Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы



жүктеу 1,35 Mb.
бет8/14
Дата20.11.2018
өлшемі1,35 Mb.
#22439
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Щучинск қ. бойынша қызметтерді көрсету саласында іске қосылған: су тарту желілері ұзындығы 98,5 км, соның ішінде, магистральдік – 70,5 км, ішкі кварталдық 28 км.

Көкшетау өнеркәсіпсуқұбырынан түсетін су көтеру 2008 жылғы қарашаға дейін, яғни су даярлығы станциясын пайдалануға енгізуге дейін, 1936 жылдан бері 10,5 мың м3/тәулігіне өнімділікпен бірінші көтеру насосты станциясымен сумен қамту Щучье өзенінің ашық көзінен жүзеге асты. «Ауыз су» республикалық бағдарламасымен 2006 жылдан 2011 жыл аралығындағы кезеңде Щучинск қ. 72 км магистральді су жүргізетін желілеріне қайта жаңарту өткізілген, ұзақтығы 28 км ішкі кварталдық желілер қайта жаңарту жүргізілуде.

Бурабай к. Көкшетау өнеркәсіпсуқұбырына қосу жобасын іске асырылуда. Қазіргі кезде өнеркәсіпсуқұбыры кентке дейін жеткізілген. 2009 жылы Маяк төбесінде 3000 м3 2 таза су қоймасының құрылысы аяқталды. Бурабай к. тарату желілеріне су берудің үлкен проблемасы – магистралды және ішкікварталдық желілерінің салыну қажеттілігі. Бурабай к. 108 млн. теңге сомада су құбырын қайта жаңартудың екінші кезегі жобасы іске асырылып, 5,8 км желі салынған.

2013 жылдан бері Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту аясында сумен қамту және су бұру объектілерін салу бойынша 9 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

2010-2011ж. кезеңінде 7,1 км су тарту және 8,2 км канализация иесіз желілері анықталып коммуналдық меншікке берілген, «Бурабай Су Арнасы» МКК және «Бурабай тазалық» МКК қайтарусыз тегін пайдалануға, соның ішінде: Щучинск қ. – 4,5 км, Бурабай к. – 1900 м, Оқжетпес а. – 1727 м. канализация желілері берілген.

Керекті құжаттарды әзірлеу және коммуналдық мүлкінің обьектілерін заңды тіркеуіне қаражат іздеп табу керек.

Щучинск қ. сумен қамту қызметтерін: «Бурабай Су Арнасы» МКК мемлекеттік кәсіпорны және «Темір Жол Су» ЖШС жеке меншік кәсіпорны, Бурабай к. – «Бурабай Тазалық» МКК, Зеленый бор а. – «Термо-Транзит» МКК көрсетеді.

Ауданда Щучинск қ. Бурабай к., Зеленый бор а. орталықтандырылған канализация бар, ауылдық елді мекендерде су бұру жүйесі жоқ.

Тазарту құрылғылары бойынша барлық ағынды сулардың 70 % ғана өтеді. Щучинск қ. бойынша канализация желілерінің тозығы 83 %, Бурабай к. 64 % қолданыстағы канализация желілері ауыстыруды қажет етеді, канализация ағындары сулары сүзу алаңына тазартылмай түседі. Бурабай к. және курорт аймағында ағынды сулар 22 септик – жинақтағыштардан шығарылады. Зеленый бор а. – 75 % желілері жаңартуды қажет етеді.


Канализация желілері
    1. Елді мекендер

    1. Канализация желілерінің жалпы ұзақтығы, км


Соның ішінде

Тозық %
    1. жаңартуды қажет етеді, км

    1. %


қысымды

өзі ағатын
    1. Щучинск қ.

    1. 81,9

    1. 19

    1. 62,9

    1. 68,5

    1. 67,9

    1. 83

    1. Бурабай к.

    1. 17

    1. 17

    1. -

    1. 50

    1. 11

    1. 64

    1. Зеленый бор а.

    1. 8

    1. -

    1. 8

    1. 70

    1. 6

    1. 75

    1. Барлығы

    1. 106,9

    1. 36

    1. 70,9

    1. 84,9

    1. 80



Проблемалар: елді мекендердің су құбыры желілері мен объектілерін пайдалану мен техникалық қамтамасыз ету бойынша мамандандырылған кәсіпорынның жоқтығы. Ауылдардың су құбыры желілерінің 80 % дейінгі тозығы. Елді мекендерде су құбыры желілерін қайта жаңартуға бюджеттік қаражаттың бөлінуіне кедергі болатындай су қоры жағдайының белгісіздігі.

Ағынды сулар Щучинск- Бурабай курорттық аймағында (ЩБКА) қоршаған ортаға ең үлкен ықпал жасайды. Курорттық аймақты абаттандыру кезінде герметикалық емес күреп шығарулар нәтижесінде Бурабай көліне ағынды сулар түседі. Қатаркөл канализациялық коллекторын туристтік және балалар сауықтыру объектілеріне қосумен қайта жаңартудан өткізуді қажет етіледі.


Газбен қамту.

Тұрғындарды ыдыстағы сұйық газбен қамту қызметтерін «Облгаз» ЖШС, «Газ-Синегорье» ЖШС, «Газтехнология» ЖШС жеке меншік кәсіпорындары атқарады. Щучинск ауданы тұрғындарының ыдысты газбен қамтылуы – 100 %.

Щучинск қ. және Бурабай к. қазіргі кезде қолданылмайтын барлық топталған резервуарлық қондырғылар және газ құбырлары «Газ-Синегорье» ЖШС меншігінде. Топталған резервуарлық қондырғылар – 81 дана, жер асты газ құбыры – 13404 м, жер бетіндегі газ құбыры – 1494 м.

Газбен қамту объектілерінің меншік иесімен оларды бұрынғы қалпына келуіден шаралар қолданылмайды, оларды коммуналдық меншікке қабылдау туралы мәселе шешімді қажет етеді.





  1. Абаттандыру

  2. Елді мекендерді көгалдандыру 2005 жылғы 10 %-дан 2013 жылғы 19 % дейін артты. Отырғызылған жасыл желектің жалпы ауданы 2013 жылы 339 га құрады. Нәтижесінде жасыл желектің ауданы 1 ш. м. аумаққа 0,0049 ден 0,0054, дейін артты, ал жасыл желектің ауданы әр адамға шаққанда 8 % артып, 8,4 га құрады.

  3. 2013 жылы облыстық бюджеттен Щучинск қаласын абаттандыруға қаражат бөлінді. Елді мекендерді жақсарту шараларына бөлінетін бюджеттік қаражат аумақты абаттандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге жеткіліксіз. Бұл үрдіске жеке бизнес белсенді тартылуда.
      1. АУЫЛ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУ, ЭКОЛОГИЯ



Ауыл аумақтары.

Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша аудан 10 ауылдық округ, қала (Щучинск) және Бурабай кентіне бөлінеді. Аудан аумақғында 50 ауылдық елді мекендер, 1 кент, аудандық маңызы бар 1 қала орналасқан.

Бурабай ауданы тұрғындарының саны 2015 жылғы 01 қаңтарға 74631 адам, соның ішінде ауыл тұрғындары 39,1 % құрады.





2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014 ж.

Тұрғындар саны

73161

73392

73550

74009

74794

75179

74631

Соның ішінде:






















- қалалық

43352

44331

44596

45004

45615

45918

45450

Қала тұрғындарының үлесі

59,3

60,4

60,6

60,8

61,0

61,1

60,9

- ауылдық

29809

29061

28954

29005

29179

29261

29181

Ауыл тұрғындарының үлесі

40,7

39,6

39,4

39,2

39,0

38,9

39,1

Ауданда 51 ауылдық елді мекен орналасқан. Олардан дамудан жоғары әлеуетті – 12 ауылдық елді мекен, орташа әлеуеттілігі – 37, төмен әлеуеттілігі бар ауылдық елді мекендер 2 (Жаңатуған а., Вишневое).

2013 жылы Зеленый бор а. оңтайлы аумақтық-кеңістікті орналасқан, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды және одан әрі дамуда болашағы бар тірек елді мекендерінің тізіміне енгізілген. Өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында АЕМ-де өндірістерді кеңейту және жаңарту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және өзге қызметтерді дамыту бойынша шаралар қарастырылатын болады.

2015 жылы 2016-2020 жж. Щучинск қаласының даму комплексті жоспар бекітілген. Қала экономикасының тұрақты дамуы әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымның жаңартуымен, қаланы абаттандыруымен, жаңа заманауи құрылысымен, сондай-ақ Щучинск қаласының бренді көтерілуімен қоса болады.

Әлеуметтік сала мен АӨК мамандарын жұмысқа орналастыру мен тарту мақсатында жұмыс істеуге және ауылдық жерде тұру үшін 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға!» республикалық жобасы іске асырылуда.

2009-2014 жылдары республикалық бюджеттен әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіп кешенінің 46 маманы 93,6 млн. теңге сомада бюджеттік несиелер, 16,5 млн. теңге сомада 153 маман көтерме жәрдемақыларын алды.

2012 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының орындаудың пилотты кезеңі шеңберінде әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары және орта әлеуетті ауылдық елді мекендерде көшелерді жарықтандырудан 3 жоба іске асырылды. 2013 жылы 3 жоба оның ішінде 1 жоба балабақшаны жөндеу бойынша және 2 жоба көшелерді жарықтандыру бойынша. 2014 жылы 5 жоба оның ішінде 3 жоба балабақшаны жөндеуге, 1 су құбырын жөндеуге, 1 жолдарды жөндеуге. 2015 жылы 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Аудан дамуының негізгі қауіпі тұрғындардың астана мен аудан орталығына, келешегі зор өнеркәсіп аймақтарына, сондай-ақ облыс пен елімізден тыс жерлерге ауысуы болып табылады. Сондықтан миграция саясатының негізгі бағыты тұрғындарды тарту үшін ауданның алшақ және аз қоныстанған өңірлерінде жаңа өндіріс ашу, соның ішінде репатрианттарды тарту арқылы жағдай жасау болып табылады.
Өңірлік дамыту.

Урбандалу деңгейі, яғни қала тұрғындарының ауданның барлық тұрғындарына үлесі 61 % құрайды, бұл оның басымдылығын куәландырады. Аудан аумағында адам саны 45,6 мың адам Щучинск қаласы орналасқан. Урбандалу деңгейі курорттық аймақтың дамуы есебінен 2008 жылы 59,3 %-дан 2015 жылдың басына 60,9 %-ға дейін артты, бұл қала имиджі мен тұрғындардың ағылып келуіне әсер етті.

Ауыл тұрғындарының ең үлкен саны 41 % (ауыл тұрғындарының жалпы санынан) 1000-нан 3000 адамға дейінгі тұрғыны бар 8 ауылдық елді мекенде тұрады. Ауданда ауыл тұрғындарының жалпы санынан 21 % тұратын, саны 100-ден 500 адамға дейінгі 23 елді мекен, 17 % тұратын саны 500-ден 1000 адамға дейінгі 10 елді мекен бар. Ауыл тұрғындарының 0,5 % көлемі 100 адамға дейінгі 3 елді мекенде тұрады.

2008 жылдан 2014 жыл аралығында ауданның тұрғындар саны аз 10 ауылдық елді мекен жабылып, ауылдар саны 61 ден 53 азайды.

Бурабай ауданы облыс бойынша тұрғындар тығыздығы жоғары және 13,4 адам/м2 құрайтын, тұрғындардың жалпы өсуімен ерекшеленеді. Жалпы аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту тұрғындардың келуіне жағдай жасады. Демографиялық әлеуеттіліктің өсуі болашағы бар курортты аймақтың дамуы, «Бурабай» СЭА құрылумен байланысты.

Тұрақты экономикалық өсу және елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, сонымен қатар Щучинск-Бурабай курорттық аймағының дамуы Щучинск қаласы-аудан орталығының қарқынды дамуына жағдайлар жасайды.

Щучинск-Бурабай курорт аймағы маңыздылығы тұрғындар денсаулығын жақсарту және туризм өнеркәсіптері мен демалыстың дамуына арналған мемлекет басшысының Жолдаудағы мақсаттары тұрғысынан өз өзектілігін сақтайтын Қазақстан Республикасының ұлттық нышаны болып келеді.

Ақмола облыстың 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясымен сәйкес (бәсекелі стратегия), Ақмола облысы мәслихаты сессиясымен бекітілген шешімімен Щучинск қаласы Ақмола облысының экономикалық өсуінің тірек қаласы ретінде анықталған.

2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасымен сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген, 2016-2020 жылдарға арналған Щучинск қаласы дамуының Кешенді жоспар жобасы әзірленген, ол Ақмола облысы мәслихатының бекітуіне шығарылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған (2 кезең) Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілген, сондай-ақ курорттық аймақтың құрамына кіретін Щучинск қаласы және елді мекендер деңгейін жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

Жоғары аталған жоспарларды іске асыру Щучинск қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аймақтық экономика және өсуінің тірек қаласы ретінде орнығуына әкеледі. Бұл Щучинск қаласын Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жолымен ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына, сонымен қатар, өндірістің өсуі, өнімділік жоғарылауы, жұмыспен қамтылудың артуының және жұмыссыздық төмендеуі, инвестициялы- инновациялық қызметті белсендендіру, адамдық капиталдың білім алу деңгейі жоғарылауына әкеледі.

Ауданның әкімшілік-аумақтық бірлігін бұдан әрі дамытуға жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы жағдай туғызады. Осы бағыт шеңберінде аудандық бюджет трансферттері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақша бақылау шоттарына бағытталатын болады, бұл төрт салықтан құрылады (мүлікке жеке тұлғалардан салықтар, жер, көлік, кәсіпкерлік қызметтен ЖТС).

Қорыта келе келесі тұжырым жасалады:

Күшті жағы өңір аралық және аймақтық миграцияны айқын өзіне тартуы, бұл: геоэкономикалық пайдалы жағдайы бар, Астанаға жақын Щучинск қ., Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

Әлсіз жағы аудан аумағындағы тұрғындардың біркелкі болып келмеуі. Ауылдық тұрғындардың кетуі елді мекендердің жабылуына әкеле алады.

Қоныстандыруда тарау қаупі Ресей мен ТМД шеңберінде тұрар орын алмастыруға қол жетушілік және азаматтық қабылдау тәртіптері оңайлатылған, бұл өңірдің ең білікті, жас және мобильді тұрғындарын тұрақты өзіне тартуын анықтайды.


Өңірдің экологиялық проблемалары.

2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепцияларын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентімен мақұлданған 2003 жылғы 03 желтоқсандағы № 1241 қаулысымен Ақмола облысының Экологиялық проблемаларының, тізілімі құрастырылған, онда жергілікті экологиялық проблемалардың 9 көрсетілген, соның ішінде 5 Бурабай ауданына қатысты:

1. Елді мекендердегі су тарту объектілері жүйелерінің тозуы

2. Щучинск-Бурабай курорт аймағының (ЩБКА) ағынды суларын тазарту жүйесін салу қажеттілігі.

3. ЩБКА көлдері және өзен жағасында орналасқан елді мекендер мен сауықтыру орындарындағы канализаця жүйелерінің тозуы.

4. Бұзылған жерлердің болуы

5. Ақмола облысы су айдындарын күзету және ұтымды қолдану.

Сонымен қатар, аудан аумақтарына экологиялық жағдай келесі бағыттарда байқалады:

- ластайтын заттар шығарудан атмосфераның ластануы;

- қоршаған орта және су ресурстерінің ағынды сулармен ластануы.






2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Барлық стационар көздерінен шығатын ластайтын заттар мөлшері, тонна

3679,6

2728,9

3376,9

3970,6

4018,4

5441

5932,6

Ластайтын заттардың ауаға шығуы, тонна

3582,7

2728,9

3376,9

3970,6

4018,4

4630,5

5058,3

Ластайтын зат шығаратын көздердің саны

307

128

261

345

390

556

682

Аудан экологиясы өзекті проблемасы ҚТҚ утилизациясы. Бүгінгі күні Щучинск қ. ҚТҚ тек қана 1 полигоны тіркелген. Зеленобор жерлерінде (Бурабай к.), Қатаркөл, Абылайхан, Атамекен ауылдық округтерінің «Бурабай» МҰТПП қорғау аймақтары аумағындағы барлығы 80 га полигондарды және ҚТҚ қоқысын тастайтын жерлерді жабу және рекультивация жасап, сәйкесінше белгіленген аумақтарда жаңа полигондардың құрылысы қажетті.

Щучинск қаласының жер бедері шығыс бағытында жердің қырат болып кледі. Осыған орай, еріген сулардың қозғалысы Сейфуллин, Едомский, Трудовая - Коммунистическая, Морозов, Маяковский, Паровозный негізгі көшелеріне перпендикуляр бағытталған. Еріген сулар таулардан су ағар құбырлармен қала тораптары арқылы келіп, Капай ш/а., вокзал жанындағы аумақтың су басу тұрақты қауіп-қатері туындайды.

Бурабай ауданының тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи экологиялық жүйелерге жасанды қызметтің зиянды әсерін тигізбеуді, өңірде биологиялық әр түрлілікті сақтауды экологиялық саясат бағыты анықтайды, оған келесі мақсаттар кіреді:

- өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтарын орналастыру көлемдерінің азаюы.

- зиянды заттардың атмосфераға жалпы шығарылуының төмендеуі.

- ластайтын заттардың шығарылуының төмендеуі.

- су бұру объектілерін салу және реконстукциялау.

- нөсерлі кәріздікті салу.



      1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ



Мемлекеттік қызметтер

Бурабай ауданында 1 халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) жұмыс істейді.

Алшақ орналасқан елді мекендерге мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұйымдастырылған (әрі қарай – мобильді ХҚКО). Ауданда мобильды ХҚКО жергілікті атқарушы органдармен келісілген «ХҚКО» РМК филиалының директорымен бекітілген шығу кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде.

БАҚ, стенд, хабарландырулар арқылы мобильді ХҚКО жұмысын танымал етуден жұмыс жүргізілуде.

2014 жылғы 20 қарашада бұрынғы тізілімге қарағанда 1,3 есе артық (2013 жылы – 66, 2012 жылы – 50 қызмет) әкімдіктің 86 мемлекеттік қызметі енгізілген, Мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімі қабылданды.

Мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту тұрғындардың қызметтерді стандарттар мен регламенттерге сәйкес алуларына қол жеткізеді.

Мемлекеттік қызметтердің регламенті облыс әкімдігінің қаулысымен 30 күн ішінде мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілгеннен кейін бекітіледі.

2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 24031 бірлікті құрады. Сонымен қатар ХҚКО арқылы 2014 жылы 5476 мемлекеттік қызмет көрсетілген, бұл 2013 жылғыдан 1,1 есе артық (5180 қызмет).






2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

мемлекеттік қызметтер саны, бірл.

23351

22001

30502

24031

с.і. ХҚКО арқылы, бірл.

1200

4193

5180

5476

с.і. «электронды үкімет» порталы арқылы, бірл.

0

2

977

1516

мемл.қызметтер мерзімін бұзу, бірл.

0

1

3

6

мемл.қызметтер көрсету сапасына шағым, бірл.

0

0

0

0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін ықшамдау, олардың ашықтық және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қызметтерді Е-акимат және Е-ЦОН ақпараттық жүйелерін қолданумен цифрлік форматқа ауыстыру алдын ала ескерілген.

Электронды қызметтерді танымал ету бойынша іс-шаралар іске асырылуда: аудандық газеттерде мақалалар, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында баннерлер мен ақпараттар жариялау.

Бурабай ауданы әкімдігінің электронды қызметтер порталында ауданның мемлекеттік органдарымен көрсетілетін қызметтер, қызметтерді көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметтерге шағым беру үрдісі, қызмет көрсетушілермен байланысу бойынша ақпарат, сондай-ақ egov.kz порталына сілтемесімен онлайн-қызметтер жарияланған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі орын алатын проблемаларға қызметтерді көрсетудің сапасы мен мерзімдерінде теріс ықпал етуге әкеліп соғатын мемелекеттік қызметтерді көрсететін қызметшілердің біліктілігінің төмендігін, тұтынушылардың мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен нұсқаулықтар алу жолдары туралы аз ақпараттандырылуын, интернет технологияларын қолдана білмеулерін жатқызуға болады.

Тұрғындарға құқықтық қызметтер көрсету сапасын жақсартудың бір жолы ақпараттандырылуын, құқықтық сауаттылығы мен тұрғындардың қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардан талап ете білуін, мемелекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығын арттыру болып табылады.

Электронды түрде немесе ХҚКО арқылы қызмет көрсетудің проблемалы мәселелерінің бірі өтініш беруші мемлекеттік органға не порталға немесе ХҚКО жүгінуді өздігінен таңдайтындай балама түрдегі қызметтердің болуы. Бұл қызмет алушыға ыңғайлы болғанымен «электронды үкімет» порталы және ХҚКО арқылы қызмет көрсетуді жыл сайынғы бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызмет көрсету бойынша тиімділігіне әсер етеді.





    1. жүктеу 1,35 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау