ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕН ҚЫНАПТЫҢ ТАЗАЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ ЖАҒЫНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ДӘРІГЕРДІҢ ҚАРАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ.
Мақсаты-әйелді гинекологиялық орынтаққа дұрыс жатқызуды және қынаптан тазалық дәрежесіне жағынды алуды студентке үйрету.
Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары– гинекологиялық орынтақ, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын.
Достарыңызбен бөлісу: |