Жылдарға арналған Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы



жүктеу 264 Kb.
бет2/3
Дата01.02.2020
өлшемі264 Kb.
#27944
1   2   3

8. Еңбек төлемі және мөлшері
8.1.1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбек төлемін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысы негізінде төлеу туралы тараптар мәмілеге келді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді-сыйлықақылы төлем нысаны жүргізіледі. Бұл кәсіпорындарда еңбекақыны төлеу бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ комитеттерінің дәлелді пікірлерімен бекітілетін еңбекақы төлеу Ережесімен реттеледі.

8.1.2. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық, медициналық, кітапхана қызметкерлерінің еңбек төлемдері экономика саласына сәйкестендірілген қызметкерлер санаты тәрізді қолданылған, ал жұмысшылар қатарындағы разряд бойынша қызметкерлерге осы санаттағы қарастырылған еңбек төлемі қолданылады.

8.1.3. Қызметкерлердің еңбекақылары жұмыс істейтін жерде ай сайынғы ақшалай түрде төленеді. Қызметкерлердің ағымдағы айдың еңбекақысы келесі айдың 10 күнінен (кезінен) кем емес мерзімде төленуі тиіс.

Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) үшін қосымша ақы – жұмыскердің өзінің лауазымдық айлықақысының

50 %.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген қосымша ақыларды төлеу туралы тараптар педагогикалық қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне пропорциялы төленетіндіктері туралы шарттасты:

- дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы, дарынды балаларға арналған жалпы орта білім беру мектептердің, мектеп-интернаттардың, мектеп-интернат-колледждердің 1-4 сыныптарынан басқа мұғалімдері мен оқытушыларына;

- жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне; жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге;

- ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарындағы жергілікті мамандарға;



- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, жетімханаларда, мектеп-интернаттарда және дене бітімінің немесе ақыл-ойының дамуында кемістігі бар, ұзақ уақыт емделуді қажет ететін, психикалық дамуы (білім беру ұйымында оқуға жатпайтын) артта қалған балалар контингентінің интернат-үйлерінде жұмыс істейтін педагогтарға;

- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, жетімханаларда, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингентінің интернат-үйлерінде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін өндірістік оқыту шеберлеріне;

- білім беру бағдарламалары бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдеріне біліктілік деңгейлігі үшін, бірақ Заңмен белгіленген нормативті оқу жүктемесінің көлемінен аспайтын.

Деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының:

1) бірінші (ілгері) деңгейдегі педагог қызметкеріне – лауазымдық айлықақысының 100%;

2) екінші (негізгі) деңгейдегі педагог қызметкеріне – лауазымдық айлықақысының 70%;

3) үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалімдеріне – лауазымдық айлықақысының 50%.

Деңгейлік курстарды өткен және тиісті деңгейлі бағдарламаны дәлелдеген (растаған) жағдайда педагогтарға келесі мерзімде қосымша төлем жүреді:

1) қаңтардан тамыз айына дейін оқығандарға – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен;

2) қыркүйектен желтоқсан айына дейін оқығандарға – келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан.



2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.

Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) 25%-дан кем емес болу туралы Тараптар келісті.

APTIS, IELTS, TOEFL, B1-Intermediate, B2-Upper-İntermediate немесе C1-C2-Advanced жүйесі бойынша тестілерден өтіп сертификат алған және физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге базалық лауазымдық айлықақының 200% көлемінде қосымша төленеді.

8.1.6. Тараптар сабақ (дәріс) жүргізетін, қосымша немесе кеңейтілген қызмет көрсету жұмыс атқаратын мұғалімдердің, оқытушылардың және басқа да педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемелерін көтермеу туралы келісімге келді. Аталмыш тұлғалардың оқу жүктемелерін көтеру барлық туындайтын құқықтық салдарымен қосымша қаралатын болады.

8.1.7. Тараптар кабинеттердің (зертханалар, шеберханалар) меңгерушілік қызметі үшін қосымша ақы олардың жыл сайын 20-30 тамыз аралығында жүргізілетін білім беру ұйымдарының комиссияларының аттестаттау нәтижесімен төленетіні туралы келісімге келді. Кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер оқу жылының басында аттестаттау жүргізілмеген жағдайда, қосымша ақы төлеу үдерісі алдыңғы аттестаттау қорытындысмен төленеді.

8.1.8. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.

8.1.9. Штаттық қызметтерінсіз (лауазымдардың) (мұғалім, оқытушы, тәрбиеші және т.б.) жүргізілетін педагогикалық қызметкерлердің жұмыстарына оқу жылының басына тарифтік тізім жасалады және бекітіледі. Тарифтік тізімдер білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен және ол бұйрықтың ішіне бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті өкілі кіретін тарифтік комиссиямен жасалады.

8.1.10. Қызметкердің еңбекақысын, еңбек демалыс төлемдерін, қызметтен шығу, жұмыс үдерісінің тоқтап (тұрып) қалу немесе басқа да тиісті төлемдерді төлеудің мерзімін сақтамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың есептік ставкасына сәйкес әрбір мерзімі асқан күнтізбелік күн үшін жұмыс берушілер аталмыш сомаларды өсімпұл айыбымен төлеуге міндетті.

8.1.11. Қызметкердің ай сайын еңбекақы алу күні жұмыс беруші тарапынан қызметкерге жазбаша түрде тиісті еңбекақысынан ұсталынатын қаражатты, мөлшері және оның негіздері, міндетті зейнетақы жарналары туралы, сонымен қатар қызметкердің қолына берілетін қорытынды сомасы туралы мәліметті хабардар етуі міндетті.

8.1.12. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына қосымша ақы, сыйлықақы, материалдық көмек көрсету туралы белгіленген Ережеге тәртібіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспары немесе қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген сметаларының үнемделу нәтижесіндегі қаражатты жұмыс берушілер қызметкерлерге сыйлықақы, жеке персоналды қосымша ақы, материалдық көмек көрсету төлемі ретінде төлеуді міндетке алады.

8.1.13. Еңбек төлемін төлеудің өзгерістері келесі жағдайларда жүргізіледі:

- еңбек өтілінің артуы (өсуі) кезінде;

- білім алғанда немесе білім алуы туралы құжатты қалпына келтірген жағдайа, білімі туралы тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;

- педагогикалық қызметкерлерге біліктілікті арттыру туралы санаты берілген жағдайда, келесі оқу жылының басталуымен беріледі;

- құрметті атақ берілген жағдайда, берілген күннен бастап;

- ғылыми дәрежелердің берілу жағдайында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті алқасының немесе президиумының диплом бергені туралы шешімі жарияланған күннен бастап;

8.1.14. Жыл сайынғы еңбек демалысы немесе басқа демалыста болған жағдайында, сондай-ақ жұмысқа уақытша жарамсыз мерзімінде қызметкердің еңбекақысы және (немесе) еңбекақысының (лауазымдық ақысының) ставкасының өзгеру құқығы пайда болған жағдайда еңбекақысының жоғары разрядының ставкасының көлемінен еңбек демалысының немесе уақытша жұмысқа жарамсыздық күні аяқталғаннан бастап еңбекақысы төленеді.

8.1.15. Тараптар еңбекақыларының нормативтік оқу жүктемесімен айқындалатын мұғалімдер, тәрбиешілер, басқа қызметкерлердің оқу жүктемесі мен тарифтік тізімдері білім берудің стандарттары және нормативтік құқықтық актілері негізінде сыныптардың (топтардың) толтырылымы есебімен құралатыны туралы келісімге келді.

8.1.16. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес тараптар қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін, қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті пікірін назарға алына отырып, жұмыс берушінің актісімен жасалады

Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу тараптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінен болғанда – жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді.



9. Кепілдіктер мен өтемақылар
9.1. Тараптар мыналарға міндеттенеді:

9.1.1. Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес қызметкерлерге және қызметшілерге ұзақтығы өмір сүру аймағына тәуелді жыл сайынғы қосымша ақысы төленетін демалыс ұсынуға;

9.1.2. Оқу орындарын аяқтаған соң, жұмыс істеуге келген жас мамандарға материалдық қолдау көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың: біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуі және баспана сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетуі – сыйақы мөлшері 0,01%, 15 жылдық мерзімге бюджеттік кредит ұсыну кепілдіктерін орындауына қол жеткізуге;

9.1.3. ҚР «Білім туралы» Заңының 53-бабымен көзделген мерзімде ауылдық жерде тұратын педагог қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуге:

- қалалық жердегі педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда 25% кем емес арттырылған еңбекақы;

- жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын ұсыну кезінде жылына бір рет сауықтыру жәрдемақысы. Мұғалімдерге, қосымша білім беру педагогтарына, оқытушыларға сауықтыру жәрдемақысының мөлшері демалыс ұсыну күніне қатысты нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Қосымша жұмыс істеу шартымен қызмет жасайтын тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалады және төленеді;

- жыл сайын педагог қызметкерлердің тегін медициналық тексерілуден өтуі.

9.1.4. ҚР «Білім туралы» Заңының 53-бабы 2-тармағымен көзделген төлем туралы жергілікті билік органдарына:

- коммуналдық қызмет және қатты отын үшін шығындарды өтеуге біржолғы ақшалай өтемақы және жергілікті билік органдары орнататын мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға;

- меншігінде малдары бар қызметкерлерге жануарлар үшін жем-шөп, жайылымдықтар мен шөп шабатын жер телімдерін ұсыну, ауылда жұмыс жасайтын педагогтарға ауыл шаруашылық бірлестіктердің қызметкерлерімен қатар жеңілдіктерді, кепілдіктерді ұсынуға басқа да мүмкіндіктер табуға қолдаухат жолдауға.

9.1.5. Білім алушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардағы оқушылары жоғары нәтижелер көрсететін педагогтарға шипажайларда және демалыс үйлерінде тегін демалу үшін облыстық кәсіподақ бюджетінен қаржы бөлуге.

9.1.6. Қызметкерлер үшін қоғамдық тамақтануды (асханалар, буфеттер, тамақтанатын бөлмелер (орындар) ұйымдастыруға.

9.1.7. ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақылар мына жағдайларда ұсынылады:

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындау кезінде;

- медициналық тексерілуге жіберілуі кезінде;

- қызметтік іссапарға жіберілуі кезінде;

- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;

- жұмысты жоғалтуына байланысты;

- заңнамамен көзделген басқа жағдайларда.

9.1.8. Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты азаматтық қызметші болып табылатын қызметкерді жұмыстан босату кезінде, ағымдағы күнтізбелік жылы демалысқа сауықтыру жәрдемақысын алмауы шартында бір лауазымдық айлықақы (тарифтік ставка) мөлшерінде жұмыстан босатылуы бойынша жәрдемақы төленеді.

9.1.9. Қызметкер үшін қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорын тегін пайдалануы қамтамасыз етіледі.

9.1.7. Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстарды орындау сапасының жоғары болуы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыс барысында жетістіктерге жеткені үшін азаматтық қызметшілерді және басқа да қызметкерлер: 1) азаматтық қызметі бойынша көтермелеу; 2) ақшалай марапаттау; 3) алғыс білдіру; 4) Грамота беру арқылы марапатталады.


10. Еңбекті және денсаулықты қорғау
10.1. Білім беру басқармасы мыналарға міндеттенеді:

10.1.1. Пайдалы және қауіпсіз еңбек шарттарына деген қызметкердің құқығын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттың және қызметкердің кәсіби сырқатының туындауының алдын алатын заманауи қауіпсіз еңбек құралдарын енгізуге.

10.1.2. Жұмысқа жаңа орналасқалы тұрғанғандарға, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлерге еңбек қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту және нұсқаулық жүргізуге.

Оқу жылының басында еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің білімдерін тексеруді ұйымдастыру.

10.1.3. Еңбек қорғау, ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулық журналдары бойынша нормативтік және анықтамалық материалдардың және басқа да материалдардың білім беру ұйымдары есебінен болуын қамтамасыз ету.

10.1.4. Кәсіптері мен лауазымдар тізбесіне сәйкес, қызметкерлерді арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге.

10.1.5. Жұмыс беруші есебінен жеке қорғану құралдарының, арнайы киімдердің және аяқ киімдердің сатып алынуын, сақталуын, кептірілуін, залалсыздандырылуын және жөнделуін қамтамасыз етуге.

10.1.6. Қызметкердің кінәсінен емес, еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік қадағалау және бақылау жүргізетін органдармен жұмыс уақытша тоқтатылған кезде қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтап қалуға.

10.1.7. Жұмыс барысында қайғылы (жазатайым) оқиғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы тексеру жүргізіп, оларды есепке алуға.

10.1.8. Жұмыс берушінің еңбек қорғау бойынша нормативтік талаптарды орындамау салдарынан оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі кезінде, қызметкер жұмыстан бас тартқан орайда, қызметкерге осы қауіпті жою уақытында басқа жұмыс ұсынуға немесе осы себептен тундаған жұмыссыз қалғаны үшін орташа жалақы мөлшерін төлеуге.

10.1.9. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша әрбір жұмыс орнына еңбек қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекітуге.

10.1.10. Қызметкерлердің еңбек қорғау бойынша талаптарын, ережелерін және нұсқаулықтарын сақтауын қамтамасыз етуге.

10.1.11. Білім беру ұйымдарында еңбек қорғау жөніндегі комиссияларын құруға, оның құрамына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің мүшелері тепе-тең негізде енуі керек.

10.1.12. Өндірісте қайғылы (жазатайым) оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлерді жерлеуге, өз еңбек міндеттерін орындау кезінде асыраушысынан айрылуы жағдайында келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға шығындарды өтеуге.

10.1.13. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерімен бірлесіп, еңбек шартының жағдайына және қорғалуына, еңбекті қорғау бойынша келісімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға.

10.1.14. Қызметкерлердің жұмыс орындарын (лауазымдарын) және орташа жалақысын сақтаумен, тегін міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден (қараудан) өтуін қамтамасыз етуге.

10.1.15. Нормаларға сәйкес және келісілген тізбе бойынша қызметкерлерді тегін сабынмен, жуылатын және залалсыздандырылатын заттармен қамтамасыз етуге.

10.1.16. Ұйым қызметкерлерінің демалысы үшін бөлмені жабдықтауға.

10.2. Кәсіподақ міндеттенеді:

- кәсіподақ мүшелері мен басқа қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға;

- қызметкерлердің балаларын, Кәсіподақ мүшелерін – қызметкерлерді сауықтыру.
11. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
11.1. Кәсіподақ қызметінің және тиісінше сайланбалы кәсіподақ органдарының құрылымдық ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктері Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен, өзге де заңдарымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы Жарғысымен анықталады және Кәсіподақтардың бірлестіктерімен, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, салалық (тарифтік) келісімдер, өзге келісімдер, осы келісім арасындағы Бас келісімді ескерумен іске асырылады.

11.2. Тараптар төмендегілер туралы келісті:

11.2.1. Әлеуметтік-еңбек заңымен кепілдік берілген өзге де құқықтар мен бостандықты шектеуге, мәжбүрлеу, жұмыстан шығару және кәсіподақтағы мүшелігімен немесе кәсіподақ қызметімен байланысты кез-келген қызметкерге қатысты өзге де ықпал ету түріне тыйым салынады.

11.2.2. Тараптар жұмыс берушілер мен олардың өкілетті өкілдері мыналарға міндетті:

- кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін сақтауға, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге жол бермей және мекемелер мен салалық кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымдарын құруға және қызмет етуіне кедергі болмай, олардың іс-әрекетіне ықпалын тигізуге;

- сайланбалы кәсіподақ органына қызметкерлердің санына тәуелсіз санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін, жылумен, жарықпен, сайланбалы кәсіподақ органының жұмысына және қызметкерлердің жиналысын өткізуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген тегін қажетті үй-жай (кем дегенде бір үй-жай), сондай-ақ ұйымдастыру техникасын, байланыс құралдарын (оның ішінде компьютерлік жабдықтар, электрондық пошта және Ғаламтор) және қажетті нормативтік құжаттарды ұсынуға; күзетті және үй-жайдың жинастырылуын қамтамасыз ету, бар көлік құралдарын өтеусіз ұсыну және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да жағдай жасауға;

- сайланбалы кәсіподақ органының өкілдеріне жарғылық міндеттерді және заңнамамен ұсынылған құқықтарды іске асыру үшін кәсіподақ мүшелері жұмыс жасайтын ұйымдарға баруына кедергі келтірмеуге;

- кәсіподақ органдарына олардың сұрауы бойынша еңбек жағдайы, жалақы, тұрмыстық қызмет көрсетуге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысы, қызметкерлердің өмір сүру жағдайы және басқа да әлеуметтік-экономикалық сұрақтар бойынша ақпаратты ұсынуға;

- кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған орайда, ұйымның есеп айырысу шотынан Кәсіподақтың есеп айырысу шотына мүшелік жарналарды, төленетін жалақының, стипендияның (шәкіртақының) 1% мөлшерінде қаражатты ай сайын тегін аударуға. Қаражатты аудару толық көлемде және жалақыны, стипендияны (шәкіртақыны) берумен қатар жүргізіледі;

- білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтың қызметі туралы қызметкерлерді кең ауқымды ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттық жүйелерді пайдалануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесуге міндетті екендігіне назар аударады.

11.2.3. Тараптар кәсіподақ ұйымдарының құрамына сайланбалы (табысталған) және негізгі жұмысынан босамаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, соның ішінде:

- кәсіподақ ұйымдарының құрамындағы қызметкерлер өздері мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімінсіз тәртіптік жазаға тартылмайды.

Жұмыс берушінің бастамасымен аталған кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыру өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімінсіз жүргізілмейді;

- жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек шартын мардымды өзгертуге (оқу жүктемесі көлемінің өзгеруіне немесе қызметкердің күнәсінсіз өзге жұмыс көлеміне байланысты еңбекақы мөлшерін, белгіленген үстемақылар мен қосымша ақыларды, өзге де ынталандырушы және мадақтама төлемдерін және т.б. азайту) жол беріледі, алдымен өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімімен, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары (орынбасарлары) - аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімімен, жұмыстан босатудың жалпы тәртібі сақталады;

- сайланбалы кәсіподақ органының мүшелері, еңбек қорғау бойынша қоғамдық кәсіподақ инспекторлары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері білім беру ұйымдарында жұмыс берушімен бірлесіп құрылатын комиссияларда қызметкерлер ұжымының мүддесінде қоғамдық міндеттерді орындау үшін және қысқа мерзімді кәсіподақ оқу барысында орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан босатылады.

Тараптар аумақтық кәсіподақ ұйымының атқарушы комитетінің мүшесі болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына жылына 10 жұмыс күнінен көп емес, ал екі жақты комиссияның, ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі ұжымдық келіссөздерді жүргізетін комиссиялардың мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне – 7 жұмыс күнінен көп емес осы ережені қолдануға келісті.

11.2.4. Білім беру ұйымдарында негізгі жұмыстарынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері форумдардың жұмысына қажетті уақытқа, съездердің, конференциялардың, пленумдардың, президиумдардың, жиналыстардың, семинарлардың және Кәсіподақпен шақырылатын өзге де іс-шараларға қатысатын уақытқа ғана босатылады.

11.2.5. Тараптар кәсіподақ ұйымдарының құрамына сайланбалы (табысталған), жұмыстан босатылған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды.

11.2.6. Кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымына таңдалған (табысталған) қызметкерлерге олардың сайлану өкілеттілік мерзімдері аяқталған соң, бұрынғы жұмысы (лауазымы), егер ол болмаса – қызметкердің қалауымен сол немесе басқа білім беру ұйымында бұрынғы жұмысына тең жұмыс (лауазым) ұсынылады.

11.2.7. Босатылған кәсіподақ қызметкерлерінің және кәсіподақ органының штаттық қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын, ұжымдық шарттарға, келісімдерге, барлық деңгейдегі келісімдерге сәйкес білім беру ұйымдарында қолданылатын кепілдіктер мен жеңілдіктер сақталады;

11.2.8. Сайланбалы кәсіподақ органының құрамында өкілеттілік мерзімі аяқталған кезде және аттестаттау нәтижесі бойынша берілген біліктілік санатының қолданыс мерзімі аяқталған кезде (өкілеттікті орындау кезеңінде немесе ол аяқталған соң алты ай ішінде) Кәсіподақтың босатылған қызметкерлеріне өздерінің өтініштері бойынша белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткенге дейінгі кезеңде біліктілік санатының қолданыс күші екі жылдан көп емес уақытқа ұзартылады.

11.2.9. Кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы төраға лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмыс білім беру ұйымдарының қызметі үшін маңызды болып табылады және қызметкерлерді мадақтау, оларды аттестаттау, басшы лауазымдарының орнын басуға конкурстық іріктеу кезінде назарға алынады.

11.2.10. Кәсiподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлердi сайланған өкiлеттiгi аяқталған соң екi жыл iшiнде жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға жол берiлмейдi, бұған кәсiпорын толық таратылған немесе қызметкер заңмен көзделген жұмыстан шығарылуы мүмкiн болатындай күнәлi iс-әрекет жасаған жағдайлар қосылмайды. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісінше кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

11.2.11. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және оларды ведомстволық белгілермен марапаттау туралы шешімдерін бірлесіп қабылдай алады.

11.2.12. Білім беру басқармасы өздерінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруларын қиындататын жұмыс беруші өкілдерінің кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелік қызметіне араласуына жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

11.2.13. Білім беру басқармасы еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы үшін кәсіподаққа кедергі келтірмейді. Кәсіподақ өз мамандарының күшімен күнтізбелік жылы екі реттен жиі емес білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жоспарлы тексерістерді жүргізуге құқылы. Бұл шектеу сала қызметкерлерінің арыздары мен шағымдары бойынша, өзге де жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерістерге таралмайды.

Тексеріс нәтижесі бойынша Кәсіподақ білім беру ұйымдарының басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісінше актілер мен ұсыныстарды жолдайды.

Тексерістерді жүргізу тәртібі, тексерулердің нысандары мен түрлері Кәсіподақтың тиесілі актісімен анықталады.

11.2.14. Кәсіподақ мүшелері тарификациялау, педагог қызметкерлерін аттестаттау, өндірісте орын алған қайғылы оқиғаны тергеу, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбек қорғау, әлеуметтік сақтандыру және тағы басқалар бойынша білім беру ұйымдарының комиссия құрамына енеді.


жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау