Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



жүктеу 0,72 Mb.
бет21/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

ЖекешеКөпше

Мен отырмын​Біз отырмыз

Сен отырсың​Сендер отырсыңдар

Сіз отырсыз​Сіздер отырсыңдар

Ол отыр​Олар отыр

​Болымсыз түрі жоқ сөзі арқылы жасалады.

Мен отырған жоқпын​Біз отырған жоқпыз

Сен отырған жоқсың​Сендер отырған жоқсыңдар

Сіз отырған жоқсыз​Сіздер отырған жоқсыздар

Ол отырған жоқ​Олар отырған доқ

Егер отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері басқа жұрнақтар қабылдаса, басқа шақты білдіреді. Мен отырдым т.б.

​Қалып етістіктері осы шақ мағынасында қолданылғанда бірінің орнына бірі синоним ретінде айтыла беруі мүмкін. Мысалы, оқып жүр – оқып жатыр; сөйлеп тұр – сөйлеп жатыр т.б.

​Бірақ бұл етістіктер қолдануда парықсыз емес. Қар жауып тұр дегендегі қалып етістіктеріне отыр, жүр етістіктерімен ауыстыруға болмайды. Өйткені жатыр, тұр етістіктері қимыл иесі жанды, жансыз зат болғанда айтыла береді. Ал отыр, жүр тек жанды затпен ғана байланысты айтылады. Қалып етістіктерінің қолданылуында бұйрық рай түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде бір-біріне сырттай қарағанда ұқсас болып келетіні бар. Мысалы, сен тұр (жүр, отыр) дегенде бұйрық райдың екінші жағында қолданылып тұр. Ал ол тұр (жүр, отыр, жатыр) дегенде осы шақты білдіреді.

Қалып етістіктері (ы/п, - і/п), -а, -е, -й формалы көсемшелермен тіркесіп айтылып, осы шақтың аналитикалық жасалу тәсілін құрайды. Мысалы, айтып отыр; жазып жатыр; келе жатыр; бере тұр. т.б.

​Ауыспалы осы шақ көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы сөйлеп тұрған кездегі әрекетті (күн көтеріліп келеді), күнделікті тірлікті (ол мектепте оқиды, Асан қалада тұрады), дағдылы қимыл -әрекетті (сиыр мөңірейді) білдіреді. Етістіктің бұл формасы контекске қарай өткен шақ, келер шақ мағынасында да қолданылуы мүмкін. Сондықтан бұл шақ формасын ауыспалы осы шақ деп атайды. Мысалы, Баяғыда бір кемпір ме шал өмір сүреді дегенде өткен шақты білдірсе, Бұл ұя салып күшіктеген жолбарыс болса, бізге тыныштық бермейді. Тігінде ол осы маңайдан ұзамайды дегенде келер шақты аңғартып тұр. Етістіктің бұл формасын осындай ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ ерекшеліктеріне қарап жалпы осы шақ деп атаушылар да бар.

​Оқулықтарда - уда, -уде формалы етістік осы шаққа жатқызылады. Мысалы, егін орылуда. Мал семіруде. Бұл етістіктер де жіктеліп, осы шақтың мағына береді. Алайда, А.Ысқақов «оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауға тиіс» деген пікірді айтады.

Ә. Төлеуов осы шақты нақ осы шақ (жалаң нақ осы шақ, күрдері нақ осы шақ), ауыспалы осы шақ деген топтарға бөледі.

​Мұнда, осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта істелуім де, не істелу үстіндегі кезеңім де көрсететін шақ категориясы. Біз ауыл сыртындағы дөңде отырмыз. Үркер жайды жәшік өзі айтып отыр. Келе жатыр, оқып отыр десек, мұнда келу, оқу қазір сөйлеу мезгілінде болып жатқанын көрсетеді. Жоғарыдағы отырмыз, айтып отыр, келе жатыр сияқты осы шақ жасалу тұлғсына, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай нақ осы шақ (отырмыз, айтып отыр), ауыспалы осы шақ (келеді) болып, ең алдымен екіге бөлінеді.

​Бірақ жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, морфологиялық жағынан, бұлардың әрқайсысының жасалу ерекшеліктері әр түрлі.

​Нақ осы шақ дегеніміз істің дәл сөйлеп тұрған уақытта, кезде істелуін білдіретін етістіктің түрі. Асан мектепте отыр. Ол оқып отыр деген нақ осы шақтың өзі де жасалу тұлғасына қарай жалаң нақ осы шақ (отыр). Кұрделі нақ осы шақ (оқып отыр) болып екіге бөлінеді.

​Жалаң нақ осы шақ қосымшаның көмегінсіз-ақ өздерінің лексикалық мағынасы арқылы сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіретін жалаң нақ осы шақ отыр, жатыр, жүр, тұр етістігінің бір өзінен жасалады. Аталған төрт етістіктің басқа да етістіктерден айырмасы – жеке тұрып үш жаққа бірдей жіктеме алады: Ояна кетсем, қасымда сен отырсың. Қойшы деп мен жатырмын.

​Күрделі нақ осы шақ екі не одан да көп етістіктер аналитикалық тәсілмен бір-біріне тіркесе айтылып, бір-ақ лексикалық ұғымда жұмсалып, бір сұрауға жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болады: Жас туған бұзаулар тоңып тұр Қожаштың әкесі қайын-жұртына көшіп келіп жатыр. Осындай екі не одан да көп етістік тіркесе келіп, күрделі осы шақ жасалады.



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау