Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


МЕЗГІЛ ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



жүктеу 0,72 Mb.
бет91/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

51. МЕЗГІЛ ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» еңбегінде: «Мезгілдік үстеу дейміз – істің мезгілін көрсететін сөздерді. Мезгілдік үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары қашан? қашаннан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.

Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. «Атам заманнан», «күн сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп сұрағанға жауап болады (қашаннан солай? – атам заманнан, қашан толады – күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.

Мұнан басқа туынды һәм түпкі үстеулер бар. Мәселен:

бүгін, кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрнағы жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде (бұлар туынды үстеу), бұрын, мана, әлі, тағы, дәйім, дереу (бұлар түпкі мезгілдік үстеулер)»

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? қашаннан? сияқты сұрауларға жауап береді.

Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, қазір, енді, кешке, әлі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, ерте, кеш, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бүгін, күні кешке, бүгін таңда, күн ара, күн бойы, қыстыгүні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда-санда, кей-кейде, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте, кейде, әлгінде, әрқашан, әлдеқашан, осындайда, апақ-сапақта, таң сәріде, ежелден, баяғыдан, әуелден, қазірде, ұдайы (әр уақытта), т.б.

Үстеудің жасалуы:

1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.

2.Лексика-семантикалық тәсіл:

а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.

ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.

3.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау