Жылдарға арналған Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы



жүктеу 264 Kb.
бет3/3
Дата01.02.2020
өлшемі264 Kb.
#27944
1   2   3

12. Жастар саясаты
12.1. Тараптар ұйымдарда жастар саясатын іске асыру бойынша бірлескен қызметте төмендегі бағыттарды басым деп есептейді:

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6-бабымен көзделген жастардың әлеуметтік құқықтарын орындауға көмектесу;

- жастарды ұйымдарда орнықтыру мақсатында олармен жұмыс жүргізу;

- олардың кәсіби біліктілігін арттыруға және қызметтік өсуіне жәрдемдесу;

- жастардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

- жастардың бос уақытын, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын белсендіру, қолдау.

12.2. Қызметтегі және оқитын жастардың іскерлік белсенділіктерін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, оларда жігерлі өмірлік және азаматтық көзқарасты қалыптастыруға ықпал еті. Жастар проблемасына назар аударту және жастар қатарындағы оқытушылардың, мұғалімдердің және ғалымдардың әлеуметтік-экономикалық және кәсіби проблемаларын шешуде мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында облыс қалалары мен аудандарында жастар кеңестерін құру жұмыстарын жалғастыру. «Нұр Отан» партиясының жас қанаты - «Жас Отанмен», Қазақстанның жастар одағымен, «Жасыл ел» студенттік еңбек отрядымен пәрменді ынтымақтасу.

12.3. Мемлекеттік оқу орындарында оқитын мұқтаждар санаты үшін: аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққандарға, мүгедектерге, жетімдерге және тағы басқаларға жатақханаларда тұруы үшін жеңілдікпен төлемді ұсыну, лайықты тұрмыс жағдайын құруға жәрдемдесу.
13. Келісімнің орындалуын бақылау

Тараптардың жауапкершілігі
Тараптар мыналар туралы келісті:

13.1. Кәсіподақ қол қойған күннен бастап 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Келісімді хабарламалы тіркеу үшін жібереді.

13.3. Осы Келісімнің орындалу барысын жылына бір реттен жиі емес қарау.

13.2. Осы Келісімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бірлесіп әзірленеді.

13.4. Келісімнің қызмет ету кезеңінде туындайтын барлық қарама-қайшылықтарды және оны орындаумен байланысты дау-жанжал апталық мерзімде қарастырылады.

13.5. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуде заңмен белгіленген тәртіпті сақтайды, дауды шешудің ең соңғы шарасы – қызметкерлердің ереуілге шығуын алдын алу мақсатында жанжалды туғызу себебін жою үшін барлық құқықтық мүмкіндіктерін пайдаланады.

13.6. Келісімнің міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда кінәлі жақ немесе кінәлі тұлғалар заңмен көзделген тәртіппен жауап береді.

13.7. Осы Келісімнің шарты білім беру саласының барлық құрылымдарында қолданылады және қалалар мен аудандар деңгейінде келісімдерді жасау кезінде, сондай-ақ ұжымдық шарттар кезінде міндетті.

13.8. Тараптардың ешқайсысы біржақты түрде осы Келісімнің қызметін уақытша тоқтатуға немесе күшін жоюға құқылы емес.

13.7. Осы Келісім 2018-2020 жылдар ішінде қолданыста.

13.8. Осы Келісім екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған, заңды күші бірдей әрбір данасы Тараптардың әрқайсысына беріледі.
14. Осы Келісімге қол қойғандар:


Білім беру басқармасы атынан:
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы
_______________________
«___» __________ 2018 жыл

Кәсіподақ атынан:
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы
Г.Ә. Наурызбаева
__________________________
«___» ____________ 2018 жыл


Салалық келісімге

1-қосымша
Мемлекеттік білім беру органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағына сәйкес, лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ білім сапасын арттыру, еңбек функциясын орындауда ұйым қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қолданылады.


2. Сыйлық беру шарттары
3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;

2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;

3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;

4) мерейтой, мереке күндері;

5) қызметкерге жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.

4. Қызметкерге:

1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

2) тиісті органда алты айдан кем жұмыс істеген болса;

3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

4) қосарлас жұмыс істеу шартында еңбектенетін қызметкерлерге сыйлық берілмейді.
3. Лауазымдық жалақысына үстемақылар белгілеу шарттары
5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемақылар белгілеу оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.

6. Сондай-ақ, үстемақылар еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуымен байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін.

7. Үстемақылардың барынша үлкен мөлшері лауазымдық еңбекақыдан елу пайызынан аспауы тиіс.
4. Материалдық көмек көрсету ережелері
8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:

1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (ата-анасының, зайыбының, ағаларының, әпкелерiнiң, балаларының) қайтыс болуы;

2) некеге тұру;

3) бала туылған, бала асырап алған;

4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (шипажайлықтан басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);

5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, табиғи дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру.
5. Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу тәртібі
9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

10. Бұйрықта қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемақы) беруге негіздеме мен мөлшері көрсетіледі.

11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтініші негізінде білім беру ұйымының басшысы шығарады.

12. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлерін үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:

1) жыл бойы, смета бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда – жыл бойы төменде келтірілген шығындар бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде жүзеге асырылады:

- іссапар шығындары;

- коммуналдық қызмет көрсету;

- электр энергиясы;

- жылу;

- байланыс қызметі;

- көлік қызметі;

- негізгі құралдарды ұстау;

- ағымдағы жөндеу;

- негізгі қаражат бойынша жалдау ақысы,

- кредиттер бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу шығыстары;

2) смета бойынша үнемделген қаражатты толық көлемде келесі шығын түрлері бойынша:

- жалақы;

- салықтар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер.

Шығындардың қалған түрлері бойынша смета бойынша қаражатты үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемақылар белгілеуге жол берілмейді.



Салалық келісімге

2-қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы ереже
Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) білім беру ұйымдары қызметінің ерекшелігін, түрлері мен үлгілерін ескере отырып, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін реттеу тәртібін белгілейді.

1.2. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленетін Ұйымның ішкі тәртіп қағидасымен, ҚР «Білім туралы» Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, осы Ережемен белгіленеді және ұйымның жұмыс режимін, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігін ескерумен анықталады.

1.3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, басқа басқарушы қызметкерлердің жұмыс режимі жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан есептегенде аптасына 40 сағат, білім беру ұйымы қызметінің басқарылуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескерумен анықталады.

1.4. Өз міндеттерін жұмыс күні ішінде орындайтын педагог қызметкерлер үшін тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Бұл жағдайда білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім алушылармен, тәрбиеленушілермен бір уақытта немесе осы мақсатта арнайы бөлінген бөлмеде тамақ ішу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.


2. Оқу жылы кезеңінде білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының жұмыс уақытының режимі
2.1. Мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының (бұдан әрі – оқытушылық қызмет атқаратын педагог қызметкерлері) педагогтық қызметті орындауы педагогтық жұмыспен байланысты осы жұмысты атқару үшін ғана белгіленген уақыт нормасының болуымен сипатталады.

Оқытушылық қызмет атқаратын педагог қызметкерлердің педагогтық жұмыстың басқа бөлігін орындауы саны бойынша нақтыланбаған жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады.

2.2. Оқытушылық қызмет атқаратын педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының нормаға келтірілген бөлігі астрономиялық сағатпен анықталады және ұзақтығына тәуелсіз өткізілетін сабақтарды (бұдан әрі – оқу сабақтарын) және білім алушылар үшін белгіленген әрбір оқу сабақтарының арасындағы қысқа үзілістерді (ауысымдар), соның ішінде 1-сынып білім алушылары үшін «динамикалық сағатты» енгізеді. Осы ретте, белгіленген оқу жүктемесінің сағат санының ұзақтығы аталған қызметкерлер өткізетін 45 минуттен аспайтын оқу сабақтарының санына сәйкес келеді.

Оқу сабақтарының нақты ұзақтығы, сондай-ақ арасындағы үзілістер (ауысымдар) жарғымен немесе айшықталған тәртіппен белгіленген тиесілі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерді ескере отырып, білім беру ұйымдарының жергілікті актісімен қарастырылады.Оқытушылық жұмысты орындау оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.

Қосарланған оқу сабақтарын өткізу кезінде анықталмаған үзілістер жинақталуы мүмкін және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі қағидасымен көзделген тәртіппен басқа педагогикалық жұмысты орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

2.3. Оқытушылық қызмет атқаратын педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын шығындауын талап ететін, сағат саны бойынша нақтыланбаған педагогтық жұмыстың басқа бөлігі білім беру ұйымының жарғысымен және ішкі еңбек тәртібі қағидасымен, тарифтік-біліктілік сипаттамалармен анықталған лауазымдық міндеттемелерінен туындайды және кестелермен, жұмыс жоспарларымен, соның ішінде педагог қызметкердің жеке жоспарымен реттеледі және мыналарға байланысты болуы мүмкін:

- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысумен, ата-налар жиналысын, консультацияларды, сауықтыру, тәрбиелік және білім беру бағдарламасымен көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жұмысымен байланысты міндеттерді орындау;

- ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, медициналық қорытындыға сәйкес үйде оқитын балалары бар отбасыларға әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру және өткізу;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына дайындалу, олардың жеке-дара қабілеттерін, қызығушылықтарын және дағдыларын, сондай-ақ олардың отбасылық және тұрмыстық жағдайын зерделеуге тікелей шығындалатын уақыт;

- сабақ өткізуге дайындалу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын бақылау, оқу барысында, соның ішінде белсенділіктері әр түрлі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалысы үшін, тамақтанулары үшін белгіленетін сабақ арасындағы үзілістер барысында реттілікті және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қажеттілігіне орай ұйымдастырылатын білім беру ұйымдарындағы кезекшіліктер;

- тиісінше қосымша еңбекақысымен (сынып жетекшілігі, жазба жұмыстарды тексеру, оқу кабинеттерін меңгеру және т.б.), білім беру үдерісімен тікелей байланысты педагог қызметкерлерге қосымша жүктелген міндеттерді орындау.

Оқу сабақтарының басталуына дейін және аяқталғаннан соң, оқу сабақтарын жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің кезекшілік кестелерін құру кезінде ұйым жұмысының ауысымдылығы, оқу сабақтарының кестесіне, іс-шаралардың жалпы жоспарына сәйкес әрбір педагог қызметкердің жұмыс уақытының режимі, педагог қызметкерлердің ұзақ кезекшілікте болуына жол бермеу үшін жұмыстардың өзге де ерекшеліктері, оқу жүктемесі жоқ немесе аз болатын күндердегі кезекшіліктер ескеріледі.

Жұмыс күндері педагог қызметкерлер білім беру ұйымы бойынша кезекшілікке оқу сабақтарының басталуына дейін 20 минут қалғанда және соңғы оқу сабағы аяқталғаннан кейін 20 минуттен кеш емес қатыстырылады.

2.4. Оқытушылық қызмет атқаратын педагог қызметкерлер үшін кесте бойынша оқу сабақтарын өткізуден, жұмыс кестелерімен және жоспарларымен реттелетін өзге де міндеттерден бос апта күндерін (бұл білім беру ұйымы өз қызметін жүзеге асыратын уақыт кезеңі) педагог қызметкерлер біліктіліктерін арттыру, өздігінен білім алу, сабаққа дайындалу және т.б. үшін пайдалана алады.

2.5. Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, оқытушыларының жұмыс уақытының режимі оларға тәуелсіз себептер (оқу жоспары және оқу бағдарламалары мен (немесе) сыныптар, топтар және т.б. бойынша сағат санының азаюы) бойынша оқу жылы ішінде оқу жүктемесі оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесімен салыстырғанда аз болса, онда жұмыс уақытының режимі осы Ереженің 2.3-тармағымен көзделген педагогтық жұмысты орындау үшін қажетті уақытты ескерумен, пропорционалды жалақысы сақталатын сағат санымен анықталады.
III. Жұмыс күнін бөлу
3.1. Педагогтардың және өзге де қызметкерлердің жұмыс кестелерін құру кезінде тынығумен және тамақтанумен байланысы жоқ жұмыс уақытындағы үзілістерге осы Ережемен көзделген жағдайларды қоспағанда жол берілмейді.

3.2. Оқу жүктемесінің кестесін құру кезінде жұмыс беруші үздіксіз бірізділігі бұзылмауы үшін және педагог қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып танылмайтын, оқытушылар мен тәрбиеленушілер үшін белгіленген оқу сабақтары арасындағы қысқа үзілістерден (ауысымдар) айрықшаланатын ұзақ үзілістердің (алшақтылық) туындауының алдын алу үшін оқытушылық қызметпен айналысатын педагог қызметкерлер уақытының ұтымсыз шығындануына жол бермеуі міндетті.

3.3. Күн ішінде тәрбие және оқу қызметі алмасып келетін, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы білім беру ұйымдарында болатын ерекше жағдайда, жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп, мектеп жасындағы тәрбиеленушілер тобында педагогикалық жұмысты жүзеге асыратын тәрбиешілер үшін екі сағат немесе қатарынан бірнеше сағатты құрайтын, бірақ төрт сағаттан аспайтын үзіліс берумен жұмыс күнін екіге бөлуі мүмкін, ол тиісінше ақшалай өтемақысы келісіммен көзделген тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі. Екі бөлік арасындағы үзіліс жұмыс уақытына қосылмайды.

Тәрбиешілер жалақы ставкасына белгіленген, нормадан асырып педагогикалық жұмысты атқаруымен байланысты жұмыс барысындағы үзіліс екіге бөлінген жұмыс күні режиміне саналмайды.

3.4. Тәрбиешілердің жұмыс уақыттарын ұтымды пайдалануы мақсатында жұмыс уақытының сомаланған есебін жүргізумен, күнделікті жұмыс уақыты ұзақтығының әртүрлілігіне қарай, олардың жұмыс кестесі бекітілуі мүмкін.
IV. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің демалыс кезеңіндегі жұмыс уақытының режимі
4.1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері белгіленген және жыл сайынғы ақысы төленетін қызметкерлердің негізгі және қосымша демалыстарымен сәйкес келмейтін күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кезеңдері (бұдан әрі – демалыс кезеңі) қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып есептеледі.

4.2. Демалыс кезеңінде педагог қызметкерлер педагогикалық, әдістемелік, сондай-ақ демалыс басталғанға дейін олардың нормаға келтірілген жұмыс уақытының бөлігі шегінде ұйымдастырушылық жұмысты жүзеге асырады.

4.3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысы кезінде жұмысқа қабылданған педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі жалақы ставкасына белгіленген аптадағы оқытушылық (педагогикалық) жұмыстың нормалық сағаты шегінде анықталады.

4.4. Оқутышылық-көмекшілік және қызмет көрсететін персоналдың демалыс кезеңіндегі жұмыс уақытының режимі лауазым бойынша белгіленген уақыт шеңберінде анықталады. Аталған қызметкерлер заңмен белгіленген тәртіппен арнайы білімді талап етпейтін шаруашылықты орындау үшін қатыстырылуы мүмкін.

4.5. Демалыс кезеңінде барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі білім беру ұйымының жергілікті актілерімен және олардың сипаттамасы көрсетілген жұмыс кестелерімен реттеледі.
V. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздемелер бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтары (білім беру үрдісі) болмайтын кезде білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі
5.1. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздемелер бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтары (білім беру үдерісі) болмайтын кезде білім беру ұйымдарының педагогтары мен басқа да қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.

5.2. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және өзге де негіздемелер бойынша дербес сыныптарда (топтарда) немесе бүкіл білім беру ұйымы бойынша оқу сабақтары (білім беру үдерісі) болмаған кезде мұғалімдер және басқа педагог қызметкерлер осы Ереженің IV бөлімінде көрсетілген тәртіппен және шарттарда оқу-тәрбие, әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыстарға қатыстырылады.


VI. Сауықтыру білім беру ұйымдары, жазғы лагерьлерге шығатын (немесе) сол немесе басқа елді мекенде жазғы демалысты, сондай-ақ туристік жорықтарды, экскурсияларды, экспедицияларды, саяхаттарды ұйымдастыратын білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі
6.1. Жыл сайынғы ақысы төленетін демалыспен тұспа-тұс келмейтін, бір айдан аспайтын мерзімге сауықтыру лагерьлеріне және жалпы білім беру және өзге де білім беру ұйымдары негізінде сол елді мекенде демалыс кезеңінде құрылатын, балалар күндізгі уақытта ғана баратын басқа да сауықтыру білім беру ұйымдарына қатыстырылатын педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі осы Ереженің IV бөлімінде көрсетілген тәртіппен анықталады.

6.2. Жыл сайынғы ақысы төленетін демалыспен тұспа-тұс келмейтін демалыс кезеңінде педагог қызметкерлерді сауықтыру лагерьлерінің және басқа елді мекенде орналасқан басқа да сауықтыру білім беру ұйымдарына, сондай-ақ басқа жерге ұзақ мерзімді (сол күні қайтып оралмау) туристік жорықтарға, экспедицияларға, экскурсияларға, саяхаттарға басшы ретінде қатыстырылуы, тек қызметкердің келісімімен ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі өздері орындайтын жұмысты ескерумен белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібінің ережесімен, жұмыс кестелерімен анықталады.

VII. Білім беру ұйымдарындағы дербес педагог қызметкерлерінің

жұмыс уақытын реттеу
7.1. Педагог-психологтардың жұмыс аптасында 36 сағат шамасында жұмыс уақытының режимі білім беру мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің ережесімен реттеледі және төмендегілер ескеріледі:

7.1.1. жұмыс уақытының апталық ұзақтығының жартысынан кем емес шамасында білім беру үдерісіне қатысушылармен жеке және топтық консультативтік жұмысты орындауы;

7.1.2. жеке және топтық консультативтік жұмысқа дайындалуы, алынған нәтижелерді өңдеуі, және жалпылауы, есеп беру құжаттамасын толтыруы, сондай-ақ өзінің біліктілігін арттыруы.

Педагог-психологтың 7.1.2.-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындауы тікелей білім беру мекемесінде, сонымен қатар қызметкердің қалауы бойынша мекемеден тыс жүзеге асырылуы мүмкін.



VIII. Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдары бойынша апта ішіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегідей анықталады:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту лауазымдары бойынша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысы (меңгерушісі) – аптасына 40 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыратын әдіскер – аптасына 40 сағат.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының музыка жетекшісі- нормативтік жүктеме бойынша аптасына 24 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі нормативтік жүктеме бойынша аптасына 24 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы тәрбиешісінің көмекшісі – аптасына 40 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі (орыс тілі, шетел тілі) оқытушысы нормативтік жүктеме бойынша аптасына 24 сағат.

Дене тәрбиесi (жүзу бойынша) нұсқаушы нормативтік жүктеме бойынша аптасына 40 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог мұғалімі, логопед мұғалімі нормативтік жүктеме бойынша аптасына 24 сағат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-психологы – аптасына 40 сағат.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру лауазымдары бойынша
білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымының директоры – аптасына 40 сағат.

білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат.

бейіндік оқыту бойынша білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымы директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.

білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымының директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары) – аптасына 40 сағат.

Білім беру ұйымының барлық мамандықтардың мұғалімдері – жүктеме бойынша аптасына 18 сағат.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының педагог-психологы – аптасына 40 сағат.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының дефектолог мұғалімі, логопед мұғалімі – жүктеме бойынша аптасына 40 сағат.

Әлеуметтік педагог – аптасына 36 сағат.

Вожатый, аға вожатый – аптасына 36 сағат.

Білім беру ұйымының (физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің) зерханашысы – аптасына 40 сағат.

Білім беру ұйымы жанындағы интернаттың меңгерушісі (басшысы) –аптасына 40 сағат.

Білім беру ұйымының оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі – аптасына 40 сағат.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының директоры – аптасына 40 сағат.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – аптасына 40 сағат.

Ана-тәрбиеші – аптасына 25 сағат.

Патронатты тәрбиеші – белгіленбеген.
Арнаулы білім беру ұйымдарының лауазымдары бойынша
Арнаулы (түзету) білім беру ұйымының директоры – аптасына 40 сағат.

Арнаулы (түзету) білім беру ұйымы директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.

Арнаулы (түзету) интернаттық білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі) – аптасына 25 сағат.

Арнаулы білім беру ұйымының басшысы – аптасына 40 сағат.

Дефектолог (сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог) мұғалімі – аптасына 18 сағат.

Логопед мұғалім – аптасына 18 сағат.

Логопед – аптасына 40 сағат.

Арнаулы білім беру ұйымының мұғалімдері, жалпы білім беру мектебінің арнаулы сыныптарының мұғалімдері – аптасына 18 сағат.


Қосымша білім беру ұйымдарының лауазымдары бойынша
Балаларға қосымша білім беру ұйымының директоры – аптасына 40 сағат.

Балаларға қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.

Қосымша білім беру педагогы – нормативтік жүктеме бойынша 18 сағат.

Педагог-ұйымдастырушы – аптасына 40 сағат.

Әлеуметтік педагог – аптасына 40 сағат.

Музыка жетекшісі – нормативтік жүктеме бойынша 18 сағат.

Жаппай бөлім меңгерушісі – аптасына 40 сағат.

Аккомпаниатор – нормативтік жүктеме бойынша 18 сағат.

Концертмейстер – нормативтік жүктеме бойынша 18 сағат.

Жүзу, дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы – нормативтік жүктеме бойынша 40 сағат.

Балаларға қосымша білім беру ұйымының әдіскері – аптасына 40 сағат.

Қосымша білім беру ұйымы оқу-әдістемелік орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері – аптасына 40 сағат.

Қосымша білім беру ұйымы оқу-әдістемелік орталығы (ҚБ ОӘО) директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.
Ересектер үшін қосымша білім беру ұйымдарының лауазымдары бойынша

Біліктілікті арттыру институттары

Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) директоры – аптасына 40 сағат.

Біліктілікті арттыру институты (филиалы) директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.

Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы – аптасына 40 сағат.

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері (бапкері) – аптасына 36 сағат.

Кафедра меңгерушісі – аптасына 40 сағат.

Аға оқытушы – аптасына 36 сағат.

Бөлім бастығы – аптасына 36 сағат.

Бас (жетекші) маман – аптасына 36 сағат.

Сертификатталған тренер (бапкер) – аптасына 36 сағат.


Әдістемелік қызмет лауазымдары бойынша

Оқу-әдістемелік орталығының (кабинеттің) директоры – аптасына 40 сағат.

Оқу-әдістемелік орталығы (кабинет) директорының орынбасары – аптасына 40 сағат.

Оқу-әдістемелік орталығының (кабинеттің) әдіскері – аптасына 40 сағат.




жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау