26
бойынша жыл сайын көшіп қонатындардың (шамамен 30 мың адам) жұмысқа
«құпия» орналасқандықтарынан елорданың кіріс бөлігіне шамамен 4 млрд. теңге
сомасына салық (шамамен 40-50 мың теңге сомасындағы ең төмен жалақыны
есептегеннің өзінде) толық жиналмайды.
Осыған байланысты, көші-қон ағынының бақылаусыз қарқыны елорданың
еңбек нарығының негізгі проблемалы факторы болып табылады, салдарынан
жұмыспен қамтылу көрсеткіштерінің оң серпіні кезінде жұмыссыздардың саны
төмендемей, шамамен 24 мың адамды құрайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша халықтың жұмыспен қамтылу
деңгейінің өсуімен жұмыссыздардың саны 5%-ға 22,8 мың адамға дейін
қысқарды.
Әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік саясаттағы ең маңызды бағыттардың бірі
халық кедейлігінің деңгейін төмендету шараларын іске асыру болып табылады.
Қоғамның әл-ауқатының деңгейін сипаттайтын негізгі индикаторлардың
бірі халықтың жалпы санынан өмір сүру минимумы мөлшерінен төмен кірісі бар
халық үлесі болып табылады, бұл үлес елордада 2014 жылдың қорытындылары
бойынша 0,4% құрды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 0,1% төмен (0,5%) және 2012
жылғы деңгейден 0,6% төмен. 2014 жылы әлеуметтік көмекпен мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарынан 62 мыңнан артық адам қамтылды.
2015 жылы күнкөріс минимумы мөлшерінің 21,6 мың адамнан 22,7 мың
адамға дейін өсуі себебінен, төмен кірісі бар халық санының үлесі 2014 жылдың
деңгейіне 0,2%-ға, 2013 жылдың деңгейіне 0,1%-ға өсумен 0,6%-ға дейін ұлғайды.
2012-2015 жылдар бойы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны 2013
жылғы 18696 адамнан 2015 жылы 19481 адамға дейін ұлғайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «Инватакси» қызметі 1,5 мың адамды
қамтыды, бұл 2014 жылғы деңгейден 1,5 есе және 2013 жылғы деңгейден 2 есе
артық.
Жалпы, қызмет көрсетілетін азаматтардың саны ведомстволық бағынысты
мекемелер мен үкіметтік емес сектордың есебімен 1,6 есеге, 2012 жылғы 1911
адамнан 2013 жылы 2874-ке және 2014 жылы 3133 адамға дейін ұлғайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметтермен 3457 адам
қамтылды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 10,3%-ға, 2013 жылдың деңгейінен
20,3%-ға жоғары.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 2014 жылы 1211 адамды
құрды, бұл 2013 жылдың деңгейінен (947 адам) 27,8%-ға, 2012 жылғыдан (885
адам) – 36,8%-ға жоғары. 2015 жылы олардың саны 1072 адамға немесе 2014
жылғы деңгейге 11,5 %-ға қысқарды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік
жәрдемақы алатындар құрамында еңбекке қабілетті жандардың үлесі 25,2%-ға
дейін төмендеді, бұл 2013 жылдан (27,6%) 2,4 пайызға, 2014 жылдан (27,2 %) 2
пайызға төмен.
Қолданыстағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіру үшін
жағдай жасау мақсатында 2012-2014 жылдары паспорттаумен 335 объект
қамтылды (97 – жеке меншік объектілері, 17 – орталық органдарының жанындағы
объектілер, 221 – қалалық коммуналдық меншік объектілері), олардың ішінде қол
27
жетімді объектілердің саны – 95. 2015 жылы олардың саны 365 бірлікке дейін
ұлғайды (қолжетімді – 126).
Мәдениет. Астана қаласының мәдени мекемелерінің жалпы саны 2016
жылдың 1 қаңтарына 75 бірлікті құрайды (2013 жылы – 69 бірлік), оның ішінде 5
мұражай, 7 театр, 30 кітапхана, 1 концерттік ұйым, 1 цирк, 6 жеке меншік
кинотеатр, 4 жеке меншік көрме галереясы, 8 мәдениет және демалыс саябағы, 7
мәдени-демалыс кәсіпорны және т.б.
Елордада 46 жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде
12 археология, 34 – қала құрылысы және сәулет ескерткіші бар.
Қаланың мұражайларында есепке алу құжаттамасын электронды рәсімдеу
және мұражай ішінде заттардың қозғалысын тіркеу енгізілуде.
Кітапханалық қор 2014 жылы 681943 данаға дейін толықтырылды (2013
жылы - 671882), бұл жалпы қордың 1,5 % құрайды.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолданумен, елорда халқының мәдени
құндылықтарға қол жетімділігін кеңейту жұмысы өткізілуде. Астана қаласының
орталық кітапханасында локальдық желі құрылып, РАБИС енгізілді;
тұтынушыларға қызмет көрсетудің есептеу нысандары енгізілді.
2012-2014 жылдары Интернет желісіне қосылған кітапханалар саны 2012
жылғы 8 бірліктен 2014 жылы 22 бірлікке дейін ұлғайды. Тиісінше,
кітапханалардың электронды қызметтерін пайдаланушылар саны да 2012 жылғы
3,8 адамнан 2014 жылы 4252 адамға дейін 12 пайызға өсті.
2016 жылдың басына елордада электронды каталогы 779,6 мың бірлік
көлемімен 1788 орынға арналған 30 кітапхана жұмыс істейді. Сандық нысанға
21,1 мың дана баспа өнімдері енгізілді. Кітапханаларды қолданатындар саны 2015
жылы 195 мың адамды құрады, бұл 2014 жылдың деңгейіне 22,7%-ға және 2013
жылдың деңгейіне 20,4%-ға артық.
Жалпы, мәдениет саласында жұмыс істейтіндердің саны 2015 жылдың 1
қаңтарына 2984 адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда (2635 адам) 13,2%-
ға ұлғайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша елорда театрлары көрермендерінің
жалпы саны 2014 жылғы деңгейге 4,1 % және 2013 жылғы деңгейге 22,7 %
өсіммен 266,6 мың адамды құрды. Мұражайларға 727,5 мың адам барды, бұл 2014
жылғы деңгейден 20,5 % төмен және 2013 жылғы деңгейден 37 % жоғары.
Тіл саясатын дамыту. Мемлекеттік қызметшілерді, бюджет саласы
қызметкерлерін, сондай-ақ ересек халықты мемлекеттік тілге оқыту мақсатында
қала әкімдігі жанында «Руханият орталығы» ЖШС қызмет етеді. Осылайша,
2012-2014 жылдары мемлекеттік тілмен 7200 адам немесе жыл сайын 2600 адам
қамтылды.
2015 жылы мемлекеттік тілге үйрету курстарымен 1500 адам қамтылды,
оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет
қызметкерлері және т.б.
Қалада шамамен 30 тілдерді оқытатын жеке меншік орталықтар әрекет
етеді, оның ішінде 15 мемлекеттік тілге үйретеді. Астана қаласының мемлекеттік
қызметшілері ағылшын тілі курстарында тегін оқылады, оларға 2012-2014
жылдары жыл сайын 90-нан астам адам барды.