28
2014 жылдан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық
шеңберінде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін (денсаулық сақтау, мәдениет
және спорт мекемелері) ағылшын тіліне оқыту курстары ұйымдастырылды. 2015
жылы ағылшын тіліне 100-ден астам мемлекеттік қызметші және 450 әлеуметтік
сала қызметкері оқытылды.
7-кесте
Сабақтарды мемлекеттік тілде жүргізетін
оқу орындарының саны
Оқу орнының атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Мектепке
дейінгі
мекеме
(қазақ
тілінде
оқытатын)
34
37
44
Мектепке дейінгі мекеме (аралас)
43
46
51
Мектепке
дейінгі
мекеме
(қазақ
тілінде
оқытатын)
28
30
32
ТжКО
ұйымдары (аралас)
39
40
40
2013-2015 жылдары мемлекеттік тілде оқытатын балабақшалар саны 29,4%-
ға, 2013 жылғы 34 бірліктен 2015 жылғы 44 бірлікке дейін ұлғайды. Бұдан басқа,
жеке қазақ тілді топтар ұйымдастырылған тағы да 8 балабақша ашылды. Жалпы
білім беретін мектептердің саны 14,3%-ға, тиісінше 28-ден 32 бірлікке дейін өсті.
ТжКО барлық ұйымдарында мамандар даярлау орыс немесе қазақ тілінде
талапкерлер таңдау бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуметтік зерттеуге сәйкес елорданың ересек халқының қазақ тілін білуі
2014 жылғы 79 % және 2013 жылғы 78% салыстырғанда 2015 жылы 80 % дейін
ұлғайды. Ағылшын тілін түсіну деңгейі 10%, ал еркін сөйлесетіндер тек 9,5%,
құжаттамамен жұмыс істейтіндер - 4,1% құрайды.
Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 11 жексенбілік
мектептің қызметі қамтамасыз етілді, ол жерде қалада тұратын этностардың
тілдері зерделенеді. Бұл мектептерде 500-ден астам оқушы оқиды.
Спорт. Қазіргі уақытта қалада 610 спорт ғимараты, 25 мемлекеттік
кәсіпорын қызмет етеді, оларда 107 спорт түрі ұсынылған: балалар мен
жасөспірімдерге арналған 10 спорт мектебі (бұдан әрі - БЖСМ), 7 спорт клубы, 2
спорт комбинаты, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 2 спорт сарайы,
1 Олимпиадалық резерв даярлау орталығы және 1 бұқаралық-спорт іс-шараларын
өткізу дирекциясы.
2014 жылы спортпен шұғылданатын адамдардың жалпы саны 13,7 мың
адамды құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (12,5мың адам) 9%-ға, 2012
жылмен салыстырғанда (12,3 мың адам) 11,6%-ға ұлғайды.
29
6-диаграмма
Даярланған білікті спортшылардың саны, адам
2015 жылы 399 спортшы біліктіліктен өтті, оның ішінде халықаралық
санаттағы спорт шебері атағы – 37 адамға, спорт шебері – 84 адамға, спорт
шеберіне кандидат – 278 адамға берілді.
Республикалық және халықаралық жарыстарда иеленген медальдардың
саны 2,6 есеге, 2012 жылғы 1313-дан 2013 жылы 2445-ке және 2014 жылы
3454-ке дейін ұлғайды, оның ішінде алтын медальдардың үлесі 34,4% немесе 1189
бірлікті құрайды. 2015 жылы елорда спортшылары 3883 медальға ие болды, оның
ішінде 1297 немесе 33,4% алтын. 2014 жылмен салыстырғанда алған наградалар
саны 12,4%, 2013 жылдың деңгейімен 58,8%-ға ұлғайды.
Балаларды спорттық біліммен қамту құрылымында жалпы білім беру
мектептерінде спорт секциялары ең жоғары үлеске ие, олар 2014 жылдың
қорытындысы бойныша 44,8% құрайды. Балалар – жасөспірімдер спорт
мектептері спортпен шұғылданатын барлық балалардың 33,8 % қамтиды, аула
клубтарының үлесі шамамен 21,4% құрайды.
2012-2014 жылдары тәрбиеленушілер санының өсуі аула клубтарында
байқалады, оларда балалар саны 92,3%-ға, 2274-тен 2014 жылғы 4372 адамға
дейін ұлғайды. БЖСМ-де өсу 6,7%, 6483 адамнан 2014 жылы 6916 адамды
құрады. Жалпы оқыту мектептерінің секциялары бойынша өсім 17%, 7849
адамнан 2014 жылғы 9178 адамға дейін жетті, ал 2013 жылы шұғылданушылар
контингенті тек қана 7178 адамды құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 8,5%-ға
төмен.
2015 жылдың қорытындысы бойынша дене тәрбиесімен және спортпен
үнемі айналысатын балаларды қамту 21,9% немесе 25985 баланы құрайды, оның
ішінде БЖОМ-де 13573 бала немесе 52,2% айналысады. 2014 жылмен
салыстырғанда қамту 3,5%, 2013 жылмен – 6,4%-ға ұлғайды.
Жалпы, спортпен шұғылданатын тұрғындар санының өсуі 14,5%, 2012
жылғы 159,2 мың адамнан (үлес 20,6%) 2014 жылы 182,2 мың адамды (үлес
30
21,5%) құрды. Бұл жерде спорт іс-шараларының 2012 жылғы 495-тен 2014 жылы
536-ға дейін жыл сайынғы өсуін айтып өту қажет.
Туризм. Елорданың Қазақстан Республикасының іскерлік және қаржы
орталығы ретінде қалыптасуы туризм саласының дамуына әрекет етеді. Тек соңғы
3 жылдың ішінде ғана орналасу орындарының саны 2013 жылғы 141-ден 2015
жылы 160-қа дейін ұлғайды, бұл жерде жұмыс істейтіндердің саны да тиісінше
3,6-дан 4,3-ке дейін өсті. Сонымен бірге, номерлер саны 5,9 мың бірлікке дейін
төмендеді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 6,8%-ға төмен және 2013 жылдың
деңгейінен 8,3%-ға жоғары. Осыған байланысты, қызмет көрсеткен персоналдар
саны 9,3%-ға 3,9 мың адамға дейін қысқарды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қонақүйлердің толтырылу
коэффициенті 2014 жылдың 27,7% және 2013 жылыдң 33,9%-на қарсы 26,9%-ға
дейін төмендеді. Тәуліктік кереуеттің орташы құны 2014 жылмен салыстырғанда
7%-ға 11 750 теңгеге дейін төмендеді.
Қызмет көрсетілген туристтердің саны 29%-ға, 2012 жылғы 566,6 мың
адамнан 2014 жылы 730,8 мың адамға дейін, оның ішінде шетелдіктердің саны –
50%-ға, 103,3 мың адамнан 109,9 және тиісінше 155,3 мың адамға дейін ұлғайды.
Тартымды туристік бағыттардың бірі болып іскерлік туризм табылады.
Солай, 2014 жылы шамамен 90,5% немесе 140,5 мың шетел азаматтары және 44%
немесе 252,4 мың республика азаматы іскерлік мәселелерді шешу мақсатымен
елордаға келді. 2015 жылы елордаға 722,8 мың турист келді, бұл 2014 жылдың
деңгейіне сәйкес. Сонымен қатар, ішкі туристік ағынның 3%-ға 575,5 мың
адамнан
558
мың
адамға
дейін
төмендеуінде
қызмет
көрсетілген
бейрезиденттердің 6,1%-ға 155,3 мың адамнан 164,8 мың адамға дейін өсуі
байқалады.
Сатылған жолнамалардың саны 2 есеге, 2012 жылы 27,3 мыңнан 2013 жылы
49,6 және 2014 жылы 55,7 мың адамға дейін ұлғайды.
Орналасу орындарының көлемі 2013 жылғы 13,3 млрд. теңгеден 2014 жылы
18,2 млрд. теңгеге дейін, 37,1 % ұлғайды.
SWOT талдау
Күшті жақтары (S)
Осал жақтары (W)
1. Туудың жоғары деңгейі.
2. Білім беру жүйесін материалдық –
техникалық
жарақтандыру
халықаралық
стандарттарға бағытталған.
3. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы
шегінде медициналық көмектің жоғары
технологиялы
түрлері
халық
үшін
қолжетімді.
4. Өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі.
5. Жыл сайын жаңа жұмыс орындарының
құрылуы.
6. Мәдени,
демалыс
және
спорт
объектілерінің кең көлемді жүйесі.
7. Мемлекеттік тілде оқытатын мектеп
1.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын
тапшылығы.
2.
Денсаулық сақтау және білім беру
саласындағы мамандар тапшылығы.
3.
Ішкі және сыртқы көші-қонның
елорданың санитарлық – эпидемиологиялық
жағдайына теріс әсері.
4.
Жастар жұмыссыздығының жоғары
деңгейі.
5.
Мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай
стандарттарының болмауы.
6.
Спорт объектілерінің тапшылығы.
7.
Туризм саласында білікті кадрлардың
жеткіліксіздігі.