-анаға ғана қатысты", - деп баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды ерекше атап көрсеткен.

Балаға ата-ана:

- эмоциялық жылулық пен қолдаудың көзі;

- барлық жақсылықтың биліктің нышаны;

- құрмет тұтып, үлгі өнеге алатын адам;

- дос және кеңес беруші;

Маскүнемдікке шалдыққан, нашақор мүшесі бар отбасындағы ата-ананың еш беделі болмайды. Мұндай отбасындағы бала сыйластық пен құрметтеуді үйден емес, сырттан іздейді. Ол беделді тұлға ретінде ауладағы бұзық балалар, мейірімді әке, мектептегі мұғалімді т.б. тануы әбден ықтимал.

Тұлғаның мейірімділік сапаларының, өмірлік тәжірибесінің болуы отбасында мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекетке байланысты. Келешек ұрпақ-мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі күні. Сондықтан олардың жат қылықтардан аулақ болып, тәрбиелі, саналы, білімді болып өсіп жетілуі жарқын келешегіміздің кепілі.

Баланың жан дүниесін ашуға көмектесетін балалармен қарым-қатынас жасау кейде ересек адамдардың қолынан келмейді, кейбіреулер тіпті бұл жөнінде ойламайды да.

Солай дегенмен ата-аналардың қай-қайсысы болсын өзі туралы өз балаларының пікіріне қалай болса солай қарамайды.

Қысқа метражды «Сәлеметсіздер ме, біздің әкелеріміз» (авторы Р.Отколенко) телефильмін еске алайық. Мұны теледидар арқылы ата-аналардың сұрауы бойынша талай рет көрсетті. Оның сюжеті қарапайым: сынып жетекшісі мектепке өз оқушыларының әкелерін жинайды да, оларға фамилияларын атамай, балалардың әкелеріне қатынастарын білдіретін шығармаларынан оқып береді.

Сынып парталарында – инженер, тігінші, шофер, ғылыми қызметкер, артист – ата, жас жұмысшы – қарындасының қайтыс болған ата-анасының орнына келген ағасы отыр. Бұлардың бәрі бірдей толқумен мұғалімді тыңдай отырып, өздерін таниды, ұлы немесе қызы өздері туралы сүйіспеншілікпен, құрметпен жазса, жымиып, күлімдеп қуанады, олар әкелерін бір нәрседен кінәлап, айыптаса – қамығады.

Ата-ана балаға ішіндіріп, киіндіру, тәрбиелеу үшін жеткілікті бедел берген уақыт бізден барған сайын қашықтап, ұзап барады.

Бүгінде ата-ана беделі әкелердің, аналардың жеке басының жан-жақты рухани, адамгершілік қасиеттеріне, ұлдары мен қыздарының адамгершілік қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне негізделген. Міне, сондықтан да осы заманғы балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерімен барған сайын тығыз жымдасып байланысында болып отыр.

Отбасында да педагогикалық проблемаларды терең де дұрыс шешу үшін мұның барлығы жөнінде бар дауыспен және шындап айтылған.

Қазір әкелер мен аналардың барған сайын күрделеніп отырған міндетін екінші мамандық деп жиі атайды. Басқа мамандықтар сияқты, бұл да жақсы білімдерді, қалтқысыз жетілдіре түскен білімдерді керек етеді.

Мұны ойдағыдай игерген адам – берік ата-ана беделін жеңіп алады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Барлық ата аналардың өз балаларының алдында беделі бар ма?

2. Бедел деген не?

3. Бедел қалай қалыптасады?

4. Жалған бедел түрлері туралы пікір айтқан кім ?

5. Жалған беделдің қандай түрлерін білесіз?

6. Жалған беделдің қандай түрлері тәжірибеде жиі кездеседі?

7. Нағыз беделдің компоненттеріне не жатады?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Бедел –дегеніміз латын тілінен алғанда «....» деген мағынаны білдіреді.

Отбасындағы балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін бедел түрі ....

Күш немесе жаншу беделі ол....

Шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен өтетін бедел түрі....

Шектен тыс қаттылық көрсету арқылы өтеті бедел ол....



Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас түрлері.

1.Отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастардың түрлері.

2. Ата-аналармен балалар арасындағы қарым- қатынас түрлері.

3.Қарым-қатынас стильдерінің бала тәрбиесіндегі рөлі.

4.Жағымсыз қатынастардың балаға тигізетін кері әсерлері.

Әдебиеттер:

1.Баркан А. Практическая психология для родителей, или как научиться понимать своего ребенка-М.:Аст.-Прес.1999.71-73 бет

2.А.Ю.Монахова Психолог и семья: активные методы взаимодействия-Ярославль,Академия развития .Академия холдинг 2004.

3.Л.Ю.Иванова Агрессивность, жестокость и отношения старшеклассников к их проявлениям сб. Прблемы личности, профилактика отклонений в её развитий. Москва. Архангельск. 1993.

4.Гозман.Л.Я. Психология эмоциональных отношении М.:МГУ.1987.-117-120 бет

5.Клюева.Н.В. Психология и семья: диагностика, консультация, тренинг.-Ярославль , Академия развития,Академия холдинг,2002-160 бет.

6.Елейсізова С. Қарым-қатынас психологиясы-Алматы.1995.57-65 бет

7.Васильев В.Н. Здоровье и стресс М.:Знание ,1991, -87-95 бет.

8 . Мұқытова Ж.Қ., Райымбекова А.Ж. “Отбасындағы қарым-

қатынас мәдениетінің бала тәрбиесіне әсері” .Көкшетау

мемлекеттік университеті.2007.Шоқан тағылымы-12.

Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата- аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.

Денсаулықтың бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік - психологиялық , психологиялық- педагогикалық факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда ғалымдардың пікірлеріне назар аударатын болсақ, онда отбасындағы адамның психикасына ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі, материалдық қиындықтар; отбасындағы дау- дамайлар, отбасындағы қарым -қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі- зайыптылардың біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу.

Зерттеуші Э. Г. Эйдемилердің пікірі бойынша бірінші орынға отбасындағы нашар қарым- қатынастар алынады, себебі бұл ұзақ уақыт ауыр әсер тигізетін фактор, екінші орынға отбасы мүшесінің біреунің қайтыс болуы, не ауруға шалдығуы, үшінші орынға материалдық қиындықтарды қойған. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.

Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев «горизонтальды» адамгершілік-психологиялық және «вертикальды» шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп қарастырады. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал «горизонтальды» қатынасқа байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет – тең қатынас бір біріне зиян келтірмейтін. Жарыс –бір бірінен асып түсуді көздейді. Конкуренция – билікке таласу. Антагонизм - өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, конфрантация - түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді Ең жақсы қатынас түрі ынтымақтастық.

Бұл қатынас түрлері ата-аналармен балалар арасындағы қатынас түрлеріне ықпал жасайды.

Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата аналармен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, "араласпау" және ынтымақтастық.


жүктеу 3,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау